Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:39, дипломная работа

Описание работы

Кедендік материалдың әрекетшілік күшінде кедендік реттеудің әдісін құрайтын бұл 3 топ пайда болатын кедендік құқықтық қатынасқа байланысты қолданылады.
ҚР кеден құқығында көрініс тапқанын келесі мысалдар арқылы көруге болады:
-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР аумағына әкелу және әкету құқығы;
-белгіленген кеден режимдерінің кез-келген түрін таңдау құқығы;
-кедендік рәсімдеу кезінде өкілетті өкілдің қатыса алу құқығы;
-кедендік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) арыз келтіру құқығы және т. б.[3

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН КОМИТЕТІ
1.1 Кеден Комитетінің жүйесі, мемлкеттік қызметтегі алатын орны...................10
1.2 Кеден қызметіндегі құқықтық қатынастар, қызмет жасау аясы......................11
1.3 Қазақстан Республикасы Кеден Комитетінің қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелері...................................................................................................................17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ БАБЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар..................................................................................................................21
2.2 Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында жасалған лауазымдық қылмыстарға жауаптылық белгілеу түрлері.........................................................................................................................37
2.3 Қылмыстық іс – әрекеттерді анықтау жолдары................................................55
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ІСІН РЕТТЕЙТІН, ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕЙТІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР....................................................................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................78

Работа содержит 1 файл

диплом таможня.docx

— 150.16 Кб (Скачать)

Ұйымдық-институционалды  себептер. Соңғы кездері жүргізілген  зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық  мемлекеттіліктің институционалды  негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау  жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына  нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында  мемлекеттің өкілеттігі кең тараған  жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына  алғышарттар қалыптасады, ал бұл  – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі». Шектеулер  неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі  агенттігі жасаған Инвесторларға  арналған нұсқаулықтарды талқылайық. Осы Нұсқаулықта әлемнің 40 мемлекетінде инвестиция салуға және іскерлік операциялар  жүргізуге келтірілентін процессуалдық  және әкімшілік кедергілер туралы баяндалады және осы кедергілерді еңсеру тәсілдері  ұсынылады. Осы Нұсқаулықта көрсетілген  бағдар барлық жағдайда бірдей емес: егер инвестордың жүргізетін жұмысы көп  уақыт алатын, қымбат бағаланатын  және күрделі болса, ол жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа ұрынуы мүмкін. Мемлекетке инвестиция тарту ісінде жоғары лауазымдағы тұлғалар елеулі рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үміткердің кәсіби біліктілігіне, мінез-құлқына, моральдық  – этикалық ұстанымдарына баса назар  аудару қажет. Нұсқаулықтарды талдау барысында  барлық 40 Нұсқаулыққа тән заңдылық байқалды: инвесторларға келтірілетін бюрократиялық кедергілер мемлекеттің  құқықтың жүйесімен тығыз байланысты. Құқықтық жүйесі жалпы құқыққа негізделген  мемлекеттерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық  кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде  ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Билік  және сыбайлас жемқорлықты бақылау  бір-бірімен тығыз байланысты екені  баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық  – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның  болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының  қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады.

Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен  қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден  мемлекеттік биліктің беделіне залал  келтіреді, үшіншіден қоғам мен  мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік  аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының  салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің  кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы  мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық  жауапқа тарту және жазалау жүйесінің  болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен  регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып  жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси  демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. [22]

Мәдени-этикалық сипаттағы  факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл  сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз  тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал  келтірейік. Қытайда басты идеология  конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары  бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен  гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені  наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп  біледі. Мәселен, «керек» адамды мейрамханаға шақыру, «ерекше» бір көмегі үшін біреуге  құнды сыйлық беру, жоғары оқу орнына түсуге көмектесу тағы сол сияқты этикаға жатпайтын қылық деп  танылмайды.

Сөйтіп, сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен  қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал  келтіреді, үшіншіден, қоғам мен  мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

 

2.2 Қазақстан Республикасы  кеден ісі саласында жасалған  лауазымдық қылмыстарға жауаптылық  белгілеу тәсілдері 

Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық  бұзушылық туралы істерді қарау  Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының  кодексін басшылыққа алған болатын. Қазіргі уақытта қолданылып отырған  жаңа заң - Қазақстан Республикасының  Кеден кодексі 2003 -жылдың 5 -сәуірінен  бастап қолданысқа енгізілген еді. Соған  қарамастан оған бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, әкімшілік  заңнама саласында бұған дейін 2001- жылдың 30- қаңтарында қабылданған  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»  Қазақстан Республикасының кодексі  қолданылып келді. Осы уақытқа дейін  Әкімшілік кодекске бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе де ол мазмұны жағынан жаңадан қабылданған  Кеден кодексінен қалыс қалатын. Сөз жоқ, осы екі заң нормаларын қолданудағы қарама-қайшылықтар  сот практикасына өз әсерін тигізді.

Осы зерделеніп отырған уақытқа  дейін барлығы 1812 іс, соның ішінде Әскерлердің әскери сотын және валюта заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтар туралы 3 азаматтық істі қоспағанда барлық аймақтардың соттарынан кеден  заңнамасы саласындағы әкімшілік  құқық бұзушылық туралы 1809 іс түсіп, зерделенді.

Жасалған қорыту республика соттарының осы санаттағы істерді  негізінен дұрыс қарайтынын көрсетті.

Сонымен қатар, соттардың  осы санаттағы істерді қарауы кезінде сот практикасын қолдануына едәуір ықпал ететін заң бұзушылықтарда кездеседі.

ӘҚБтК-нің 32-бабы бойынша  он алты жасқа толған адам әкiмшiлiк  құқық бұзушылық жасаған кезде  әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады  деп белгіленген.

Алайда, заңның осы талабы соттар тарапынан бұзылуда. БҚО Шыңғырлау  аудандық сотының 26.03.2003 -жылғы қаулысымен кәмелетке толмаған, 1986- жылы 4- шілдеде туған ұлы А.В.Шмелев жеке тұлғаларға рұқсат етілген мөлшерден асатын темекіні кеден шекарасы арқылы заңсыз алып өткені үшін В.А.Шмелев ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде (18.03.2003 ж.) А.Шмелевтің жасы 16 жас 10 ай болған, демек, ол өзі әкімшілік жауапкершілік көтеретін жаста болған. Осыған байланысты оның әкесін жауапқа тартудың қажеті жоқ еді.

ӘҚБтК-нің 580 және 581-баптарында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың толық тізбесі бекітілген. Бұған қарамастан соттар әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді осы баптарда көзделмеген негіздер бойынша қысқартқан.

Көкшетау қалалық сотының 2003 -жылғы 5- шілдедегі қаулысымен «Атрарт» ЖШС-ға қатысты ӘҚБтК-нің 414-бабымен көзделген №5-938 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-нің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасымен әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты іс жүргізу қысқартылған. Сот қаулының дәлелдеу бөлігінде: «ӘҚБтК-нің 414-бабының санкциясы лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктiлiк аттестатының күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің 48-бабына сәйкес заңды тұлғаға салынатын айыппұл жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайды, сондықтан заңды тұлға бұл бап бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды» деп атап көрсеткен.

Құқық бұзушылық құрамы ӘҚБтК бабының санкциясымен емес, керісінше диспозициясымен анықталатындықтан соттың мұндай дәлелдемесі заң талаптарына көрінеу сәйкес келмейді. Сондықтан соттың бап санкциясы мұндай жазаны қарастырмайды деген сілтемесі заңсыз.

Маңғыстау облыстық соты екі  іс бойынша осындай заң бұзушылыққа жол берген.

Осы жағдайларда соттар баптың санкциясын оның диспозициясы ретінде  түсіндіріп және әкімшілік құқық бұзушылық субъектісін бап санкциясы бойынша анықтап, заңды дұрыс қолданбаған.

Соттар ӘҚБтК-нің 414-бабымен көзделген лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктiлiк аттестатының (куәлігінің) күшiн тоқтата тұру сияқты қосымша жазаны көбінесе дұрыс қолданбайды.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты 2003 -жылдың 11- наурызында «Лемке Авто» ЖШС-нан ӘҚБтК-нің 414-бабы бойынша заңды тұлға филиалының 2002- жылғы 10- маусымдағы №2224-1901-Ф есептік тіркеу куәлігінің күшін он күнге тоқтата тұру және мемлекет кірісіне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 8720 теңге айыппұл өндіру туралы қаулы еткен.

Соттың заңды тұлға  филиалының есептік тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы шешімі дұрыс емес. Өйткені ӘҚБтК-нің 52-бабына сәйкес, белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру аталған адамдардың қызметті жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында (куәлікте) көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолданылуы мүмкін.

Сот заңды тұлға филиалының есептік тіркеу куәлігін белгілі  бір қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат беретін біліктілік аттестаты (куәлік) ретінде танып, қателескен.

Заңды тұлға филиалының есептік тіркеу куәлігін беру мен тіркеу «Заңды тұлғаларды тіркеу туралы» Жарлықпен белгіленеді және оның өзі заңды тұлға филиалының құрылу фактісін куәландырады.

Ал лицензия, арнаулы рұқсат немесе біліктілік аттестатын (куәлік) беру, сондай-ақ олардың түрлері  «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және басқа да нормативтік актілермен белгіленеді.

Осы орайда сот бұл іс бойынша ӘҚБтК-нің басқа да нормаларын бұзуға жол бергенін, алайда осы заң бұзушылықтарды соттың өзі де, қадағалау сатысы да, прокурор да жоймағанын атап өтпеске болмайды.

Мәселен, ӘҚБтК-нің 580-бабы, 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмi өтсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады. Әкімшілік жауапқа тартудың осы мерзімі ӘҚБтК-нің 69-бабымен белгіленген.

Заңның осы қағидасын сақтаудың қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 -жылғы 19-сәуірдегі №ТК-2-29-2876 хатында көрсетілген.

2011 жылы кедендік бақылауды  ұйымдастыру бағытында Департаменттің өткізу пункттерінде кедендік бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 6,5 миллион жеке тұлғаға кедендік бақылау жүргізілді.  
Кеден шекарасы арқылы 35 мың жеңіл және 37 мың жүк автокөліктері, 1072 әуе кемелері, сондай-ақ, 1348 жолаушы поездары өтті. Кеден шекарасы арқылы 596 602 теміржол вагондары өтті, оның 360 698-і тиелген вагондар. 
Кеден бекеттерінде 69 554 транзиттік декларация мен 26 339 тауарларға арналған декларациялар рәсімделді. «Күнбе-күн» қағидасы бойынша 24 469 кедендік жүк декларациясы рәсімделсе, 2010 жылдың осындай кезеңінде 13 038 кедендік жүк декларациясы рәсімделген болатын.  
Есептік кезеңде 5 тауарларға декларациялар бойынша зияткерлік меншік нысандары бар әкелінген тауарлардың анықталуына байланысты тауарларды шығару тоқтатылды. (2010 ж. - 3). 
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында алдын-ала операцияларды бақылау және кедендік алып жүру бөлімі 132 әкімшілік іс қозғаған, олардың 117-сі сотта, ал 15 ісі кеден органымен қаралды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 331 880 теңгені құрады. 
Есеп беру кезеңінде посткедендік бақылау бағыты бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барлығы 223 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 36-сы жоспарлық, 6-ы жоспардан тыс, ал 181-і камералдық кедендік тексеру болып табылады.  
Кедендік тексеру нәтижесі бойынша 15 қылмыстық және 10 әкімшілік іс қозғалып, 4 млн. 879 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал анықталған кеден заңнамасын бұзу фактілері бойынша қосымша жалпы сомасы 4 млрд. 617 млн. теңгені құрайтын кедендік төлемдер мен салықтар аударылып, 4 млрд. 207 млн. теңге өндірілді.  
Әкімшілік құқық бұзушылықтармен күрес бағыты бойынша 2011 жылы барлығы 1659 (2010 ж. - 1282) әкімшілік іс қозғалды, олардың ішінде 1256-сы (2010 ж. - 843) кеден органдарымен қаралып, 15 700 374 теңге сомасында айыппұл салынды. Сот органдарына 403 іс жолданып, қаралған істер бойынша 15 003 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қозғалған істерге сәйкес құқық бұзушылардан жалпы сомасы 30 704 004 теңге өндірілді.  
2011 жылдың 12 айында есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша анықталған 8 факті бойынша 3 келіден артық есірткі заты алынды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 610,551 граммды құраған.  
2011 жылдың басынан бері жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрайтын жалған құжаттарды пайдаланып, кеден бекеттерінен өткізбек болған тауарлардың экономикалық контрабандасының 14 фактісі белгілі болды. Оның ішінде 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығында жалпы сомасы 105 млн. теңгені құрайтын 10 фактінің жолы кесіліп, 2011 жылдың 12 айында анықталған барлық фактілердің 71 %-ын құрады.  
«Шымкент кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде кедендік тексеріп қарау барысында тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген жалпы құны 25 млн. теңгеден аса тауарлар анықталды. 
2011 екінші жартыжылдықта Департамент қызметкерлері кеден одағының кеден шекарасына 2 млн. теңгеге жуық тауарларды заңсыз алып өту фактісін анықтаған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 1 б. 209 бабымен қылмыстық іс қозғалып, айыпталушы тұлға жазаға тартылып, контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді. 
Департамент қызметкерлерінің Шымкент қаласына алыс шалғай шетелдерден ұшып келетін әуе рейстеріне, оның ішінде жеке тұлғаларға, қол жүктер мен жол жүгіне жүргізілетін кедендік бақылау күшейтілген. Есеп беру кезеңінде бұл кеден бекетінде тауарлар контрабандасы мен жалпы сомасы 14 млн. теңгені құрайтын экономикалық контрабанда фактілері анықталған. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 1 б. 209 бабымен 4 қылмыстық іс қозғалып, айыпталушылар жазаға тартылып, контрабандалық тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді. 
Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткiзу мақсатында кеден одағының кедендік шекарасына заңсыз өткiзудің 4 фактісі анықталды, олардың ішіндегі 2 дерек бойынша ҚР ҚК 3 б. 143 бабымен 2 қылмыстық іс, қалған біріне 1 әкімшілік іс қозғалып, екінші материал бойынша тергеу алды тексеру амалдары жүргізілуде. 
2011 жылы контрабандаға қарсы күрес бағытында Департамент қызметкерлері 64 қылмыстық іс қозғады. Бұл істер бойынша жалпы құны 45 млн. теңгені құрайтын тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді, ал 2010 жылдың есеп беру кезеңінде тәркіленген тауар сомасы 35 млн. теңгені құраған.  
2011 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мемлекет қазынасына 36 млрд. 567 млн. теңге түсірген. Комитет бекіткен болжамды тапсырма 102% -ға орындалды. 2010 жылмен салыстырғанда есеп беру кезеңде 12 млрд. 118 млн. теңгеге артық өндірілді.[23] 

Кеден ісіндегі  көп  қырлы, күрделі міндеттердің шешілуі концептуалдық міндеттерсіз,  кез-келген кеден процестерінде  қолдануға болатын, яғни  басқару  бойынша  жалпы ережелерді құруға  арналған бағыттарсыз мүмкін емес. Кеден ісіндегі басқарудың жалпы  прициптерін айқындау,  үнемі өзгеретін күрделі жағдайларда тез  шешемделуге дайындауға арналған бағыттар. Бұндай жағдайларға  кеден шешімдерін бейемдеу қажет.

Принциптердің  объективтік сипаты бар және белгілі  бір заңдылықтарды білдіреді, орындайды. Осыған байланысты, приципттер – бұл жалпы заңдылықтар олардың шектерінде бақарудың практикалық міндеттерін қою кезінде айқындалатын, басқару жүйесінің әртүрлі құрылмдары арасындағы байланыстар іске асады. Кеден ісіндегі басқару принциптері қызметті басқарудың негізгі ережелері мен кеден жүйесіндегі дұрыс ұйымдастырудың негізгі болып табылады.

Кеден ісі жүйесіндегі басқарудың негізгі далпы принциптері  болып мыналар табылады:

1. Қазақстан Республикасының кеден және сыртқы саясаттының біртұтастық принципі. Қазақстан Республикасында біртұтас кеден саясаты іске асады. Кеден саясаты шектерінде сыртқы сауда іс-әрекетін мемлекеттік реттеу жүйесінің біртұтастық принципі қызмет етуде. Бұл мынаны білдіреді: тұтас заң базасының бар болуы; саясат пен экономикалық шешімдердің бірлігі; нақты мақсаттар мен міндеттерді орындауда қызметтердің құқықтардың және жауапкершіліктердің оның бөлісуі; органдарды басқару мен ведомствалардың білімдер сәйкестілігінің бар болуы.

2. Қазақстан Республикасы  кеден аймағындағы тұтастық принципі. Қазақстан Республикасы кеден  аймағының тұтастығы, Қазақстан  Республикасы кеден және сыртқы  сауда саясатының тұтастығы сияқты, Қазақстан Республикасының кеден  жүйесін құрудың негізгі принциптерінің  бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасы территориясында  еркін кеден аймақтар, еркін қоймалар, орналасуы мүмкін. Олар Қазақстан  Республикасы кеден аймағынан тыс орналасқан деп қарастырылады, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің кеден комитеті белгіленген жағдайлар болмаған кезде.

Басқару аспектісіндегі кеден  аймағының тұтастығы кеден кеңістігі уақытындағы тұтас ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық толғуды болжайды.

3. Заңдылық принципі. Бұл  принцип бойынша кеден операцияларын  басқаруымен негізгі ережелер  заңдарға және халықаралық келісімдерге негізделеді. Бұл кеден органдары және СЭҚ қатысушыларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтетін барлық жеке тұлғаларға қатысты.

Информация о работе Кеден ісі аясындағы лауазымдық қылмыстардың көкейкесті мәселелері