Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың өзектілігі



Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.

Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3





1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6



1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6

1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9

1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13

1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15





2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51



2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51

2.2. Айып тағу........................................................................................................53

2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56





ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

         Егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер  бойынша  өзіне  тиесілі  құқықтарды  өз  бетінше  пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қозғауға құқылы.

        Жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымының болмауы дегеніміз, бұл — қылмыстық процестің басталуын болдырмайтын мән-жай. Ол жорта белгіленуі мүмкін емес. Жәбірленушінін арызы не бар, не жоқ.

        Егер жәбірленушіден арыз түспесе, ал қылмыстық іс қозғауға негіз бар болса, онда адамның қылмыс жасағаны орын алған, яғни жәбірленушінің шағымынсыз-ақ істің қозғалуы мүмкін. Мұндай факты бойынша (мұндай қылмыстың объективтік жағының белгілерін табу) қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Тиісінше, кейін оны қысқартуға қандай да бір негіз табылса, ол — ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы емес, не де болса басқа мән-жай, мысалы, ҚР ҚІЖК-нің сол бабының 2-тармағы (қылмыс құрамынын міндетті белгілерінің біреуінің болмауы). Ал, анықтау органы немесе тергеуші қылмыстық процеске заңсыз кірісіп, тіптен қылмыстық іс қозғап, сондықтан алдын ала тергеу қысқарса, онда мәселе басқа. Мұндай жағдайда кылмыстык істі ҚР ҚІЖК-нін 37-бабының 7-тармағы негізінде қысқартудың занды екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Бұл ерекше жағдай, сондықтан оны ереже ретінде қабылдауға болмай-ды.

     Дегенмен, практикада мұндай шешімдер қабылданады, сол себепті сот әділдігін жүзеге асырушы жоғарғы орган мына жағдайға назар аударды. Қылмыстық іс ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқаруы мүмкін, бірақ сотқа бұл шешімнің занды еместігі туралы шағым түседі. Сот не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабы біреу: жәбірленушінің шағымы болмағандықтан тергеушінің істі қысқартуы ондай шағым түскен жағдайда соттың оны кайта қозғауына кедергі болмайды.

 

1.2.           Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру

 

      Қылмыстық  іс  жүргізу заңында  қылмыстық іс  қозғаудың  мәнін  айқындайтын  арнаулы  нормалар    болмағанымен,   осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

       Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:

-  қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚР ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі  іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;       

- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;

- қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.

     Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚР ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.

      ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" - қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен    шешімдерінің  жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:

     -қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі   дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;

      -қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;

      -қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.

      Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз — бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышартгың бар-жоғын анықтайды.   

        Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсумен бірдей емес. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы -бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.

       Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.

       Қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстық процестің дербес сатысы. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.

                  Қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:

       - уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;

       -  қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ  тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлылығын дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған;

       -  ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады;  

        - уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегідұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.

                  Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:

         -  қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;

         -  осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;

         - екінші мақсатпен өзара байланысты — осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ  олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.

        Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетгі түрде жауап қайтаруын көздейді.

      Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлы адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіп шығады.

       ҚР ҚІЖК 34-бабында аталған қылмыстар туралы істер жеке-жариялы айыптау істер болып саналады, жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабында көзделген жағдайлары ғана жәбірленушінің айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға жатады.

         Қарастырылып отырған қылмыстық істі қысқарту негізгі міндетті болып табылмайды, яғни татуласу негіздері заңдылықтарға сәйкес күштеу шараларына жатпайды.

         Мұндай негізде қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай негіздер болғанда ғана жүзеге асырылады:

         Біріншіден, кінәлі адамның істеген іс-әрекеті ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар, абайсыздықпен жасалынған қандай да болмасын қылмыс немесе бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана қылмысы үшін болуы.

         Екіншіден, тұлғаға моральдық немесе физикалық немесе мүліктің зардаптың нақты келтірілуі. Мұндай қылмыстың түрлеріне мысалы, 129-бап Жала жабу, 130- бап Қорлау, 175- бап Ұрлық, 104- бап Денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиянды қасақана келтіру және тағы басқалары [2; 65].

        Үшінші негіз болып кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, соттылығының болмауы және бұрын жасалған басқа да қылмыстардың болмауы, не қылмыстық жауапылықтың болмауы табылады. Татуласу қорқытудан, тәуелдіктен емес, шын өзара татуластық болуы керек.

       Төртінші негіз болып қылмыспен келтірілген зиянның орнын толтыру табылады.

      Жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабында (бірінші бөлігінде) (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 104-бабында (бірінші белігінде) (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру), 104-бабында (бірінші бөлігінде) (Денсауылыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде) (Заңсыз аборт жасау), 120-бабында (бірінші бөлігінде) (Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану), 135 (Бала асырап алу құпиясын жария ету), 139-баптарында (Қамқорышы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану), 144-бабында (үшінші бөлігінде) (Дәрігерлік құпияны жария ету), 176-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) (Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 184-бабында (бірінші бөлігінде) (Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу), 187-бабында (бірінші бөлігінде) (Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру), 188-бабында (екінші бөлігінде) (Бөтен біреудің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру), 189 (Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау), 200-баптарында (Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету), 226-бабында (бірінші бөлігінде) (Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету), 227-бабында (бірінші бөлігінде) (Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану жэне тарату), 228-бабында (Өкілеттіткерді теріс пайдалану), 229-бабында (бірінші бөлігінде) (Жеке нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалану), 296-бабында (бірінші бөлігінде) (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы), 327-бабында (бірінші бөлігінде) (Өзінше билік ету) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша іс қозғалмайды [3; 85].

           Егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайғы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарғы өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.

            Аталған баптың 2 және 3-тармақтарында аталғандарын қоспағандағы қылмыстар туралы істер жариялы айыптау істері болып саналады. Бұл істер бойынша қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің шағымы беруіне қарамастан жүзеге асырылады.

 

1.3.           Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру

 

           Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 8-тарауында көзделген әрекет мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі

бойынша жүзеге асырылады.

          Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстық белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетті [4; 52].

          Қылмыстық ізге түсу органы жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыспен келтірілген зиянды өтеу шараларын қолдануға міндетті.

         Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық процестегі өзінің өкілеттігін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады.

         Қылмыстық іс бойынша объетивті зерттеу жүргізуге кедергі келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.

         Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайлар:

        1)       қылмыстық оқиғасы болмауы;

        2)      әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

        3)     егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары;

        4)     мерзімінің ескіруіне байланысты;

        5)     Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабында екінші бөлігінде және 34-бабында екінші бөлігінде көзделген жағдайларды   қоспағанда,   Қазақстан   Республикасының   қылмыстық   іс жүргізу кодексінің 33-бабының бірінші бөлігінде және 34-бабының бірінші бөлігінде   көзделген   қылмыстар   туралы   істер   бойынша   жәбірленуші шағымының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабында    бірінші    бөлігінде   көзделген    жағдайларда,    жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы;

Информация о работе Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдар