Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

2003 жылғы 1 мамырдан бастап  құқықтық нормаларды біріктіруге  және жүйелендіруге, халықаралық  кеден кеңістігіне ықпалдасу  мақсатында кеден рәсімдерін  үйлестіруге және оңайлатуға  мүмкіндік берген Кеден кодексі  қолданысқа енгізілді. Оны дамыту  үшін Үкіметтің 11 қаулысы, 38 ведомстволық  және басқа министрліктермен  бірлескен нормативтік құқықтық  келісімдер қабылданды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан  Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

2004 жылдың басынан бастап  Республиканың сыртқы сауда статистикасы  дербес жүргізіледі және кеден  шекарасында радиациялық бақылау  жүзеге асырылады.

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету  жөнінде шаралар қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің  бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың (ЖКД) қозғалысын қадағалауға  мүмкіндік беретін көзбен көріп  қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды.

   Өзінің биылғы  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»  атты Жолдауында Елбасымыз әлеуметтік  мәселелерді бірінші кезекке  қойды. Барлық міндеттерді орындау  үшін біз мықты, дені сау  және білімді ел болуымыз керек.  Қазақстан, Ресей және Белорусьтің  Кеден одағына орасан зор мән  берілді. Тек 2010 жылдың 10 айының  нәтижелері бойынша  Ресей және Белорусьпен жасалған сауда көлемі 38 пайызға өсті. Қазақстандық өнімдердің Кеден одағы елдеріне экспорты 52,4 пайызға өсті. Сонымен бірге бюджетке түскен кедендік баж салығының өсімі 25 пайызды құрады. Осының бәрі Кеден одағының үш мемлекеттің экономикалық мәселелерін шешетін, сондай-ақ еліміздің бизнес саласын бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға және қызмет көрсетуге ынталандыратын өте прагматикалық және нақты жоба екендігін көрсетеді. Жағдай бұдан да бетер нашарлауы мүмкін, себебі криминалдық капитал молаюда және ол өзіне бақылау жасауга қарсылық көрсетуде. Қылмыстық табысты заңдастырумен күресті көптеген ел жүргізіп келеді, ал Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен, қылмыстық табыстарды жуып-шаюмен күресті күшейту жөнінде әңгіме ғана бар.

Мұның барлығы: біріншіден, қылмыскерлікпен күрестің жалпы  ұйымдастырылуын жетілдірудің (мысалы, тек заң жобаларын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық қайта құру жобаларын да криминологиялық  сараптау), екіншіден, ұйымдасқан қылмыскерлікпен  күресте жалпы алдын алудың, себебі онда қоғамды мүлде бүлдіретіндей  қабілет бар, үшіншіден, арнайы алдын  алу бағдарламаларын енгізудің, төртінші, жоғары биікті, арнайы құқық  қорғау қызметін қамтамасыз етудің қажеттігін көрсетеді. Әрине, заң шегінде.

Қоғамдық өмірдің көптеген күрделілігіне негізделген қазіргі  жағдайда, аралас қатынастар жиі туындайды, соған байланысты әкімшілік құқық  әрекетінің шегінің мәселелерін, оның құқықтың басқа салаларымен және ең алдымен әкімшілік құқықтың азаматтық  құқықпен аралас (әкімшілік-азаматтық) құқықтық қатынастар туындаған кезіндегі  арақатынасы мәселелерін шешу қажет. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының  барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында  Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына  сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет. Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен  қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам  мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен  қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал  келтіреді, үшіншіден, қоғам мен  мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз //Алматы: Жеті жарғы, - 100 бет. 2007 жылғы 21 мамырдағы  өзгерістермен толықтыулармен 

2. Қазақстан – 2030: Барлық  қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,  қауіпсідігі және әл-ауқатының  артуы. Ел Президентінің Қазақстан  халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001. – 96 бет.

3. Мемлекет басшысының  «Қазақстан халқының әл-ауқатын  арттыру – мемлекеттік саясаттың  басты мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы  Қазақстан халқына Жолдауы.

4. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексi. 2003 ж. 25 қыркүйектегі  №484 Кодексі. //Қазақстан Республикасы  Парламентінің Жаршысы. 2003 ж. - №  15-16, 211 - құжат

5. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексі.

2001 ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. //Егемен Қазақстан. - 2001 ж. 13 ақпандағы. - №31-34.

6. «Қазақстан Республикасының  қаржы полициясы органдары туралы»  2002ж. 4 шілдедегі №336 Заңы. //Егемен  Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159.

7 Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» 1998 ж. 2 шілдедегі  №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132.

8. Өзгерістер мен толықтырулар  еңгізілген Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі  - №308 Заңы. //Казахстанская правда. –  2007 ж.- 27 шілдедегі .- №315.

9. Қазақстан Республикасының  «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы конвенциясын  ратификациялау туралы» 2008ж. 4 мамырдағы  №31 – Заңы. //Егемен Қазақстан.  – 2008ж.- 6 мамырдағы .- №130-131.

10. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасы  Президентінің жанынан Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі комиссия құру туралы»  2002 ж. 2 сәуірдегі - № 839 Жарлығы. //Қазақстан  Республикасының ПҮАЖ - ы, 2002 ж. - №10, 92 - құжат

11. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күресті күшейту, мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдар  қызметіндегі тәртіп пен реттелікті  нығайту жөніндегі шаралар туралы»  2005 ж. 14 сәуірдегі - № 1550 Жарлығы. //Казахстанская правда. – 2005 ж. 15 сәуірдегі - №87 – 88.

12. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы туралы»  2005 ж. 23 желтоқсандағы №1686 Жарлығы. //Егемен Қазақстан. – 2005 ж. 30 желтоқсандағы  - № 292 - 295.

13. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасы  Экономикалық қылмысқа және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес агентігін  (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру  туралы» 2005 ж. 25 ақпандағы - №1521 Жарлығы. //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. №9,76 – құжат.

Қазақстан Республикасының  Кеден кодексі. – Алматы: Юрист, 2003. -276с. (22.06.2006 ж.өзгерістермен және қосымшалармен).

14. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова  Е.А. “Кеден ісін ұйымдастыру”  Қашықтықтан оқыту үшін оқу  құралы. Қарағанды, 2004ж.

15. Козырин А.Н. Таможенные режимы.-М.: «Статус», 2000.

16. Назаренко В.М, Назаренко К.С «Таможенное оформление международных грузоперевозок», практическое пособие, М, Издательство «Экзамен»-2002.

17. Некрасов В.А., Джандарбеков И.А Основы таможенного дела в Республике Казахстан. Учебник.-Алматы. ТОО «Издательство  ЛЕМ»,2002.

6. Нурахметов Б.Т.  Таможенное дело в РК:  вопросы и ответы.-Алматы: «Жеті жаргы» 2000г.

18. Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии.- Алматы: Гылым ,1995г.

19. Чуракова А.В. Таможенная стоимость.   Внешнеторговые   контракты. Таможенное   оформление   автомобилей:    Методическое   пособие   для участников внешнеэкономической деятельности.-М.: Экспертное бюро.- М, 1997.

20.Таможенное оформление: Сборник нормативных актов.-Алматы ЮРИСТ, 2004.

21. Инструкция по осуществлению таможенного контроля за товарами, перемещаемыми через таможенную границу РК. Утв. Приказом Председателя АТК РК от 7.07.03 г. № 335.// Справочная система «Юрист».

22. Казуров Б.К., Ибрагимов Ш.Н., Дугин Г.А. Методы и средства таможенной оперативной диагностики наркотических веществ: Учебно-методическое пособие. М.: РИО РТА, 1999.

23.Кисловский Ю.Г. Контрабанда. История и современность. М., 1996.

24. Лазаренко В.П. Таможенное оформление и контроль при экспортных поставках энергоносителей. Учебное пособие. М., 1996.

25. Основы таможенного дела. Учебник/ Под общ. ред. В.Г.Драганова / Глава 7. Технические средства таможенного контроля. М., Экономика, 1998.

26. Основы таможенного дела. Учебное пособие в 3-х томах / Под общ. ред. А.А. Литовченко, А.Д. Смирнова/ Модуль 7. Теория и практика применения ТСТК. М.: РИО РТА, 2005.

27. Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. - Алматы: Адилет Пресс, 1997.

28. Абсиметов М.О. Таможенное дело  Казахстана,    (история, опыт, перспективы), учебное пособие «Астана», «Ресли - Табыс», 2001.

29. С.В.Халилов «Таможенное право», 2012,

30. Д.В.Чермяников «Таможенное право». Учебник. – Изд.Юрайт, 2011.

31. Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық: Оқу қyралы. — Алматы:, 2005 Агыбаев А.Н., Қожаниязов А.Т.


Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері