Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:37, курсовая работа
Египет перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.
Ал, енді кейбір цифрлық деректерді хабарлайық.
Ішінде кез келген европалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі – жүз қырық жеті метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы екі жүз отыз бес метрдей. Ал ол алып тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, тіпті үш тонналық әктастардан салынған; оның құрылысына барлығы екі миллион үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бұл блоктардың бір – бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалықты, жігіне ине де сұға алмайсың.
Пирамидалардың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегістелген әктас тақталармен қапталған.
Пирамиданың өзі жиырма жыл, ал Ніл бойындағы тасқазғаннан тас кесектерін таситын жол он жыл салынған.
Құрылыстың беріктігі ғажап. Қырық жеті ғасырдың ішінде тек ұшар басы ғана шетілген. Адамдарды әлі де таңдандыра отырып, ол сусымалы құмдар үстінде – мәңгілік тегістігінің үстінде – адамзат құмарлығынан, ұмтылысынан, өмірдің өзінен асқақтап тұра береді.
«Әлемнің жеті керемті» - антика заманында сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай аталған. Кереметтің бірі Гизэ пирамидасы болды. Араб жазушысының біз келтірген сөзін ақтап, уақыт барлығын мейрімсіз жазалады, осы пирамидалардан басқаның бәрін түк қалдырмай қиратты...[1,65бет]
Даусыз – «мәңгілік үйлер»!
1798
жылы Гизэ тас алыптарының
етегінде француздар мен
Наполеонның есебі бойынша Гизэнің үш пирамидасынан алынған тастар биіктігі үш метр, қалыңдығы отыз сантиметр қорғанмен бүкіл Францияны қоршап тастауға жететінін екінің бірі біле бермейді.
Бұл пирамидалар қалай салынды? Бұлшық ет күші кесек тастарды осы жерге жеткізді, содан кейін алқапта сәулетшінің қалауы бойынша оларды тәртіппен орнатты.
Бақылаушылар
қамшысының суылы, шақырайған күн астындағы
тозақты еңбекте патша
Ненің құрметі үшін сонда? – деп қайта сұралық.
Мыңдаған табынушылылырды сыйғыза алатын біздің дәуіріміздің ең сән – салтанатты храмдарынан көдемі әлдеқайда артық алып пирамидалар бір ғана адам үшін, тіпті, оның өзіне де емес, мәіті үшін жасалды. Тек әлгі адамның жаны тәнімен қосылуына ыңғайлы болсын деп, міне, осындай алыптар тұрғызылды, қазынаның қалтасын қақтырған, мемлекеттің бүкіл экономикасын бүлдірген және бүкіл халықтан сансыз құрбандықтарды талап еткен ауыр жұмыстар жүргізілді. Бір кезде ертедегідей сән-салтанатпен өмір сүрген марқұм әмірші ол жерде де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жатуы керек болды.[1,66бет]
Ежелгі патшалық дәуіріндегі аруаққа табынудың осындай көрінісінде адамгершілік нышанының жоқтығы бізді таңдандырады. Марқұм болғаннан кейінгі де сұмдық теңсіздік тіршіліктегі теңсіздікті жалғастыратындай және орнықтыратындай... Патшаларға жете қоймаса да, ақсүйектер де өздеріне мазалы мазарлар салды. Бірақ о дүниелік дұға жазылған тақтайшасы бар, шиге оралған кедщейлердің денесі мазарат шетінде үйіліп жататын.
Бұл арада египеттік абыздардың діни ілімі бойынша перғауын немесе ақсүйек қана емес, кез келген адам «Ка» деп аталатын мәңгілік өмір күшіне ие, егер оның сүйегі жеткілікті қамқорлыққа бөленсе, онда әр адамға өлмес өмір қамтамасыз етілетінін айта кету керек. Алайда қалаулыларды қамқорлыққа бөлеу үшін халық бәрін құрбан етуге тиіс еді.
Бұған халық қалай қарады? Тегінде, олар негізінен алғанда перғауынды құдай санады. Бірақ құпия жолдарымен, жасырын жер асты дәлізімен, сан алуан тосқауылдардың күрделі жүйесімен шын мәнінде бекініске айналған пирамидалардағы патшалар мен патша әйелдеодің мазарлары әрдайым тонауға ұшырап отырды. Египеттің бүкіл тарихында осылай болып келді. Адам көзі түспейтін неғұрлым сенімдірек жерге жасыру үшін кейде абыздардың өздері патшалар мумияларын пирамидалардан шығарып алатын, бірақ тонаушылар оны қайда тысқа да табатын.[4,199бет]
Бізге, неғұрлым кейінгі кезде жататын болса да, ежелгі Египеттегі патша молаларының ортақ тағдырына тән бір документ жетті. Әңгіме сегіз қарақшыға болған сот жөнінде. Бесеуінің әлеуметтік жағдайы мен аты-жөні документте атап көрсетілген. Олар: тас қашаушы, қолөнерші, шаруа, су тасушы және нубиялық құл – бәрі қарапайым адамдар. Жауап алушылар олардың «аяқтары мен қолдарын екі қайтара дүрелеген» соң, әлгілер өздерінің кінәсін толық мойындайды. Сонда олардың айтқаны мыналар: «Біз барлық бөлмелерге кірдік... Біз патшаның құдіретті мумиясын татық... Оның мойнында алтыннан жасалған сансыз бой тұмарлар мен әшекейлер бер екен. Оның басы мумия тұтас алтынмен апталған. Оның кебіні ішінен де, сыртынан да күміспен, алтынмен кестеленген және сан алуан бағалы тастармен әшекейленген. Біз осы құдайдың қасиетті мумиясынан табылған алтындарды, мойнындағы барлық бой тұмарлары мен әшекейлерін, сондай-ақ ол оралған кебінді сыпырып алдық.
Біз перғауынның әйелінде таптық. Онда да бәрін шешіп алдық... Олардың жанынан табылған ыдыс-аяқтың бәрін алып кеттік. Онда алтыннан, күмістен және қоладан жасалған ыдыстар бар екен. Осы екі құдайдың мумиясынан табылған бар алтынды, олардың бой тұмарларын, әшекейлерін және кебіндерін біз сегізге бөлдік».
Бұл адамдар перғауынды құдай санайтын, дегенмен оның мазарын тонады, оның мйітін қорлады. Патшаға құдай ретінде жаппай табыну, патша мазарларын жаппай тонау – аса қуатты құл иеленуші мемлекеттің әлеуметтік құрылысындағы бітіспес қарама – қайшылықтардың бірі.[4,210бет]
Перғауын Хафрдың яки гректер атағандай Хефреннің пирамидасы жанындағы аруақ храмының алдында басы адам, денесі арыстан болып келген алып тіршілік иесі мүлгіген шөлде асқақ тұр. Бұл ең үлкен сфинкс: ол тұтас жартастан қашалып жасалған. Оның басы адамның басынан отыз есе үлкен, ал денесінің ұзындығы елу жеті метр. Арыстан кейпі берілген Хефреннің өзінің портреті болуы да мүмкін4.
Алдыңғы аяқтары тұғырда симметриялы орналасқан, айбынды да бей – жай, бұдан кейінгі ғасырларда храмдарға апаратын аллеялардың бойында салтанатпен сап түзеп тұратын сансыз сфинкстердің ата-бабасы5.
Египет
өнері, жалпы Египет жөнінде айтқанда,
біз «ақыл жетпес» деген сөзді
жиі қолдандық. Ал, осы сөзді сфинкс
бейнесіне қалайша
Өзінің ғаламат күшін паш ететін бұл сфинкстер кімдерді күзетуде? Ірі бөкселі, ұзын аң денесі үстінде тік көтерілген басын патша тажын киген олар бұл жерде, құмның арасында, храмдарға кіре берісте неге тұр? Немесе пирамидалардың алып тас денелері сияқты олар мәңгілік үстінен биіктеп тұр ма? Өздерінің тырнақтарымен ұмтылуы дегеннің әлі келмейтін меже сызықтарын тартып жатыр ма?
Перғауын Хефренің тақта отырған үлкен статуясы Каир музейіне қойылған. Египеттің монументтік портреттік мүсінінің каноны – міне осы. Бейненің қозғалмастығы арқылы суреттелген мызғымастық. Тура қарау заңының толық салтанаты, бұл жағдайда адам кескіні, барынша тіп-тік және симметриялы етіп, көрерменге қаратып жасалады. Мүлдем симметриялы қуатты призмалық перғауын кескіні бүкіл арқасымен тас блокқа сүйенген. Бұл жай ғана адамның емес, құдай санатындағы перғауынның статуясы. Мұның жүзінде де сабыр ізі. Дегенмен осы бір жиынтық бейнеде өктем дербестік айқын байқалады: оның осы келбетіне қарап тұрып, біз перғауын Хефреннің рухани дүниесіне енгендей боламыз.[1,70бет]
Біздің алдымызда салтанатпен отырған атақты ерлі – зайыптылар Рахотепа мен Нофереттің рухани дүниесіне де осылайша енеміз. Отырысы да шартты, дағдылы бояуы да шартты (еркектердің денесі қызыл қоңыр, әйелдердің денесі қызғылт сары, шаштары қара, киімдері ақ). Бірақ бұл адамдар символ ғана, монументтер ғана емес, олардың тасқа айналған ынтықтығы бізді баурап алады: біз олардың өмір сүргеніне сенеміз.
Көзқарасы соншалық әсерлі, терең, сәл ғана ойға батып отырған хат көшірмесінің әйгілі статуясы аса бір адамдық қасиетке толы.
Ежелгі патшалықтың өзінің суретшілері-ақ каноннан еш ауытқымай мүсінделген немесе салынған бейнелерді өмір лүпілімен осылайша жылыта білген. Бұл бейнелердің оларды жасаған елге тәндігі соншалық, етенелігі соншалық, бірнеше мың жыл өткеннен кейін V әулет төрелерінің мүсіндік бейнесін тауып алған египеттік шаруалар – фельмахтар – оны «деревня старостасы» деп атаған, өйткені ол өздері білетін старостаға соншалықты ұқсас еді.
Біз үшін Нармер тақтасынан бастап пайда болған стиль Ежелгі патшалық дәуірінде берік орнығып, өнердің барлық түріне тарала бастайды.
Аруақ храмдары мен мазарлардағы суреттер мен бедерлер бізге патшалар мен ақсүйектердің өмірін, олардың аң аулауын, көңіл көтерулері мен шайқастарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін қарапайым адамдардың өмірін: егін жұмыстарын, балық аулауын, кеме жасауын, алтын қорытқандарын, мал сойғандарын көрсетеді. Бірақ оларда тек патшалар мен ақсүйектер ірі көрсетілген. Сол кездегі ақсүектер тұрмысының толық суретін, мәселен, Саккарға жақын жердегі мәртебелі төре Тидің мазарын безендірген қабырғалық әйгілі суреттер мен бедерлер бере алады (Ти дастарқан басында, Ти үй ішінің ортасында, Ти құс аулауда, Ти бегемот аулауда және т.б.).
Египет пейзажынның өзі сияқты, қабырғалық суреттер мен түрлі түсті бедерлерде бәсең бояулар, бояулы нюанстар жоқ: египеттіктер қолданған тамаша минералдық бояулар қарапайым, ашық гаммаларды бізге барынша таза күйінде жеткізген. Бедерде де, бейнелеуде де сюжет біздің алдымызда әдеттегінше белдеулер бойынша баяндау түрінде, қайталай отырып, бейнелердің үйлесімді ұласуымен, жалпы композицияның үнді де айқын сәндік мақсаттылығымен көзді қуанта отырып өрбиді.
Алып
пирамидаларда да, патшалардың монументті
статуяларында да, ойдың анағұрлым
қарапайымдылығы мен
Ежелгі патшалық өнері сәулетшіліктің басты ролін орнықтырды. Басқа өнер түрлері архитекрураға бағындырылған көркем ансамбль бұдан былай да бұл дәуірде өзінің шыңына жетіп, бүкіл Египет өнерінің одан әрі негізгі белгілерін айқындап отырды.[3,160бет]
2 Жаңа серпін
2.1 Орталық патшалық дәуірі – шайқалу дәуірі
Египет державасы әрдайым бірдей тұтас та қуатты бола берген жоқ. Жалпы ішкі қайшылықтар – билеуші топтың шектен тыс сән – салтанаты мен халықтың қайыршылығы, төбе топтың өз арасындағы қайшылықтар, өйткені перғауын өкіметімен, сансыз көп құдайларға құлшылық ететін абыздар өкіметімен, аймақтар әміршілерінің өкіметі мен қырғи қабақ тұратын, - көбіне Египет мемлекетінің бүкіл құрылымын шайқалтып жіберетін. Ал көрші елдермен соғыстар, басқа да жаңадан құрылған қуатты мемлекеттердің бақталастығы кей реттерде перғауындар империясының тұтастығына қауіп төдіретін. Бірақ соның өзінде де бұл империя отыз ғасырдай уақыт бойына, әрдайым соққыдан ес жия отырып, сол кезеңдегі адамдар циливизациясының жоғары сатысын бейнелей бергендіктен де оның ішкі бірлігі айтарлықтай мықты еді деуге болады, Орта патшалық, яғни XI және XII әулеттер билігі қарсаңында шетелдіктердің басқыншылығы, өзара ала ауыздықтар, ежелгі мемлекеттің жеке аймақтарға уақытша ыдырауы болып өткен еді. Бұрынғы перғауындарды мдақтау үшін өрістетілген алып құрылыстар егінші халық бұқарасын өнімді еңбектен қол үздірді де, мұның өзі елдің экономикалық қуатын әлсірете берді. Осының бәрі, ақсүйектер мен жергілікті басқарушылардың өсе түскен дербестігімен, сондай-ақ шаруалар мен құлдар көтерілісіне ұласқан қаһарлы толқулармен бірге, египеттіктердің рухани өміріне де өз таңбасын салды.[4,211бет]
Бұрынғы қасиетті атаулыға қайта баға беру басталып, мұның өзі сын пікірдің ұштала түсуі, білім шеңберін кеңейтуге деген талпыныс арқылы жүріп жатты.
Аруаққа табынуға моральдық сәт енгізілді: аруақтар еліне аттанғандар қамқоршысы – Осирис соты алдына баруға тиіс. Өлгендердің «дәулетті» болуына қамқорлықты талап ететін бұл табынушылықтың өзі орташа таптар арасына да тарала бастайды.
Әсірісе
Орта патшалық дәуірінде гүлденген
әдебиетте кейде тіпті о
Информация о работе Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық