Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

Өз қызмет жағдайын жемқорлық  құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде  заңға қайшы сипатта пайдалану.

Жемқорлықтың көрініс  табуының ең қауіпті екі түрі:

- мемлекеттік немесе қоғамдық  мүліктерді жемқорлық жолмен  ұрлау;

- мемлекеттік қызметкерлердің  әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса  да, олардың қандай да бір артықшылықтарды  заңсыз жолмен алу мақсатында  өз қызметтік жағдайын теріс  пайдалануы.

1979 жылы БҰҰ-дың Бас  Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық  мәселелері жөніндегі аймақаралық  семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы  ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық –  бұл жеке адамның немесе бір  топ адамдардың қызмет жағдайын  өз басының мүддесіне қарай  пайдалануы және мемлекеттік  қызметкерлердің қызмет бабын  заңсыз пайда алуға бағыттауы». Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас  жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік  туралы» атты Еуропа Кеңесінің  Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас  жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық  немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің  немесе коммерциялық не өзге  де ұйымдардың қызметшілерінің  өз мәртебесін кез келген мүлікті  заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты  болуы, қызметті немесе жеңілдікті  пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың  осындай мүлікті, оны иемдену  құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет  көрсету және жеңілдіктер ұсыну  жатады.

Кейбір ғалымдардың пікірінше  осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық  ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең.

М.О. Нәукенов: «Сыбайлас  жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс»  ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау»  құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады  және саяси шешімдер қабылдауда ықпал  жасайды. А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын  адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген  адамдардың лауазымдық өкілеттілігін  және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда  алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген  мүліктік игіліктер мен артықшылықтар  алуы, сол сияқты бұл адамдарға  жеке және заңды тұлғалардың аталған  игіліктер мен артықшылықтарды  құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп  ұғынылады». Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл  ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір  мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған  емес». [12]

Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен  «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық  бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы  қызметкерлердің қолындағы билігінің  мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын  айтады».

А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас  жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды  тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. Жоғарыда келтірілген  анықтамаларды талдай келе, мынадай  қорытынды жасауға болады:

- сыбайлас жемқорлық құбылысының  өзіне тән белгілері бар;

- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік  құбылыс;

- халықаралық құжаттарда  жемқорлықтың нақты анықтамасы  жоқ;

- әрбір мемлекет қазіргі  құқықтық дәстүрлер негізінде  өздерінің жемқорлыққа қарсы  құралдар жиынтығын анықтайды;

- жемқорлық ұғымы қазіргі  қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық  анықтамасына негізделмеген.

Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі  жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін  заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген  жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

1. мемлекеттік қызметшінің  өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.

2. белгілі бір адам, бұл  ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы  мүмкін, мемлекеттік қызметшіге  көп жағдайда психологиялық   қысым көрсетіп, оны «сатып алу»  мақсатында пара, сыйақы алуға  итермелейді.

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері  мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің  қызметтік бабын өз басының пайдасына  пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің  өзіне алған пайдасына, пара берудің  мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы  және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық.

 

Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы(1-Кесте)

Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері

 

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері

Қызметтік бабын өз басының  пайдасына пайдаланушы субъект

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық  Коммерциялық сыбайлас жемқорлық 

Саяси сыбайлас жемқорлық 

Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы

Мекемені басқарушы тұлға  алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді.

Көмек сұрап келген адамның  өзі пара ұсынады.

Пара беруші субъект

Жеке адам парасы (кез  келген азамат)

Кәсіпкерлік пара (нақты  фирмалар)

Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар)

Параның түрі

Ақшалай пара; Қызмет көрсету

Пара берушінің пара беру мақсаты

Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс)

Тежеу үшін пара беру (пара алған  адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін  бұзады)

«Жылы көзбен қарау» үшін берілетін  пара (пара алған адам қызмет бабында  белгілі бір тұлғаның «тырнақ  астынан кір іздей бермеуі  тиіс» )

Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі

Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше  әрекет етеді).

Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа  қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер  жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі)

Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың таратылу деңгейі

Биліктің төменгі сатысында  орын алған сыбайлас жемқорлық (биліктің төменгі және ортанғы сатыларында)

Биліктің жоғарғы сатысында  орын алған сыбайлас жемқорлық (жоғыры қызметтегі шенеуніктер және саяси  қайраткерлер)

Халықаралық сыбайлас жемқорлық                                 (шаруашылық қарым-қатынас саласында)

Сыбайлас жемқорлықтық байланыстардың жиілігі

Ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық

Жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлық

Клептократия (биліктің ажырамас бөлігі ретіндегі сыбайлас жемқорлық )


 

Көне заман тарихына көз  жүгіртетін болсақ, алғашқы және ерте таптық қоғамдарда абыздарға, көсемдерге, әскербасыларына олардың көрсеткен  көмегі, қызметі үшін төлемақы беру әдеттегідей норма болып қабылданғаны мәлім. Жоғары шенде тұрған басшылар қарамағындағы төменгі шендегі  қызметкерлердің белгіленген бір  төлемақыға риза болғанын талап ете  бастады, яғни олар белгілі бір көлемде  жалақы алатын болды. Ал төменгі шендегі  қызметкерлер лауазымдық міндеттерін  орындау барысында көрсеткен  қызметі үшін жасырын түрде қосымша  төлем талап еткен. Біздіңше осы  құбылысты сыбайлас жемқорлықтың алғашқы  белгілері деп қарастыруға болады.[13]

Антик қоғамы (көне грек қала-мемлекеттер, республикалық Рим) тарихының ерте заманында кәсіби мемлекеттік шенеуніктер  болмаған, сондықтан сыбайлас жемқорлық  құбылысы да жоқтың қасы еді. Бұл құбылыс  антик қоғамы құлдыраған дәуірде  кең өріс ала бастады. Осы кезде  рим құқығында «corrumpire» деген  термин пайда болып, «бүлдіру», «біреуді сатып алу» деген мағынаны білдіріп, билікті асыра пайдаланушылық жағдайы  болған кезде қолданылған. Мемлекет неғұрлым орталықтандырылған болса, соғұрлым азаматтардың мемлекеттік деңгейдегі істі өз бетінше шешуі шектеулі болады, осыған орай төмендегі және жоғарыдағы шенеуніктер қатаң қадағалаудан босағысы келген адамдардан жасырын  түрде пара алып, сөйтіп заңды бұзушылыққа  жол беріледі. Сыбайлас жемқорлықтың осындай «төзімді нормасы» әсіресе  өндірістің азиялық тәсілінде байқалады. Сөйтіп, Артхашастраның авторы сараң  шенеуніктердің мемлекеттік мүлікті  талан-таражға салудың 40 тәсілін  көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік  реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған орай шенеуніктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда  болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен  сайын партиялық сыбайлас жемқорлық  кең етек ала бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында «үшінші әлем»  елдері саяси дербес ел болып дамыған  кезде, олардың мемлекеттік аппараты алғашқы кезден бастап сыбайлас жемқорлық  жолына түскен еді. «Үшінші әлем»  елдерінде «төменнен жоғары жаққа  қарай» сыбайлас жемқорлық түрі кездеседі, бұндай жағдайда парақор басшы өз кінәсін мойындамай, қарамағындағы  қызметкерлерді жазаға тартады. Сондай-ақ «жоғарыдан төменге қарай» сыбайлас жемқорлық түрі де болған, бұндай жағдайда жоғары қызметте тұрған шенеуніктер  ашық түрде пара алып, алған парасымен  қарамағындағы қызметкерлермен  жартылай бөліскен (сыбайлас жемқорлықтың осындай жүйесі Оңтүстік Кореяда  байқалады). «Үшінші әлем» елдерінде (Филлипинде, Парагвайда, Гаитиде, Африканың  кейбір елдерінде) клептократиялық  тәртіп орнаған, бұл елдерде сыбайлас жемқорлық барлық әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасты қамтыған және пара бермесе ешбір іс орындалмайды. 1990 жылдары сыбайлас жемқорлық мәселесі аса өзекті мәселеге айналды. Осы  кезде бұрынғы социалистік елдерде  сыбайлас жемқорлық аса үлкен  қарқынмен дамыды. Халық қайта  құруды да, реформаны да құптады. Қоғамдағы  дағдарысты жағдай ешкімге құпия  емес еді, сондықтан елдің мұндай позициясын түсінуге болады. Бірақ, көлеңкелі  және қылмыстық экономикалық әрекет жөніндегі «идеалистік-романтикалық»  ұғым, сондай-ақ криминалдық мүддені  тікелей қорғаштау Қазақстандағы  нақты өзгеріс процестерінің  жемісі еді. Нарыққа көшу бағдарламасының  авторлары 1990-жылы былай деп жазды: «Көлеңкелі экономиканың ауқымы осы  бағдарлама контексінде ерекше маңызды  болып табылады, себебі нарыққа көшу логикасы көлеңкелі капиталдың халық  игілігі үшін пайдаланылуын көздейді. Бұл реформаны ресурстық қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі». Бірақ капиталдарды, көлеңкелі экономиканың криминалдық секторында тек өз басының  мүдделері  жаратуды көздеген және одан да көп ақша жасауды армандаған, өздеріне тән іс-қимыл стереотипі, құндылық бағдары бар адамдар  табады.Олар өз капиталын өндіріске  салмайды, мүмкін болса шетелге аударады, немесе үлкен табыс әкелетін және жақсы сақталатын салаларға орналастырады. [14]

Мамандар дұрыс болжам жасады: біріншіден, меншікті иелену және қайта бөлу үшін криминалдық шайқас өршіді, екіншіден, капитал тек жеке мақсатта ғана пайдаланылды. Солай  болды да: капиталдар бұрынғы мемлекеттік  және қоғамдық мүліктерді, басқа да байыған азаматтардың, шетелге кеткен азаматтардың мүліктерін иемденіп қалу үшін пайдаланылды. Ал, меншік қайда  болса, билік сонда. Билік ешқашанда  меншіктен бөлек болмайды. Жағдай бұдан да бетер нашарлауы мүмкін, себебі криминалдық капитал молаюда  және ол өзіне бақылау жасауга  қарсылық көрсетуде. Қылмыстық табысты  заңдастырумен күресті көптеген ел жүргізіп келеді, ал Қазақстандағы  сыбайлас жемқорлықпен, қылмыстық табыстарды жуып-шаюмен күресті күшейту жөнінде  әңгіме ғана бар. Мұның барлығы: біріншіден, қылмыскерлікпен күрестің жалпы  ұйымдастырылуын жетілдірудің (мысалы, тек заң жобаларын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық қайта құру жобаларын да криминологиялық  сараптау), екіншіден, ұйымдасқан қылмыскерлікпен  күресте жалпы алдын алудың, себебі онда қоғамды мүлде бүлдіретіндей  қабілет бар, үшіншіден, арнайы алдын  алу бағдарламаларын енгізудің, төртінші, жоғары биікті, арнайы құқық  қорғау қызметін қамтамасыз етудің қажеттігін көрсетеді. Әрине, заң шегінде.

Қоғамды, мемлекетті түбірімен  жалпы сауықтырмайынша арнайы заңдар қабылдау істің жайын өзгерте  алмайды. Дегенмен, ондай заңдарды қабылдау да қажет. Заңдарда бастапқы ұғымдар  анықталады және ұйымдасқан қылмыскерлікпен  өзара байланыста болып келе жатқан аса қауіпті, құбылыстарға кешенді  шабуыл жасаудың құқықтық негізі қаланады. Сондықтан да салалық заңнама  ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлыкпен, терроризммен, қылмыстық табысты  заңдастырумен (жуып-шаюмен) күрес туралы кешенді заңдармен толықтырылуы керек.

Ұйымдасқан қылмыскерлікпен  күрестің жүйесін кұру қажет. Күрес  субъектісі, сөзсіз, барлық қоғам: мемлекет, азаматтық қоғамның мемлекеттік  емес институттары, занды және жеке тұлғалар болуы тиіс. Бұл ретте, заңға

сүйене отырып, құқық қорғау органдарының ұйымдық-кадр мәселесі шешілетін, мамандандырылған бөлімшелерін кұру керек. Ұйыдасқан топтармен күресті прокуратураның, ішкі істер, қауыпсіздік, кеден, салық полициясы органдарының, басқа құқық қорғау органдарының барлық оперативтік бөлімшелері; қылмыстық ұйымдармен және қылмыстық бірлестіктермен -мұндай органдардың мамандандырылған бөлімшелері жүргізуге тиіс. Бұл, біріншіден, жоғары кәсіби тәсілді, екіншідең, іс-шараның заң шегіндегі қажетті құпиялылығын, үшіншіден, мамандандырылған прокурорлардың, сондай-ақ ұйымдасқан құрамалардың қылмыстық әрекеті туралы істерді қараушы судьялардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан кылмыскерлікпен күрестің басты объектілері: а) ұйымдасқан қылмыстың құрамалары; б) мұндай құрамалар жүйесі; в) олардың экономикалық, саяси, әлеуметтік. рухани негіздері; г) көптүрлі сыртқы байланыстары және мұндай байланыстарды қолдауға және дамытуға қатысушы, оган өзгедей мүдделі сыртқы субъектілер.

Экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани сипаттағы шараларды біртіндеп, ешқандай «төтеншесіз», кешенді, мұқият ойластырып қолдану керек. Төтенше шаралар қылмыстық құрамалардың қатардағы мүшелерін және олардың әрекеттерін қалайда қамтиды, ал басшылары «әліптің аяғын» күтіп шет елде немесе басқа бір ыңғайлы жерде жүреді, жағдайды ол кейін өз пайдасына айналдыруы да мүмкін.

Мұндай ұйымдасқан қылмыскерлікпен күрес қоғам мүшелерінің, экономикалық, өзге де мүдделері мен құқықтарын қалайда қозғайды. Бұл жерде әрқашанда адамның және азаматтың құкығы, әр түрлі құқықтар мен мүдделердің, әр түрлі субъект құкықтарының бәсекелестік, құндылықтардың иерархиясын анықтау, басымдылықтар таңдау, сол құқықтардың шегі және шектердің негіздері проблемалары туындайды. Жақсы жері сол - мұндай шектеулер үшін құқықтық негіз бар. Шет елдік тәжірибе де бұл тұрғыда жақсы бағдар бола алады.

Күрестің басты бағыты - ұйымдасқан қылмыстық кұраманың өзін және де оның әрекетін, қайта тууының экономикалық, ұйымдық және басқа негіздерін жою. Бұл тұрғыдан алғанда мына шаралар аса маңызды болып табылады: а) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың лидерлерін әшкерелеу және заңда көзделген жауаптылықка тарту; б) қылмыстық табыстар мен капиталдардың қозғалыс және пайдаланыс жолдарын жабу, олардың заңдастырылуына және молаюына жол бермеу; в) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың қатардағы мүшелерін өзінше жекелей қарау және олар ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің бетін ашуға еркімен көмектесе оларға тиісті әлеуметтік көмек көрсету, жұмыстық-тұрмыстық мәселелерін, басқа да мұқтаждықтарын шектеуге жәрдем ету; г) ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысқандардың, куәлердің, қылмыстық іс жүргізу әрекетінің басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; д) сыбайлас жемкорлықпен, терроризммен күрес туралы батымды шараларды бірге қабылдау; е) ұйымдасқан құрылымдардың қылмыстарынан зиян шеккендердің залалын өтеуді қамтамасыз ететін тиімді шаралар қабылдау. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің жаңа түрі пайда болған сайын Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу керек. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін, оның ішінде АҚШ-та, Италияда және басқа бірқатар елдерде кеңінен қолданылып жүрген жедел-іздестіру шаралары мен қылмыстық табысты заңдастырудың (жуып-шаюдың) алдын алу жөніндегі шараларды қылмыстық сот ісін жүргізуге енгізу процедурасын қарастыру керек.

Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері