Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...............................................................................2

I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24

III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37

Работа содержит 1 файл

срс по кіжк.docx

— 93.34 Кб (Скачать)

Бүлтарпау шаралары -  бұл мемлекеттің (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы дегенімізде, бұл  жерде осы шараны қолдануға құқығы бар мемлекеттік органдар мен  лаууазымды тұлғалар өздерінің қылмыстық-процессуалдық  құзыретін жүзеге асыру барысындағы, яғни алдын-ала тергеу мен қылмыстық  істер бойынша сот өндірісі сатысында  қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдануға  заңмен белгіленгне құзыретті тұлғаларға мыналар жатады: анықтаушы, тергеущі, прокурор, сот (судья).

Бұлтартпау  шарасын қолдану қажет екендігі жөніндегі және бұлтартпау шарасының  қандайын қолдану жөніндегі мәселені шешерде анықтама жүргізуші адам, тергеуші, прокурор, сот Кодекстің 139 бабында көрсетілген мән-жайлардың  үстіне, сонымен қатар, тағылған айыптың  ауырлығын, айыпталушының жеке басы, жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шүғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, түрақты түратын  жерінің бар-жоғы және басқа да мән-жайлары  ескерілуге тиіс. Процессуалдық әдебиеттерде бұлтартпауды таңдауда тұжырымдардың  бәрін қарағанда айыпкердің жеке басын, шұғылданатын кәсібін, жұмысын, семьялық жағдайын және тағы басқа  бұлтартпау шарасын қолданбауға  негіз болмайтын жағдайларды  ескеру керек дейді.

Бұлтартпау шарасын қолдану  туралы дәлелденген қаулы немесе үйғару шығарылады, мұнда айыпкердің фамилиясы, өзінің, әкесінін аты, туған  жылы, туған жері, айыптың мәнісі, қылмыс заңының айыпкерге айып таққан бабы, қолданылган бұлтартпау шарасының  түрі және ол шараны қолданулың негіздері  көрсетіледі.

Прокурорлық қадағалау мемлекетте заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі тәсілі. Прокурор, алдын  ала тергеуді қадағалау барысында, қолданылатын бұлтартпау шараларының  заңдылығын және тұлғалардың құқықтыры  мен мүдделерінің бұзылмауын қадағалайды.

Бұлтартпау  шараларының түрлеріне -ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру; жеке кепілдік беру; әскери   қызметшіні   әскери   бөлім   командованиесінің бақылауына беру; кәмелетке толмағанды қарауына беру; кепіл болу; үйде қамауда үстау; қамауға алу жатқызылған.

 Қазақстан  Республикасының ҚІЖК –де қылмыстық  істі тергеу мен оны сотта  қарау сатысында бұлтартпау шарасын  қолдану институтында қамауға  алу ерекше орын алады. Қамауға  алу  бұлтартпау шараларының   қолдану институты өзінің табиғаты  жағынан кешенді болып табылады, ол қылмыстық-процессуалдық заңның  даму процесінде сондай-ақ басқа  құқық салаларының дамуында пайда  болған. Бұлтартпау шарасы институтының  кешенді көрінісі оның  жан-жақты  толық зерттелеуін талап етеді.  Ол қазіргі өмірге сәйкестендіріп, тәжірибе жүзінде оның процессуалық  тәртібіне, әр-елдің өмірлік тәжирибиелеріне  сүйене отырып зерттелеуі керек.  Қазақстан Республикасында  қамауға  алу  - бұлтартпау шарасы ең  ауыр шарасы болып табылады, себебі  қамау  бұл тұлғаның Конституциямен кепілдік берілген құқықтарына, жеке өмірі мен  бостандығына шектеу жасап оны қоғамнан оқшаулайды. Сондықтан да бұл шараны тергеу органдары өз бетімен қолдана бермеу үшін оған ең алдымен рұқсат алуы керек. Ал бұл рұқсатты ҚР аумағында заңдарды дұрыс орындалуына, қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар  және судьялар бере алады. Прокурордың қамауға алуға беретін санкциясы өте ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да прокурор бұл шаларалға санкция беріп қоймай, оның жүзеге асыруына айыпкердің, сезіктінің Конституциямен, Адам құқығының Жалпы Декларациясымен, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісімен қандай да болмасын түрдегі ұсталған немесе қамауға алынған тұлғаларды қорғаудың қағидалар жинағымен және т.б. нормалармен кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарының, мүдделерінің сақталуына, заңмен берілген құқытарының орындалуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырылуы қажет.

Бұлтартпау  шарасының жұртшылыққа тәрбиелік  әсері бар екені мәлім. Әсіресе  бұл бұлтартпау шарасының ішінен мысалы, кәмелетке толмағанды әке-шешесінің, асырап алушыларының қарауына беру, балалардың жабық мекемесі әкімшілігінің қадағалауына беру. Егер, мысалы тергеуші кәмелетке  толмағанды әке-шешесінін, асырап алушысының қарауына баланы берген кезде, ол баламен  және қарауына алған адаммен тәрбиелік  жұмыс жүргізу керек.

Кәмелетке толмаған баланың әке-шешесімен  тәрбиелік жұмыс жүргізу оңайға соқпайды. Жобалап алғанда, айыпкер  егер өз айыбын мойындаса, онда тәрбиелік  жұмыс сәтті өтеді. Сондықтан, тәрбиелік  шарамыз айыбын мойындаумен ұштасады. Бұл сонда қылмыстық іс жүргізуде  айыптылық бейім болып табылады.

 Көбінесе  практика жүзінде бұлтартпау  шараларын дұрыс қолданбайды  әсіресе бұл қамауға алуға  байланысты болады. Айыпталушыға (сезіктіге)  психологиялық жағынан қысым  жасай отырып одан тиісті көрсетулерді  мойындатуды мақсат етеді. Бұлтартпау  шарасы мәжбүрлеу құралы белгілі-бір  мән-жайларға, негіздерін, айыпталушының  жеке басына, жынысына, тұрғалықты  тұратын жерінің болуы т.б.  негіздерге сай ескере отырып  таңдалуы қажет. Практикада көбіне  айыпталушының мүдделері нашарлайды, яғни оның құқығы, бостандығы  және заңды мүдделері  бұлтартпау  шараларын қолданған кезде ескертілмейді,  әсіресе ол бұлтартпау шарасы  ретінде қамауға алу қолданған  кезде болады. Бұл ҚР Конституциясымен  бекітілген тұлғаның құқытары  мен бостандығын кепілдігіне  қайшы келеді.

Үйде қамауда  ұстау жаңа шаралардың бірі, сондықтан  оның механизімі әлі қалыптасқан  емес, бір қатар кемшіліктері бар.

ҚР ҚІЖк-нің 149-бабы, айыпкерді толық  оқшалай қажет бола қоймаса немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы  және басқа да мән-жайлар бойынша  қамауға алу дұрыс емес деп  үйғарылған кезінде, үйде қамауда ұстау  қолданылады дейді. Бірақ, қандай да бір басқа мән-жайларға не жататынын  түсіндірмейді. Ал, қандай-да бір жағдайдың  нормамен нақты реттелмеуі – оны  өзінше талқылауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы шараны қолдануға  негізді анықтаған кезде, іс жүргізуші  орган немесе судья, өз тандауы бойынша, егер себепті дәлелдесе, кез келген жағдайды атай алады. Бұл жерде, осы  жағдайды реттеу үшін, ҚР ҚІЖК-не өзгерістер енгізу керек. Осымен қатар, ҚІЖК-де, үйде қамауда ұсталған тұлғаға қадағалау  орнатылуы мүмкін деп айтылған, бірақ  қадағалау кіммен және қалай жүзеге асырылатыны белгісіз. Алдын ала  тергеу барысында қолданылған жағдайда тергеуші, анықтаушы, қадағалауды жедел-іздестіру қызметшілеріне жүктей алады, ал іс сотқа келген кезде кімге жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    

  I.Заңдар мен нормативті  актілер

 

  1. ҚР Конституциясы .Алматы, 1995.
  2. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева  народу Казахстана «Казахстан  на пороге нового рывка вперед в своем развитии». Казахстанская правда от 02.03.2006 г.
  3. Указ  Президента РК  № 80 от 30 марта 2006 г. “О дальнейших мерах по реализации  стратегии Казахстана до 2030 г”.
  4. «Концепция   правовой политики Республики Казахстан», одобренная               

       Указом  Президента РК от 20 сентября 2002 года, № 949а.ҚР    

      Қылмыстық іс жүргізу  кодексі. -Алматы, 13.12.97 ж.

  1. 5.ҚР Сот жүйесі және сот мәртебесі туралы ҚР Заңы. 25.12.2000 ж.
  2. 6.Прокуратура туралы ҚР Заңы. 21.12.1995 ж.
  3. 7.КР Ішкі істер органдары туралы ҚР Заңы. 21.12.1995 ж.
  4. 8.КР Үлттық қауіпсіздік комитеті туралы ҚР Заңы.21.12.1995 ж.
  5. 9.Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы ҚР Заңы 30.03.1999ж.

 

         Арнайы  әдебиет:

 

  1. Алексеев Н.С., Лукашевич В.З. «Советский уголовный процесс», ЛГУ, Ленинград,1998 г.
  2. Ахпанов Д.М. «Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования», Алматы, 1997 г.
  3. Батюк В.М. «Задержание и заключение под стражу в стадии предварительного расследования», Киев, 1990 г.
  4. Божьев В.П. «Уголовно-процессуальные правоотношения» М., 1975 г.
  5. Гуткин И.М. «Меры пресечения в советском уголовном процессе»М.,1963 г.
  6. Гуковская Н.И. «Меры пресечения, применяемые в отношении несовершеннолетних правонарушителей. Вопросы борьбы с преступностью», М., 1972 г.
  7. Давыдов П.Н. «Уголовно-процессуальные формы борьбы с правонарушениями», СЮИ. Свердловск, 1983 г.
  8. Даньшина Л.И. «Меры пресечения при производстве по уголовному делу», М.,1992 г.

 


Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары