Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 13:52, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың өзектілігі
Қылмыстық қудалаудың негізгі мақсаты - қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау, оны жасаған адамды анықтау және ұстау, айып тағу.
Қылмыстық құдалауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар: олар прокурор (мемлекеттік айыпталушы), тергеуші, анықтау органы мен анықтаушы.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қылмыстық процеске қатысушылар ішінде негізгілері болып табылады. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі идеялары мен қағидаларын, міндеттерін сақтап, жүзеге асыруға, қылмыстық істі уақытында және дұрыс ашуға, заңнаманың біріңғай және дұрыс қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тергеуші мен анықтаушының әрбір әрекеті құқық нормаларымен көзделген және белгілі бір процессуалдық нысанда болады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................................6
1.1 Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар...............................................................................................................6
1.2 Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асыру........................................................................................................................9
1.3 Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру..........................................................13
1.4 Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық жағдайы..................................................................................................................15
2-ТАРАУ. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ......................................................................................51
2.1. Айыпталушы ретінде жауап тарту ұғымы және оның негіздері, тәртібі..51
2.2. Айып тағу........................................................................................................53
2.3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру........................................................56
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58
Бұл ретте қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершілік тек материалдық-құқықтык нормалардың орындалуын ғана емес, сондай-ақ, қылмыстық-іс жүргізушілік қатынастар негізінде бұзылған құқықтық институттардың (қылмыстық іс бойынша объективті шындыққа жету, заңға қайшы әрекет жасағанында айыпталатын тұлғаның құқықтары, бұл тартпау шарасын қолданудың негізділігі және т.б.) қалпына келтірілуін көздейді.
Жұмыста анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктерін талдау негізінде анықтаудың түрлеріне карай оның қылмыстық-іс жүргізушілік жауапкершіліктерінің шегі анықталған.
Алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізуде анықтау органы бастығының өкілеттіктері шектеулі болғандықтан, ол осы қылмыстық істерді тергеудің сапасына бөлшектей жауап береді. Ал сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық істердің сапасына анықтау органының бастығы толық жауап береді. Өйткені бұл қылмыстық істерді анықтау органдары басынан аяғына дейін дербес өздері тергеп, аяқтайды және істі сотқа жібереді.
Анықтау органы бастығының құқыктық мәртебесінін қылмыстық іс жүргізу заңында толық белгіленіп, реттелуі мақсатында, автор, қолданыстағы ҚР ҚІЖК-нің 66-бабы 3-бөлігінін 3-тармағынан кейін төртінші тармақты енгізіп, онда «.Анықтау органының бастығы осы қылмыстық істер бойынша жүргізілген іс жүргізу әрекеттерінің заңдылығы, дер кезділігі және негізділігі үшін жауапкершілік атқарады» деген толықтыру жасауды ұсынған. Ал сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық істер бойынша осы Кодекстің 66-бабы 4-бөлігінің 4-тармағынан кейін бесінші тармақты енгізіп, онда «Анықтау органының бастығы осы қылмыстық істердің сапалы тергелуі үшін толық жауап береді» деген толыклгыруды ұсынған.
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелерді түйіндеп, аныктау органы бастығының қылмыстық іс жүргізу кызметінің ұйымдасгырушылык және құкықтык негіздерін одан ері карай жетілдіруге бағытталған тұжырымдар мен тәжірибелік ұсынымдарды жасаған.
Анықтау органының бастығы деп заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес өз бойына бір-бірімен өзара байланыскан. келісілген ұйымдастыру-баскарушылық және қылмыстық-іс жүргізушілік кызметтері біріктіретін және белгілі бір негіздер болған жағдайда кылмыстык-іс жүргізушілік жауапкершілікті атқаратын мемлекеттік органының немесе мекеменің не олардьң құрылымдык бөлімшелерінің басшысын айтуға болады. Оның қызметі қылмыстық. іс жүргізудегі ерекше құқықтық мәртебесіне сәйкес қосалқы сипатқа ие долады: ұйымдастыру-басқарушылык және қылмыстық.-іс жүргізушілік. Бұл ретте анықтау органы бастығының ұйымдастыру-басқарушылық қызметі -иегізгі, ал қылмыстық-іс жүргізушілік - қосымша қызмет болып табылады.
Анықтау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізу қызметін құқықтық реттеу мәселелерін зерттеу барысында автор заңның бір катар ол қылық тары мен кемшіліктерінің барын анықтаған. Соның нәтижесінде ол қылықтардың орнын толтыру жоне нормалардың бір-біріне қарама-қайшы келуін жою, анықтау органының қызметіне қатысты занда жете зерттелмсген қылмыстық іс жүргізу институттарын қайта қарау қажетгігі туралы және озіне де ұсыныстар мен ұсынымдарды берген.
Анықтау органы бастығының ведомстволық бақылау қызметіне тоқтала отырып, оның қылмыстык. істі қозғау сатысының тергеуге дсйінгі тексеру кезеңіндегі құқықтарының заң жүзінде бекітілмегенін көрсеткеи. Соган сәйкес диссертацияда анықтау органы бастығының тергеуге дейінгі тексеру кезеңіндегі құқыктарын ашып көрсетіп, қылмыстық іс жүргізу заңының тиісті нормасында белгілеу кажетгігі жонінде ұсыныс жасалған. Анықтау органы бастығының ведомстволық бакылауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-іс жүргізушілік өкілеттіктерінің жүйесі, оның осы қызметін «қос бақылау» деп атауға негіз берді.
Анықтау органы бастығының ведомстволық бақылауы мен прокурорлық кадағалау - адам және азаматгардың құқықтары мен бостандыктарын, заңды мүдделерін корғаудың басты кепілдіктері болып табылады. Автордың пікірінше, прокурорлық қадағалау анықтау органы бастығының ведомстволык, бақылауын ауыстырмайды және бесеңдетпейді, керісінше, осы кепілдіктер жүйесімеи қылмыстык іске қатысушылардың құқықтары мен бостандыктарының жоғары деңгейде қорғалуы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге. аныктау органы бастығының ведомстволық бакылау қызметінің артықшылығы сонда, егер де ол тиісті түрде жүзеге асырылса, прокурорлык кадағалаудың жүргізілуіне негіздер мен себептер туғыздырмайды.
Алайда қылмыстарды тергеу саласындағы тәжірибе анықтау органының бастығымен жүзеге асырылатын всдомстволык бақылау деңгейінің төмен екенін керсетеді. Онын олай деуінің басты себебі болып сотқа дейінгі іс жүргізуді анықтау органдары жүзеге асыратын кылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімдерінің бұзылуы, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің тиісті түрде қорғалмауы. сакталмауы табылады. Осы мәселелерді шешуде автор өз ұстанымын алға қоя отырып, ұсыныстар мен ұсынымдар берген. Өз кезегінде, бұл - қылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімдерін бұзудың негізгі себептері айыпталушыларды құжаттандыру, сараптама қорытындысының уақытында дайын болмауы мәселелерінің қайта қаралуы жөніндегі автордың жұмыста көрсетіп кеткен ұсынымдары. Сонымен қатар, диссертацияда осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу мерзімін он күннен бір айға ауыстырып, оның одан әрі карай ұзартылмайтыны туралы ұсыныс жасалған.
Алдын ала тергеу міндетті және алдын ала тергеу міндетті емес қылмыстық істердің тергеуін ұйымдастыруда анықтау органы бастығының рөлдерін анықтап, оның осы қызметін бағалаудың критерийлерін осы заманга сай етіп кайта қарау кажет деп санайды.
Аныктау органы бастығының қылмыстық-іс жүргізушілік мертебесінін кылмыстык іс жүргізу заңында толыққанды белгіленуі максатында, автор, аныктаудын түрлеріне қарай оның қылмыстық-іс жүргізуішлік жауап-кершілігін белгілеп. оны кылмыстық іс жүргізу заңsның соған сәйкес нормасына енгізуді ұсынған.
Қазақстанның саяси жан-жақты жаңару жолына түсуіне байланысты кылмыстык іс жүргізудегі аныктау институтын әрі қарай реформалаудың қажеттігін сөз етіп, Батыс елдеріндегі қылмыстық іс жүргізудін континентальдық құрылымына бірте-бірте ауысу керек деп шешеді. Олардың қылмыстық іс жүргізуіңе сәйкес анықтау — алдын ала іздестіру нысаны және міндетті түрде жүргізілетін қызмет түрі болып табылмайды. Ол - қылмыстық қудалауды қозғау туралы мәселені шешу үшін косымша ақпараттарды жинаудан тұратын қылмыстық іс жүргізудін алғашқы кезеңі.
Анықтаудың қылмыстық іс жүргізудің осындай алғашқы кезеңі ретінде болуы, оның қызметін шынайы әрі атқарған жұмыстары негізінде бағалануына мүмкіндіктер туғызар еді. Өйткені, біздің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, анықтау органы мен алдын ала тергеу органының шешетін қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен атқаратын қызметтері бірдей болып табылады. Осыған байланысты, бүгінгі таңда олардың жұмыстарын қол жеткізген жетістіктеріне қарай жекелей әрі әділ бағалануына мүмкіндіктер тумай отыр.
ТАРАУ 2. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
2.1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы ұғымы және оның негіздері мен тәртібі
Айыптау - бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде шағым (апеляциялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.
Айыптаудың мәні мынада:
- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп, тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезінде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни, нақты адам- кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады [42; 54].
Тергеуші айыпталушыға айып тағылған күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шақыруы не тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтіну туралы құқығы түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелеріне сәйкес айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші егер қорғаушыны айыпталушыны өзі, оның заңды өкіліне не оның тапсырмасы немесе келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келмеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.
Бостандықта жүрген айыпталушы жазбаша хабарлама - шақыру қағазы арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе жеделхат арқылы да берілуі мүмкін.
Шақыру қағазында айыпталушы ретінде кім, қайда және кімге шақырылатыны, келетін күн мен сағаты, сондай-ақ келмеу қалуының салдары көрсетілуге тиіс.
Шақыру қағазында айыпталушыдан қолхат алып тапсырылады, ал ол уақытша болмаған жағдайда айыпталушыға беруі үшін шақыру қағазы кәмелетке толған отбасы мүшесіне тапсырылады немесе тұрғылықты жеріндегі тұрғын үй- пайдалану ұйымына немесе әкімшілікке не жұмыс орнындағы әкімшілікке беріледі, олар жауп алуға шақырылып отырған айыпталушыға шақыру қағазын беруге міндетті. Айыпталушы басқа да байланыс құралдарын пайдалана отарып шақыртылуы мүмкін. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және ол тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайда, алдын ала тергеу органы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялауға құқылы [34; 12].
Бостандықта жүрген айыпталушы тергеушінің шақыртуы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндетті.
Тергеушінің шақыртуы бойынша айыпталушының келмей қалуына мыналар дәлелді себеп деп танылады:
1) айыпталушының келмеуіне мүмкіндік бермейтін ауру;
2) жақын туыстарының қайтыс болуы;
3) дүлей апаттар;
4) шақыру қағазының \ хабарламаның \ қолына тимеуі;
5) айыпталушының белгіленген мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге жағдайлар [35; 26].
Айыпталушы белгіленген мерзімде келмей қалу себептері туралы тіркеушіге хабарлауға міндетті.
Дәлелсіз себептермен келмей қалған жағдайда айыптаушы айдап экелінуі мүмкін.
Күзетпен ұстауда жүрген айыпталушы қамау орнының әкімшілігі арқылы шақыртылыды.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда мыналар көрсетілуге тиіс:
1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кім жасаған; айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты мен әкесінң аты, оның туған күні, айы, жылы және жері;
2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың оны жасаған уақыты, оның көрсетілген сипаттамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117-бабында сәйкес дәлелденуге тиісті өзге де жағдайлардың сипаттамасы;
3) аталған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) [48; 107].
Бірнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегі айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыстық заңның әрбір бабы (бөліктер, тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты іс-әрекеттер танылатыны көрсетілуі тиіс.
Қаулыда адамда тергеліп отырған іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім болуға тиіс.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.
2.2. Айып тағу
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз — алдын ала тергеу сатысының қорытынды бөлімі. Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу бойынша барлық тергеу әрекеттері аяқталып, істін ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды.
ҚР ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған кезеңнің басталу және қадағалаушы прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігінін бар екендігін көрсетеді. Алдын ала тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. "Алдын ала тергеудің аяқталуы" термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:
аттас кезенде жүзеге асырылатын анықтаушы органнынң тергеушінің, прокурордың іс жүргізу кызметі және қылмыстық-іс жүргізу қызметі.
ҚР ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына сүйене отырып алдын ала тергеуді аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады:
— айыптау қорытындысын жасау;
— қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығару;
— медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотка жолдау туралы қаулы шығару.