Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция
МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.
Тінтудін тактикалык әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындык жүмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондық-тан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер колдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенетген кіру тәсілін ойлас-тыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объекті-лерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірак тергеушінін жұмы-сы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек зат-тар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір карауға колайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін.
Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс - тінту объектісін жалпы шолып карау, ауланы, бөлмелерді бакылап, дайындык үстінде алған бағдарлык мәліметтерге сәйкес пе, жок па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге казіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, накты жаңа жағдайларға бай-ланысты, косымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса кауіпті қылмыскер болып, онын кару колдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.
Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы-лай тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны карап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұкыпты, мұкият тексеріп шығу қажет. Калтасынан табылған кұжаттар, заттар арнайы алдын ала дайыыдалған жерге койылып, кейін хатгамаға енгі-зіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байлан-ған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қа-тыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.
Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді карау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, онын белгілі біртәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді карау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толык және дүрыс қолданылуына байланысты.
Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қай-дан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрыкша на-зар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер ал-дында аныктап, шешіп алады. Ал, кайдан іздеу керектігі тінті-летін объектіні (үйді, бөлмені) жалпы шолып карағанда анык-талады.
Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталык, ізде-летін нәрсе үлкен зат па, құжат па, акша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау ке-рек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, ауласы, корасы, жанында учаскесі бар үй болса тінту жүмысын, іздейтін затгың неғүрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дүрыс. Айталык, жасырын көміп койылды деген мәйітгі іздеуді кора-дан, үй жанындағы учаскеден бастаған жөн, ал кұжат, ақша, кымбат бұйымдарды іздеуді түрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, баска да жерлерге тығып коюы мүмкін. Сондыктан олар да қаралады. Бірак мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындыктан іздеу жұмыстарын түрғын бөлмелерден бастаған дұрыс.
Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біт-кенше орнында болуы тиіс, кетуге рұксат етілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталык, укол салуға келген медби-кеге, хат тасушыға, жөндеу жүмыстарын жүргізуге келген ше-берге, өзінің кәсіби қызметіне байланысты келген тағы баска адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетугерұқсатберіледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, кай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, аныкталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция кызметкеріне тапсырылады. Тінтетін объекттек бір бөлме бол-са іздеу есіктен басталып, кабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер каралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен койы-лады.
Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялык құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-са-сып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы әбден мүмкін.
Мысалы, іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұра-тын, сатушы әйел басында ашуы келіп, асып-сасып абдырай берген еді. Бәлменін бір белігі тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп, тінтіп жаткдн адамдармен қалжындаса бастады. Тергеуші әйелдің көніл-күйінің өзгеруін байкап қалып, дер кезінде оған мән береді, тексерілген объектілерді тағы бір мұкият карап шығуды жөн көреді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай түрып алған төсек-орын түсы сезік келтіреді. Айтқандай, кайта тексергенде төсектін алмалы-салмалы аркалығының куысынан көп ақша, тергеуге қажет жалған кұжаттар табылады. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жаткан адамның психологиялык көңіл күйіне дер кезівде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті объектілерді тауып, тінтуді табысты аяктайды. Совдай-ак тінтуде бір нәтиже беретін тактикалык, психологиялык әдіс — «ауызша барлау». Бұл тактикалык әдістің мәні тергеуші өзінін көмекші-леріне нұсқау берген болып немесе акылдаскан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, кай жерлерді, қай нәрсені, не объектісін мүқият карау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялык көңіл-күйін бақылайды. Зат-ты тыккан жері аталғанда, өзін канша ұстамды ұстаса да, тінті-летін адам көбіне кобалжыған кеңіл-күйін білдіріп кояды, күты қашып асып-сасып калады.
Керекті затты кай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына койып, мен өзім қайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрақ койып, ойлап, болжап көруі І керек. Жиіркеніп, толык карамас деп, ізделетін затты кылмыс-кер коқсыктың арасына, сыпырынды жәшікке, тағы баскд бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мұны да тергеуші есінен шығар-мауы тиіс. Егер құпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мұқият тексеру арқылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан кағылған немесе жаңадан сырланған тактай не шеге, еден тактайларынын арасындағы саңылаулар шындыкты ашуға көмектеседі. Сондықтан осындай сезік келтіретін белгілер бол-са осы жерді үстірт карамай, неғұрлым зер салып, колдағы бар техникалық күрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек.
Жасырын, күпия жерді іздегенде тінтілетін адамның маман-дығын, оның кәсіби қабілетін де ескерген жөн. Сонымен катар, тығылатын затты коятын қүпия жер, ол заттың кдндай зат екеніне және оның келеміне де байланысты. Егер ізделіп жат-қан заттай дәлелдеме, айталық, жалған кұжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Тұрғын үйді тінтіп болғаннан кейін ауланы, кораны кдрау керек. Бүл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция кызметкерін күзетке кою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаш-тарды екінші жерге қойып, арасын, астын мұкият карау кажет.
Төсек тартып жаткан ауру адамның, не ұйыктап жатқан ба-ланын төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мұндайда сыр-каттын да, баланың да жағдайына нұксан келтірілмеуі тиіс. Кей де кылмыскерлер заттарды тығатын арнайы күпия орындар жа-сауы да мүмкін. Осындай кұпия орындар, қабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тақтайдың астында, жылу қүбырынын, ара-ларында, т.б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін.
Кабырғадағы қуыс балғамен каккан кезде күңгірт дыбыс береді, ол күлакка естіледі. Жаңадан сырланған, жанадан түсқа-ғаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса ұкыптылықпен қарау керек, кабырғадағы суреттер де алынып каралады. Ме-талдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы құрал-жаб-дыктар пайдаланылады. Өйткені бұл іске катысты өте маңыз-ды, не аса кымбат заттарды сактап калу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдаркатып құтылып кету үшін кылмыскерлер әр түрлі айлалар колдануы мүмкін. Сондықтан мүны естен шыға-руға болмайды.
Үйымдастыру тәсіліне орай тінту екі түрге - қайтара тінту және топтасып тінту түріне бөлінеді. Алғашқы тінту қолайсыз жағдайда жүргізіліп ойдағыдай нәтиже бермеген, тінтуші жүмыс-ка жедел тартылып, онын колында кажетті құрал-жабдыктар жеткілікті болмай, тінтуге көмектесетін арнаулы мамандар не-месе баска да катысушылар жетіспей тінтудін сапасына нұксан келтірілген алғашқы тінту кезінде кейбір жерлердің назардан тыс калып немесе асығыс тінтіліп, тергеу ісіне нұксан келтірген, сондай-ақ алғашкы тінту кезінде оқиғаға катысты затгай дәлел-демелер болмаған, оны жаңадан іздестіру қажеттігі туған неме-се кылмыскер алғашкы жасырып калған заттарын кейін бұрын-ғы орнына койған жағдайларда тінту кайтара жүргізіледі.
Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізуге тура келеді. Өйткені бір қылмыскердің бірнеше пәтері, саяжайы, қызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамнын катар кылмыскд катысушы ретінде сезік келтіруі, сондай-ак кылмыскер немесе сезік келтірушінін бірнеше туыскандары, дос-жаравдары болып, зат-тай дәлелдемелерді солардын түрған жерлеріне жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, зат-тай дәледдемелерді, деректерді дер кезінде қолға түсіру киын.
Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгідде, үйлесімді жүргізудін маңызы айрықша. Бұл қылмыскерлердіңбір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан күтылып кетудіңжолын кеседі.
Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындык. және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардын бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастыры-лады. Операцияның жетекшісі оньщ барлык катысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяк асты-нан туған шараларға, айталык, тінтуді қайтара жүргізу кджет болған кезде, косымша күш бөлуге міндетті.
Заттай дәлелдемелер тиісті заңдылыкка сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, ұйымдардын, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда колданылады. Заттар, кұжаттар оның нақты иесінін немесе ол жұмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің катысуымен алынады. Ал, арнаулы орын-дарда сақталған күнды заттар осы затгарға тікелей жауапты адам-дардың катысуымен ғана тіркеледі.
Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске катысты объектімен, кұжаттармен, заттармен, алдын ала танысады. Ай-талык, тергеушінің тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап іқүжатгарын зерттеуі, іске кажеттісін іріктеуі үшін дайын бұйым-дармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепшілер, технологтер, т.б.) тартылады. Міне, осылардан кейін мәселе анықталған соң ғана тергеуші нені алу жөнівде өз каулысын шығарады.
Егер азамат іске кажетті заттай дәлелдемелерді бергісі кел-месе ол күшпен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырыл-са, оны дереу іздеп, тінту үшін каулы шығарылады. Заттар, кұжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анық-тау ісі күрделі болып, бұған кеп уакыт талап етілсе, тінтуші-лердің бір тобы бүған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізі-леді.
Тергеу әрекеті хатталады. Овда кандай заттын кай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттар-дын қалай сақталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнелегенде оның сезік тудыратын белгілерін кағазға түсірудін кажеті жок. Алын-ған заттар тінтуге катысушылардын көз алдында колдары ко-йылып, мөрленеді.
Хаттамада кай заттын кімнің жауапкершілігімен сактауға қойылғаны, катысушылардың арыз-өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер коса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
ӘДЕБИЕТТЕР:
УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген
.
№14 лекция. Жауап алу және беттестіру тактикасы.
Мақсаты: Жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пайдаланылуының маңызын түсіндіру.
Жауап алу дегеніміз - занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол аркылы жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол кылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, манызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын артгыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол-данылады. Бірак, ол каншалыкты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке кайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын кдтысқа-ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстыкоқиғағатікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар.
Жәбірленушінің, куәнін жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінін, соттын окиғаның мән-жайына толық канығып, тиісті шешім кабыддауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған кылмыстын мән-жайын кылмыскердің өзінен артык. ешкім білмейді. Сондыктан кылмысты мойындап, өз кателігін дүрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді лікпен карауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінін артыкшылығы жок. Сон-дықтан кылмыскердін кылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердін жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсак кылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлык деректердің тұжырымды корытындысына ғана негізделуі тиіс.