Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:37, курсовая работа
Египет перғауындары осыдан кейін де (ХІІ әулет) өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық, шаруашылық реформалар жүріп, әскри күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Әсіресе патша биліктері перғауындар, Сенсурет-ІІІ пен Аменхотеп-ІІІ тұсында барынша нығайды. Олардың тұсында жазиралы Нубии жері басып алынып, өз иеліктеріне қаратты. Жаңа жерлерге тұрақтап, иелік ету үшін ірі қорғандар, биік те берік тісті мұнаралар және каналдар салынды.
Рух. Жерлеу жайын ойлашы – нағыз қасірет қой. Бұл адамның өз үйінен мәңгі кетуі! Сен одан кейін күнді көру үшін ешқашан сыртқа шыға алмайсың!.. Мазар салдырғандар өлген кезде олардың құрбан орны да кедейлердікіндей қаңырап қалады...»[4,213бет]
Математикада шар бетін есептеп шығару сияқты есептер ойдағыдай шешіле бастайды. Медицинада адам организміндегі мидың ролі тарихта бірінші рет айқын бейнеленеді. Мән – иағынасы өзгермейтін өнерде провинциялық билеушілердің сарайлары жанында пайда болған көркемөнер мектептерінің ықпалымен реалистік сарын күштірек көріне бастайды.
Перғауын бұрынғысынша құдай саналады. Алайда, пирамидалар енді тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастайды, мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейді. Оның есесіне перғауынның жеке басы Ежелгі патшалықтағыдан да көрнекі дәріптеледі. Патшалардың статуялары енді тек мазарларда ғана емес, храмдарда және жай ашық алаңдарда орнатыла бастайды, мұның өзі барлық халық көріп, олардың санасынаа патша өкіметінің мызғымастығы күштірек ену үшін жасалады, өйткені бұл ғасырлар кезінде патша өкіметінің мызғымастығына сенім біршамаға бәсеңдеп кеткен еді.
Эрмитажда біз перғауын ІІІ Аменемхеттің қара граниттен жасалған статуясын – Орта патшалық тұсындағы мүсін өнерінің осынау аса тамаша үлгісін көріп, сүйсіне аламыз. Оның басында – перғауындардың бас киімі: маңдай алдында қасиетті жыланның бедерлі бейнесі бар жолақ орамал. Ежелгі патшалық перғауыны Хефрен сияқты ол да патшалық кейпінде тақта отыр. Бірақ ол Хефреге қарағанда анағұрлым дара және ірі жақ сүйекті бет-жүзіндегі жігерлік бұл патшаның адуындылығын танытады, сөйтіп, бізге мүсіндегі ой жетпестік бірте – бірте жойыла бастағандай көрінеді.
Дегенмен, Орта патшалық мүсіндерінен біздің заманымызға дейін жеткендерінің арасындағы ең тамашасы, - сірә, перғауын ІІІ Сенсуреттің басы болып табылар. Бір кездері сабырлы бейнеленетін патша жүзіне бір қаяу түскен тәріөді. Қара таста жарық пен көлеңкенің тез алмасуы бұл әміршінің дара қасиеттеін терең аша түскендей, одан зеректікті, әлдене ішкі күмән мен сырт көзге елеусіз жабырқауды аңғарасың.[3,162бет]
Храмдар мен сарайлар алдында құдайлар мен патшаларды дәріптейтін, төбесі иероглифтермен толтырылған биік жұқа обелискілер – «тас инелер» -барған сайын көптеп тұрғызыла бастайды. Иероглифтік жазулар Египет өнерінде аса маңызды роль атқарады, өйткені әрбір иероглиф әуелгі кезде бір ұғымды немесе затты білдірген белгі сияқты сурет. Кейінірек иероглифтік жазулар, суреттің негізгі мағынасына тәуелсіз, белгілі бір мәні бар, буын жүйелі жазуға айналып кетеді, бірақ олар графикалық тұрғыдан сол сурет қалпында қала берді.
Бұл
жазуларда бүкіл египеттік
Орта патшалық өнерінің ас тамаша ескерткіші – Москвадағы бейнелеу өнері музейінде сақтаулы тұрған ақсүйек Хуненнің құлпытасы осы берік байланысты неғұрлым көрнекі түрде қуаттай алады.
Ақсүйектің өзі мен әйелі сол жақ төменгі қанатта бедерлеп бейнеленген. Канон бойынша олардың беттері мен аяқтары – қырынан, кеуделері – алдыңғы жағынан берілген, сонымен бірге екуінің отырысындағы салтанаттық олардың бет – жүзінің, қолдары мен табандарының параллельдігінен туған әлдебір екпінді ырғақпен ұштасады. Ал, олардың үстіңгі жағы мен қарам-қарсына, осы ерлі зайыптыларға бөлінгеннен үш есе үлкен алаңға тұтас толтыра салынған құстар, жыландар, жатқан өгіздер, отырған адамдар, жемістер өсімдіктер, сызықшалар, сызықтар, геометриялық фигуралар мероглифтерді оқи білетіндерге жол – жолымен өлгендерді көмген кезде оларға не құрбан етілсе, соның бәрін қоса көрсететін діни тексті хабарлайды. Алайда иероглифтер оны оқи білмейтін адам үшін де көп нәрсені аңғартады. Өйткені, олардың жиынтығы көлеңке адамдар үшін ғажап бай өрнектердің, стильдендірілген символикалық белгілердің бүкіл бір әсем дүниесін құрайды, осы дүниеде бір сәндік жазулар сияқты өзінің өткір геометриялық әсерлілігімен соншалықты жұмбақ ерлі – зайыпты ақсүйектер орналасқан. Египет державасы құлағаннан кейін мүлде ұмыт қалған осы жазулардың мағынасын тек өткен ғасырда ғана француз Шампольон ашқан болатын. Алайда иероглифтер арқылы берілген сол текссіз-ақ б.э. бұрынғы ІІІ мың жылдық аяғында өмір сүрген бұл атақты египеттіктерді стильдендіріп бейнелеу үшін бұдан артық үйлесімді астар табу біздіңше мүмкін емес тәрізді.[5,332бет]
Енді ежелгі египеттік бейнелеу өнердің едәіур кейін жасалған ғажап туындысы – атақты перғауын Тутанхамон мен оның әйелін бейнелейтін бедерге (Каир музейі) көз салайық. Бұл патша мазарынан табылған ағаш қобдиша қақпағының аруаққа табынуға арналған көркемөнер туындысы.
Перғауын мен оның жұбайының басының үстіне: «Рас сияқты құдай, екі жердің де әміршісі...», «Перғауынның екі жерге де әміршінің данышпан әйелі Анхенсенпаамон, тәңірі жарылқасын оны» деген дәстүрлі сөздер ойылып жазылған.
Бұл бедер б.э. бұрыңғы XIV ғасырдың бастапқы кезіне, яғни жаңа патшалық дәуіріне жатады. Патша болған ерлі-зайыптылардың бұл бейнесін ақсүйек Хуненнің құлпытасынан алты-жеті ғасыр, ақсүйек Тидің уақыт өткізуін мадақтайтын бедерден мың жылдан астам уақыт, перғауын Нармердің тақтасынан екі мың жылдан астам уақыт бөліп тұр.
Бөлсе ше? Бәрібір сол өмір сұлулығын мәңгі есте қалдырып, ажалды жеңуің баяғы қайсар да асқақ арманы. Тағы да сол стиль!
Кескінділердің мейлінше жазықтықта бейнеленуі. Дене мен аяқтардың бейнелеуінің канондық шарттылығы, өрнекті симметриялы орналастыруда ең ұқсас детальдарына дейін ойластырылған геометриялық сәндік. Композицияның қатаң сызықтылығы. Сонымен бірге дейнелердің ықшамдылығы.
Салыстыруды еселей түсейік. Матисс пен Давид немесе Давид пен Ватто суреттерінің арасындағы, қайта өрлеу заманының ескерткіші мен готикалық собордың, Брюлловтың «Помпеидің соңғы күні» мен Рублевтің «Троицасы» арасынағы стилистикалық айырмашылықтары Тутанхамон мазарының қобдишасы мен Нармер тақтасы бетіндегі оюлар арасындағы айырмашылықтардан жүз есе, мың есе көп. Әлде біздің европалық мәдениеттегі бірнеше ғасыр, тіпті онаған жылдар, тіптен жылдар Египет мәдениетіндегі бірнеше мыңдаған жылдардан мәні болғаны ма?
Сол
идея және сол стиль египеттік
өнерде Тутанхамоннан кейін де
Египет өмір сүріп тұрған кезде сақталды.
Демек, бір мемлекетте сол бір қоғамдық құрылыс, сол бір дін мен сол бір өнер сан мыңдаған жылдарға созылған. Дүние жүзілік тприхта басқа мұндай мысал, бәлкім жоқ болар.
Дегенмен Жаңа патшалықағы мазар қобдишасын әсемдеген осы бедерде аыдыңғы тарихи дәірлердегі Египет өнеріне белгісіз, мейлінше соны сұлулық таңбасы бар.
Осынау патша мен ханым тіптен жас. Олардың бейнесінен жастықтың жалыны шапақ атып тұр. Екеуі де жүзім жапырақтары көмкерген саяжайда бір – біріне қарсы қарап тұр. Бір қолымен жіңішке асаға сүйенген патша екінші қолын әйелі ұсынған лотос шоғын алуға созған. Ханымның қараторы нәзік қолдарының ишарасында бүкіл бет – жүзінде көркемдік пен әсемдіктің молдығы соншалықты тіпті «әмірші» деп аталатын осы бір нәзік ханымға, осы бір періштедей ғажайып ерке қызға сүйсінуге тоймайсың. Киімінің етекке қарай кеңейе беретін қатпарлары әсемдігін одан бетер айқындап тұрғандай, ал оның күйеуі құдайға іспетті перғауын атағына лайық, сабырлы, сонымен бірге жап-жас, мейрімді бейнеде! Патша ханымның қиғаш қастары көмкөрген бадам көздеріде қаншалықты ғажап нұр бар десеңізші! Патшаның бас киімдерінде бейнеленген жылан да иіліп, оның жарын құттықтап трғандай. Патша мен патша ханымның қырын пішіндері, олардың қолдары мен иықтары сызықтармен салынған, бірақ бұл арадағы сызықтар бейнелердің негізі ғана емес, тек нұсқа ғана: өзінің үйлесімді иректерімен, өзінің өрнектілігімен, әсерлілігімен, музыкалығымен оның өзі-ақ көзіміздің құрты.
Ал, одан патша мен патша ханымның тұлғаларымен салыстырғанда өте кішкентай етіп бейнеленген қызметші әйелдер олар үшін гүл мен мандрагора жемістерін жинап жүр.[5,335бет]
Гүлденген табиғат аясындағы балғын маххабат, жастық бақыт дастаны!
Өзінің байырғы стилін сақтай отырып, египеттік өнер сұлулықпен, әдемілікпен әрлене түскен.
Ішкі қайшылықтармен есеңгіреген Орта патшалық бір кездегі Ежелгі патшалық сияқты бөлшек – бөлшек болып қирады. Тарихқа гиксостар деген атпен кірген Азияның көшпелі тайпаларының жеңімпаз шабуылдары Орта патшалықтың күрейін тездетті. Шеттен келгендер жүз жылға жуқ уақыт бойына Ніл алқабын емін-еркін билеп-төстеді, тәуелсіздік жолындағы күресті Фивы князьдары басқарды. Б.э. бұрынғы 1560 жылы гиксостар елден қуылып, Египет тарихындағы «аласапыран кезеңге» соңғы нүкте қойылды, перғауындар империясы Фивы династиясының басшылық етуімен, перғауындар есебімен, XVIII әулетке бірікті. Мықты да ұзақты бірікті. Сөйтіп перғауындардың билігі тағы да елден шалғай тысқары жерлерге тарады. I Яхмос Оңтүстік Палестинаға басып кіріп, алтыны мол Нубияға египеттік үстемдікті тағы да орнықтырды. Оның немересі III Тутмос тұсында Жаңа патшалық Египеті ең зор саяси қуатқа ие болды. Мұндай ұлылықты тіпті Ежелгі патшалық та білген емес. Перғауындар импеиясы солтүстігінен оңтүстігіне қарай 3200 километрге дейін созылып жатты. Басқа бірде-бір держава онымен бақталаса алмай қалды. Империя астанасы Фивыға ұшы-қиыры жоқ байлық ағылып келе бастады. Тутмостың шөбересі- Ш Аменхотеп те сол кездегі әміршілердің арасындағы аса құдыретті саналды. Қуатты мемлекет Митанни патшасы одан алтын сұрағандапреғауындар державасында «алтын шаң сияқты емес пе?» дегенді айтқан. Иә, Египет патшалары мен ақсүйеккрі алтыннан да, күмістен де, құлдардан да таршылық көрмеген еді.
Египет мәдение тағы да шарықтады. Өзінің мәнін өзгертпестен, ол сонымен бірге сол кездегі Египетпен тең сауда жасасқан Крит, Сирия, Қосөзеннің құл иеленуші мемлекеттері мәдениетінің нәрімен де сусындайды.
Ежелгі патшалық құдай деп танылған перғауындар билейтін бір тұтас Египет державасын құрып, осы державаны қоршаған дүниеде орнықиыру дәуірі болды.
Ежелгі патшалық өнері осы орнықтыруға қызмет ету үшін жасалып, бәрінен бұрын құдай саналған қуатты мен сана жетпестігін бейнеледі.
Орта
патшалық дәуірі негіздердің шайқалу
дәуірі болды да, мұның өзі бұрын
құнды саналған нәрселерді қайта
бағалауды туғызды.[1,82бет]
2.2 Жаңа патшалық дәуірі – Египеттің қуат-күшінің салтанатты дәуірі
Гүлдену кезіндегі Жаңа патшалық дәуірі – енді ешкім тааса алмайтын, орныққан Египеттің қуат – күшінің салтанатты дәуірі болды. Сонымен бірге бұл құл иеленуші төбе топтың шектен тыс сән – салтанат дәуірі болды. Оған тек күш, тек орнығу жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан да бұл дәуірдегі өнерге аса бір нәзіктілікпен сұлулыққа, ұмтылыспен жарқылға ұштасқан ұлан – ғайырлқ пен сән – салтанат тән.
Пирамидалар мүлде салынбайтын болды. Перғауындардың мазарлары «Жүз қақпалы Фивының» қарсысындағы «Патшалар алқабы» деп аталатын жерде салына бастайды. Алайда молалар үшін терең, мұқият жасырылған құпия орындар таңдап алынғанмен, оларды тонау тоқталмайды.
Перғауындардың
аса зор құрылыстары
Б.э. бұрынғы XVI ғасырдың аяғында тұрғызылған атақты патша ханым Хатшепсут храмы (оны ұлы сәулетші Сенмут салған) бізге сол замандағы храм құрылысынын жалпы принциптері жөніндегі мол түсінік береді. Храмның барлық бөліктері горизонталь білік бойымен орнастырылған. Бірінен – бірі биіктей сатыланып кететін үш террас өзінің созылыңқылығымен бейне бір шексіздікті немесе мәңгіліктілікті үш қайнара орнықтыруды бейнелегендей алмасып келетін үш горизонталь ұүрайды... Осы террстарда су қоймалары жасалып, жағасына қалың ағаш отырғызылған. Жартасты ойып жасалған храм залдарын сурет өнері мен мүсіндер безендіретін. Бір храмда екі жүзден астам статуя болды, ал оныңедені түгелдей алтын және күміс тақталармен қапталған.[5,337бет]
Храмдардың өзі сияқты олардың алдыңдағының барлығы да: сфинкстер аллеялары, перғауындардың зор мүсіндері (мысалы, ІІІ Аменхотептің «Мемнонның колосстары» аталатын мүсіндері), обелискілер, пилондар (иероглифтермен және бедерлермен безендірілген, арасынан ашық аулауға өтетін жіңішке соұпағы бар, храмға манументальды қақпа ретінде қызмет ететін биік діңгекті және жалаулы үшкір, жұп пирамидалар).
Карнак пен Луксор храмдары Жаңа патшалықтың шын мәнәіндегі ең зор храмдық құрылыстары болып саналады.
Оының біріншісінің бас архитекторларының бірі бізге белгілі тәкаппар жазудың авторы, атақты Инени. Бұл храм бірнеше жүз жылдар бойы салынды. Оның калоннаы залы – дүние жүзіндегі ең ірі зал: жүз отыз төрт колонна он алты қатар етіліп орналыстырылған; орталық колонналарының биіктігі жиырма үш метрге жетеді, олардың әрқайсысының капителіне жүз адам еркі жайғаса алар еді. Осы тас алыптар патшалығының мүлгіген қара көлеңкесінде перғауын қол астындығыларсол бір «жаратушы жалғыздың» ұлылығы мен сана жетпестігін ерекше күшпен сезінген болар, ал Карнак храмы соның құрметіне тұрғызылған, египеттіктер санасында Египет империясы тек соның тіршілігінің арқасында дәурен сүріп тұр деген ұғым берік орныққан-ды.
Информация о работе Көне Египеттің ең басты ерекшелігі-ажалға қарсылық