Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

Қылмыстық табысты заңдастырумен және молайтумен күрестің кешенді шаралары, қылмыстық-құқықтық шаралармен қатар, өзінде арнайы-алдын алу сипаты бар және қылмыстық табыстармен заңсыз операцияларды дер кезінде айкындауға, тыюға бірден мүмкіндік беретін қаржылық және өзге де бақылау шараларын камтуы тиіс.[15]

Жедел-іздестіру, қылмыстық-іс жүргізу және өзге сипаттағы арнайы шараларды енгізу сезіктілердің, айыпталушылардың, басқа адамдардан заңда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібінде не прокурорға жүгіну жолымен қорғаудың бірқатар кепілдіктерімен қалайда үйлесуі керек. Ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресетін мамандандырылған органдардың сезіктілерге, айыпталушыларға, куәлерге күш қолдануды, психикалық қысым жасауды, басқа да заң бұзушылықты пайдалануына жол бермеу жөніндегі шаралардың да маңызы артуда. Сонымен қатар, заңға сүйене отырып қылмыстарды ашудың және тергеудің өзін ақтайтын жаңа тәсілдерін қылмыстық-іс жүргізу кызметін енгізу керек.

Зандылықтың бұзылуына жол  бермеудің кепілдігі, ол прокурорлық  қадағалау режимін немесе сот  бақылауын қатайту ғана емес, ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресетін мамандандырылған органдардың әр түрлі бағыныштылығы  және есеп берушілігі, бұл жағдай олардың  біріне бірі және бақылаушы бір органға  тәуелсіз жұмыс істегіне мүмкіндік  береді. Нәтижесінде құқық қорғау органдардың өздеріндегі сыбайлас жемқорлықты, басқадай қылмыстарды  ашуға және оларға тосқауыл қоюға  мүмкіндік ашылады, өзара бақылаудың нәтижелілігі артады. Ұйымдасқан қылмыскерлікпен  күрестің мүддесін ойластырсақ, қылмыстарды  ашатын және сезіктілер мен айыпталушыларды  қамауда ұстайтын органдарды біріктіруге  болмайды, себебі қылмысты қалайда  ашу мақсатында қамауда отырған  адамдардан заңсыз көрсетулер алу тәсілі қолданылуы мүмкін. Екінші жағынан  ондай адамдардың ұйымдасқан қылмыстық  құрылымдармен байланысты тергеушілердің, басқа да қызметкерлердің қылмыстық  әрекетіне ұшырауы ғажап емес. Ұйымдасқан қылмыскерлер үшін арнайы оқшауланған орынның болуы өзін өзі ақтайды. Ұйымдасқан қылмыстық  құрылымдарға қатысы бар адамдардың ерекше назарда болуы, мұқият оқшаулануы, керексіз куәлерден арылу мақсатында олардың көзін жою әрекетінен қорғалуы тиіс. Криминологтар кылмыскерліктің  арнайы тәсілдерді керек ететін басқа  да түрлерін бөліп алды, бірақ бұл  жұмыста олардың бәріне тоқталудың мүмкіндігі жоқ, олар криминология саласындағы  әдебиетте жан-жақты қаралған.

Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи  Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар  адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол  бағытта әрекет жасай береді», - деп  айтқан1. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды:

1979 жылы БҰҰ-дың Бас  Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық  мәселелері жөніндегі аймақаралық  семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы  ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық –  бұл жеке адамның немесе бір  топ адамдардың қызмет жағдайын  өз басының мүддесіне қарай  пайдалануы және мемлекеттік  қызметкерлердің қызмет бабын  заңсыз пайда алуға бағыттауы». [16]

Енді бір анықтама 1999 жылғы  «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық  жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа –  мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің  өз мәртебесін кез келген мүлікті  заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты  болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай  мүлікті, оны иемдену құқығын  басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету  және жеңілдіктер ұсыну жатады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше  осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық  ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.

М.О. Нәукенов: «Сыбайлас  жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс»  ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау»  құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады  және саяси шешімдер қабылдауда ықпал  жасайды.

А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын  адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген  адамдардың лауазымдық өкілеттілігін  және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда  алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген  мүліктік игіліктер мен артықшылықтар  алуы, сол сияқты бұл адамдарға  жеке және заңды тұлғалардың аталған  игіліктер мен артықшылықтарды  құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп  ұғынылады».

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл  ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір  мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған  емес».

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен  «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық  бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы  қызметкерлердің қолындағы билігінің  мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын  айтады».

А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас  жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды  тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы.

Жоғарыда келтірілген  анықтамаларды талдай келе, мынадай  қорытынды жасауға болады:

- сыбайлас жемқорлық құбылысының  өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік  құбылыс;

- халықаралық құжаттарда  жемқорлықтың нақты анықтамасы  жоқ;

- әрбір мемлекет қазіргі  құқықтық дәстүрлер негізінде  өздерінің жемқорлыққа қарсы  құралдар жиынтығын анықтайды;

- жемқорлық ұғымы қазіргі  қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық  анықтамасына негізделмеген.

Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі  жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін  заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген  жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

1. мемлекеттік қызметшінің  өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.

2. белгілі бір адам, бұл  ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы  мүмкін, мемлекеттік қызметшіге  көп жағдайда психологиялық   қысым көрсетіп, оны «сатып алу»  мақсатында пара, сыйақы алуға  итермелейді.[18]

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері  мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің  қызметтік бабын өз басының пайдасына  пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің  өзіне алған пайдасына, пара берудің  мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы  және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.

Көне заман тарихына көз  жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен  көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі  қызметкерлердің белгіленген бір  төлемақыға риза болғанын талап ете  бастады, яғни олар белгілі бір көлемде  жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі  қызметкерлер лауазымдық міндеттерін  орындау барысында көрсеткен  қызметі үшін жасырын түрде қосымша  төлем талап еткен. Біздіңше осы  құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы  белгілері деп қарастыруға болады.

Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер  болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық  құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс  антик қоғамы құлдыраған дәуірде  кең өріс ала бастады. Осы кезде  рим құқығында «corrumpire» деген  термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы  болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын  түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа  жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе  өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң  шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті  талан-таражға салудың 40 тәсілін  көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік  реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда  болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен  сайын партиялық сыбайлас жемқорлық  кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем»  елдері саяси дербес ел болып дамыған  кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық  жолына түскен еді. «Үшінші әлем»  елдерінде «төменнен жоғары жаққа  қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы  қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер  ашық түрде пара алып, алған парасымен  қарамағындағы қызметкерлермен  жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда  байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың  кейбір елдерінде) клептократиялық  тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы  кезде бұрынғы социалистік елдерде  сыбайлас жемқорлық аса үлкен  қарқынмен дамыды. [19]

Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей  байланысты. Алайда керісінше фактіні  байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін  қысқартатыны, дарынды адамдарды  өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай  табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға  жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған  реформалардың жүргізілуін тежейтіні  айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы  қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне  себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін  қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін  жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері  пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар  қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер  қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми  қызметтік міндеттерін асыра  пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік  қызметшілердің табысы үлкен көлемді  болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін  және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған  қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын  көтереді. Осындай жағдайда лауазымды  тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.

Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің  бірі болып саналады. Қоғамның білім  деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың  бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі  мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар  деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз:

- жағымсыз элеуметтік-экономикалық  факторлар кез келген мемлекетте  сыбайлас жемқорлықтың пайда  болуы, өрістеуі және таратылуының  себептері болып табылады.

- алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар  белгілі бір жағдайларда сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу үшін  қолданылған құралдар болуы әбден  мүмкін.[20]

Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің  экономикалық және саяси дамуына  кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси  факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының  басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін  дамыту. Демократияландыру үдерісі  саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра  пайдалануға мүмкіндік береді. Осы  пікірге Швейцария мемлекеті  дәлел бола алады, ондағы демократияның  тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі  де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған  жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси  бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға  бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестің құралы ретінде әлеуметтік-құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең  өріс алды.[21]

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады:

- бостандыққа ие азаматтық  қоғам - мемлекетте  жемқорлық  деңгейі өте төмен болуының  кепілі.

- саяси тұрлаулылық, үкіметтің,  басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас  жемқорлықтық өрістеуінің басты  шарты.

- мемлекеттің жалпы саяси  бағытының жиі өзгеруі елдегі  әлеуметтік - экономикалық ахуалдың  тұрақсыздығына әкеп соғады.

Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері