Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:37, курсовая работа

Описание работы

Египет перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 186.00 Кб (Скачать)

     Алыптылыққа құмарлық па? Солай да болуы мүмкін. Бғрақ Карнак храмынан біршама кішірек болса да ауқымы зор Луксор храмында ойдың үйлесімді айқындығы барлық «ересендікті» білдіртпей жібереді, ал ұшы папирустың шашақтарына ұқсас колонналардың қуаттылығы мен сымбаттылығы ұмтылмастай әсер қалдырады: адам болмысының негізгі кезеңдерін өктем білдіретін бір қалыпты сап түзуі!...

     Бұл Жаңа патшалық өнерінің ұлылығы жайында. Ал енді оның сұлулығы жөнінде айтайық.

     Москвадағы  А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері  музейінде египеттік ұсақ пластикалық көптеген тамаша үлгілердің арасында Жаңа патшмлықтың ерте кезеңінде жасалған екі өнер шоқтығы: абыз Аменхотеп пен абыз әйел Раннаяның бүкіл тқлғасы бейнеленген, қара ағаштан жонылған қос статуэтка ерекше көз тартады. Екеуінің де аяқ алыстар жеңіл, ал бүкіл келбеті ізгілік пен әсемдікке толы, олардың кескіндері көркем және сонымен бірге бекзаттық такаппарлыққа толы,. Осы үштастық мейлінше тартымды.

     Міне, тап сол дәуірдің ұлылықпен тіпті  де үйлестірілмей-ақ көркемдік пен  сәнділік шыңына жеткізілген тағы да екі ғажап туындысы Москвадағы бейнелеу өнері музейінде сақтаулы тұрғанғ бар болғаны косметикаға арналған тазалық қасықтары.

     Олардың бірі – жүзіп бара жатқан қыз  демеп келе жатқан лотос гүлі түрінде  жасалған. Бұл шағын затта ашық –қызғылт бояумен, қара ағаштың табиғи түсімен үйлесім тапқан піл сүйегі, әсем дене бітімі, қыз баланың көтеріңкі басы, бейненің нәзіктігі, жеңілдігі, сонымен бірге пластикалық нақтылығы, қысқасы бәрі де ғажап.

     Дәл осындай шексіз сұлу екінші бір шағын  қасықтың сабы лотос гүлдері арасында аяғын абайлап басып тұрған жалаңаш қараторы қыз түрінде жасалған, оның үстінде – елік, басына қондырылған құмыра түріндегі қасықтаң өзі.

     Неткен  шынай шебер еңбек және шалқар шабытты көркем творчество десеңізші![4,215бет]

     Б.э. бұрынғы XIV ғасырдың басында патшалық құрған перғауын IV Аменхотеп атын Эхнатон, яғни «Атон рухы» деп өзгертеді де, ел астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетатон қаласына көшіреді (бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Тель-Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да египет тарихының Эхнатонға байланысты барлық кезеңі амарндық деп аталады).

     Бұл перғауынның мұндай кісі таң қаларлық қылығы тіпті де кездейсоқ емес еді.

     Әрбір аймақ дерлік өз құдайына табынған, египеттік көп құдайлық Египетке бағындырылған тайпаларды рухани жағынан бас идіруге мүмкіндік бермеді. Абыздар сословиесінің қолында зор материалдық қаражаттар болды, сөйтіп мемлекеттегі өз ролімен олар перғауындардың жеке билігін шектеп отырды. Храмдарға тұас қалалар қарайтын. Ұсақ құл иеленушілер мен қызметкер жаңа шонжарларға сүйене отырып, перғауын барынша байып кеткен абыздарға және солармен бірге бағынбауға бейім ұйғарған-ды. Сондықтан ол жүзеге асырған реформаларды сол уақыт тұрғысынан алғанда прогрессшіл реформалар деуіміз керек.

     Эхнатон бір құдайға ғана табынуды қалдырып, шынайы жалғыз тәңірі Атон құдай деген ат берілген Күн шарын жариялады. Бұдан басқа құдайларға табыну жойылды, олардың храмдары жабылды, храм мүліктері кәмпескеленді, абыздар билігі және ең алдымен ең құдіретті Фивы абыздарының билігі күйретілді, әрі салғанда белгілі бір мерзімге күйретілді.

     Эхнаон  жүзеге асырған шынайы революция, әрине, өнерге әсер етуге тиіс еді. Ежелгі діни дәстүрлерден іргені аулақ салу өнерде патша бейнесін бірыңғай дәріптеуден бас тарту, канодар мен стильден гөрі көркем шығарманың ішкі мазмұнының өзін жаңарту арқылы көрінді. Амарн өнерін ерекшелендіретін жаңалықты кескінде қимылдың бұрынғыдан көбірек көрсетілуі, бейнелердің нанымдылығы (тіпті өзіне тән кесімтіктерін көрсетуге дейін) жеке бейнелер мен бүкіл композицияның жандылығы (әуелгі кезде тіпті біршама тынымсыз және дөрекі бейнеленген), өнерге сол кезге дейінгі динамизммен мәнерлікке ұласатын мінсіздікке, сұлулыққа бұрынғыдан да ұмтылу деп белгілеуге болады.

     Міне, мысалға, ата – анасының аяғы жанында жұмсақ жастықта отырып, ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары – кіп-кіәшкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық.рақат пен бейғам қуаныш оты маздаған бұл композиция, стилистикалық шарттылығына қарамай көрінетін адам кейпіндегі емін-еркін – Египеттің асқарлы өнеріндегі бұрын-соңды белгісіз жайлар болатын.[5,339бет]

     Реформатор  перғауынның құлпытасына, сірә әйелі  Нефертитиге жолданған мынадай  тамаша сәлем хат ойылып жазылған:

           Маған қымбат о  боп шыққан сенің шырын демің  де,

           Сенің айдай ажарына  тұрам әр күн құмартып.

           Түстік жатқан сипай  соққан самалдай-ақ менің де,

           Назды үніңді естігенім, естігенім мың артық.

           Саған деген махаббаттан  қайта оралды жастығым!

           Қолыңды бер, рухыңмен болайыешы бір дене.

           Мені өзімнің  есіміммен атай берші, жас гүлім,

           Сенсіз маған  әрқашанда жетпей тұрар бірдеңе.

     Міне, енді біздің алдымызда Нефертитидің өзі тұр.

      Патша тиарасын киген оның атақты портреті туралы (боялған әктас) барлық әйел бейнелерінің ішіндегі ең тамашасы делінген.

      Шынында да, қашалып жасалған бет пішіндегі нәзіктік пен әйелге тән әдемілік, тамаша көздерінен сәуле шашып тұрған ішкі жан сезімнің тереңдігі мен жарқындығы, сәл ашылаңқы сүйкімді еріндер, табиғи тәкаппар қалыптағы бас бейнесі, келбеттің бекзаттық нәзіктігі мен оның тамаша рухани азаттығы біздің жан дүниемізді зор қуанышқа бөлейді. «Мөлдір сұлулық данышпаны сияқты», бұл ғажайып сымбаттан бейне бір өмірдің өзі сәулесін шашып тұрғандай.

      Тель-Амарнда  тірі және өлген адамдардан алынатын гипс маскалар бойынша портреттер жасаушы мүсіншілердің шеберханалары ашылған болатын, солардың арасында «мүсіншілер бастығы» атанған Тутмес шеберханасында Нефертитидің аяқталмаған тамаша портреттік этюді табылды. Сірә, асқан дарынды мүсінші өзі кескіндемек болған бейне нұсқаларын бірінен соң бірін жетілдіре түсіп, мүсіндік туындысын тура сол адамның тікелей өзіне қарап отырып орындаса керек. Өйткені мұнда аяқталған қатаң стильмен кейіпкердің портреттік ұқсастығы шебер ұштасып жатыр! Яғни бұл адамның жай ғана көшірмесі де, дерексіз стильдеу де емес, бейнелеу өнерінің шын мәніндегі жоғары жетістігі.[2,130бет]

      Эхнатонның  реформалары ұзаққа бара қоймады. Ескі дағдылар өте күшті еді: батыл  перғауынның мирасқорлары абыздармен және ру ақсүйектермен ымырғы келуге мәжбүр болды. Бұрынғы құдайларға табынушылық қайта қалпына келтірілді. Бірақ абыздардың қарсы әрекеттеріне қарамастан, амарндық өнердің жандандырғыш ағысы толық таусыла қойған жоқ, демек, Жаңа патшалықтың бүкіл өнерін: Амарнға дейінгі және одан кейінгі деп екі кезеңге бөлуге болады.

      1922 жылғы қарашада бүкіл дүние жүзіне мынадай таң қаларлық хабар тарады: ағылшын археологы Г.Картер ұзақ уақыт ізденістен соң «Патшалар алқабынан» перғауын Тутанхамонның мұқият жасырылған қабірін тауып алды, онда баға жетпес көркемөнер қазынасы бар.

      Тутанхамон  қабірінің ертегідегідей сәнді дүниелері  осы замаңғы адамды таң қалдырады. Ал оның бер жағында Эхнатонның мұрагері – бұл перғауын өте аз уақыт патшалық құрды және өзінің даңқын шығарарлық еш нәрсе жасамай, жиырма жасқа да жетпей дүние салды. Тутанхамонның есімі тек біздің кезімізде ғана даңққа бөленді: Египеттің бүкіл патшалары қабірлерінің арасында тек соның қабірі ғана, бұған да кезінде тонаушылар қол салғанымен, өзінің барлық қазыналарымен сол бойы дерлік сақталып қалған. Не деген ғажап әсемдік десеңізші! Бірақ Жаңа патшалық Египеті үшін бұл, сірә, әдеттегі нәрсе болса керек. Өйткені көздері тірі кезінде есімдері бүкіл дүние жүзіне тараған құдіретті жаугер – перғауындардың кейінірек түк қалдырмай тоналған мазарлары бұдан да сәнді және бай болған-ды.[1,90бет]

      Патша мен патша ханымды бейнелейтін жоғарыда әңгіме еткен бедердің өзі-ақ Тутанхамон мазарынан табылған заттардың көркемдік дәрежесі жөнінде түсінік бере алады. Алтын тақтың арқалығынан біз олардың алтын және шынымен көмкерілген нақ сондай поэтикалық бейнесін (жас патша ханымның қимылында қаншалықты мейірімді қамқорлық жатыр) көреміз. Қобдишалардың біріндегі сурет арыстан аулауға шыққан, яғни жауларын қырып жатқан перғауынды күйме үстінде көрсетеді: бұл көрініс египеттік өнер үшін таң қаларлық динамизммен жасалған, патша аттарының желмен жарысқандай екпінді шабысы. Ал мынау патшаның салтанатты күймесі, оның алдында тізе бүккен жаулардың аса реалистікпен жасалған бедерлі бейнелері. Перғауынның аса таяғындағы Египеттің солтүстіктігі мен оңтүстігіндегі жауларын символды түрде бейнелейтін, піл сүйегінен, азиялық қара ағаштан жасалған негр кресло аралығына нәзік оюмен екі жаққа жайып, тізерлей қатып қалған кескін түрінде мәңгілік  эмблемасы берілген.

      Міне, осының бәрі – тек қолданбалы өнердің  ғана емес, сонымен бірге бейнелеу өнерінің де нағыз шоқтықтары.

     Бірінің ішінде бірі салынған патшаны Осирис кейпінде бейнелеген қақпағы бар  табыттар. Тутанхамон қабірін ашу  жөніндегі өзінің кітабында археолог Г.Картер үшінші, ішкі табыттың айбындылығына  мейлінше бас игенін жазады: «Бұл таң ғажайып, сирек кездесетін ескерткіш – қалыңдығы 2,5 миллиметрден 3,5 миллиметрге дейінгі алтын қалыңтырдан жасалған өте нәзік зергерлік жұмыс – ұзындығы 1,85 метрлік табыт – аса бағалы таза металдың тұтас кесегі еді. Бір кездері осы алқап қандай бай қазынаны қойнында жасытып жатқан. Тутанхамонның алтын табытына қызығу дәрежесінен қарасақ патшалар қабірлерінің кезінде не үшін тоналғандығын оңай – ақ түсінуге болады...»

     Патшаның  лазурит қондырылған алтын маскасы  таңғажайып. Патшаның мумиясы, Картер одан жүздеген сәндік бұйымдар (өліктің әрбір саусағына алтын қаптама кигізілген) тапқан. Лотос гүлінен өсіп шыққандай Тутанхамонның портреттік бас суреті қара қабылан үстінде отырған перғауын статуэткасы саркофагтағы дәл соның мүсіндік бейнесі. О дүниедегі өмірдің символдары: қасиетті сиырдың алтын басы және жыландар құдайы желеп – жебеуші тәңірінің алтындалған статуэткалары. Асыл қазызынаның қақпасын күзетіп тұрған қорқау қасқыр кейпіндегі о дүние құдайы Анубис. Көк күмбезі бойынша күннің артынан еріп отырған «Аспан кемелері». Ежелгі египеттіктердің нанымдары мен арман – мақсаттары туралы айқын түсінік беретін басқа да көптеген сан алуан мүсіндер мен көркемдік заттары. Қымбат бағалы заттар толтырылған сандықтар мен қобдишалар, сансыз көп желпеуіштер, алқалар, сиқиналар, бой тұмарлар, киелі қоңыз – скарабей бейнелері. Және осылардың бәрінде де (Тутанхамон өзінің астанасын қайтадан Фивыға көшірсе де) әсемдік, жоғары да нәзік шеберлік таңбасы – Амарнның таңбасы жатыр.

     Баға  жетпес бұ қазыналардың бәрі де қазір  Каир музейінде сақтаулы тұр.

     Жаңа  патшалықтың ең құдіретті перғауындарының  бірі ІІ Рамсестің тұсында Абу-Симбелде жартастық храм мен Карнак храмының алып колонналы залы тұрғызылады. Алыптық  маниясы, сірә, осы дәуірдің көптеген ескеркіштерінің шынайы мәні болса керек. Жартастық храмға кіре берістегі перғауынның статуялары өзінің көлемімен таңдандырады – олардың биіктігі жиырма метр.[1,94бет] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Египеттіктер  табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған. Менің ше табиғатта болып  жатқан құбылыстар египеттіктерді негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілімге сендірген. Сондықтан олардың алдында мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Осы ілімнің барлығы пирамиданың, мумияның, сфинкстердің пайда болуына ықпалын тигізді. «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналатын пирамидалар әлі күнге дейін бізді ерекше құрлысымен таңдандырады. Себебі адам баласын таң қалдырған мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен –жексен болды, бірінен – бірі болып жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көне осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр. Ендеше көне тарихтын куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құндымәдени ескерткіш ретінде қала бермек.

     Ежелгі  патшалық құдай деп танылған перғауындар билейтін біртұтас Египет державасы құрылып, осы державаны қоршаған дүниеде орнықтыру дәуірі басталды. Ежелгі патшалық өнері осы орнықтыруға қызмет ету үшін жасалып, бәрінен бұрын құдай саналған қуатымен сана жетпестігін билейді. Гүлдену кезіңдегі Жаңа патшалық дәуірі – енді ешкім таласа алмайтын – орныққан Египеттің қуат күшінің салтанатты дәуірі болды. Сонымен бірге бұл құл иеленуші топтың шектен тыс сән-салтанат дәуірі еді. Оған тек күш, тек орнығу жеткіліксіз бола бастады. Сондықтанда бұл дәуірдегі өнерге аса бір нәзіктік пен сұлулыққа, ұмтылыс пен жарқылған ұштасқан ұлан – ғайырлық пен сән-салтанат тән. Бұл дәуірдегі мәдени ән-салтанат өнер мынадай белгілі перғауындардың есімімен тығыз байланысты. Олар: Аменхотеп (Эхнатон), Тутанхамон, Аменемхет, Сенсусрет, Рамсес.

     Ал  енді қорыта келгенде, Египет мәдениеті  сан-салалы мәдениеті. Сонымен бірге  пирамида, храмнан басқа Египеттің  б.з.д. ең көне жазу текстері де жеткен. Олар құдайларға құлшылық етумен шаруашылықты жүргізумен байланысты жазбалар, яғни иероглифтер. Иероглифтер көне Египет мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсақ та олар иероглифтерге бай болып келеді. Патша Рамсес-ІІ тұсында тұрғызылған сәулет құрлыстары Египет монументалды сәулетінің соңғы, ірі белгі-ескерткіштері болды. Осы кезеңнен кейін Египет мемлекеті үздіксіз соғысты басынан кешірді. Кезінде күшті де айбынды болған патшалықтың шаңырағы шайқалып, сыртқы жаугершіліктің құрбаны ьолды. Әр кез оны Эфиопия, ассириялықтар жаулап алып, гүлденеген мәдениеті мен өнерінің одан әрі дамуына көп кеселін тигізді. Тарих әлемінде мыңдаған жылдар бойы жарық жұлдыздай жарқырап, өзіндік із қалдырған Египет өнері біртіндеп өнер сахнасынан кетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық