Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...............................................................................2

I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24

III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37

Работа содержит 1 файл

срс по кіжк.docx

— 93.34 Кб (Скачать)

1997 жылы  қабылданған қылмыстық іс жүргізу  заңында орын тапқан шаралардың  бірі – тұлғаны үйде қамауда  ұстау. 

ҚР ҚІЖк-нің 149-бабы, айыпкерді толық оқшалай  қажет бола қоймаса немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы  және басқа да мән-жайлар бойынша  қамауға алу дұрыс емес деп  үйғарылған кезінде, үйде қамауда ұстау  қолданылады дейді. Бірақ, қандай да бір басқа мән-жайларға не жататынын  түсіндірмейді. Ал, қандай-да бір жағдайдың  нормамен нақты реттелмеуі – оны  өзінше талқылауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы шараны қолдануға  негізді анықтаған кезде, іс жүргізуші  орган немесе судья, өз тандауы бойынша, егер себепті дәлелдесе, кез келген жағдайды атай алады. Бұл жерде, осы  жағдайды реттеу үшін, ҚР ҚІЖК-не өзгерістер енгізу керек..

 Соңғы жылдары, қамауға алу шарасына санкция беру мүмкіндігін прокурорлардан алып сотқа беру мәселесі көтеріліп, сұрақ соттардың пайдасына шешілген болатын. Ол туралы сұрақ заң шығарушы органда қаралып, қылмыстық іс жүргізу заңына өзгертулер енгізу қажет деп нәтиже жасалған болған.

 Бірақ, қазіргі кезде, қамауға  алуды сотпен санкциялау әлі  қалыптасқан жоқ. Қамауға алуды  санкциялау – сот бақылауын  арттыру мәселесіне байланысты. Сот бақылауы, нәтижелі институт екені туралы шетел тәжрибесі дәлелдейді. Шетел тәжрибесі барлық мемлекеттерде бірдей қалыптасқан емес, бірақ бір оларды біріктіретін жағдай – сот адамдардың құқықтары мен мүдделерінің кепілдігі болып табылады. Шетел мемлекеттерінің Конституциялары сот арқылы қорғану нормаларын енгізген және олардың кепілдігі ретінде қағидаларды қарастырған.  Ондай қағидалар біздің қылмыстық іс жүргізу заңында да бар. Бірақ, сұрақ басқада – оларды қалыптастыру механизімін арттыруда.

 

 

3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға  прокурордың

қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері

Прокурорлық қадағалау мемлекетте заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі  тәсілі. ҚР Конституциясының 33-бабының 4-тармағында заңдылықтын анықтамасы берілген: «Республикадағы Мемлекеттік билік біртұтас және Конституция мен заңдар негізінде атқарылады...». Конституцияны, заңдарды және оларға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық актлерді бұзбау, заңдылықтын мәнәін құрайды. Прокурорлық қадағалаудын ролі – заңдылықтын бұзылуын анықтау және тоқтату мақсатымен, өзіне бағынысты емес органдар мен тұлғалардың қызметін, арнайы құрылған органмен, қадағалау арқылы жүзеге асыру.

  ҚР Конституциясының 83-бабының  1-бөлігіне сәйкес, прокуратура мемлекет  атынан, ҚР аумағында заңдардың,  ҚР Президенті жарлықтарының  және басқа да нормативтік-құқықтық  актлердің түгелдей және біртұтас  қолданылуына; алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру  қызметінің заңдылығына; әкімшілік  және атқару өндірісіне жоғарғы  қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың  кез келген бұзылуын анықтау  және жою шараларын қолданады,  ҚР Конституциясы мен заңдарына  қайшы келетін, заңдар мен құқықтық  актлерге наразылық білдіреді. 

  Прокуратура, мемлекет мүддесін  сотта өкілдейді және заңмен  бекітілген жағдайларда, тәртіпте, қылмыстық ізге түсуді атқарады. Прокурорлық қадағалауға «жоғарғы»  деген терминді қолдану, оны  заң қолдануды бақылаудың басқа  нысандарына қарағанда ерекшелейді,  прокуратура органдарын, заңдылықты  қамтамасыз етуге міндеттенген  органдар арасында негізгі орынға  қойады.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы мақсаттары ҚР Конституциясы, ҚР Президентінің  заң күші бар Жарлығы, және басқа  да нормативтік-құқықтық актлермен  белгіленеді, соның ішінде ҚР ҚІЖК, ҚР АІЖК-мен.      Жоғарғы  қадағалауды жүзеге асырумен байланысты прокурорлық қадағалаудын келесі жалпы  міндеттерін атауға болады:

  • ҚР аумағында, ҚР заңдары, ҚР Президенті жарлықтары және басқа да нормативтік актлерінің толық және біртұтас орындалуын қадағалау;
  • тергеу, анықтау және шұғыл-іздестру қызметінің заңдылығын қадағалау;
  • әкімшілік және арқарушылық өндірісті қадағалау;
  • ҚР Конституциясы және басқа да нормативтік актлеріне қайшы келетін заңдар мен актлерге наразылық білдіру;
  • сотта мемлекет мүддесін өкілдеу және сот актлер заңдылыған қадағалау;
  • заңда бекітілген тәртіпте және шектерде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру;

мемлекеттік-құқықтық статистиканы ұйымдастыру және статистика саласында қадағалауды жүзеге асыру.

Қадағалауды жүзеге асыру барысында, прокурордың негізгі міндеті  – прокурорлық қадағалау құралдары  арқылы адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Бұл прокуратура органдарының құқықты  қорғау функциясы.

         Алдын ала  тергеу сатысында адам және  азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  қамтамасыз етуге байланысты  негізгі өкілеттіктер, бір де  бір мемлекет билігінің тарауына  жатпайтын, негізгі функциясы  ретінде заңды қорғау қарастырылған,  прокуратура органдарына берілген.

         Жоғарыда  айтылғандай, сотқа дейінгі өндіріс  сатысында, негізгі сұрақ ретінде  адам мен азаматтың құқықтарын  қамтамасыз ету мәселесі қаралып  отыр. Прокуратура органдарына, сотқа  дейінгі сатыда, соның ішінде  анықтау жүргізу кезінде, адам  мен азаматтың құқықтары және  бостандықтарын қамтамасыз етуга байланысты кең өкілеттіктер берілген. Алдын ала тергеу жүргізу барысында адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыстық істі қозғау, тергеу, бөлек тергеу іс-әрекеттерін және шұғыл-іздестру шаралын жүргізу, бұлтарпау шараларын қолдану барысында оларды қамтамасыз етуден тұрады.     

  Прокуратура органдарының өкілеттігіне  қатысты, мысалғы,      2004 жылдың 19 мамырында ҚР Бас Прокурорының  Бұйрығымен бекітілген, Алдын ала  тергеу және анықтаудын заңдылығына  прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру  туралы нұсқауы, 4 бөлікте, прокурордың  өз өндірісіндегі істер мен  материалдар бойынша, заңмен қарастырылған  жағдайлар мен тәртіпті қоспағанда, қандай да бір, түсініктемелер  бермеуге немесе кімге болсын  танысуға бермеуге құқығын бекіткен.

Аталған Нұсқауға сәйкес, қадағалау, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы  лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін, анықтау органдарымен қабылданатын процесуалдық шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатымен, ұйымдастырылу  қажет.

Алдын ала тергеу сатысында адам және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қамтамасыз етуге байланысты негізгі өкілеттіктер, бір де бір  мемлекет билігінің тарауына жатпайтын, негізгі функциясы ретінде заңды  қорғау қарастырылған, прокуратура  органдарына берілген.

Жоғарыда айтылғандай, сотқа дейінгі  өндіріс сатысында, негізгі сұрақ  ретінде адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі қаралып  отыр. Прокуратура органдарына, сотқа  дейінгі сатыда, соның ішінде тергеу және анықтау жүргізу кезінде, адам мен азаматтың құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз етуга байланысты кең өкілеттіктер берілген. Тергеу және анықтау жүргізу барысында  адам мен азаматтың құқықтары  және бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыстық  істі қозғау, тергеу, бөлек тереу  іс-әрекеттерін және жедел-іздестіру  шаралын жүргізу барысында оларды қамтамасыз етуден тұрады. Қылмыстық істің қозғалауы, барлық жағдайда, тұлғаны сезікті, айыпталушы ретінде тартумен, бұлтартпау шарасын қолданумен, құқықтары мен бостандықтарын шектеумен ұштасады.

Тергеуші, қылмыстық істі қоғағаннан кейін, сезікті және айыпталугшы  тұлғаға ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шарасының бірін қолдануға тиісті. Бір қатар шаралар, сот шешімі және прокурордың санкциясымен жүзеге асырылады, ал бір қатарын тергеуші өз қүзырет шегінде қолданады. Бірақ, барлық жағдайда олардың қолданылуының  заңдылығы прокурормен тексерілуге тиісті. Прокурор, қолданылған шараны заңсыз деп табса, өз шешімімен оны өзгертуге немесе жоққа шығаруға құқылы. Бұл өкілеттік прокурордың тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау функциясынан туындайды. Аталған шаралар ішінде ең ауыры тұлғаны қамауға алу. Бүгінгі күні, бұл сұрақ, заң тұрғысынан қаралып, жаңадан реттеллді. Шараны санкциялау мүмкіндігі сот органдарына берілуде. Егер қамауға алу шарасын қоллдануға санкцияны прокурор беретін боолса, енді бұл өкілеттік сот құзыретіне табыс етілелді.

Қылмыстық істің қозғалауы, бір қатар жағдайда, тұлғаны 72 сағатқа дейін тұтқындаумен байланысты. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес, тұлға, тек ғана сот шешімі негізінде кінәлі деп табылуы  мүмкін. Сондықтан, сезікті және айыпталушы ретінде ұсталған және тартылған  тұлғаға осы принцип негізінде  қарау қажет. Кінәсіздік презумпциясы, тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданылған  кезде де ескерілуге тиіс. 2004 жылдың 19 мамырында ҚР Бас Прокурорының Бұйрығымен бекітілген, Алдын ала  тергеу және анықтаудын заңдылығына  прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқауында былай делінген: «Аудандық, қалалық және оларға теңістірілген прокурорлар, ҚР ҚІЖК-нің 17 тарау талаптарының құқыққорғау органдарымен сақталуын тұрақты тексерсін.

 Тексеруді  әкімшілік қамауға алу арнайы  жерлерінде, медициналық айықтыру  жерлерінде, қалалық, аудандық уақытша  ұстау изоляторларында, тергеу  изоляторларында, қылмыстық ізге  түсу органдарының лауазымды  бөлмелерінде өткізу қажет. Тексеруді  түнгі уақытта, демалыс, мейрам  күндері өткізуді жие қолдану  қажет. Әр бір ұсталған сезіктінің, оны ұстау негіздерін анықтау.  Сезікті заңсыз ұсталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға  ықпал ету шараларын қолданумен, тезарада оны босату қажет. 

Ерекше  көңіл, кәмілетке толмаған тұлғаларды, мүгедектерді, әйелдерді, шетел азаматтарын  ұстау заңдылығына бөліну қажет. Ұстауды дәлелдеме табу құралы ретінде  қолдануға тиым салынсын».  
      Жоғары айтылғандға негіздене отырып, прокурорға жүктелген негізгі мақсатты анықтауға болады – қылмыстық істі қозғау сатысында сезікті, айыпталушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.

Прокуратура қызметінің маңызды бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау. Бұл қадағалаудың мәнін сот тағайындаған жазалау мен мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардын бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығын аталған мекемлерде сотталған адамдарды ұстаудың занда белгіленген тәртібі мен шарттарын сақталуынан және бас бостандығынан айырута қатыссыз жазаларды аткарудың заңдылығынан. азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығына қалағалауды жүзеге асырудан көруге болады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстык -атқару кодексінің 20-бабына сәйкес, жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінін  заңдарлы сақтауын калағалауды, Қазақстан  Республикасының Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады. Қамалғандарды тергеу изоляторында ұстау және қылмыстық жазаны орындау мәсілелері жәніндегі Қазақстан Республикасының ІІМ-і мен ӘМ-і оларға бағынышты органдар шығарған нормативтік-құқықтык актілердің заңдылығына қадағалау жасау және заңға қайшы келетін бүйрықтар, жарлықтар, қаулылар тез тоқтатылып, оларға наразылық келтіруді жүзеге асыру қарастырылған. Тексеру кезінде ұсталғандардың, қамауға алынғандардың заңда белгіленген, құқықтар мен міндеттерінің сакталуына, оларды бостандығынан шектеу орындарында ұстаудың заңдылығына, тәртіп туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуына және ұсталған, қамауға алынған әйелдер мен жасы толмағандардың жағдайына баса назар аудару қажет.

Бұлтартпау  шарасы жасы толмағандардың тергеуден, соттан жалтаруына жол бермеу үшін, істің мән-жайын түпкілікті ашу, қылмыстық әрекеттін жалғасуының  алдын алу және үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтама мен тергеу органының, прокурордын, соттың қолданатын процессуалдық әрекеті.

Кәмелетке толмағанды қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданған кезде мынаны ескеру қажет:

а) жасаған қылмыстың  ауырлығын және оның қоғамға кауіптілік дәрежесін;

б) айыптың  болуының дәлелділігін;

в) кәмелетке  толмаған айыпкердің тергеу мен сотган жасырынуына мүмкіндігін;

г) кәмелетке  толмағанның еркіндікте жүрген кезінде  істің мән-жайын түпкілікті ашуына кедергі келтіруін;

Қабылданған шешім туралы жазбаша   прокурорға   хабарланады   немесе   тергеуші, анықтама жүргізуші арқылы беріледі.

Осы жалпы  заңның көрсетуінен шыкқан ережелерге сәйкес кәмелетке толмаған айыпкерге (сезіктіге) қолданылған бұлтартпау шарасына шағым беруге қүкығы мен  тәртібін түсіндіру керек. Прокурордың санкциясымен тағайындалған бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту үшін тергеушімен анықтама жүргізуші адам тек прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырады.

Айыпкерді қамауға алу туралы мәселе жасалған қылмыстың құрамына қарай шешіледі. Прокурор айыпкерді қамауға алудың негізін тексеруге міндетті.

Кәмелетке толмаған айыпкерді қамауға алу  жәніндегі мәселені прокурор шешкен кезде мұқият бәрін қарап алу  керек. Ол кәмелетке толмаған адамнан  мүмкін болған жағдайда өзі жауап  алып, оның өмірдегі жағдайымен және тәрбиесімен  танысуға міндетті. Прокурор әр уақытта  кәмелетке толмаған адамды ұстаған  кезде немесе қамауға алған кезде, оны жасы үлкен айыпкерлерден  бөлек ұстауын бақылап отыруы тиіс. Прокурор айыпкерге қатысты  түрлі бұлтартпау шараларының бірін  таңдап нұсқау беруге құқылы. Нұсқау жазбаша  түрде берілуі тиіс және ол анықтама жүргізуші адам мен тергеушіге міндетті болады.

Ал жүйке ауруымен ауыратын адамдар  қоғамға қауіпті әрекет жасаса және өзіне немесе басқаларға қауіп төндірсе, оларға тек бір бұлтартпау шарасын  қолданады. Ауруханалық жағдайда қамауда  ұстау. Қалған бұлтартпау шарасының  мағынасымен негізі ауыратындарға  түсініксіз және олар оны қоғамдык қауіптіліктен сақтамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  

Сонымен бәрін  жинастырсақ бұлтартпау шаралары деген  – бұл заңмен белгіленген мемлекеттік (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы, айыпталушының (сезіктінің) жеке бостандығын, жеке кепілдіктен, оны тиісті мекемелерде қадағалау  арқылы айыпталушының анықтама, тергеу, соттан қашып кетпеуі, тиісті рұқсатынсыз  тұрғылықты жерден кетпеуін, іс бойынша  шындықты анықтау үшін оны ескерту, қылмыс жасауды алдын-алу, оны жасауға  кедергі үшін, тәртібін дұрыстауды қамтамасыз ету, уақытылы шақыру бойынша  тергеу, сот, прокурорға келуін қамтамасыз ету және де үкімнің орындалуы  үшін қолданылатын шаралар.

Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары