Криминалистиканың жалпы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция

Описание работы

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

В. Функционалдық (динамикалық) белгілер. Денебітімі. Ол әртүрлі болуы мүмкін (дененің, бастыңжәне колдың калыпты  жағдайы). Дененін, орналасуы бойынша  дене бітімі еркін, ширак және бос  болады. Дене бітімін қолдың калыпты  жағдайы да сипаттайды: біреулер колын калтасында ұстауды әдет кылады, кейбіреулер бүйірін таянып жүреді, колын бос үстайды, колын артына және алдына ұстап жүреді, сондай-ақ, киімнің төменгі жак ұшын үстап жүретіндер де кездеседі және т.б.

Журіс-турысы. Жүріс-тұрыс адамның жүру кезіндегі әдеттегі кимылының ерекшелігін білдіреді; жай, тез, жеңіл, ауыр, нық, кисаландап және теңселіп жүретін, секіріп жүретін: адымның ені мен ұзывдығы бойынша үлкен және кіші, өкше бұрылысы-ның үлкен және кіші болуы, колды сілтіп немесе сілтімей жүруі мүмкін.

Аксау кезінде кай аяғына қарай  және қаншалықты қатты ақсандайтындығы  көрсетіледі. Онын таяқты, балдақты, имек таяқты пайдалану немесе пайдаланбауы көрсетіледі.

Жулқынып сөйлеу. Сейлеумен бірге жүретін іс-кималдар жи-ынтығын білдіреді. Ол негізінен сөзді мәнерлеуді күшейту максатында жасайтын коддың кимылдары мен, сөйлесу кезінде адамның басының немесе барлық денесінің әдеттегі калыптас-кан іс-кимылымен сипатталады.

Ым. Бет бұлшык-етінің әдеттегі кимылы. Өте дамыған және керісінше дамымаған болуы мүмкін. «Ауызша суреттеудегі» ымдау ерекшелігі накты көрсетіледі: мысалы, кабағын түю, маң-дайын тыжырайту, ернін тістеуі, ауызын кисайту, көзін жұму, кабағының астымен карау және т.б.

Дауыс. Ырғағы бойынша, күші, ашыктығы, жоғарғылығы бойынша ерекшеленеді.

Сөйлеу мәнері. Сипаттау кезінде оның келесідей ерекшелігі кәрсетіледі: жәй, жыддам, калыпты, козып, бөліп-бөліп сөйлеу, накты, анык немесе анык емес, сөйлеу кемістігі (кекештеніп, сакауланып және т.б.) белгілі бір акцентпен, белгілі бір жергі-лікті диалектімен, (мысалы, күрсіну), интонация, фразеология-лык және лексикалык ерекшеліктері.

Белгілі бір әрекеттерді орындау  әдісі. Функционалдык. белгілердің  тобына белгілі бір әрекеттерді  орындаудын көпте-ген стереотиптік ерекшеліктері де жатқызылады. Мысалы, темекі тарту әдеті, оны ұстап —өшірудің әдеті, амандасудың, шаш түзеудің, күлудің, бас киімді киюінің және т.б. әдетгер.

Адамнын сыртқы бейнесінің функционалдык белгілері  де идентификациялық мәнге ие және кылмысты ашу кезінде олар-ды ескеру керек. Белгілі бір адамдар калыптаскан әдеттегі іс-қимылдың стереотиптері адамдарды тендестіру міндетін катесіз шешуге мүмкіндік беретін тұракты вдентификациялық жиын-тык болып табылады. Бірақ анатомиялык белгілерге қарағанда сыртқы бейненің функционалдык белгілері оларды кабылдау кезінде (мысалы, оқиға болған жерден кетіп бара жатканда қыл-мыскер ақсак адамның жүрісін келтіреді, дауысын езгертуі мүмкін және т.б.), сондай-ак, түлғаны тану үшін үсыну кезінде де оңай өзгеруі мүмкін.

Г. «Ерекше  белгілер» және көзге бірден түсетін белгілер. Бүл бірден есте калатын, көзге айқын көрінетін белгілер. «Ерекше белгілерге» аз кездесетін және түрактылығымен ерекшеленетін әр түрлі анатомиялық және функционаддык. ауытқулар жата-ды. Анатомиялық ерекше белгілерге — дене бітімдерінің, оның мөлшерінін сәйкес келмеуі, түсіндегі ауыткулар, тыртыктар және басқа да бірден көзге түсетін дене күрылысындағы анато-миялык, кемістіктер, аяқ-қолының қысқа болуы, омыртқаның қисаюы, бүкірдің болуы, қалдың, меңнін болуы, ісіктер мен күстің болуы, терінің ерекше болуы, сондай-ак, олардын жеке-леген түрлерінің боялуы, тері ауруларының болуы, татуировка жатады.

Функционалды  «ерекше белгілерге» — адамның  денесінің жекелеген бөліктерінің қалыпты жағдайы мен кимылының ауытқулары жатады: аксандау, жүру кезінде тек кана бір колын сілтеп жүру, бет бүлшык еттерінін жыбырлауы, сөйлеу кезінде әр түрлі дефектінің болу (кекештену және т.б.) белгілері.

«Көзге бірден түсетін белгілер» — де анатомиялык  және функ-ционалдык сипатта болуы мүмкін. Оларға функционалдык, белгілер (жүру кезінде қолды сілтеудің ерекше тәсілдерінің болуы) және көзге тез түсетін дененің ашык бөліктерінде орна-ласкан анатомиялық белгілер (өте үлкен мүрын, еріннің косар-лануы және т.б.). Ерекше белгілер мен көзге тез түсетін белгілер онын табылған жері бойынша, керініс табу деңгейі бойынша, мөлшері, формасы, ал кейбіреулері түсі мен түрі бойынша жеке-детальды түрде сипатталады.

Татуировканы  сипаттау кезінде бейненін көрінісі, жазбалар, инициалдар және т.б. ерекшелерді көрсету кажет.

Киім, аяккиім, сакина, білезік, алка, сырға, колға және кал-таға салатын сағат, түтікше және т.б. түрақсыз оңай ауыстыры-латын зат болып табылатындыктан олардың идентификациялық мәні тануға үсыну кезінде өзгеріссіз жағдайда адамда сақталға-нына байланысты болады. Жеке заттардын манызды мәні бо-луы мүмкін егер мүлтіксіз бақылау жағдайында олартез кабыл-данып және есте тез сакталатын болса. Анатомиялык белгілерге карағанда киім және баска да жеке заттар мүмкіндігінше де-тальды түрде сипатталуы қажет (әсіресе танылмаған мәйітті кдрау кезінде).

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны, оның жаратылыстану ғылымилық негіздері
  2. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері, оның жіктемесі
  3. Адам сырт келбетін «ауызша портрет» әдісімен суреттеу ережелері.
  4. Адам сырт келбетін сипаттайтын киім кешек пен басқа да заттарды суреттеу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

 

 

 

№9 лекция. Криминалистикалық тіркеулер.

Мақсаты: Қылмыспен күрестің тиімді түрі ретіндегі криминалистикалық тіркеулердің алатын орнының ерекшелігін анықтау мен белгілеу.

  1. Криминалистикалық тіркеулердің түсінігі.
  2. Криминалистикалық тіркеудін түрлері
  3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары

Қылмыспен күрес  жүргізу мақсатында біздің дәуірімізге дейін де тіркеу әдістері колданылған. Әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: танбалау және мертіктіру, яғни тану мен жа-залауды катарынан жүзеге асыру (б.д.д. II ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы). Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен катар канша кылмыс жасағандығын да айқын әшкерелеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сезді адамнын бетіне, болмаса денесінін баска бөлшегіне күйдіріп түсірді. Таңбалау кылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірак, оның кайда, қашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таң-басы аркылы онын жеке басын аныктауға мүмкіндіктер болма-ды. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» —деген атпен камаудағы кылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты тексерулер жүргізді.

Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашкы рет XIX ғ. аяғында (1882 ж.) А. Бертильон кылмыскерлерді тіркеудіңантропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фуддс, Ф. Галь-тон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу ар-қылы калыптастырған. Кдзіргі уақытта да криминалистикалық оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «кылмыстық тіркеу» — деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі танда криминалис-тикалык тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавитгік, дактилоскопиялык және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен онын формасын ажы-рату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Кри-миналистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әр түрлі: си-паттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялык болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің аралас түрлері де жиі колда-нылады: үсыныстар-альбомдармен, суреттермен; ал акпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялык кар-та және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалықтіркеуді оқып білудің негізі - бізді қор-шаған әлемді, материаддық танымды, диалектикалык зандар мен таным теориясын білуге неізделеді. Криминалистикалык тіркеудін дамуы — криминалистикалык идентификация теория-сымен, іздердің пайда болу тетігі жөніндегі ілімдермен, және кылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі акпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып келеді.

Криминалистикалык тіркеулер қылмыстык процессуальдык зандарда тікелей қарастырылмаған. Бірак та криминалистика-лык тіркеуді жүргізу тәртіптері Кылмыстык іс жүргізу кодек-сінің талаптары негізінде анықталады. Олар Кылмыстык іс жүргізу кодексінін баптарында бекіту тәртібіне катысты заттай дәлелдемелерді сактау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды катыстыру; сот сараптама-сын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен катар, по-лиция мен жедел-іздестіру кызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалыктіркеудің кұкыктык негізі болып табы-лады.

Тіркеудін материалдарын  жинау рәсімдері Қазакстан Рес-публикасының Ішкі істер бөлімінің зан актілерімен, Бас про уратураның жеке бүйрыктары және инструкцияларымен белгіленеді.

Жеке тұлғаларды тіркеуге төмендегілер жатады:

  • камауға алу сиякты шараларды колдану туралы, сондай-ак айыпкер ретінде кылмыстык іске тартуға байланысты прокурордың, тергеушінің немесе аныктама жүргізушінің шығарған каулылары;
  • соттың үкімі немесе шешімі;
  • түлғаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылған каулылар;
  • сезіктіні ұстау хаттамасы.

Тергеу әрекетінін хаттамалары қылмыстық окиғамен байла-нысты басқа да объектілерді тіркеудің занды негізінін біріне жатады.

Алынып отырған  объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты — тіркеу: «жедел-анықтамалык,, жедел-іздестірудегі» — деп бөлінеді. Осы түрлер-дің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.

Жедел-анықтамалық  тіркеуге — адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру аркылы кабылдап бекітуді жат-кызамыз. Мысалы, бейне және дыбысжазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, кай заводта дайындалғандығы көрсетілген немірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бұйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жедел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің акпараттык. белгілерін арнайы зерттеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалис-тикалық тіркеуді коспағанда).

Жеде/І-іздестірудегі  кейбір тіркеу объектілері әр түрлі кате-гориядағы заттар мен түлғаларды іздестіру мәселесін арнайы Қамтамасыз ету максатындағы криминалистикалык тіркеуге де Қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер кылмысты тер-геу мен ашуға ерекше кызмет көрсетеді. Бүл жерде тергеуден Және соттан бой тасалап жүрген түлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйітгер; нөмірленген заттар және г.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда <өрсетілген әр түрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің бір бөлігін криминалистикалық, ал бір бөлігін жедел-анықта-малық тіркеуге жатқызамыз.

Анықтамалық-көмекші  тіркеуге: қылмыстық оқиға мен тер-геуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп кабылдау арқылы, болмаса арнайы зертгеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптама-лық мекемелерде жүргізіледі.

Әкімшілік деңгейіне  байланысты тіркеу жергілікті, аймақ-тык  және орталык (центральный) болып бөлінеді.

Жергілікті  тіркеуді — Ішкі істер министрлігінің аудавдық бөлімдерінің криминалистикалык бөлімшелері жүргізеді.

Аймақтық  тіркеуді — қалалык, және облыстык ішкі істер бөлімдерінін криминалистикалыкбөлімшелері және кұкықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады.

Орталық тіркеуді— Қазакстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратуранын кұкыктык, статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталыктандырылған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді қамтамасыз етеді.

Криминалистикалык тіркеуге келесідей объектілер алына-ды: белгісіз кылмыскерлер - жазадан бас тартып тергеуден не-месе соттан бой тасалап жүрген; камауға алынған айыпкерлер; қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты үсталған түлға-лар; кылмыс жасаған, бірак коғамдык ыкпал немесе жағдайдын өзгеруі бойынша шаралар колдануға байланысты кылмыстык жазадан босатылған түлғалар; сотталған адамдар; хабар-ошар-сыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қарттар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі нау-қас адамдар; танылмаған мәйітгер, қылмыс салдарынан және аяк асты кайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс кдрулары; ашылмаған кылмыс-тык істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарак-тар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; үрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ үсталған түлғалардан алынған зат-тар; қылмыспен байланысты нөмірленген заттар (фотоаппарат-тар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); аныкталмаған автомотокөлік құралдары; жалған ақшалар; бас-паханалык әдіспен, компьютерлік және баска да көбейткіш «.үралдарымен жасалған жалған күжаттар (диплом және т.б.); есірткі немесе күшті әсер ететін емдеу дәрілерін алу үшін жа-салған жалған рецептер; жасырынудағы қылмыскерлерге тиесілі күші жойылған, ұрланған кұжаттар; оқиға болған жерден алын-ған иіс іздері; үрланған және іздестірудегі, болмаса кылмыскер-лерден алынған, сондай-ак каңғып жүрген малдар; ашылмаған кылмыстар бойынша оқиға болған жерден табылған кол іздері; осындай істер бойынша табылған бұзу құралдары мен карулар-дын іздері; теміржол көліктеріндегі жүктер мен заттарды ұрлау фактілері; ашылмай калған қылмыстарды жасау әдістері және баскалары.

Информация о работе Криминалистиканың жалпы теориясы