Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:37, курсовая работа

Описание работы

Египет перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 186.00 Кб (Скачать)

    Кіріспе

    Әлем  өнерін сөз еткенде Мысырдың ғажайып  өнері басқа аймақтардағы мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік  сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Мысыр жерінде өнер ошақтары, түрлі  кешендер мен қорымдар жақсы сақталған. Сондықтан да Мысырдың көне мәдени-рухани байлығынан біршама толығырақ мәлімет алуға болады.

    Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге  жеткен алғашқы белгілері шамамен  біздің заманымызға дейінгі 4-мың  жылдықтарда пайда болды. Алғашқы  қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленуші мемлекеттер біртіндеп өмірге келе бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген берекелі Ніл дариясы енді қанаушы топтардың меншігіне айналды. Қанаушы топтар дәулеттері тасыған сайын жеке иеліктерге қожа болып, бір-бірімен қырғи-қабақ тайталасқа түсті. Құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде күшті, ірі тайпалы мемлекеттер құрылды.

     Көне  Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті  де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық – билік жүргізуші тарқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері – перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Перғауындар құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да перғауын өзін “Раның” (“Ра” күн деген мағына береді. Ол – құдайлардың құдайы және “алтын” ұғымымен қосылып айтылады. – “Алтын” нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.

     Перғауынның жеке – дара билік жүргізуі тіпті  оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болды. Оны өшірітін ұлы күш - өлім. Міне, сондықтан да болар – көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыатастыруда айрықша атқарды.

     Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа  табыну – перғауындарды «құдай»  деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай патшалардың құрметіне  пирамидалар салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі – құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән-салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын. Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмір күш – «Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болды. Бірақ, қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне ғана көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы – көен Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кенінен орын алғандығын байқатады.

      Біз бес мың жылдай бұрын тұрғызылған  ең көне Египет пирамидасы – перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін де білеміз. Оның есімі Имхотеп еді. Ежелгі египеттіктер оны тек тамаша сәулетші ғана емес, сонымен бірге дәрігер, астроном және данышпан ретінде құрметтеп, әрдайым есінде сақтады. Джосет пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан – ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі – 60м. Джосердің басқышты пирамидасы тәкапарлық салтанаттың осындай алғашқы талпынысын бейнеледі. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен ьабысатын қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусыз көкке өрлей береді. Солардың ішінде ең атақтысы және көлемі жөнінен ең ірі – Гизэдегі пирамидалары, олардың ішіндегі бәрінен биігі де, асқағы да - перғауын Хуфудың немесе оны гректер атағандай Хеопстың пирамидасы

    Египет  перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.

     Көне  Египетте кеңінен орын алған көп  құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұсқан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсіріте түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындырлы кезеңде тарих сахынасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.д. 1419-1400ж аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты – бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным – сенім, жалғыз құдай «Атон» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күнен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүние – мүліктер тәркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді.

     Энатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар  тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысыеа, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы - өнер саласында патша  бейнесін барынша дәріптейден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтақанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындылырындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттерідің пайда болуы – баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.

     Бұ  дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөенр қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс – ағылшын археологы Г.Картердің «Патшалар алқабындағы ұзақ жылдарбойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңқа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонның қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІ  Негізгі бөлім

      1. Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға  қарсылық

      1.1 Ажалды жеңу

     Рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен  өзендер бойында пайда болған құл иеленуші мемлекеттердің арасында Египет бірінші болып шын мәніндегі қуатқа жетті, төңірегіндегілерге өктемдік жүргізетін ұлы державаға айналды, жердің ежелгі египеттіктерге ғана белгілі шағын бөлшегі көлемінде болса да, дүние жүзілік гегемонияға талап еткен бірінші империяға айналды,

      Ауыз  бірлігі мықты, ұйымшылдығы берік, халық билік жүргізуші тапқа  толық бағынған мемлекет. Өз күшіне деген сенім, оны сақтап, еселей беруге деген ниет билеуші топтың бүкіл дүниетанымын айқындап, египеттіктер діннің негізіне алынды.

      Жаңа  пайда болған Египет ұлы державалығы  және көршілерінің онан қорқуы, жаңа пайда  болған Египет мемлекеттігі мен египет халқының өзінің жоғарғы өкімет сіңіруге тиісті қорқыныш біржолата белгіленген  түсініктер мен сенімдердің болуын талап етті.

      Мызғымастық пен түсініксіздік – египетте жоғарғы өкіметке тірек болған негізгі  принциптер – міне, осылар; бір тұтас  Египет державасы пайда болған сәттен бастап оның толық ьилеушілерін – перғауындарды – құдай деп санауды қажет еткен принциптер. Өйткені патша құдайдың кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған ұлы деп саналады, ал дін қызметкерлері: «Құдайға күнәкәр болма және оның ьейнесі туралы сұрама», - деп үйретті.

      Египет  өнері де патшаларды мадақтау, сол патшалар өздерінің жеке-дара билік жүргізуіне негіз етіп алған мызғымас және түсініксіз идеяларды мадақтау негізінде жасалады. Мұның үстіне бұл өнер эстетикалық ләззаттың қайнар көзі ретінде емес, осы идеялардың өздері мен ресми атағына сай – «ізгі құдай» - перғауын билігін қиялды да таңдантарлық формалар мен бейнелер арқылы орнықтару үшін жасады.

      Бірақ бұл жеткіліксіз. Перғаун билігінің  Египет халқына, Египет мемлекеттінің  көрші тайпалар мен патшалықтарға  билігі барған сайын берік орныға түсті. Ал, енді мұны адамды күтіп тұрған ең қорқынышты нәрсемен – ажалмен қалай үйлестіруге болады? Осындай көз көріп, құлақ естімеген құдірет – соншама билік, кенет... мұның бәрін өлім өшіреді. Бұл мүмкін емес және бұл болмайды да![1-53]

      Бірде – бір басқа цивилизацияда ажалға қарсылық Египеттегі сияқты осыншалықты айқын, нақты және мүлтіксіз бейнесін тапқан емес.

      Жер бетінде осындай, бәрін де бағындырған  қуат жасай алғаннан кейін, оны неге мәңгілік етпеске, яғни ажал табалдырығынан ары қарай неге жалғастырмасқа? Өйкені табиғат жыл сайын жаңарады, өйткені Ніл – ал Египет, деп жазды Геродот «Нілдің сфйф» - тасығанда өз лайымен төңіректегі жерлерді құнарландырады, оларда өмір мен береке туғызады, ал кейін тартылғандай, құрғақшылық келеді: бірақ ол да ажал емес, өйткені содан кейін – жыл сайын – Ніл қайтадан тасиды.

      Сөйтіп, өлген адам тіріледі деген діни ілім пайда болды. Қабір ол үшін уақытша  ғана баспана. Бірақ өлгенге жаңа, ендігі жерде мәңгі өмірді қамтамасыз ету үшін оның денесін сақтау керек, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, өйткені жыл сайын өзі суаратын жерге қайтып оралатын Ніл сияқты жан да ленеге қайтып келе алатын болсын. Демек, денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру керек.

      Ал, мумиялау діттегенге жеткізбейтін болса, өлген адамның денесіне ұқсас нәрсені – оның статуясын жасау керек. Сондықтан да ежелгі Египетте сәулетші «санх» деп аталды, бұл «өмірді жасаушы» деген мағына береді. өлген адамның бейнесін жасай отырып, ол тіршіліктің өзін қайта жасайтындай еді.[2]

      Сөйтіп, біз қазір өнер деп атайтын  творчество, көз аясындағы дүниені  өзінше бейнелейтін творчество адамдар  түсінігінде тағы да үлкен сиқырлы  күшке ие болады.

      Египеттіктерге  «оғаштық», өмірдің табиғи ағысын бұзушылық  болып көрінген ажалды тоқтату, жеңіп шығу жөніндегі ынтызарлық, өлімді женуге болады деген ынтық үміт аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египеттің бүкіл дерлік өнеріне өз таңбасын салды.

      Өлім  барлық адам үшін бірдей «оғаштық»  деп саналса да, онымен күрес құралы, яғни сенімді жерлеу, марқұмды «бар қажетпен» ағыл-тегіл қамтамасыз ететін жан аша алмас мазар тек байлардың, тек әлділердің ғана үлесіне тиді. Өзінің болашақ мазарының беріктігі, асқақтығы және сән – салтанаты жөнінде Египеттің жоғарғы әміршісі – құдай саналған перғауын бәрінен де көп қам жеп, бұл іске қипасыз қазынасын шашты да, қол астындағыларын ауыр еңбекке мәжбүр етті. Осылайша аруаққа табыну патшаны құдай деп санаумен тығыз ұштасты.[1,56бет]

      Осы ұштасу ежелгі Египет өнерінің мендіттерін  де айқындады. Олардың шешімін тапқаннан кейін, бұл өнер көп өзгере қойған жоқ, сөйтіп, өзі білдіретін идеялар сияқты мыңдаған жылдар бойына соншалықты мызғымас әрі түсініксіз болып қала берді.

      Ұлы грек философы Платон-ақ египеттік  суретші дінге қарсы бірдеңені  өз творчествосына енгізуге правосы жоқ еді деп көрсеткен болатын.

      Ежелгі  египеттік құл иеленуші қоғамның тоқырау сипаты жалпы египеттік  өнердің бір сарындылығын белгіледі. Алайда осы бір сарындылықтың  өзінде египеттік суретшілер өздерінің  жеке қасиеттерін, өздерінің творчестволық  соны тынысын таныта білді.

      Жалпы алғанда қатып қалған сияқты, бірақ  өз қуаты жөнінен өзінің жаңадан  пайда болған әрі қайталанбас  стилінің айқындылығы мен мүлтіксіздігі  жөнінен үздік, өзінің зор асқақтығымен бізді жер ететін, мәңгі жұмбақ және өзінің асқарлы сұлулығымен бізді мәңгі табындыратын Египет өнері, сонымен бірге өзінің жанды нәзіктігімен, дүниені дүркіреткен алып қанат серпіні арқылы ерекше тартымдылығымен елітеді.[3]

      Ежелгі  Египет жазуынан мынаны оқимыз:

      “Жұлдыздар  шоғырының немқұрайдылығынан да, толқындардың мәңгі сыбдырынан да шегінітін бір күш бар – ол ажалдың олжасын тартып алатын адам еңбегі”.

      Ежелгі  Египетте аруаққа табыну ажалға табыну емес еді, қайта ажал салтанатын жоққа  шығару, өмірді ұзарту тілегі сияқты қалыпты  жағдай емес, уақытша құбылыс, ажалдың өмір сұлулығына көлеңке түсірметіндей ету тілегі сияқты болды.

      Жанның  денемен қайта қосылуына мүмкіндік  беретіндей етіп лайықты жерлемесе, ажал сұмдық, мүрде – “қой терісіне орап жай қоршау ішіне көметін” Египеттен тыс жерлерде ажал сұмдық.

      Біздің  эрадан шамамен екі мың жыл  бұрын жасалған әдеби ескерткіш  “Синухет тарихында” перғауын басқа  елге қашып кеткен шожарды Египетке қайтуға шақырып, оған мынадай өсиет  айтады: “Сен жерленетін күн жөнінде  және мәңгі рақатқа баратын ақырғы жол туралы ойлануға тиістісің. Мұнда саған хош иісті май түтетілетін түн дайын. Мұнда сені Таит тәңірінің қолымен тоқылған шын киім күтеді. Саған өзі алтыннан басы көгілдір тастан жасалған саркофаг дайындалады. Сені саркофагқа салып, өгіздер сүйрей жөнелгенде, үстіңнен зеңгір аспан (көк тәңірісінің суреті салынған балдахин немесе табыт қақпағының ішкі беті – Л.Л) төңкіріледі. Музыканттар сенің алдыңда жүріп отырып, мазарға кірер алдында сені жерлеу биін орындайды... Саған арнап шалынатын құрбандықтардың тізімі жарияланады. Сен үшін сенің мазарының басындақұрбан шалынады. Сенің мазарыңды перғауын балалары пирамидаларының арасына қойып, оның колонналарын ақ тастан тұрғызады.”[3, 152бет]

Информация о работе Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық