Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

          6)    жеке   айыпталушының - Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының екінші бөлігінде   көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы;

          7)   өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

          8)  белгілі    бір    айыптау    бойынша   қылмыстық    ізге    түсу    органның қылмыстық ізден түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

         9)   қылмыстық   із   қозғау   оған   медициналық   сипаттағы   мәжбүрлеу шараларын  қолдану үшін  қажет жағдайларды  қоспағанда,  қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі- шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

        10)    әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүкте мүмкін болатын жасқа толмаған қатысты;

        11)     іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін    қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адмға қатысты;

         12)     Қазақстан    Республикасы    Қылмыстық    кодексінің    ережелеріне байланысты   қылмыстық   жауаптылықтан   босатылуға   жататын   адамға қатысты [5; 17].

         Қылмыстық іс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелдеген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндіктер сарқылса, олардың бар екендігі дәлелденбеген кезде де осы баптың бірінші бөлігінің 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қысқартылады.

         Қылмыстық іс айыпталушының (сезіктінің) зиян келтіруі заңды болып табылатын не әрекетті айыпталушы (сезікті) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бірінші бөлігінің 2-тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылуға тиіс.

         Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 34-бабы бірінші бөлігінің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша іс қысқартуға, егер айыпталушы қарсылық білдірсе, жол берілмейді.

        Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор істі соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша қысқартуға да құқылы.

          Сотта қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән- жайды байқаған мемлекеттік айыитаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті.   Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлімдемесі, егер жеке аыптаушы айыптаудан қолдауын жалғастырса қылмыстық істі қараудың жалғастырылуына кедергі келтірмейді.

         Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті.

        Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдайлар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен хабарласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ ҚР ҚК көзделген ақтамайтын өзге де жағдайлар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін жағдайларды байқаған мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қылмыстық ізіне түсуден бас тартуды мәлімдеуге құқылы [7; 85].

        Мемлекеттік аыптаушы мәлімдеген қылмыстық ізге түсуден бас тарту айыптаушыға қылмыстық істің материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық ізіне түсуді жалғастыруына кедергі келтірмейді.

       Қылмыстық іс қысқартылғанға дейін айыпталушыға (сезіктіге) істі қысқартудың негізі мен осы негіз бойынша оны қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуге тиіс.

       Қылмыстық істің қысқартылғандығы туралы жәбірленушіге хабарланады, ол қылмыстық процессті жүргізуші органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

       Аталған баптың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартуға, егер сезікті, айыпталушы немесе жәбірленуші оған қарсылық білдірсе, жол берілмейді. Мұндай жағдайда іс бойынша іс жүргізу әдеттегі тәртіппен жалғастырылады.

1.4.           Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы

 

         Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процесстің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға:

-         ҚР Бас Прокуроры,

-          Бас әскери прокурор,

-          облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар,аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратуралардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады [8; 57].

          Прокуратура заңдылықтың кез келген нысанда бұзылуын анықтап, жояды, Конституцияға жэне өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заң актілеріне наразылықтар келтіреді, сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сонымен қатар, заңмен белгіленген жағдайларда және тәртіптерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

           ҚР прокуратурасының ұйымдастырылуы, әрекет ету тәртібі және прокурорлардың өкілеттіктері ҚР Конституциясымен, ҚР Президентінің прокуратура туралы заң күші бар Жарлығымен, заңдармен, халықаралық шарттармен, сондай-ақ, Бас прокурордың бұйрықтарымен реттеледі.

          Прокуратура органдар мен мекемелердің біртұтас жүйесін құрайды. Ондағы төменгі түрған прокурорларжоғары түрған прокурорлар жоғары түрған прокурорларға және Бас прокурорға бағынады. ҚР прокуратурасы өзінің қызметін басқа мемлекеттік органдардан, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз атқарады.

          Прокуратура қызметіне олар өз қызметін жүзеге асыру барысында араласуға тиым салынады. Заңмен белгіленген актілері барлық лауазымды тұлғалар, органдар үшін міндетті болып табылады.

          Прокуратура органдары заңмен белгіленген шектерді сақтай отырып, өз қызметін жариялы түрде жүзеге асырады.

         Прокуратура:

        1)   Конституцияны, заң актілерін және Президент актілерін бұзышылық реттерін жоюға шаралар қолданады;

       2)   Жедел - іздестіру қызметінің, анықтау және тергеудің, әкімшілік және атқарушылық өндірістің заңдылығына қадағалау жүргізеді;

       3)    Сотта мемлекет мүдделерін білдіреді;

       4)   Конституцияға және республика заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық келтіреді;

      5)     Заңмен    белгіленген    тәртіптерде    және    шектерде    қылмысстық қудалауды және асырады;

      6)    Мемлекеттік статистиканы қалыптастырады [9; 24].

     Заңдардың біріңғай және дэлме дәл орындалуын прокуратура тексерістер жүргізу жолымен қадағалайды.

     Прокурор тексерістерді:

     1) Президенттің тапсырысы бойынша;

     2)  Заң   бұзушылық   туралы   арыздар,   өтініштер,   өзге   де   жолауларға қатысты;

    3)    Заң бұзушылық белгілерін анықтауымен байланысты;

    4)     Жоғарғы тұрған прокурордың тапсырысы бойынша жүргізеді [4; 57]. 

           Заң қолдануды тексеру бір айлық мерзімде жүргізіледі. Жоғары тұрған

прокурордың келісімі бойынша жүргізілген тексеріс мерзімін прокурор ұзарта алады.

            Прокурордың қызметіне қандай да болсын нысандарда кедергі жасағаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік туындайды.

           Прокурордың талабы бойынша сәйкес органдар мен өкілетті түлғалар:

-  Тексеруге қатысу және қортынды беру үшін маманды беруге;

- Қажетті материалдар мен мәліметтерді ақысыз түрде беруге міндетті.

          Прокуратура   органдарының   жүйесін   Бас   прокуратура,    облыстық

прокуратура, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың прокуратуралардың, ауданаралық прокуратуралар, аудандық, қалалық және оған теңестірілген мамандандырылған және әскери прокуратуралар құрайды.

          ҚР Бас прокуроры:

1)    республика Президентімен Сенаттың келісімімен бес жыл мерзімге тағайындалады;

2)     қызметтен Президентпен босатылады;

3)     республика Президентіне есеп береді;

4)  прокурорды қылмыстық жауаптылыққа Сенаттың келісімінсіз қылмыс жасау үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс реттерді қоспағанда, қамауға алуға,  сот тәртібімен  салынатын  әкімшілік  жауапкершілік шараларын қолдануға тиым салынады.

         Қазақстан Республиканың Бас прокурорының өкілеттіктері:

1)    Заңдардың    орындалуына    қадағалау    жасайды,    төменгі    тұрған прокурорлардың қызметін басқарады;

2)       Заң актілеріне қарсы келетін заң актілеріне наразылық келтіреді;

3)       Жоғары сот кеңесінің мүшесі болып табылады;

4)       Барлық    тұлғалар    үшін    міндетті    болып    табылатын    актілер қабылдайды;

5)      Прокуратураларды құрайды, қайта құрайды және таратады;

6)       Президентке жоғары сыныптық шеңдер және әскери атақтар беру үшін кондидатураларды ұсынады;

7)       Төменгі тұрған прокурорларды қызметтен босатады және қызметке қабылдайды;

8)       Прокуратура органдарының қызметі туралы Президент алдында есеп береді;

9)     Прокаратура    органдарының    қызметкерлеріне    сыныптық   шеңдер береді және әскери атақтар береді;

10)     Прокаратура       органдарының       қызметкерлеріне       мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін ұсынады;

11)     Заңмен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады [3; 85].

          Прокуратура құқық бұзушыларға қатысты жауапкершілік шараларын

тікелей қолданбайды, бірақ, ол бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін барлық шараларды қолданады.

          Қылмыстық іс жүргізудегі прокурордың қадағалауы төмендегілерді көрініс табады:

1)       жедел - іздестіру қызметін қадағалау;

2)      тергеу мен анықтаманы қадағалау;

3)       сотта мемлекет мүдделерін білдіру;

4)       атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау [ 10; 41 ].

         Жедел - іздестіру қызметін қадағалаудың пәні болып жедел - іздестіру шаруаларын жүзеге асыру барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, жедел - іздестіру қызметін қадағалауға құқылы органдар мен лауазымды тұлғалардың актілерінің заңдылығын қадағалау табылады.

         Жедел-іздестіру қызметін қадағалай отырып, прокурор:

1)       заңмен    көзделген    шектерді    сақтай    отырып,    жедел-іздестіру жүмыстарын   жүргізуші   органдар   мен   лауазымды   тұлғалардан   жедел істерді, материалдарды, құжаттарды және өзге де қажетті материалдарды тексеру жүргізу үшін алады;

2)       жедел-іздестіру шараларының заңдылығын тексереді;

3)      жедел-іздестіру   шараларын   жүргізетін   адамдар   мен   лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдарды қарайды;

4)     жедел-іздестіру шараларын жүргізуші органдар шығаратын актілердің заңдарға сәйкестігін тексереді;

5)       өз қаулысымен жедел-іздестіру шараларын тоқтатады;

6)      жедел-іздестіру     шараларын     жүзеге     асыру     барысында     заң бұзушылықтарды   жіберген   қызметкерлерге    қатысты   қылмыстық   іс, тәртіптік іс қозғайды;

7)       Заңмен көзделген өзге де актілерді шығарады;

8)       Заңсыз қамауға алынған адаамдарды босатады;

9)    Жедел-іздестіру      қызметтің      жүзеге       асырушы      органдардың басшыларынан оларға бағынысты органдарда тексерістер жүргізуді талап етеді;

10)   Заңмен көзделген жағдайларда жедел-іздестіру шараларын жүргізуге санкция береді [11; 92].

           Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды ҚР-ның Бас прокуроры және өз қүзіеттері шегінде өзғе де прокурорлар жүзеге асырады.

           Әрекет етуші заңнамаға сәйкес, прокурор тергеу мен анықтама органдарының актілерін заңдылығын және эрекеттерін қадағалайды.

           ҚР Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар қадағалауды келесі мақсаттарда жүзеге асырады:

-    бірде-бір қылмыс ашылмай қалмауы үшін;

-  қылмыс  жасағанына  сезікті  адамды  тек  қана  заңмен  көзделген тәртіптерде және реттерде қамауға алу үшін;

-    ешкім заңсыз немесе непзсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы үшін;

-    ешкім  прокурордың  санкциясы  немесе  соттың  шешімінсіз  қамауға алынбас үшін;

-     қылмыстық істі тергеудің заңмен көзделген тәртібі сақталуы үшін;

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар