Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

  Бұл ретте, мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін жасау мақсатында осы жұмысты мемлекеттік биліктің әртүрлі деңгейлерінің арасындағы қызмет салаларының, функциялары мен жауапкершілігінің аражігін одан әрі ажыратумен бір мезгілде жүргізу қажет.[19]

Қазақстанда мемлекеттік  басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға, жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге  бағытталған әкімшілік реформаны  құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Ал бұл – құқықтың әкімшілік тәрізді  саласын реттеу аясы, оның маңызды  міндеті – биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс  істеуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты мемлекеттік басқару саласындағы  әкімшілік құқық:

- мемлекеттік органдар  арасындағы құзыретті ұтымды  және нақты бөлуді қамтамасыз  етуге;

- нарықтық экономика жағдайында  артық мемлекеттік реттеуді, оның  ішінде бақылау-қадағалау функцияларын  болдырмауға;

-  биліктің атқарушы  тармағы органдарының мемлекеттік  функцияларды іске асыруының  шарты мен тәртібін регламенттеуге;

- мемлекеттік басқару  органдарының азаматтармен және  ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз  етуге және ұйымдастыруға бағытталуы  тиіс.

Сонымен қатар экономиканы  мемлекеттік реттеудің рөлі артып  отырған қазіргі жағдайда әкімшілік  құқық мүмкіндіктерін кеңейту және оның реттеуші әлеуетін жаңа қоғамдық қатынастарға қолдану туралы сөз  еткен жөн.

Әкімшілік құқықты одан әрі  дамыту кезінде, мүмкіндігіне қарай, мемлекеттің, азаматтардың және біржақты-билік принциптеріне  негізделген мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардағы қалыптасқан  дәстүрлі тәсілдерден бас тартқан  жөн. “Билік және бағыну” принциптерінен толық көлемде бас тарту мүмкін емес, алайда әріптестік-жәрдемдесу, функционалдық-клиенттік, тікелей қорғау принциптерін қолдану  аясын кеңейту керек.

Осыған байланысты, тіркеу, рұқсат ету-лицензиялық рәсімдерді оңайлату, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне мемлекеттік  органдардың заңсыз араласуына тосқауыл қою жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Азаматтардың мемлекеттік  органдарға және мемлекеттің лауазымды  тұлғаларына өтініш жасау тетіктерін, олардың мемлекетті басқаруға қатысуының және өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілдерінің нысандары ретінде  жетілдіру керек, оның ішінде мемлекеттің  “электрондық үкімет” арқылы ұсынатын қызметтер ауқымын кеңейту қажет.

Сонымен бірге азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарға өздерінің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде қарау мерзімін сақтау, ұйымдар мен олардың лауазымды  тұлғаларының өз қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қараудағы жауапкершілігін  белгілеу мәселелері бойынша өтініштерімен  байланысты қатынастарды реттеу қажет.

Осылайша, әкімшілік құқық  қазіргі жағдайда мемлекеттік-билік  қатынастарының ғана саласын қамтымайды. Әкімшілік құқық аясында мемлекеттік  мекемелердің азаматтармен және ұйымдармен жариялы, яғни мемлекеттік қызметтерді  ұсыну кезіндегі қатынастары  да бар. Бұл ретте мемлекеттік  қызметтердің құқықтық табиғаты Конституциялық Кеңестің тиісті шешімінде атап өткендей әдеттегі мемлекеттік функциялардан  өзгеше. Іс жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер  көрсету саласындағы қатынасты  реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты туындайды. Бұл институттың  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін тиісті құқықтық негіз керек. Барабар  әкімшілік-құқықтық реттеу мемлекеттік  қызметтер көрсетудің стандарттарын  толыққанды енгізуді талап етеді. Мемлекеттік  қызметтер тізілімін кеңейту, жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың орындалуына тиімді сыртқы бақылау енгізу қажет. Әкімшілік  құқықты дамытуды билік пен бағыныстың дәстүрлі сатылас қатынасы арқылы ғана емес, әрі әлеуметтік, көбінесе әр бағыттағы  мүдделер, арнасы арқылы да қарастыру  қажет.

  Әкімшілік құқықтың көмегімен азаматтар мен ұйымдардың мемлекет кепілдік берген құқығы іске асырылады, өйткені осы құқықтарды қамтамасыз ету мен қорғау мемлекеттің жариялы мүддесі болып табылады. Бұл ретте әкімшілік құқық субъектілері (органдар және мемлекеттің лауазымды адамдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) жариялы мүддені жеткізуші болып табылады, олардың міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру. Басқаша айтқанда, азаматтар мен ұйымдардың жариялы мүдде дережесіне көтерілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру, әкімшілік құқықтың құқық қорғау функцияларының қазіргі заманғы мазмұны деген сөз. Қоғамдық өмірдің көптеген күрделілігіне негізделген қазіргі жағдайда, аралас қатынастар жиі туындайды, соған байланысты әкімшілік құқық әрекетінің шегінің мәселелерін, оның құқықтың басқа салаларымен және ең алдымен әкімшілік құқықтың азаматтық құқықпен аралас (әкімшілік-азаматтық) құқықтық қатынастар туындаған кезіндегі арақатынасы мәселелерін шешу қажет. Мемлекеттік органдарды бақылау мен қадағалау бір жағынан мемлекеттік басқару функциялары және екінші жағынан заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері бола отырып, әкімшілік құқықтың өзекті мәселесі болып қала береді. Конституциялық Кеңестің тиісті қаулысымен мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерінің арақатынасы туралы мәселе шешілді.

Бұл ретте, біздің елде мемлекеттік  органдардың құзыреті шегінде оларға бақылау және қадағалау өкілеттіктерін беруде конституциялық шектеулер жоқтығы  расталды. Яғни, қадағалау өкілеттігі прокуратурадан басқа, өзге де мемлекеттік  органдарға жүктелуі мүмкін. Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар  атқарушы биліктің уәкілетті лауазымды  тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік  мәжбүрлеу шаралары жағдайларын  қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге  – азаматтар мен ұйымдарға  қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік  заңнамамен реттелетін қызмет салаларындағы  заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету  мақсатындағы әкімшілік қадағалаудың болуы заңдылық.

Яғни азаматтар мен  ұйымдардың құқықтары мен заңды  мүдделерін қатаң сақтау кезіндегі  әкімшілік қадағалаудың міндеті  әкімшілік құқықтық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бақылау мен  қадағалауды жетілдірудің перспективалы  бағыттары:

- бақылау-қадағалау органдарының  жүйесін оңтайландырумен;

- кәсіпкерлерге ғана  емес, сонымен қатар құқықтың  басқа да субъектілеріне қатысты  бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің  ауқымын реттеумен және қысқартумен;

- әкімшілік-қадағалау қызметін  құқықтық реттеу деңгейін арттырумен  байланысты.

Мемлекеттік қызмет саласындағы  қатынастар да әкімшілік құқықты  реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде:

- мемлекеттік саяси және  әкімшілік қызметтің аражігін  неғұрлым нақты ажырату; 

- мемлекеттік қызметте  адам ресурстарын басқарудың  жаңа институттарын қалыптастыру  және жұмыс істеп тұрғандарын  жаңғырту;

- мемлекеттік қызметке  кәсіби және жеке сипаттары  негізінде іріктеудің жаңа әдістерін  енгізу;

- еңбекке ақы төлеудің  және ынталандырудың жаңа принциптерін  енгізу;

- мемлекеттік қызметшілердің  түпкілікті нәтижеге бағдарланған  қызметін бағалаудың қазіргі  заманғы жүйесін енгізу күтіледі.

Әкімшілік құқықтың маңызды  құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы  әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде  адамның және азаматтың құқықтары  мен бостандықтары туралы тікелей  қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс – әкімшілік-деликтілік құқық болып табылады.

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық жанжалдардың алдын алуға барынша бағытталуы тиіс. Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде  сот және соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың, яғни әкімшілік істерді  сотта және соттан тыс қарау тәртібі  арақатынасының нақты тұжырымдамасын айқандаған жөн. Бұл ретте соттың әкімшілік жаза қолдану жөніндегі  өкілеттігін кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісіндегі  жарыспалылық қағидатын дамыту туралы тезис өзекті күйінде қала береді.

Әкімшілік-деликтілік құқық  үшін әкімшілік-деликтілік заңнамамен қорғалатын құқықтық қатынастар ауқымын  неғұрлым нақты анықтау және тиісінше әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкциялардың аражігін нақты ажырату  мәселелері өткір болып табылады.

Тағы бір маңызды бағыт  әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар  еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу  заңнамасының реттеудің нысанын  нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін  сақтайды.

Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу  құқығын дамытумен байланысты мемлекет пен азамат (ұйым) арасында жариялы-құқықтық қатынастардан туындаған құқық  туралы дауды шешетін әкімшілік  әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады.

Осылайша, әкімшілік сот  ісін жүргізу қылмыстық және азаматтық  іс жүргізумен қатар сот төрелігін  жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы  тиіс. [31]

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Еуразия құрлығының дәл кіндігінде жаңадан пайда болған, жер көлемі жағынан ең ірі мемлекеттер сапына енетін Қазақстан мемлекеті тек  қана жаңа мемлекет құру, оны заңдық тұрғыдан негіздеу, халықаралық құқық  кеңістігіне тәуелсіз, жеке субъект  ретінде ену, құқықтық мәртебесін белгілеу жұмыстарын ғана емес, содай-ақ ескі жоспарлы экономиканы қиратып, жаңа нарық  экономикасын орнату, ескі тоталитарлық қондырғыны жойып, әлемнің дамыған  елдеріндегі сияқты өркениетті демократиялық  саяси басқару жүйесін қалыптастыру сияқты өте күрделі, әрі аса ауыр іс-әрекеттерді қатарластыра жүргізе  бастады. "Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемелекеттер осы тәрізді жолды басынан  кешіп те үлгермеген уақытта құру үстіндеміз" деп жазылған ел Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауында.

Сонымен халықаралықаралық  аренадағы жеке субъект ретінде  танылған заңды егеменді Қазақстан  қызметінің негізгі қағидаларына жауап  беретін жаңа мазмұнмен құқықтық толықтыру қажет болды. Пайда  бола бастаған қазіргі құқық түсінушілік  құқық табиғатының, оның мазмұнының, құрылымының және мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысының мәселелеріне жауап беруге көмектеседі. Барлық  заңдық ұғымдардың дәл анықтамасын беру толықтай қоғамның құқықтық ұйымдарының “құқықтық  жүйесі” ретінде, соның ішінде мемлекетте іске асатын және қызмет ететін барлық  заңдық құралдарға, институттар мен  мекемелерге әсер етеді.

Еуропа елдерінің нормативті - құқықтық заңдық жүйелерінің объективті құқықтық заңдылықтарын қарастыра  келе, құқық құрылымында әр түрлі  деңгейдегі, соның ішінде көп тұрғылы  заңдық реттеуді қамтамасыз ететін екіншілік, кешендік бөлімдерінің қалыптасуын  бөліп көрсетеді. Құқық әлеуметтік құбылыс және өзінің жүйесі (құрылым, құрылыс) бар. Құқық жүйесінің бір  элементі ретінде негізгі (іргелі) және кешенді болып бөлінетін құқық  саласы болып табылады.

   Дәстүрлі (іргелі) немесе  негізгі сала ретінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық,  процессуальдық және басқа да  салалардың Қазақстандық құқық  жүйесінде орын алуы күмән  тудырмайды. Дегенмен, объективті шындық  қандай да бір қоғамдық қатынастарды  реттейтін жаңа салалардың пайда  болуының ғылыми негізделуін  талап етеді. Егеменді Қазақстанның  түзілуінен ішкі және кеден  саясаты олардың құрамдас бөлігі  болды. Оны іске асыру үшін  мемлекеттің басқарушылық қызметі,  арнайы өкілетті органдар, заңдық  негіз керек болды. 

   Кеден саласы Қазақстан  үшін мемлекеттік егемендікті  және тәуелсіздікті, оның экономикалық  қауіпсіздігін, сонымен қатар  егеменді мемлекеттің қызметіндегі  қайтадан пайда болған ішкі  саясат, экономика, қорғаныс және  т. б. салаларын қамтамасыз  етудің құралы ретінде болды

   Құқық өзіндік  жүйесі, құрылымы бар әлеуметтік  құбылыс. Оның бір элементі  – құқық салаларына бөлінуі.  Олар өз ішінен негізгі және  кешендік болып бөлінеді. Қазақстандық  құқық салаларының ішінде Конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық  басқа да құқық салаларының  орны ешқандай күдік туғызбайды. Жаңа құқық салаларының пайда  болуы қоғам қажеттілігінен туындайды.  Қазақстанның егемендік алуы  ішкі және сыртқы саясатына  жаңа мазмұн берді. Оның бірі  – арнайы өкілді органдары  бар белгілі бір заңдылық негізі  бар кеден саясаты. 

Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етудің құралы ретінде кеден  саласы пайда болды.

Алғашқы пайда болған кеден  заңдылығының кедендік реттеуде мүлт кеткен жерлері де болды. Кеден саласына қатысты негізгі заңның қабылдануына дейін кедендік реттеудің өзін оны  ғылыми зерттеу жағдайында осы саланың  бір институты ретінде қарастыруға  болады. Сондай – ақ әкімшілік пәні менен әдістері кеден саласының  кейбір мәселелерін қамтыған. Қазіргі  кезеңде Қазақстан Республикасының  кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі  ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.

Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері