Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.
Кіріспе...............................................................................2
I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.
1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24
III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37
Жәбірленушіге,
куәға және басқа да іске
қатысушыларға қылмыстық іс
Келу туралы міндеттеме шарасын қолдану тәртібі ҚІЖК-нің 157 бабында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес,қылмыстық істі жүргізуші орган бұлтартпау шарасы қолданылмаған сезіктіден, айыпталушыдан, куәдан бұл органнын шақыруы бойынша уақытылы келуге, ал тұратын жері өзгерген жағдайда ол жөнінде кешіктірмей хабарлауға жазбаша міндеттеме алуға құқылы. Егер сезікті немесе айыпталушы бұл міндеттемені бұзатын болса, қылмыстық іс жүргізуші орган оған бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы және ол туралы міндеттеме алған тұлға ескертіледі. Жәбірленуші немесе куә келу міндеттемесін бұзатын болса, оларға қылмыстық іс жүргізу органның қаулысы бойынша еріксіз алып келу шарасын қолдану мүмкін және ол туралы бұл адамдар ескертіледі.
ҚІЖК-нің 158-бабына сәйкес, сезікті немесе айыпталушы, сондай-ақ жәбірленуші және куә дәлелді себептерсіз қылмыстық іс жүргізуші органының шақыруы бойывнша келмеген жағдайда, олар тергеушінің немесе анықтаушының, сотты, дәлелді қаулысы бойынша еріксіз алып келуге жатады.
Қылмыстық іс жүргізу органының
шақыруы туралы хабарланған адамның
келмеуінің дәлелді себептері мыналар
болуы мүмкін: бұл адамның келуіне
кедергі болған ауыр сырқаты; оның жақын
туыстарының қайтыс болуы; кездейсоқ
апат; бұл адамның белгіленген
уақытта келуіне мүмкіндік
ҚІЖК 158-бабының 5-бөлігінде көрсетілгендей, он төрт жасқа толмағандар, одан жоғары жастағы он сегізге толмағандар оларды заңды өкілдеріне хабрламастан, сондай-ақ, жүкті әйелдер және дәрігердің куәлендіруіне сәйкес денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе кетпеуі тиіс гауқас адамдар еріксіз алып келуге жатпайды.
Түнгі уақытта еріксіз алып келуге жол берілмейді.
Еріксіз алып келу туралы оның орындалуы алдында сезіктіге, айыпталушыға, тиісті жағдайда жәбірленушіге және куәға жарияланып, оны бұл адамдар қаулыға қол қойып куәландырады.
Алып келу туралы тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын алдын ала тергеу не анықтау жүргізетін орган немесе ішкі істер органы, соттың қаулысын сот приставы немесе ішкі істер органы орындайды.
Бұл жерде, біздің
Қызметінен уақытша шеттету. Бұл шара, іс жүргізу органымен, айыпталушы тұлғаға қатысты қолданылады, егер айыпталушы тұлға өз лауазымында қалу кезінде істің алдын ала тергелуіне немесе сотта қаралуына, қылмыспен келтірілген зиянның өтелуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық іс әрекетпен айналысуын тоқтатпайды деген сенім болған жағдайда, қолданылады. Лауазымды адамға жатпайтын айыпталушыға қызметінен шеттету шарасы қолданылмайды.
Айыпталушыны уақытша
Уақытша қызметінен шеттетілген адам басқа жұмысқа орналасуға құқылы. Егер ол өзіне қатысты емес жағдайларға байланысты басқа қызметте істей алмайтын болса немесе басқа жұмысқа кіре алмаса, оның еңбек ақы төлеудің төменгі бір мөлшерінен кем емес сомада ай сайынғы мемлекеттік жәрдем ақы алуға құқығы бар.
Ақшалай шара қолдану. Іс жүргізуге байланысты заңмен көзделген міндеттерін орындамағаны немесе сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға жәек өзге де адамдарға ақшалай шара қолданылуы мүмкін. Мысалы,егер жәбірленуші немесе куә қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген болса, маман немесе аудармашы өз міндеттерін дұрыс орындамаған, жеке кепілдік берген адамдар немесе кәмелетке толмағанды қарауына алған адамдар өз міндеттерін орындамаған болса, олар соттың шешімі бойынша ақша өндіру шарасын қолдануға жатады. Егер ол адамдар сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде міндеттерін орындамаған болса, тергеуші немесе анықтушы, прокурор бұл туралы хаттама жазып, оны тиісті ауданды сотқа жолдайды. Осы хаттаманың негізінде аудандық соттың судьясы өз міндеттерін орындамаған адамнан ақша өндіру туралы қаулы шығарады. Істі сот отырысында қараудың нәтижесінде судья ақшалай шара қолдануға негіз жоқ деп тауып ақша өндіруден бас тарту туралы да қаулы шығаруы мүмкін. Сот отырысының тәртібін бұзғаны үшін ақшалай шара қолдану мәселесі осы сот отырысы кезінде шешілуге тиіс. Осыған сәйкес, сот отырысы залында қатысып отырған адамдар тәртіп бұзған жағдайда, сот оларға ақша өндіру шарасын қолдана алады.
Мүлікке тыйым салу. Үкімнің азаматтық талапқа, басқа да мүліктік жазалауға қатысты бөлігінің немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот немесе прокурордың санкциясымен тергеуші, анықтаушы сезіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылыққа жататын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы.
Мүлікке тыйым салудың мәнісі – меншік иесіне немесе мүлікті иеленушіге бұл мүлікке билік етуге, сондай-ақ бұл мүлікпен пайдалануға тыйым салу немесе мүлікті иесінен (иеленушіден) алу және оны сақтауға беру болып табылады. Тізбесі заңмен айқындалған бірінші қажеттілік заттарына жататын мүлікке тыйым салынбайды.
Мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарылады. Бұл қаулыда кімнің мүлкіне, қандай мүлікке тыйым салынатындығы және азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсаты көзделгенжағдайда мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Мүлікке тыйым салу кезінде оның құнын анықтайтын маман қатыстырылуы мүмкін Меншік иесі немесе мүлікті иеленуші қандай затқа бірінші кезекте тыйым салу қажеттігі жөнінде ұсыныс жасауға құқылы.
Мүлікке тыйым салу туралы қаулының орындалуы хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Бұл хаттамада тыйым салынған мүлік аталып және тыйым салуды жүзеге асырудың амалы көрсетіледі. Ол амалдар:
Мүлікті
сақтауға алған адам ол ушін
жауапты екендігі жөнінде
Егер
тыйым салынған мүлікті оның
иесі немесе иеленушісі ерікті
түрде бермейтін болса, ол
Тыйым
салуға болатын мүліктің
Банктердегі
және несие мекемелеріндегі
Мүлікке
тыйым салудың қажеттілігі
III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи,
теориялық, практикалық
Бұлтартпау шараларының мәселелері туралы сұрақты қарастыра отырып, біріншіден, бұлтарпау шараларының мәні мен мазмұнына байланысты сұрақтың шешілмеуін айтуға болады. Барлық ғалымдардың көзғарасын келесідей топтауға болады.
Бірінші көзғарас. Бұлтартпау шаралары – қылмыстық жауаптылықтың бастамасы, түрі, құрамдас бөлігі. Бұл көзғарасты қолдаушылар: И.И.Карпец, А.В.Наумов және т.б.
Бұл көзғарасы жоққа шығаруға болады: бұлтартпау шаралары жауаптылық және жаза бола алмайды. Жаза, тек қана, мемлекет атынан, сотпен, кінәлі деп табылған тұлғаға қолданылады. Жауаптылықтың мақсаты тұлғаны жазалау, ал бұлтартпау шараларының ондай мақсаты жоқ, оның мақсаты тұлғаның іс жүргізу барысында болуын қамтамасыз ету.
Екінші көзғарас. Бұлтарпау шаралары – процессуалдық санкциялар. Бұл көзғарасты қолдаушылардың (М.С.Строгович, А.М.Ларин) пікірі бойынша, бұлтартпау шаралары – қылмыстық іс жүргізудің мүдделерін қорғайтын ескерту шаралары. Олар, іс бойынша ақиқатты анықтауға, кінәлі тұлғаның жауаптылығын қамтамасыз етуге және оның қылмыстық іс әрекеттерін тоқтатуға арналған. Бұл ғалымдардың көзғарасы біздің заң шығарушының көзғарасына келеді. Бірақ ескерілетін бір жағдай, бұлтартпау шарасы үкімді қамтамасыз ету мақсатымен де қолданылады.
Тағы да
бір қылмыстық іс жүргізу ғылымында
дау туғызған мәселе – бұлтартпау
шараларын қолдану негіздерінің
анықталмауы. Алматылық политологтар
және социологтар Ассоциациясының
зерттеуі бойынша, бұлтартпау шарасын
қолдану кезінде, тергеуші, анықтаушы,
прокурорлар оны қолдану
Практикалық
маңызы бар мәселе болып, түрлі бұлатрпау
шараларын қолдану болып
Бұл шараның
кемшілігі – оның қамтамасыз етілмеуі.
Айыпталушы, сезікті тұлға, ешқайдй
кетпеймін деп айтудан басқа
ешқайдай кепілдік бермейді. Сондықтан,
болашақ жауаптылықтан
Кепіл шарасын алатын болсақ, бұл шараның практикасы мүлде қалыптаспаған. Біріншіден, қандай санаттағы қылмыстар бойынша қолданылатындығы белгісіз, ҚІЖК-де ол туралы айтылмаған. Сондықтан кез келген қылмыстар бойынша қолдануға болады деп қорытынды шығаруға негіз бар. Екіншіден, сұрақ адам бостандығы туралы тұрғанда, жүз айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақша, ақша ма? Үшіншіден, біздің пікірімізше, бұл шара негізгі шара ретінде емес, қосымша шара ретінде қолданылғаны дұрыс, мысалы, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат беру шарасымен қатар немесе кепілдікпен бірге. Егер, тәуелсіз негізгі шара ретінде қалдыратын босақ, оны бұзған үшін жауаптылық қатайуға тиісті. Жауаптылықты тек қана кепілдің көлемін көтеру арқылы жүзеге асыруға болады. Ал егер оның мөлшерін көтеретін болсақ, бұл шара жұмыс істемей қалуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылыққа, өмір сүру жағдайы орташа немесе жағдайы төмен тұлғалар тартылады. Жағдайы жоғары тұлғалар қылмыс жасамайды деп айтуға болмайды, олар көбінесе іс жүргізу органдарының қолына түспейді. Бұл жағдайды ескеретін болсақ, кепілдің мөлшерінің көтерілуі оны жие қолданбауға негіз бола келеді.
Заң, кепілді, айыпталушы тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлқын алдын алу шарасы ретінде көздейді. Бірақ, кепілдің көлемі тұлғаның дұрыс өзін ұстауын қамтамасыз етеді деп айта алмаймыз. 1997 жылға дейін біздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында осындай шара көзделмеген болған. Бұл шетел тәжрибесінің белгісі. Көптеген шетел мемлекеттерінде бұл шара бұрыннан қалыптасқан және нәтижелі қызмет атқарады. Біздің мемлекетте жақында ғана енгізілгендіктен оның механизімі әлі қалыптасқан жоқ.
Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары