Криминалистиканың жалпы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция

Описание работы

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

ә) Тергеу эксперименпгіне қатысушылар.

Эксперимент жүргізу женінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек.

Кылмыстык іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне катысушылардын екі түрі кдрастырылған — міндеттелетін және міндетгелмейтін қатысушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде кдтысушылар — тергеушілер, куәгерлер. Тергеуші экспе-риментті дайындайды, тәжірибелі іс-кимылымен оған басшы-лык жасайды, оны өткізу, кайтадан өткізу кажеттігін анықтай-ды, экспериментті өткізуге катысты барлык, үйымдык және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке баска тергеуші немесе полиция-ның жедел кызметінін кызметкері бөлінуі мүмкін.

Экспериментке айыпталушы, сезікті, куәлар, жәбірленуші, маман, сондай-ак корғаушы мівдеттелмей-ак қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуы-на болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағды-ны игерген бе, жок па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-кимылды өзгерту немесе басқалай дайын-дык әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырыла-ды. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде катысты-рылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп катыстыруға жол берілмейді. Куәлар мен жәбірленушілерге катысты мәселе де

осылай шешіледі.

Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде  тергеу-шінін жағдай езгерген кезде тиімді шешім кдбылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім кажет болғанда, іс-кимыл-ды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек

керсетеуіі.

б) Керекті  техникалык қүрал-саймандарды және басқа да

жабдықтарды дайындау.

Дайындық  жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші экспери-мент өткізуге кандай күрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы қажетті техникалык, саймандарды және баска Да жабдыктарды дайындап алуы тиіс. Мысалы, тергеу экспери-ментін жүргізуге өлшеу күралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір косалкы күралдар да қажет болуы мүмкін. Сондыктан °сының бәрін алдын ала анықтап, керекті қүрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін еткізетін жерге шықпай түрып Дайындап алуы керек.

Күрделі жағдайларда  тергеуші арнайы жоспар жасауы тиіс. Ол жоспарда тәжірибенің өткізілетін жері мен уакыты, катысу-шылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы накты-ланып керсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келген-нен кейін тергеуші кылмыс жасалған уакыт пен эксперимент жүргізілетін уакыт аралығында жағдайға кайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуретгің көмегімен хаттама-да көрсетіледі. Сондай-ак, тергеуші эксперимент нәтижесінде аныкталған жайттар мен кылмыс жасалған кездегі жайттардың сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді.

Экспериментке катысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттін болашак нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге катысушыларға олардын қай жерде болуы, кдндай нәрсеге назар аударуы кажеттігі ғана айтылады, эксперимент-ке катысушылардың өзара үйлесімді кызметінін әдіс-тәсілдері айқындалады.

Тәжірибе  жүргізуге кажетті заттай дәлелдемелердің  немесе олардың орнын алмастыратын заттардын жеткіліктілігі, сақта-луы мен тәжірибеге жарамдылығы тексеріледі. Экспериментке катысушылардын барлығына да бүл тергеу әрекетінін мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге жария болмауы мұқият ескертіледі.

 Дайындық жүмыстары  толык аякталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне катынасатын адамдарға олардың міндет-терін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын өз орында-рына орналастырады. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топ-тың бір-бірімен калай, кандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты баскару әдістері айтылады. Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша бастала-ды. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенін барысын бақылау-шы топ зер салып бакылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынак,-тың дүрыс жүргізілуін баскарып отырады. Егер тәжірибе бары-сында алдын ала койылған шарт, міндеттер орындалмаса, не басқаша орындалса (мысалы катынасушы дублерлер тәжірибені дүрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені токтатады, оны басынан бастап кайта жүргізуді талап етеді. Әр тәжірибенін корытындысы түжырымдалып, жазбаша түрде және суретке түсіру арқылы бекітіліп отырады.

Әр түрлі  тергеу экспериментін өткізудің  езінше тактикалык ерекшеліктері бар. Сонымен катар осылардың бәріне тән жал-пы тактикалық нүскау, үсыныстар да бар. Атап айтсак:

1) тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, экспериментгің нәтижелі етуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін окиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:

а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уакытта, сондай көріну, естілу жағдайында еткізілуі кажет;

ә) эксперимент  егер мүмкіншілік болса сол окиға  болған жерде өткізілуі тиіс, ал егер бұл жердің көрінісі және баска жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы калпына келтіру жүмыстары жүргізілуі керек;

2) тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет кайталандырылып жүргізілсе, онын барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Қайталау кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде езгертіліп отырылады.

Кдйталап өткізу дегеніміз  тек бір тәжірибені бірнеше рет  кайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, овда әр тәжірибе бірнеше рет кайталануы керек.

Тәжірибені  қайталап өткізу деген түсінікті - экспериментті қайта өткізу деген түсініктен ажырата білу керек. Егер экспе-римент дұрыс жүргізілмеген немесе іс жүргізу зандылығына қайшы жағдайда ол кайта жүргізіледі. Мүны да тергеу әрекетінің кайта еткізілуі деп түсіну керек. Ал, тәжірибенің кдйталануы — ол бір тергеу әрекетінің шенберінде оның кейбір элементінің кайталануы. Тәжірибелер бірнеше кезеңге белініп еткізілуі тиіс және бірнеше бөлімге бөлініп, әр бөлім жеке-жеке талданып, кабылдануы керек. Бүл тәжірибені толык көруге мүмкіншілік береді.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні мен мақсаттары.
  2. Тергеу экспериментінің түрлері.
  3. Тергеу экспериментін жүргізу тәсілдері мен тактикалық жағдайлары.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

№17 лекция. Тану үшін ұсыну тактикасы.

Мақсаты: жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету аркылы, осы объектіні онын бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер керген болса, кашан және кандай жағдайда кергендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитывдығын айырып, шешу үшін жүргізілетін занда көрсетілген тергеу әрекетін анықтау.

  1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты мен түрлері.
  2. Тану үшін ұсынуға дайындық.
  3. Тану үшін ұсыну жағдайларын дайындау.

Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамнын, заттардың, бүйымдардьщ және баска да объектілердің  осы тергеліп жатқан кылмыскд байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәге тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бұл объектілерді тану үшін көрсету тергеу әрекетінін кылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы кылмыс жасаған адам-ның кім екені аныкталады, іс бойынша қажетгі заттай дәлелде-мелер табылады. Бүл тергеу әрекетінің мағынасы — ол кылмыс-қа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінін ойында калған осы объектінін белгілері бойынша танып, айы-руы. Яғни, психологиялык жағынан алғанда бүл да кримина-листикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне керсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектіні ойында калған белгілерімен са-лыстырып, теңдестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінін нак езі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек.

Тану үшін көрсетілетін объектілер катарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда  пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін.

Тану үшін көрсету  дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету аркылы, осы объектіні онын бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер керген болса, кашан және кандай жағдайда кергендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитывдығын айырып, шешу үшін жүргізілетін занда көрсетілген тергеу әрекеті

Бүл тергеу әрекетін өткізудін  кажеттігі тергеу үстінде алын-ған  жауаптан туывдайды. Сондықтан бұл  тергеу әрекетінің жа-уап алумен көп  ұксастығы бар. Тіпті, бұрынырак  бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. К,ыл-мыстық іс жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін еткізудің психологиялық процесіне талдау жасасак, ол крими-налистикалык вдентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялык кдғидалар түрғысында өткізіледі. Бұл тер-геу әрекеті объектілерге тән белгілерді тендестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп түрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялык сүрак шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп тұрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жанағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп тұрған белгілермен салыстыру аркылы тану-шы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануға байланысты мүндай психология-лык процеске әр түрлі факторлар, себептер әсер етеді. Айта-лық, танушы адам осы тану үшін керсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қавдай кашыктықта көрді, көргенінен бері қанша уакыт етті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдык жағдайы кандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп әсер етеді. Сондыктан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі кажет .

Объектілерді тану үшін керсетер алдында тергеуші біраз да-йындык жұмыстарын жүргізу керек. Осы жүмыстардың ұқыпты, мүқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, қорытындысының объективтігі тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәдан, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бүл тергеу әрекетін өткізу кажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер ал-дында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оныңсол объектіні кандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін кашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді ше-шуде тергеушінін объектіні тануға неғүрлым тезірек көрсету керектігін қатаң ескертуі тиіс. Өйткені уакыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында керген объектінің бейнесі, белгілері үмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жүмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындык кезіндегі асығыстык тергеу әрекетінің сапасына керісінше өсер етеді.

Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде  өткізілуі қажет.

Дайындык жүмыстарының ең бір күрделісі — көрсетілетін объектіге ұқсас объектілерді табу. Айталык,: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан үксас дублерлерді, ал затгарды тану үшін керсету кезінде жал-пы белгілері сәйкес келетін үксас затгарды табу қажет.

Бұл тергеу әрекетін жургізгенде  бүған белгілі бір мамандар-ды қатыстыруға тура келеді. Айталық: мәйітгің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы ма-манды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогті катыстыру керек.

Дайыңдық үстінде тергеуші керек құрал-саймаңдарды, ғылы-ми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бей-нежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.

Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты тергеу әрекеті  бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтканда: адамның кім екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттщ кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету, белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға көрсе-ту. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету так-тикасында да ерекшеліктер бар.

Адамдардын кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын  ала танылатын адамның сырткы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны  қандай жағдайда кергені жөнінде  асықпай жауап алу кджет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне ұксас, кем дегенде екі адам-ның арасывда, калаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін керсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп кой-майтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем де-генде екі адамнын арасынан өзі калаған орын алғаннан соң, та-нушы адамды кіргізіп: «Алдыңызда түрған адамдардын ішінен кімді танисыз? Кандай нақты белгілері бойынша ол кісіні тани-тыныңызды түсіндіріңіз және кандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?» деп тергеуші үсыныс жасайды.

Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған кылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда калай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінін кандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уакыт өткен-нен кейін көрсетілген адамнын сырткы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондыктан көрсетілген адамды танығанмен онын бейнесінде кандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толык айтып беруі тиіс.

Осы тергеу әрекетін жүргізгенде  танушы адамнын өзіне көрсетілген  адамды тануы сол адамнын бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында калған белгілерді, көріп түрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша са-лыстырады.

Информация о работе Криминалистиканың жалпы теориясы