Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың өзектілігі
Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.
Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58
Ал прокурорлық қадағалау қылмыстық істі қозғау және гергеу кезінде анықтаушылардың жіберген кез-келген заң бұзушылықтары мен тергеудегі қателерін болбыртпауга және жоюга бағытталған. Бірақ бұл прокурордың заң бұзушылықтарды, тергеу қателіктерінің алдын алу жөніндегі құқықтарын (жекслеген тергеу әрекеттеріне санкция беру. шешімдерді бекіту, келісімдеу) жоққа шығармайды;
2) всдомстволық бақылау әрдайым әрі үздіксіз жүзеге асырылады және сонысымен қадағалаудан ерекшеленеді. Ал қадағалау анықтаушылардың жіберген заң бұзушылықтарын, тергеу қателіктерін жою және осы жөнінде оларға берген нұсқаулардын орындалуын тексеру кезінде жүзеге асырылады. Және кейбір кездері прокурор қадағалауы жоспарлы түрде нсмесе өз бастамашылығымен жүзеге асыруы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы ретінде ол. өз ұстанымының сапалы дәлелдемелік материалға сүйенетініне мүлдслі. Сондықтан да. прокурор тергеу барысында істін мән-жайының жаи-жақты. толық. объективті болуына күш салады; айыптау қорытындысын не айыптау хаттамасын іс бойынша жиналған дәлелдемелерді өзі бағалай отырып тергеудің тиісті түрде жүргізілгендігін тұжырымдағанда ғана бекітеді
3) прокурорлық қадағалаудың берген нұсқаулары тек анықтаушыларға, тергеушілерге, тергеу бөлімінің бастығына ғана емес, анықтау органының бастығына да қоса таралып, қатысты болады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, автор мынандай ортақ тұжырымға келеді: ведомстволық бақылау да, прокурорлық қадағалау да- қылмыстық істің мән-жайларын жаи-жақты, толық, объективті зерттеуді қамтамасыз етудің және тергеу қателеріи алдын алудың іс жүргізу кепілдіктері болып табылады. Демек, дұрыс ұйымдасгырылып жүзеге асырылатын бақылау да, қадағалау да бірін-бірі ауыстырмайды және іс жүргізуді бәсендетпейді, керісінше, қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің табысты орындалуын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарынын сапалы қорғалуын бірігіп қамтамасыз етеді.
«Қылмыстарды тергеу саласындағы анықтау органының бастығы қызметінің ұйымдастырушылық және іс жүргізушілік аспектілері» деп аталатын екінші бөлім үш бөлімшеден түрады.
«Қылммыстарды тергеді ұйымдастыруда анықтау органы бастыгының ролі» (ііпіпі.і бірінші йолімшеде анықтау органы бастығының іс жүргізушілік өкілеттіктерін талдау негізінде анықтау органы бастығының рөлі анықталып, оның осы қызметін бағалаудың критерийлері қарастырылды.
Анықтау оргаиы бастығының қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыру кызмоті екі бағытта - алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыруда, автордың пікірінше, анықтау органының бастығы басты назарды анықтау мен алдын ала тергеу органдарының өзара тығыз әрекет етуіне аударуы қажет. Өйткені нақ осы істер бойынша ғана аталған органдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды (53,3%).
Бұл осы қылмыстарды анықтау органдары қарастырып, тергеудін алғашқы сатысын жүргізгеи жағдайда заңмен белгіленген тәртіп ережелеріне де байланысты болып келеді. Атап айтқанда, анықтаушы алдын ала тергеу міндетті қылмыстар туралы арыздарды немесе хабарларды қабыддаған сәтте бірден ол жөнінде тергеушіні, прокурорды хабардар етуі керек, сондай-ақ, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекетгері мен жедел-іздестіру әрекеттерін үйлестіріп. жүргізу және істі бес тәуліктен кейін тергеушіге беру, одан кейінгі кезде осы істер бойынша тсргеушінің тапсырмаларын орындау барысында онымен тығыз әрскет етсді. Автордың пікірінше, осы қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыруда анықтау органының бастығы ұйымдастырушы, үйлестіруші рөлдеріне ие болады. Өйткені оған қылмыстыкқ іс жүргізу заңымен осы қылмыстық істердің тергеуін ұйымдасгыру да ешқандай іс жүргізушілік өкілеттіктер берілмеген.
Ал осы ісгергс қарағанда сотқа дейіигі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық істер бойынша тергеуді анықтау органының бастығы толық көлемде ұйымдастырады. Бұл онын қылмыстық іс жүргізу заңымен берілгси кең өкілеттіктерімен, оның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағыида белгіленген қылмыстық істі козғау немесе қылмыстық істерді өз тергеуіне қабылдау және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу не анықтауды жеке-дара жүргізу құқыктарымен байланысты.
Тәжірибеде басшының осы құқықтарды пайдаланудың қажетті жағдайларын естен шығармайды. Олар ведомстволык.бақылауды жүзеге асыру-кезінде қылмыстық істің сапасыз жүргізілуі мен заңбүзушылықтарға, кателіктерге жол бермеу мақсатында (20,4%), сондай-ақ, қазіргі кезде кадрлардың жетіспеуі жағдайында (33,3%)- анықтаушыларға көмек көрсету кездерінде қолданылады (46,3%).
Сонымен бірге, осы мәселе жөнінде зерделенген заң әдебиеттерінде анықтау органы бастығының басты міндеті - қылмыстық істерді тергеу емес. өзіне сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін тиімді етіп ұйымдастыру және оның сапалы жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар туғызу деп көрсетілген. Аталған мән-жайларды ескере отырып, анықтау органы бастығының осы құқықтарды қолданудын нақты жағдайларын заңда белгілеп көрсету қажет деп санайды.
Осы қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыру жөніндегі анықтау оргапы бастығының қызметін талдай отырып, оның кепіл бсруші, ұйымдас-тырушы, ал жоғарыда айтылған құқықтарын пайдалану жағдайларында аныктаушының міндетін атқарушы рөлдеріне ие болатынын атап көрсеткен.
Анықтау органы бастығының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру қызметінің оның өзге де ведомстволық бақылау, ақпараттық-талдау және жоспарлау сияқты қызметтерді атқаруымен тығыз байланысты екені негізделген. Қылмыстардың тергеуін ұйымдас-ырудың тиімділігі анықтау органы бастығының осы қызметтерді тиянақты түрде орындауынан да болады.
Жұмыста анықтау органы бастығының қылмыстарды тергеуді ұйым-дастыру қызметін бағалаудың критерийлері де қарастырылған. Олар осы заманғы талаптарға жауап бермейді және жедел жағдайдың қазіргі қалпын объекуивті, дәл көрсетпейді. Сонымен қатар, алдын ала іздестіру органдарының түрлі заң бұзушылықтарды жасауына және анықтау органдарының жұмыс көрсеткіштерін олай-бұлай бұрмалауына себеп болады. Осының неіізінде қарапайым халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенгіштігі, үмітпен қарау көзқарасы бәсендеген, кейбір жағдайдаларда тіпті жоғалған.
Мысалы, Ресейдің қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде қылмыстардың ашылу пайызы критериі алынып тасталған. Соның нәтижесінде қылмыстарды есепке қоюдан жасыру қажеттігі жойылып, тіркелген қылмыстардың саны бір жарым есеге өсті. Бұл нағыз демократияға апаратын дұрыс қадамдардың бірі.
Осы мәселені қарастырған заң әдебиеттерін талдау арқылы. анықтау органы бастығының қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру кызметі осы жұмыстың формальды-статистикалық көрсеткіштерімен емес. азаматтардың конституциялық құқыктары мен бостандықтарын. заиды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелерін ескеріп, қайта қаралған киритерийлері негізінде бағалануы тиіс деген тұжырым жасайды.
Алдын ала тергеу міндетті қымыстық істер боііынша анықтау органы бастыгының іс жүргізуішік өкілеттіктерінің шегі» атты екінші бө.чімшеде анықтау органы бастығының және анықтаушының осы қылмыстық істер бойынша жүзеге асыратын іс-әрекеттер жүйесі анықталып, анықтаушының қылмыстық-іс жүргізушілік дербестігі және аталған қылмыстық істерге жүзеге асырылатын прокурорлық қадағалау қарастырылған.
Алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша анықтау - анықтау органдарының негізгі қызмет түрі болып табылмайды. Мұндай іс жүргізу анықтаушының тергеушінің тергелуіне жататын қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдап алған жағдайда немесе осы істер бойынша анықтау органы бастығының анықтаушыға қылмыстық істі козғау, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар ету жөнінде берген тапсырмалары бойынша жүргізіледі.
Осы қылмыстық істер бойынша анықтаушы мен анықтау органы бастығының іс жүргізушілік екілеттіктерін зерделеу негізінде, автор, олардың шектелгендігі жөнінде тұжырымға келеді. Осылайша, анықтау органының қызметі қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдап алу, қарау, тексеру және ол бойынша шешім қабылдаудан басталып, қылмыстық іс қозғалған жағдайда кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, істі бес тәуліктен кешіктірмей тергеушіге берумен аяқталады.
Бұл қылмыстық. істер бойынша анықтау органдары өз еріктерімен тек қылмыс жасаған тұлғаны анықтап табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын ғана жүргізе алады. Басқа жағдайда осы қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттері мен іздестіру шаралары тек тергеушінің тапсырмасы мен нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі (ҚР ҚІЖК-нің 64-бабының 7-бөлігі, 200-бабының 3-бөлігі).
Алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің тізбесін жасап, оған сараптаманы қоспағаны туралы көрсетілген. Тәжірибеде сараптаманың қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүргізілетін жағдайлары да кездеседі.
Мысалы, жол-көлік оқиғалары туралы қылмыстарды тергеу кезінде әдетте бірнеше сараптама (трассологиялық, сот-медициналық, автотехникалык және т.б.) жүргізіледі. Сонымен қатар, осыған заң әдебиеттері мен қылмыстық істерді тергеу тәжірибесіне жасалған талдау да көрсетеді. Осыған байланысты, автор, ҚР ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігіне кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің тізбесіне сараптаманы қосып белгілеу қажет деп санайды.
Жұмыста, сондай-ақ, анықтаушының осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізушілік дербестігінің тергеушімен салыстырып қарағанда елеулі түрде шекгеулі екені көрсетілген. Ол қылмыстық іс жүргізу занының мынадай ережелерінен айкын көрініп. заң шығарушының қылмыстық, іс жүргізу заңында бекіткен анықтаушы мен анықтау органы бастығынын ерекше қылмыстық-іс жүргізушілік қатынастарымен түсіндіріледі:
Анықтаушынын. қылмыстық іс бойынша қабылдаған негізгі іс жүргізу шешімдері мен тергеу әрекеттерінің нәтижелері (заң бойынша прокурордың санкциясы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда) аныктау органыньң бастығымен бекітіліп, қол койылуы міндетті. Өйткені басқа жағдайда олардың заңды күші болмайды.
Егер де тергеуші, прокурордың санкциясын талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша барлық шешімдерді дербес өзі қабылдайтын болса, анықтаушы көптеген іс жүргізу шешімдерін анықтау органы бастығының келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша қабылдайды.
Анықтаушының анықтау органы бастығының берген нұсқаулары бойынша прокурорға шағымдануы, олардың орындалуын тоқтатпайды. Өйткені аталған нұсқаулардың орындалуын ұйымдастыру үшін анықтау органының бастығы тікелей өзі жауап береді. Сондай-ақ, осы істер бойынша қылмыстың саралануы мен айыптаудың көлемі, айыпталушыны сотқа беру үшін істі прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдер бойынша прокурорға шағым жасау тек тергеушінің құзыреті болып табылады.
Осы қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізу кезінде анықтаушының іс-әрекетгерін анықтау органының бастығы бақылайды. Ал іс алдын ала тергеу органдарына берілгеннен кейін, оның іс-әрекетіне тергеуші басшылық жасайды. Бұл ретте, тергеуші анықтаушының қылмыстық іс бойынша орындалуы міндетті тапсырмалары меи нұскауларын анықтау органы бастығының атына береді.
Алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша • анықтауға жүзеге асырылатын прокурорлық қадағалау да шектелген болып келеді. Оның қадағалауы анықтау органының осы қылмыстар туралы арыздар немесе хабарлар бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына, тексеру материалдары бойынша негізделген әрі занды шешімнің қабылдануына және кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің заң талаптарыи бұзбай, жүргүзілуінс, сондай ақ, қылмыстық істің өрі қарай тергелуі үшін уақтылы (бес тәуліктен кейін) тергеушіге берілуін бақылауға бағытталған. Анықтаушы мен анықтау органының бастығы осы қылмыстық істер бойынша тергеудің алғашқы кезеңіне, яғни кылмыстық істің тергеушіге берілгенге дейінгі кезеңге жауап береді. Бұл олардың заңмен белгіленген ерекше құқықтық қатынастарына байланысты. Ал қылмыстық іс тергеушіге берілгеннен кейін анықтау органы тек тергеушінің осы істер бойынша берген тапсырмаларын орындайды. Сол себептен де осы кезден бастап прокурорлық қадағалау алдын ала тергеу органының қызметіне жүзеге асырылады.
Анықтау органының бастығы тек тергеушінін берген нұсқауларының орындалуын ұйымдастырып, бақылайды және соған жауап береді.
«Анықтау органы бастыгының анықтау органымен тергелетін қыл-мыстық істердің заңдылығы, дер кезділігі мен негізділігі ушін жауапкершілігі» деп аталатын үшінші бөлімшеде анықтау органы бастығының алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі белгіленіп, оны қылмыстық іс жүргізу заңына енгізу жөнінде ұсыныс жасалған.
Осы мәселені зерделеу барысында анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігінің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленбегенін көрсетеді. Осыған байланысты диссертацияда аныктау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілігі түсінігіне анықтамасын берген:
Анықтау органы бастығының қылмыстык-іс жүргізушілік жауапкершілігі деп - оның қылмыстык сот ісін жүргізу барысында заңмен берілген өкілеттіктерді тиісті түрде жүзеге асырмауы негізінде жіберілген заң бұзушылықтар мен тергеу қателіктгерін жоюға және азаматтардың бұзылған құкықтарын қалпына келтіруге бағытталған институтты айтамыз.