Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...............................................................................2

I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24

III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37

Работа содержит 1 файл

срс по кіжк.docx

— 93.34 Кб (Скачать)

Бұлтартпау  шарасынын жүйесі тергеушіге оны  нақтылап тандап қолдану кезінде  қылмыстың ауырлығын, айыптының  жеке басын және тағы бірқатар жағдайларды  ескеруге мүмкіндік береді. Қадағалау  жүргізген кезде прокурор мынаны ескеру кажет. Кез келген бұлтартпау шарасын колдану азаматтың белгілі  бір жеке бостандығын шектейді. Сондықтан  ол қажет жағдайларда қолданылады.

Тергеуші  немесе анықтама жүргізуші адам жасырынған адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде  қамауға алуды қолдануы мүмкін. Жедел-іздестіру  жүргізу шаралары анықтама жүргізу  кезінде немесе алдын-ала тергеуде іс қаралған кезде, сонымен қатар, іс уақытша тоқтатылған кезде де жариялануы мүмкін. Жедел іздестіру  жүмысына қадағалауды прокурор жүргізіп отырады .

Айыпкердін  тұрақты тұрғылықты жері немесе түрақты  жүмысы болмағандықтан оған бұлтартпау шарасын жасырынып кетпеуі үшін қолданамыз; оның бұрын сотталғандығын, қылмыстық байланысы бар екенін, кылмыс жасағаннан кейін коғамға  қарсы теріс қылық жасауын, өзінің іс әрекетіне есеп бермеуі айыпкердің қылмыстық әрекеттерді жасауына негіз болуы мүмкін; істің ақиқатын анықтауға қауіпті төндіруді, - куәларды, жәбірленушіні, баска айыпкерді  сатып алуға, қорқытуға немесе басқа  жолмен өзіне қаратып өтірік жауап  айтқызуға, айғақ заттарды жойып  жіберуге немесе жалғандық жасауына, эксперттерге ыкпал етуге және тағы баска тәсілдерден түрады. Бұлтартпау шарасын қолдануды шешкен кезде тергеуші қылмыстың ауыртпалығын; тергеу мен соттан жасырынып кетпеуін; қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайтындығын; қылмыс жасаумен шұғылдана беретіндігін немесе үкімнің орындалуына кедергі келтіретіндігін ескереді. Сонымен қатар, оның жеке басын (айыпкердің, сезіктінің), шұғылданатын кәсібін, жасын, денсаулығын, семьялық жағдайын, түрғылықты жерін және т.б. ескереді.

Бұлтартпау  шарасын қолдануға жеткілікті себептер және мақсаты болса, ягни бұларга  жету қажет болғанда, тергеуші, анықтама органы және соттың бұлтартпау шарасын  қолдануы тек құқығы ғана емес, міндеттілігіне де жатуы мүмкін.

Бірнеше құқықтық шарттарды сақтай отырып бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болады.

Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қылмыстық  іс қозгалғаннан кейғін ғана қолданылуы мүмкін. Бүл адамға қол тигізбеу құқығына кепіл болады және оны негізсіз, еріксіз қамауға да және басқа  да мәжбүр ету шараларын қолданбауға  кепіл болады.

Екіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жазаға қарағанда жеңілдеу болу керек. Егер қылмыстық кодекстің санкциясында бас бостандығынан айыру екі  жылдан аспаса, онда бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға  рұқсат етілмейді.

 Үшіншіден,  кез келген бұлтартпау шарасын  қолданудың шарты адамды айыпкер  немесе сезікті ретінде тарту.

Бұлтартпау   шарасы   жазалау   шарасынан   біраз   белгілері бойынша ажыратылады: 1) бұлтартпау шарасы айыпкер, сезіктіге  қолданылады, ал жазалау шарасы соттың үкімімен қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға колданылады, 2) бұлтартпау шарасының мақсаты жазалау шарасынан  өзгеше. Мүнда бұлтартпау шарасының  мақсаты - айыпкерге тергеу органы мен  сотқа кепіл тұратын процессуалдык  әрекетін қамтамасыз ету. Жазалау шарасы жасаған кылмысы үшін сазайын  тарту арқылы, оны түзеу жолына қою    және тәрбиелеу мақсатын көздейді және сотталушының жана қылмыс жасамауын ескерту; 3) жазалау шарасы тек үкім аркылы қолданылады, ал бұлтартиау шарасы анықтама жүргізуші мен тергеушінің, прокурордың каулысы немесе соттын шешімі бойынша тагайындалады; 4) бұлтаргпау шарасы уақытша ғана болады және ол өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін анықтама мен тергеу жүргізу стадиясында  және соіта іс каралым жаткан кезде, ал үкім егер заңды және рәсімделген  болса, онда өзгеріске жатпайды. Тұлғаға бұлтартпау шаралары қолданылған кезде, міндетті түрде ҚР Конституциясы мен ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілген қағидалар сақталуға тиіс. Сол қағидалардың бірі - Азаматтың жеке басына тиіспеушілік.

Бұл принциптің негізіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі әрбір  адамның бостандыққа және жеке басына тиіспеушілікке құқұығы бар екені  жөніндегі ереже алынған.

Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен  тікелей байланысты. Конституцияның 16 және 17 баптарынан мыналар туындайды:

  • әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;
  • тұтқындауға және қамауға ұстауға тек қылмыстық ізге түсуге байланысты ғана жол беріледі;
  • тұтқындалған және қамауда ұсталған адам бұл әрекеттерге сотқа шағымдануға құқылы;
  • жеке басының бостандығына өз құқығын қорғау кезінде адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалана алады;
  • ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды .

Бұл ережелер ҚІЖК-тің 14-бабына сөзбе-сөз дерлік келтірілген, оның өзі бұл принциптің мәртебелі ізгі міндер атқаратынын  дәлелдейді. Адамның жеке басына тиіспеушіліктің  жеке бостандығына құқығымен байланысты соңғысының мәжбүрлеусіз және шектеусіз  қандай да болсын іс-қимыл жасау, қандай да болсын белсенділік көрсету немесе одан бас тарту мүмкіндігін білдіретінін байқауға болады. Ұстауға, қамауға алуға немесе бостандықтан өзгедей айыруға салынған тыйымды ол адам қылмыс жасауға қатысты деген болжам жасау үшін заңды және жеткілікті негіздер бар болған жағдайда алып тастауға болады. Сонымен бірге кімнің де болсын жеке басына тиіспеушілікті бұзу үшін негіз етіп алынатыны – қылмыс жасады деген кез келген сезік емес, тек қлмыстық заңда екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген сезік. Бұл жалғаз негіз екеніне қарамастан, заң шығарушы басшылыққа алған өлшемдерге назар аудару қажет: сот тағайындауы мүмкін бас бостандығынан айыру сот іс бойынша шешім шығарар алдындағы кезеңдерге жеке бас бостандығы жөніндегі құқыққа іс жүзінде шек қойылуына негіз болмақ. Айыпталушының жеке басының бостандығы соттың іс бойынша шешімінде белгілегенлегіден анағұрлым ұзақ мерзім бұзылмайтынының кепілі – процесте айыпталушы сотқа дейінгі кезеңдерде қамауда болған уақытты бас бостандығынан айырудың іс жүзіндегі мерзімі, адам қамауда болған уақытты қоса, сот бас бостандығынан айыру түрінде белгілеген жазаны өтеу уақытынан аспайды. Адамды қамауға алуға және тергеу изоляторында ұстауға тек соттың немесе прокуродың санкциясымен ғана жол беріледі, оның өзі адамды жеке басының бостандығы құқығынан айыру кезінде заңдылық сақталатынының қосымша кепілі болып табылады. Кейінге қалдыруды қажет етпейтін жағдайларда адам жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін, осы уақыт өткеннен кейін ол босатылуға немесе тергеу изоляторында ұстауға прокурордың санкциясы алынуға тиіс. Стационар жағдайларында сот-психитрлық сараптаманы мәжбүрлеп жүргізу қажет болған кезде шешімді сот қабылдайды және жеке бас бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын ондай мәжбүрлеуге одан басқа ешқандай лауазымды адам немесе орган санкция бере алмайды. Сот-медицина сараптамасын жүргізу үшін адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру кезінде соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы қажет. Осы айтылған жағдайларда адамды мәжбүрлеу-бас бостандығына құқықты бұзу нысандарының бірі. Сот-психиатрлық немесе сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін медициналық мекемеге адамды орналастырудың ерекше прцедурасын осы жағдаймен түсіндіруге болады.

Ұсталған  әрбір адамға ұстаудың негіздемесі, сондай-ақ ол жасады деп сезік келтірілген  немесе айып тағылған қылмысқа заң  айқындамасы дереу түсіндіріледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың  ұстау негіздемесін хабарлауға байланысты қауырт қыймылдауы-осы жағдайларда  заңдылық сақталуының тиімді кепілі. Бұл мәселелерде кешігуге болмайтыны мына себептерге байланысты:

  • адамның жеке басына тиіспеушілік принципі бұзылады, оның өзі ұстауды жарамсыз деп тануға және ұстау туралы қабылданған шешімді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін (ҚІЖК 9-бабы);
  • ұсталған адамның жеке басына тиіспеушілік құқығын қалпына келтіру мақсатында адвокат (қорғаушы) қызметтерін пайдалану құқығы бұзылады (ҚІЖК 68 -бабы);
  • сезікті, айыпталушы қылмыстық ізге түсу органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдану жөнінде белсенді іс-қимыл жасайтын уақыт өтіп кетеді.

Адамның жеке басына тиіспеушілік принципін сақтау-заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, не медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған  адамды соттың, қылмыстық ізге түсу органының дереу бостауы. Адамның  жеке басына тиіспеушілік принципінің  заңсыз бұзылғанын прокурор жүзеге асыратын заңдылықты қадағалау барысында, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы жасалған қылмыс жағдайларын анықтау кезіндегі  қылмыстық ізге түсу барысында, сондай-ақ істі соттың қарауы кезінде анықтауға  болады. Дереу бостау жөніндегі талап  адам тергеу изоляторында қамауға алу  қаулысында көзделген мерзімнен  артық ұсталған, яки бас бостандығынан  айыру органдарында үкімет белгілеген мерзімнен астам ұсталған жағдайларда  да қатысты.

Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің мазмұнына  қылмыстық процеске қатысушы кімге  де болсын күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін  әрекет жасауға салынған тыйым кіреді. Күш қолдану, қатал немесе адамның  қадір-қасиетін түсіретін әрекеттің  адам мен азаматтың конституциялық құқытары мен бостандықтарының әлдеқалай  бұзылуына жол бермейтін іс жүргізу  әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ. Сот  ісін жүргізу барысында күш қолдануға, қатал немесе қадір-қасиетін түсіретін  әрекетке жол берілуі іс жүргізу  әрекеттерінің заң нұсқауларынан  өрескел түрде шегіне отырып жүргізілгенін  білдіреді, оның өзі сол іс жүргізу  әрекеттерін жарамсыз, ал осы тұрғыда  жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Адамның  өміріне немесе денсаулығына қауіп  төндіретін іс жүргізу әрекеттеріне ешкімді қатыстыруға болмайтыны туралы анықтама осы ережеге бір  табан жақын. Адамның өміріне  немесе денсаулығына қауіп төндіретін іс жүргізу әрекеттері ҚІЖК-те көзделмеген. әңгіме қылмыстың мән-жайын модель түрінде қалпына келтіруді немесе техникалық құралдар қолдануы қажет  ететін іс жүргізу әрекеттері жайында  болып отыр. Мысалы, жол көлік  оқиғасы туралы іс бойынша тергеу экспериментін жүргізу бұрын  болған оқиғаның жәбірленуші қайтадан дене жарақатын алатындай етіп қалпына  келітірілуіне жол бермейді.

 Іс  жүргізу әрекеттері үшін пайдаланылатын  техникалық құралдардың таңдап  алынуы іс жүргізу әрекеттеріне  қатысушылар үшін олардың мүлдем  қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін  жайттарға негізделуге тиіс. Мұнымен  бірге сот ісінде орындалуы  адамның жеке басына тиіспеушіліктің  бұзылуына әкеліп соғатын шешімдердің  орын алуы мүмкін. Мысалы, соз  аурулары мен өзге де жұқпалы  ауруларды анықтау мақсатында  сарапшылық зерттеу үшін үлгілердің  мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Мұндай  жағдайларда заңда прокурор санкциясының  немесе соттың тиісті шешімінің  міндетті түрде алынуы көзделген  (ҚІЖК-тің 263-бабы).

Адамның жеке басына тиіспеушілік жөніндегі талап  қамауға алынған адам жөнінде де сақталуға тиіс.Уақытша қамауда ұстау бөлмесіндегі жағдайлар қамаудағы адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін болуға тиіс.

Бұлтартпау  шараларын қолдануға қатысты  тағыда бір қағида - Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық  процеске қатысушы адамдардың абыройын түсіретін немесе қадір-қасиетін кемітетін  шешімдер мен іс әрекеттерге тыйым  салу. Бұл принцип негізіне конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: «әркім Қазақстан Республикасының  Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқытарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге  міндетті». Бұл негіз адамның  қадір-қасиетін қол сұғылмайтыны туралы конституцияның басқа қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Қол сұғылмастық  және құрметтеу ұғымы бірін-бірі өзара толықтырады және оларды құқықпен қамтамасыз ету құралдарымен байланысты. Құрметтеу, қол сұқпаушылықтан көрініс  табады және керісінше – қол сұқпаушылықты  сақтау құрмет сезімін білдіру әдістерінің  бірі болып табылады. Сонымен бірге  абырой мен қадір-қасиетті құрметтеу  принципінің мәні мұны шектемейді.Адамның  қідыр-қасиетіне қол сұқпаушлық әрбір адамның жеке құндылығын, оның ой қалпын тануға негізделген. Адам-бағалы ой-өрісі пен ізгілік иесі. Әрбір  адам дербес ой ойлау және іс қыймыл жасау құқығын құрметтеу мен тануға лайық.

Тұлғаға бұлтартпау шарасын қолдану оның жеке бостандықтарын шектеумен байланысты. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін  сезікті айыпталушы тұлға кінәсіз  болып есептеледі. Сондықтан тұлғаға  бұлтартпау шарасын қолданған кезде  осыны еске сақтауға міндеттіміз. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап  ұстау, әскери қызметшісін әскери командованиесіне беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының  қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді; оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған  кезде, оның қадір-қасиеті құрметтеуге  тырысу керек, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін.

 

1.3 Бұлтартпау  шарасын қолдану туралы қаулы  немесе үйғару және оны өзгерту  мен тоқтату

Бұлтартпау шарасын қолдану  туралы дәлелденген қаулы немесе үйғару шығарылады, мұнда айыпкердің фамилиясы, өзінің, әкесінін аты, туған  жылы, туған жері, айыптың мәнісі, қылмыс заңының айыпкерге айып таққан бабы, қолданылган бұлтартпау шарасының  түрі және ол шараны қолданулың негіздері  көрсетіледі.

Бұлтартпау  шарасын колдану туралы каулы  айыпкерге қолхат аркылы жарияланады  да, көшірмесі прокурорга жіберіледі.

Аныктама  жүргізуші адам, тсргеуші, прокурор және сот айыпкердің түткынға алынғаны және қайда тұрганы туралы айыпкердің жакын кызмет еткен жеріндегі  әкімшілікке хабарлауға тиіс.

Бұлтартпау  шарасының қаулысы үш бәлімнен түрады: кіріспе, баяндау және қорытынды  бөлімнен түрады. Ол нақты және анық әдеби тілмен жазылуы тиіс. Бұл  айыпкерге оның мазмүны түсінікті  болу үшін керек. Практикалық жағынан  кіріспе және баяндау бөлімдері  тұтасып кетеді және қаулы "қаулы еттім" деген сөзге дейін бір бөлімді құрайды - баяндау бөлімі. Бүл бөлім бұлтартпау шарасынын қаулысында негізгі мазмұны болады.

Қаулыда бұлтартпау шарасын тағайындаған органның өзін көрсетеміз. Бұдан кейін айыпкердің (сезіктінің) толык аты-жөні, туылған  жылы және т.б. көрсетіледі.

Қаулыда оның жазған жерін және уақытын көрсету  тиіс. Уақытын көрсетудін қажеттілігі  бұлтартпау шарасын қолданғанның бастапқы кезеңін анықтау үшін қажет. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды  қолданғанда мерзімін көрсетудің ерекше маңызы сот жазасын өтеу үшін қамауға  алынған күннен бастап есептейді  және бұл бұлтартпау шарасы он екі  айдан артық созыла алмайды.

Бұлтартпау  шарасын қолдану туралы қаулының ең маңызды бөлімі баяндау бөлімі болып табылады. Заңда айтылған, "тергеуші қаулыда бұлтартпау шарасын  қолданудың негізін көрсетеді". Ал қамауға алуды алып көрсек, мұнда  тергеуші бұлтартпау шарасын қолдану  ушін оның нақты негіздерін көрсетүге  міндетті. Айып тағылғанға дейін, қамауға  алу туралы қаулы ерекше мұқияттылықпен баяндап жазылуы керек.

Кейбір  жағдайда қаулыны дұрыс және мұқият баяндап құрастыру үшін, тергеуші немесе анықтама жүргізуші алдын-ала  дайындап қойған бланкілерде тек  қана істің материалдарынан алынған  мәліметтерді ғана жаза салады. Ал кейбір бланкілерде дайын және дүрыс  емес негіз былай көрсетілген: "Іс бойынша айыпкердің тұрақты тұрғылықты жері болғандықтан, тергеу мен соттан ешкайда бұлтарып кете алмайтын деген  кауіпсіздік ескеріледі және тергеу жүргізуге кедергі жок" - дейді.

Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары