Криминалистиканың жалпы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция

Описание работы

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Тактикалык комбинациялык операцияның түсінігін анык-тап, айқындайтын болсак, ол негізінен екі түрлі жұмыстардың жүргізілуімен сипатталады — тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары. Сондықтан тергеу үстінде жүргізілетін мұндай операцияның табысты және нәтижелі өткізілуі опера-цияны жүзеге асырушы мен тергеу және аныктама жүргізуші органдардын арасында калыптасатын қарым-катынастардың іскерлігіне тікелей байланысты1.

Қылмыстык іс жүргізу кодексінің талабы бойынша  тергеуші занда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы әр коз-ғалған іс бойынша кылмыстын мән-жайын аныктап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірак тергеуші өзінін күшімен ғанабұл занда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондык-тан тергеушінін жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, аныктама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын аныктау жөнінде бұл органдардын қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайывдағы өкілеттігі занда көрсетіліп, бекітілген. Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу үстінде анык,-талған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкінші ліктерін толык пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отыр-ған кылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі аркылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақ-тарды толық жинап алуға болады. Кдндай кылмысты тергеген-де болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір мівдет — ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды аныктап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар колдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетівде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы үйымдык тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардын  тер-геу үстінде қалыптасатын карым-катынасынын түсінігі — қыл-мыстык істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың аддын алуга бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортак болғанмен аталған органдардын кызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде занда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Кдзір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандыктан бұл органның өкілетгігі заң жүзінде толык бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі — қылмыстын белгілерін, іздерін тауып, оған катысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бүл өзінің алдына заи жүзінде қойылған мівдеттерді аныктама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсіддермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы аныктап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын аныктау жөнінде бұл органдарға нүскау бере отырып оны кдндай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.

Тергеуші  мен аныктама жүргізуші органдардың  арасында екі түрлі кары;л-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұракты катынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының кызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ кұрып тергейді. Қарым-катынас кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеннен, тіпті іс коз-ғалмай тұрып-ак калыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс козғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметгер тергеушінің кыл-мысты қозғау кезенінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және кылмыстын түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының кызмет-керлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдай-да тергеуші ез алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органда-рының кызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсе-тілген іс-әрекетгер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Аныктама жүргізуші орган-дар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді ' дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші аныктама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы. қажет. Бір-біріне осындай мәліметберіп, іскерлік карым-каты-наста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жүмысы нәтижелі аякталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталык, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші окиға болған жерді кдрап жатканда, аныктама жүргізуші органдардыңқызметкерлері кылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған кылмысты көрген адамдарды табуға және баска да кылмыстың мән-жайы жөніндегі мәлімет-терді біліп, аныктауға бағытгалған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топка кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір женіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі түрақты карым-каты-насы жедел топты, сондай-ак, жалпы тергеу жоспарын кұру-мен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатта-лады.

Тергеу үстінде  осындай тұракты катынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы карым-катынас та калыптасуы мүмкін. Мысалы, кыл-мыстык занға сүйеніп тергеуші істін кейбір мән-жайларын же-дел-іздестіру жүмыстарын жүргізу аркылы аныктап беру жөнінде осы органға нүскау береді. Айталык, кылмысқа сезікті адамның түрмыс жағдайын, кіммен карым-қатынастаекендігін, кімнін үйіне және кай жерлерге жиі баратындығын, тағы да бас-қа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне тапсырылады. Осымен катар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органнын кызметкерлерін шакырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.

Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру  орган-дарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінін нәтижелігін сезсіз арттырады.

торларды  білуі қажет және көрсетпелерді  бағалау кезінде ескереді. Сәйкесінше, шынайы көрсетпелер алуға бағытталған тактикалык және психологиялык тәсілдерді колдануы тиіс.

Сондыктан тергеліп отырған әрекетгің мән-жайлары  жөнін-дегі көрсетпелердің толыктығы мен шынайылығына әсер ететін факторлар туралы жалпылама мәліметтер кез келген қылмыс турінің криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементі болып табылады.

13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы  мүмкін әрекеттер

Қылмыс іздерін  жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру, жою, инс-ценировка және жалғавдық турінде көрініс табуы мүмкін.

Жасыру кезінде  кылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою — кылмыс іздері мен ол ту-ралы акпаратты физикалық күш түрғысынан жою женіндегі белсенді әрекеттерден көрініс табады.

Инсценировка  — кылмыскер, кылмыс кұралы және кылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту максатын-да жүзеге асырылады. Мысалы: объектілердің орнын ауысты-ру, қылмыс субъектісінің сыртқы керінісін өзгерту және т.б.

Іздер мен  өзге де дәлелдемелік акпараттың жалғандығы -олар туралы жалған түсінік калыптастыруға бағытталған. Мы-салы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды кою, жалған іздер калыптастыру және т.б.

Тергеушінін, кылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердін айла-тәсіддерін уақытылы аныктауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттердін алдын алуға септігінтигізеді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық тактиканың жалпы қағидалары.
  2. Криминалистикалық тактика санаттары.
  3. Криминалистикалық тактиканың түсінігі.
  4. Тактикалық тәсілдер, оларды қолдану шарттары
  5. Тактикалық комбинацияны: түсінігі, жіктемесі, шектіліктің жалпы жағдайы.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

 

 

 

№11лекция. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлар.

Мақсаты: Қылмыстын тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінін істі тергеуге байланысты жұмысынын мақсатты және ұйымдасқан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты криминалистикалық болжамдар мен тергеуді жоспарлаудың маңыздылығын саралау.

  1. Криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні.
  2. Болжамдарды құру және тексеру, оларды құру негізі.
  3. тергеуді жоспарлаудың түсінігі және негізгі қағидалары.
  4. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы

Қылмыстын тез  арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінін істі тергеуге байланысты жұмысынын мақсатты және ұйымдас-қан түрде жүргізілуі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргі-зілуіне тікелей байланысты. Қылмыстық іс козғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші тергеу барысында шешілетін сүрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды нактылы кандай тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және бас-ка да ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап белгілейді.

Сұрактар  тергеп отырған қылмыстың мән-жайын  анықтауға байланысты болу керек. Сондықтан жоспарға кіретін сүрақтар осы кылмыс жөнінде тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған кылмыстың қалай, қандай жағдай-да болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қыл-мысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыс-тын қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, онын бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылык, талдау процесінің үстінде кылмыстың кандай жағдайда болғандығы, кылмысқа катынаскан адамдар және де қылмыстык, оқиғаның баскд да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеу-шінің бүл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сүрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логи-калык гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу бол-жауы логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаның бір түріне — жүмыс гипотезасына жатады.

Болжаудың мазмүны  және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. ЖалпьР болжау - ол нақты кандай кылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталык, окиға болған жерде мәйіт та-былған жағдайда тергеуші осы окиға жөнівде мына төмеңдегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасакдна өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айткднда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжау-лар жасалады. Мысалы, кылмысты белгілі бір адамның жаса-ғандығы, қашан, кай мезгілде және қавдай кару пайдаланған-дығы жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашы-лык талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі кажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қай-сысы дүрыс екенін біліп анғаруға болмайды. Сондыктан жасал-ған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп аныктау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыкка жатады деп екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрактартер-геу әрекеттерін, жедел-іздестіру және баскд да жұмыстарды жүргізу арқылы аныкталып, шешілетін болғандықтан, орында-латын тергеу шаралары жоспардын үшінші элементі болады.

Жоспарланған жұмыстарды кім және кай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардын төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындай-тын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен кұралады.

Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кей-де бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осын-дай жоспар бойынша тергеушінін кылмысты тергеуге байланыс-ты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.

Тергеу жоспары  ойша және жазбаша түрде жасалады. Тер-геудің бастапқы кезеңінде кылмыстык іс бойынша мәлімет-терд^ң аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді кажет ететін тергеу әрекеттері жос-парсыз да жүргізіледі. Айталык, кылмыс жөнінде хабар алысы-мен тергеуші окиға болған жерге барып қарайды және кдрау-дың корытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлел-деме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау аркылы тер-геу болжауларын жасап, болжауларды тексеруді жоспарлайды.

Тергеу тәжірибесінде  тергеу жоспарынын бірнеше түрі бар. Жұмыстың дүрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген эле-менттердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрде жасалады.

Кестеде көрсетілген  әр болжау бойынша жеке жоспар жа-сауға болады. Кейбір көп көріністі істерде әр көрініске жеке-жеке жоспарлар да жасалады.

Жалпы тергеу жоспарына  косымша, оны толықтыруға ба-ғьітталған, жиналған айғак мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін жоспарлаудың басқа да түрлері колданылады. Мысалы, көп керіністі істер бойынша тергеп отырған қылмысқа катынасы бар әр айыпкерге «жеке есеп» карточкесі толтырылады. Онда әр айыпкерге инкриминацияланған қылмыстык, әрекеттер және оның осы қылмыска катысқандығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Жауапка тартылған кылмыскерлердің саны көп, күрделі және көп көріністі істерді жоспарлаудын «шахматгы ведомость» деген түрі де жиі қолданылады.

Мұндай жағдайда бірінші  бағанға әр іс бойынша жауапқа тартылған айыпкерлердің аты-жөні жазылады да, одан кейінгі бағандарға кылмыстың жеке-жеке көріністері жазылады. Ай-ыпкер қай қылмысты көрініске катынасты болса сол бағанға «х» деген белгі қойылады. Бұл жоспарлау тәсілін төмендегі кес-те аркылы көрсетуге болады.

Кейбір өте  үлкентер бойынша күрделі, бірнеше  торлы бас-қару жоспары да жасалады. Мұндай көп торлы кестеде тергеу-шінің бірнеше бағытта істейтін жұмыстары көрсетіледі. Оның ішіндегі неғұрлым маңызды жұмыстарды, кай бағытта және қан-дай тергеу шараларын орындау үстінде кандай кедергілердің, киыңдыктардың кездесетіндігін алдын ала белгілеп алуға болады.

Информация о работе Криминалистиканың жалпы теориясы