Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:37, курсовая работа

Описание работы

Египет перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 186.00 Кб (Скачать)

      Жоқ, аруаққа табыну өнері тұнжыр өнер болған емес.

      Жерлеу  ресіміндегі ерекше салт арқылы қаза болған адамды аспан мен жер ұлы, бауыры өлтірген, мәңгі өліп, мәңгі тіріліп жататын табиғат құнарлылығының құдайы болу үшін баласы тірілтіп алған Осиристің өзіне ұқсататын.

      Мазардағының  оның архитектурасындағының, онда салынған суреттер мен мүсіндегілерді, қаза болған адамды «риза ету» үшін оған толтырылатын барлық сән-салтанат заттарындағылардың бәрі өмір сұлулығын, ежелгі египеттіктер өз қиялымен елестеткен сабырлы да асқақ сұлулықты білдіруге тиіс болды.[1, 57бет]

      Ол  мәңгі көк аспандағы күннің сұлулығы еді, ол салқын самал әкеліп, жерді жеміске бөлейтін алып өзеннің асқарлы сұлулығы еді, ол шетсіз – шексіз сары құмдардың орасан пейзажының арасындағы жап-жасыл пальма тоғайының сұлулығы еді. Тегіс дала – көз қарықтырар жарықтың қоспасыз, буалдырсыз, көлеңке – күнгейсіз табиғат бояулары да дәл сондай... Бұл сұлулықты Египет тұрғындары жүректерінде мәпелеп өсіріп, ажалды жеңе отырып, одан мәңгі ләззат алуды қалады.

      Египет  патшалары мен шонжарларының  семіп қалған мумиялары қазір  көптеген музейлерде қойылған. Олар Осириске және өмірді білдіретін бейнелерді үлкен шабытпен жасаудың сиқырлы күшіне деген сенімінің әурешілік екенін бейнелегендей біздің алдымызда дәрменсіз күйде жатады. Бірақ олардың жеңілісі мен жоқтығы сөзсіз дей аламыз ба?

      Мазарларда  өмірдің сұлулығын бейнелеген ұлы египеттік өнер бүгін де тірі. Осирис аңыз еді, ал египеттік өнер аңыз емес, сөйтіп Державиннің даңқты өлеңдерінде соншалық салтанатпен айтылатын «уақыт өзені» ертедегі сфинкстер мен пирамидалардың мызғымас сұлулығының алдында дәрменсіз1.

      Перғауындардың  өздері жөніндегі, олардың күш-қуаты  мен істері жөніндегі түсінік баяғыда-ақ «ұмтылу құрдымына» кеткен, қазіргі кезде де осы алып мазарларға қарап, біз «Жер бетіндегінің бәрі уақыттан сескенеді, ал уақыт пирамидалардан сескенеді», - деген қанатты сөздерді еріксіз қайталаймыз.

     Ежелгі  Египет! Сусыз шөл мен жалаң  жартастар арасындағы Нілдің жіңішке  алқабы. Дегенмен, Нілдің кемерінен  асып, тасуы бұл алқапты дүние  жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Тек суды бөгеп, егіншілікті жетілдіре білу керек. Ал, мұның өзі ортақ күшті, жалпы ұйымшылдықтықажет етеді. Мұның бәрі берік топтасқан Египет мемлекетінде өз шешімін тапты.

     Каир  музейінде династиялыққа дейінгі  кезеңнен ежелгі патшалыққа өтуді білдіретін тамаша шифер тақта ( б.э. бұрынғы IV мың жылдықтың ақыры) сақтаулы. Бұл – перғауын Нармердің атақты қабір тақтасының, өнер тарихының маңызы зор, ежелгі Египеттің бұдан кейінгі барлық көркем творчествосын түсінудің  кілді деп танылған ескерткіші.

     Тарихқа дейінгі уақыт өнерін, неолиттің  соңғы мың жылдықтарындағы жартастағы бейнелеу өнерін еске түсіріңізші. Көпшілік сахналары, бұл дүниені оның мәңгі қозғалысымен және сан алуандығымен қамтуға талпыну, қабылдаудың сонылығы, балаңдығы – міне, бұл жас өнердің қанат серпінінің тамашалығы да осында. Бірақ онда ұйымдастырушылық негіз әлі де әрең білінеді, суретші міндетін белгілемейді – негізгі әсерді бұзбастан әрбір суреттер жиынтығын азайтуға да, немесе көбейтуге де болады. Бейнеленген кескіндер енді палеолит дәуіріндегідей жалғыз – жарым емес және олар өзінің бүтіндей жиынтығымен қабылданады, бірақ бұл жиынтық кездейсоқ, тұрақсыз; олардың тірегі жоқ, сондықтан да олар бар – жоғы бүкіл тегістікке қалауынша шашырыта салынған әдемі дақтар мен штрихтарға ұқсайды. Бұл жарқын, тамаша, бірақ тәртіпке түспеген дүние.,[3, 157бет]

     Перғауын  Нармердің тақтасы бізге мүлдем басқаша дүниені көрсетеді.

     Өнделуге  тиісті жерлерді ұғымды пайдаланудың арқасында егіншілік жолға қойылған.  Адам жанарымен кеңістікке жаңаша қарайды, оған өзінің парасатты тәртібін барған сайын табандылықпен, дәйектілікпен енгізуге талпынады. Осыдан келіп өнерде суретшінің өзі жұмыс істейтін тегістікті аса ұтымды, геометрияға сәйкес бөлуі, оны мақсатқа сәйкес, қатаң логикамен толтыруы шығады.

     Бұл дәуірде тайпа аралық стихиялы тартыс үстемдік үшін жүйелі әрі қатаң күреспен алмасады. Шын мәніндегі қуатты, орталықтанған мемлекет құрылу үшін Египеттің барлық аймақтары бірігуге тиіс. Қатаң билік орнату керкек, шаруашылық прогресін қамтамасыз ететін құл иеленуші құрылыс мемлекет  құрылымын, египет халқының бүкіл өмірін батылырақ айқындауы керек. Өйткені Энгельс айтқан мұнаралар, орлар және қаһарлы қабырғалар адамзаттың тарихи болмысы басталатын жаңа дәуірді білдіреді.

     Міне, біздің алдымызда осы жаңа дәуірге  өтуді дәлелдейтін өнер туындысы жатыр.

     Бұл бедерді жасаған суретшінің мақсаты не еді? Ол мақсат – солтүстіктегілерді жеңіп, Жоғарғы және Төменгі Египетті біріктіру ісін аяқтаған перғауын Нармердің ұлылығын айтып беру. Сөйтіп ол бұл туралы бейнелер арқылы, сүйінші хабар жазғандай, көріністерді бірінің үстіне бірін орналастыра отырып, жолдан жолға көшіп баяндайды.

     Тажы  киген перғауын солтүстіктегілер көсемінің  басын шоқпармен селт  етпестен паршалап жатыр. Ал жеңіліс тауып, ажалға амалсыз мойын ұсынған көсем  перғауынмен салыстырғанда тіптен кішкентай. Мұның өзі Египет әміршісінің қуаттылығын анағұрлым баса көрсетіп тұр. Бірақ бұл да жеткіліксіз: патшаның ең жақын шонжарлары үш, төрт есе кіші етіп бейнеленген. Тәңіріні бейнелейтін жоғарыдағы қыран дұшпан көсемінің басына байланған жіптің ұшын патшаға ұсынып тұр. Тақтаның екінші бетінде байлап – маталап, басы алынған жаулары жатқан жерге Нармердің салтанатпен келе жатқаны бейнеленген. Төменде дәл соның өзі енді бұқа кейпінде мүйізімен қабырғаны сүзіп, талқандап, тағы біреуді, мүмкін, сол жау көсемінің өзін таптауда. Ортада екі қабыланның шектен тыс ұзартылып, шырмалған мойындары шеңбер жасайды, барлық композиция осыған негізделген.[2, 124бет]

     Барлық  жер толтырылған, бәрі нанымды айтылған әңгіме мазмұны санаға мықтап енсін  деп қайталанып та айтылған, бәрі жіптіктей, бәрі асқаралы және бәрі бір жолдай оқылады. Стиль табылды.

     Алғашқы қауым суретшісін бейнелеудің сиқырлы  күшіне деген сенім баурайтын: аңнан  басым түсу үшін оны толық бейнелеу керек (мәселен, тұмсығы қырынан  көрсетілсе, қос мүйіз айқын көрсетіледі).

     Аруаққа табыну Египет суретшісінің санасына егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайта  келеді деген түсінікті сіңірді. Дөңгелек мүсінде2 бұл өзінен - өзі түсінікті. Ал бедерде, яғни тегістіктегі мүсіндік бейнелеуде қалай болады? Міне, сондықтан египеттік суретші алғашқы қауымдастық өнерде жиі кездесетін тәсілді заңдылыққа батыл енгізеді. Ол кескінді белгілі бір нүктеден көрінетіндей етіп емес, ол жайлы білетінін көрсетіп, сонымен бірге оның ең әсерлі мүшесін баса көрсетуге ұмтылады (мәселен, қырын қараған адамның көзі мен қасын толық көрсету). Оның міндеті – тегістіктегі композицияның жалпы бағытына сай келетін барынша әсерлік пен бейненің толық қандылығына жету. Ал, бұл бағыт алмасып отыратын бейнелердің баяндаушы тізбегі арқылы айқындалады. Бұл бағытты бұсбас үшін басты кейіпкерлердің жүздері де, олардың аяқтары да қырынан көрсетіліп, ал тұтас бейнені беру үшін дененің жоғарғы бөлігін: екі иығын, екі қолын және кеудесін көрсете отырып, тура қаратылады.[1,59бет]

     Сонымен, бәрі суретшінің өз алдына қойған міндеттерге неғұрлым сай келетін белгілі тәртіпке келтірілді. Табанымен жер басып, кескіндер берік тұр: оларды орнынан қозғалта алмайсың, тіпті теңселте де алмайсың, Суретші перспектива заңдарын білмейді, тегінде, оны білгісі де келмейді: кескіндердің үлкен – кішілігі олардың кеңістіктегі тегістік ретінде берілген, яғни екі өлшеммен берілген кеңістіктегі орналастырылуына емес, олардың әрқайсысының абырой – атағына байланысты. Тарихқа дейінгі өнерден оның түбегейлі өзгешелігі мынада: әрбір көрінісәрі тұтас аяқталған дүние, әрі жалпы ойдың, жалпы композицияның құрамдас бөлігі. Египеттік балғын иеролифтік жазу бейнелеу өнеріне де ықпал етті: бедердің немесе суреттердің әр белдеуі – бейне арқылы білдірілетін, аяқталған текст жасайтын, келесі жолмен байланысты жаңа жол сияқты.

     Нармер  тақтасына тағы да бір көз тастайық. Египет өнері үш мың жылдан астам  уақыт бойына кейбір өзгерістерге ұшыраса  да, онда белгіленген заңдылық мызғымас, өйткені Египеттің даңқы да, оның «құдайға тең» билеушілерінің ұлы державалық қуаты да мызғымас, мәңгі деп саналды.

     Нармердің тақтасы – бедер. Бірақ египеттік  өнер бейнелеу өнерінде де, бедерде  де, жан – жағынан түгел көруге болатын мүсінді де бір тұтас, өйткені бұл өнердің бәрі де ежелгі египетте әшекей ретінде, құдайлардың көңілін табу, перғпуындарды құдай санау және ажалмен айқас үшін басты нәрсе саналған сәулетшілік өнерінің қосымшасы ретінде дамыды.[2,127бет] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2 Мәңгілік асқарында

     Осыдан  не бары бірнеше ғасыр бұрын салынған феодалдық Европаның соборлары мен сарайларының біздің монастырьлар мен князь үйлерінің, басқа да тамаша ескерткіштердің сәулетшілерінің есімдері ілуге бірі болмаса, бізге белгісіз. Ал, бізге дейін кездейсоқ жеткен есімдер бары-жоғы жалпы дерек, өйткені ол сәудетшілер жөнінде біз ешнәрсе білмейміз: олар көбіне кәдімгі қолөнершілер деп саналып, оларға жұмыс берген ақсүйектер мен дін иелерінің санатында олар ерекше құрметтеле қоймайтын.

      Ежелгі  Египет сәулетшілерінің жағдайы бұл жағынан жақсы. Олардың көпшілігінің есімдері өздері жасаған ескерткіштерде тасқа қашалған. Бұл ескрткіштердің ой жетпес асқарлы міндетінің өзі египеттіктердің көз алдында оларды жасаушыларды да тұлғаландыра түсті деген қорытынды жасауға болады.

      Және  олар, сол жасаушылар, өз еңбегі мен  даңқын түсінетін. Мәселен, б.э. бұрынғы XVI ғасырда өмір сүрген атақты сәулетші Иненидің бұйрығы бойынша храмға ойып жазылған мынадай сөздерді оқимыз: «Мен жасай алған нәрсе – ұлы нәрсе боды... Мен ұрпақтарым үшін іздендім, бұл менің жүрегімнің шеберлігі болды.. Мен жүзеге асырғанның ізіне түсушілер келер күндерде мәні білімім үшін мақтайтын болады».[1, 62бет]

      Біз бес мың жылдай бұрын тұрғызылған  ең көне Египет пирамидасы – перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін де білеміз. Оның есімі  имхотеп еді. Ежелгі египеттіктер оны тек тамаша сәулетші ғана емес, сонымен бірге дәрігер, астроном және данышпан ретінде құрметтеп, әрдайым есінде сақтады.

      Әулетімен патша болуға дейінгі кезеңнің өзінде көсемдержің мазарының үстінен  кірпішпен немесе таспен бекітіп, топырақ үйетін. Орындық деген мағына беретін, «мастаба» деген араб сөзі қазір ол осы қабірлік құрылыстарды атау үшін пайдаланылады.

      Перғауын Джосер өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындығ» сияқты аспанға өрлеуін қалады. Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған бірінші сәулетші болды. Биіктігі 60 метрлік бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсеріне осылай қол жетті.

      Египет  жерінде аса мол осы кезден бастап құдайлар мен өлгендер үшін, өлгендер арасында ең алдымен, перғауындар  үшін салынатын құрылыстарда негізгі  материалға айналады. Тірілердің баспанасы, тіпті, ақсүәектердің сарайлары  әдетте кірпіштен салынады.[1,64бет]

      Сонымен, тас храмдар мен пирамидалар. Егиепт храмы айналасы жұп-жұмыр  тұтастық түрінде салынбайтын да, оның үйлесімін бұзбастан қалауына қарай үлкейтуге, дәлірек айтсақ, құрылыс салып жалғастыруға болатын. Оны салуға кесек тастар – граниттер, диориттер және алебастрлар пайданылады. Лотос немесе папирус гүлі сияқты капительді3 дінгектердің қатаң алмасуы арқылы храм горизонталь бойымен салынып, алқаптың тақтайдай тегіс пейзажымен үндесіп жатқандай болатын. Басталуы мен аяқталуы айқын білінбейтін бұл горизонталь дүние үстінде төңкерілген мәңгілік әсерін туғызатын.

      Бірақ оның үстінде, осы горизонталь үстінде, пирамидалар құдаймен терезесі тең  болуды, өздерін мәңгілікке, адамзат  ақылы жетпейтіннің бәрінде орнықтыруды  қиялдаған жер әміршілерінің мазарлары барған сайын биіктей түсті.

      Джосердің басқышты пирамидасы тәкапарлық салтанаттың  осындай алғашқы талпынысын бейнеледі. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын тайып  жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде  бір деммен ьабысатын қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусыз көкке өрлей береді.

      Солардың  ішінде ең атақтысы және көлемі жөнінен  ең ірі – Гизэдегі пирамидалары, олардың ішіндегі бәрінен биігі  де, асқағы да - перғауын Хуфудың немесе оны гректер атағандай Хеопстың пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнеленген сәулет ескерткіші, бәлкім, жоқ. Алып кристалдар сияқты бұл мазарлар ежелгі египеттіктердің бойында ерекше тамсаныс туғызатын, олардыалдында қазір біз де сондай сезімдерді бастан кешіреміз. Тастан мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция. Ақылға симас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі. Жүздеген мың адамдардың коллективтік еңдегімен осындай зәулімдер жасаған адамзат кемеңгірлігі ұлылығының өшпес куәсы. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін, саналы түрде, болмаса да, творчестволық еркі өз бейнесін тапты.[4,195бет]

Информация о работе Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық