Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.
Кіріспе...............................................................................2
I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.
1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24
III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37
Дәлелдемелер келтіргеннен кейін, қаулының қорытындысы алдында, КІЖК-ң тиісті баптарына сілтеу берілелі. Мүның қажет болу себебі, қаулы заңға сай болуы және заңға сүйенуі тиіс. Қаулының қорытынды бөлімінде тергеуші тиісті тағайындаған бұлтартпау шарасын баяндап береді. Мұнда тағы да айыпкердің (сезіктінің) толық аты-жөні жазылып. Егер бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданган болса, онда қорытынды бөлімінде оның кайта жіберілетіні көрсетіледі, сонымен қатар жақын туыстарына хабарланады.
Заңға сүйене отырып қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі. Бұл туралы қаулының қорытынды бөлімінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, заңға сай айыпкердің өзіне де тағайындаған бұлтартпау шарасын хабарлайды. Заңның нақты мазмұнына қарап тергеуші айыпкерге қаулыны окып береді, ал қажет жағдайда қаулының мазмұнын сөзбен түсіндіріп береді. Содан кейін айыпкер қаулымен таныстым деп қолын қояды.
Қамауға алу бұлтартпау шарасынан басқа шаралар үш данадан жазылады: бір данасы істің озінде қалады, екіншісі – айыпкерге беріледі, ал үшіншісі - прокурордың қадағалауында қалады.
Қамауға алу бұлтартпау шарасымен қаулысы төрт данадан кұралады, және оның төртіншісі қамауға алу орынына беріледі. Қаулының көшірмелері корытынды бөлімінде кімге жолданғаны туралы белгіленеді. Айыпкер қаулының көшірмесін алдым деп соңына қол қояды және таныстым деп көрсетеді.
Қаулымен қатар, бұлтартпау шараларының кейбір түрлері қосымша орналастырулы қажет егелі. Бұл жөнінде құжаттар тергеушімен жазылады, ал кей жағдайларда оның бақылауымен айыпкер өзі немесе оның міндетін жүктейтін адам жазады.
Іс жүргізу барысында анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың дәлелденген қаулысы бойынша немесе осы іс қарауына түскен соттын үйғаруы бойынша бұлтарпау шарасы тоқтатылуы немесе өзгертілуі мүмкін.
Бұлтартпау шарасы оған кажеттілік болмаған кезде тоқтатылады немесе істің мән-жайы бойынша неғүрлым қатаң немесе жеңіл түрмен өзгертіледі.
Сонымен катар кейбір жағдайларға байланысты бұлтартпау шарасы жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін.
Бұлтартпау шарасын жеңілірек түріне ауыстырған кезде айып тағылудың өзі женілірек түріне ауысады және бұған байланысты себептер бар, айыпкердің денсаулығы нашар болуы және басқа да бірқатар жағдайлар айыпкердің коғамға онша кауіп төндірмейтін белгілері ескеріледі және де қылмыстық істің өндірісіне қатер төндірмейді.
Егер бірінші рет қолданылған бұлтартпау шарасы айыпкерге тиісті әсер етпей және ол теріс қылықтар жасаған кезде оған қатанырақ бұлтартпау шарасын қолдануға тура келеді. Тәжірибеден мысал алып көрсек. Васильчук деген айыпкер ҚР КК-к 74-бап, 2-бөлімінде және 158-баптармен айыпталған болатын, және одан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынған болатын. Бірак, Васильчук сот мәжілісіне келмейі жүрген және үйіне сирек келіп жүрген болатын. Оған қолхат кағазын беруге немесе күштеп алып келуге мүмкіндік болмағандықтан сот алдынғы бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамауга алу туралы шарасын қолданған болатын.
КР КІЖК-н
154-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын
өзгерту немесе тоқтату үшін прокурордың
тергеуші немесе анықтама кәмелетке
толмағанның әрі карап
Жасы толмағанды қамауға алу шарасын қолданған кезде формальды түрде шешпеу керек. Бұл жағдайларда барлық себептер қарастырылады. Оның өмірдегі жағдайы және алған тәрбиесі, қоршаған ортасы және адамдық қасиеті мен тәртібін ескеріп, тек қамауға алу шарасын ғана қолдану қажет деген жағдайда ғана қолданылады. Осындай уақытта кәмелетке толмаған айыпкердің жасы кіші деп те ұстауға немесе қамауға алуға болмайды деп те қабылдауға болмайды.
Кәмелеттік жастағыларға мынадай тәртіп қолданылады: ерекше жағдайда бұлтартпау шарасы қылмыс жасады деп табылған сезікті адамға айып тағылғанға дейін қолданылады. Бұл жағдайда бұлтартпау шарасы қолданылғаннан бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылуы керек. Егер осы уакыттың ішінде айып тағылмаса алдында қолданылған бұлтартпау шарасы тоқтатылады.
Кәмелетке толмаған айыпкерге оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатыны туралы хабарлану керек. Нақты заң жүзінде тергеуші айыпкерге қаулыны оқып беріп, ал қажет болған жағдайда қаулынын мазмұнын түсіндіріп береді. Айыпкер (сезікті) қаулыға қолдарын қойғанда онын мазмұнымен танысқанын көрсетеді.
Кәмелетке толмаған айыпкерлер, олардың занды өкілдері немесе қорғаушылары қолданған бұлтартпа шарасына шағымдануға құқығы бар. Заң айыпкерге прокурордың, соттың және тергеушінің әр іс-әрекетіне шағымдануға мүмкіндік береді. Шағым берудің өзінде жеңілдетілген тәртібі белгіленген - ол ауызша түрде.
Заң есінен уақытша айырылған кезінде қылмыс жасағанды немесе қылмыс жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырып қалған адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын қолданбау керек екендігі жөнінде тіке көрсетпейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 507-бабына сәйкес керсетілген адамдарға айып тағылмайды. Сондықтан мүндай айыпкерлерге бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін емес. Бірақ ерекше жағдайларды ескере келіп бұлтартпау шарасын қылмыс жасады деп сезікті адамдарга қолдануымыз мүмкін, және айып тағылғанға дейін қолданылады. Ал жоғарыда аталган адамдарға бұлтартпау шарасы ҚІЖК-ң 142-бабына сәйкес қолданылуы мүмкін.
"Тергеуші
немесе анықтама жүргізушінің
жасырынған адамға қатысты
Бұлтартпау
шарасын қолданудың субьектісі шетел
азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
да болуы мүмкін. Шетел азаматтарына
дипломатиялык, құқыққа ие азаматтар
жатпайды. Бұлтартпау шарасы ретінде
қамауға алу немесе қылмыстық
іс козғау сайланған және тағайындалған
категориядағы адамдарға
Ерекше бір реттерде, қылмыс істеді деп сезіктенген адамға айыбын жарияламай тұрып та бұлтартпау шарасын қолдануға болады. Мұндай ретте бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап ен әрі дегенде он тәулік ішінде айып жариялануға тиіс. Егер осы мерзім ішінде айып жарияланбаса, бұлтартпау шарасы тоқтатылады. Айып жарияланбай тұрып-ақ қамауға алынған адам анықтама жүргізуші адамнын, тергеушінің, әрекеті жөнінде шағым етуге, түсініктер беруге және тілек коюға құқылы. Ол іс жүргізушінің каулысымсн рәсімлелсді. Ал егер іс сотқа берілген болса, сот үйгарым шығарады.
Анықтама органдарында бұлтартпау шарасын өзгерту немесе тоқтату қаулысын анықтама органының бастығы рәсімдейді.
Егер бұлтартпау
шарасын прокурордың
Қылмыстық іс қысқартылған барлық кездерде, сот ақтау үкімін шығарғанда немесе жазадан босатып айыптау үкімін шығарғанда, сондай-ақ шартты түрде жаза кесу арқылы айыптау үкімі немесе жаза өтеуді кеінге қалдырып айыптау укімі шығарылған болса, бұл жағдайлардың барлығында да бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады.
Егер алдын ала тергеу жүргізудің
барысында айыпталушыға тағылған айыптау
бойынша қылмыстың саралануын заңнын
бас бостандығынан айыру
II ТАРАУ. Бұлтартпау шарасының түрлері.
ҚР ҚІЖК-нің 139 бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не алдын ала тергеудің және сотта іс қараудың объективті жүргізілуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп қарауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады.
Бұлтартпау шараларының бірнеше түрлері бар. Олар ҚІЖК-нің 140-бабында атап көрсетілген:
-ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу;
- жеке адамдардың кепілдігі;
- әскери
қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына
- кәмелетке толмағанды қарауына беру;
- кепіл;
- үйде қамап үстау;
- қамауға алу.
Бұл аталған шараларды, олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, Е.Ерешев екі топқа бөледі:
1. бұлтартпау шараларының жеке түрлері;
2. бұлтартпау шараларының арнайы түрлері.
Бірінші топқа мына шаралар жатқызылады: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу, жеке адамдардың кепілдігі, үйде қамап үстау,қамауға алу. Бұл топқа жататын шараларды қолдану үшін айрықша талаптар қойылмайтын болғандықтан, оларды бұлтартпау шараларының жалпы түрлері деп айтамыз.Екінші топқа жататын бұлтартпау шараларының түрлері: әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру, кәмелетке толмағанды қарауға беру. Бұл шаралардың ерекшелігі олардың аталған субъектілер үшін көзделгендігі болып табылады. Дегенмен, бұл субъектілерге де қажет болған жағдайда бұлтартпау шараларының жалпы түрін қолдануға тыйым салынбайды. Мәселен, әскери қызметші ауыр қылмыс жасаған жағдайда тергеуші оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады. Ал кәмелетке толмағандарға мүмкіндігінше ата-анасының немесе сенімге ие басқа адапдардың қарауына беру шарасы кеңірек қолданылуғатиіс
Қылмыстық іс жүргізу органы әрбір жеке жағдайда бұлтартпау шарасының түрін тандау үшін ҚІЖК-нің 141-бабында көрсетілген мән-жайларды ескереді.Бұл бапта былай деп айтылған: бұлтартпау шарасының қайсысын қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде осы Кодекстің 139-бабында айтылған мән-жайлармен қатар тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақтық тұратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерілуге тиіс.
Айыпталушыға
қатысты заңда көрсетілген мән-
Сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тағы да бір ерекшелігі оның қысқа мерзімге қолданылатындығы болып табылады. Яғни, егер айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі алдын ала тергеу жүргізудің мерзіміне сәйкес келетін болса (жалпы ереже бойынша, екі ай және бұл мерзім ұзартылуы мүмкін), сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі он тәулікпен шектеледі және бұл мерзім ұзартуға жатпайды. Егер сезікті ретінде ұсталған адам (ҚІЖК-нің 132-бабы бойынша) содан кейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған болса, қамауда ұстаудың мерзімі сезікті ретінде ұсталған кезден бастап есептеледі. Он тәулік мерзімнің ішінде сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналып, соның негізінде сезіктіге айып тағылса, онда оған айыпталушыға қатысты бұлтартпау арасын қолдану мүмкін болады. Ал он тәулік мерзімнің ішінде сезіктіге айып тағылмаса, онда оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану дерек тоқтатылуы тиіс.
Айыпталушыға немесе сезіктіге бұлтартпау шарасының бір түрін ғана қолдануға болады. ҚІЖК-нің 143-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолданудың негізін көрсетуді қамтитын қаулы шығарып, бұл қаулының көшірмесін бұлтартпау шарасы қолданылған адама тапсырады. Онымен бір мезгілде бұл адамға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағымданудың тәртібі түсіндіріледі.
2.1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу
Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат беру айыпталушының (сезіктінің) анықтаушы, тергеуші немесе соттың рұксатынсыз түрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеуге, істі тергеуге және сотта қарауға кедергі келтірмеуге, кылмыстық процесті жүргізуші органның шакыруына уақытында келуге жазбаша міндеттеме алуынан түрады.
Егер айыпкер берген қолхатындағы міндеттемесін бүзған жағдайда, айыпкерге бұлтартпау шарасының басқа қатаң түрі колданылады. Бұл туралы қолхат берген кезде айыпкерге ескертілуі тиіс.
Егер сезікті немесе айыпталушы тұратын жердің аумағына қоныс аударатын болса, бұл жөнінде бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстық іс жүргізу органын хабардар етуге міндетті болып табылады. Бұл шараны қолдану екі процесуалдық құжат жасау арқылы рәсімделеді: бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығару және қолхат алу.
Бұл шараға қатысты, М.С. Брайнин былай деп жазған: «Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс үстау туралы қолхат берудің негізгі мақсаты – тергеу мен соттан бас тартуға кедергі жасау емес, алдын ала тергеуді тездету, сол үшін айыпталушы тұлғаны, оның бостандығын шектемей, іс жүргізу жеріне жақынырақ ұстау қажет». Осындай пікір, 1926 жылы И.О.Охаринскиймен айтылған. Ешқайда кетпеу туралы қолхат беру үйде қамауда ұстау шарасы емес, сондықтан ол арқылы айыпталушы және сезікті тұлғаға жұмыс және басқа да себептермен үйден кетуге кедергі болмау керек. Ал егер, айыпталушы тұлға тұрақты мекен жайында себепсіз болмайтын болса, оны ешқайда кетпеу туралы қолхаттың бұзылғаны деп білуге болады. Сондықтан, барлық жағдайда, айыпталушыға, өз мойына алған міндеттеме түсінікті болуға тиіс. Айыпталушы тұлғадан қолхат жазбаша түрде алынады.
Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары