Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 13:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет.

Содержание

Кіріспе...............................................................................2

I Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................4
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................6
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................10
II Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................15
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................16
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................17
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................18
2.5 Кепіл болу..................................................................19
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................20
2.7 Қамауға алу................................................................21
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................24

III Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................27
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....29
Қорытынды....................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................37

Работа содержит 1 файл

срс по кіжк.docx

— 93.34 Кб (Скачать)

 

                   2.6. Үйде қамап ұстау

Бұлтартпау  шарасының бұл түрі айыпталушыга қамауға алуды қолдануға мүмкіндік  болған жағдайда, бірақ айыпкерді  толық оқшалай қажет бола қоймаса  немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы және басқа да мән-жайлар бойынша қамауға алу дұрыс  емес деп үйғарылган кезінде қолданылады.

Үйде қамауда  ұстау туралы қаулыда айыпкерге  қолданылатын шектеулердін сақталуын  қадағалау жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетіледі. Айыпкерге  белгілі бір адамдармен қарым-қатынас  жасауға, байланыс құралдарын пайдалануға  тыйым салынуы, тұрғын үйден шығуға шектеу қойылуы, түрғылыкты жері күзетілуі  мүмкін.

Қамап  ұсталатын адамның тұрғылықты жері  күзетілуі мүмкін. Қажет болған кезде  оның мінез-құлқын қадағалау белгіленеді.

Бұл шарада, 1997 жылы қабылданған қылмыстық іс жүргізу заңында орын тапқан шаралардың бірі. Тұлғаны үйде қамауда ұстау  қылмыстық іс жүргізу құқығының  гуманизациясымен де байланысты. Қамауға  алу бұлтартпау шарасын қолдануға  қажеттілік болған жағдайда, бірақ  бір қатар заңда көрсетілген  себептерге байланысты, ол үйде қамауда  ұстау шарасына ауыстырылады. Бұл  шараныңда механизімі әлі дұрыс  қалыптасқан емес.

ҚР ҚІЖк-нің 149-бабы, айыпкерді толық  оқшалай қажет бола қоймаса немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы  және басқа да мән-жайлар бойынша  қамауға алу дұрыс емес деп  үйғарылған кезінде, үйде қамауда ұстау  қолданылады дейді. Бірақ, қандай да бір басқа мән-жайларға не жататынын  түсіндірмейді. Ал, қандай-да бір жағдайдың  нормамен нақты реттелмеуі – оны  өзінше талқылауға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы шараны қолдануға  негізді анықтаған кезде, іс жүргізуші  орган немесе судья, өз тандауы бойынша, егер себепті дәлелдесе, кез келген жағдайды атай алады. Бұл жерде, осы  жағдайды реттеу үшін, ҚР ҚІЖК-не өзгерістер енгізу керек. Осымен қатар, ҚІЖК-де, үйде қамауда ұсталған тұлғаға қадағалау  орнатылуы мүмкін деп айтылған, бірақ  қадағалау кіммен және қалай жүзеге асырылатыны белгісіз. Алдын ала  тергеу барысында қолданылған жағдайда тергеуші, анықтаушы, қадағалауды жедел-іздестіру  қызметшілеріне жүктей алады, ал іс сотқа  келген кезде кімге жүктеледі.

 

2.7. Қамауға алу

Қамауға алудың бұлтартпау шараларының арасындағы орны ерекше.

Қамауға алу, қоғамға қауіпті тұлғалармен  күресудің қажетті құралы бола отырып, тұлғаның жеке бостандығын шектеумен  байланысты және күрлелі құқықтық, моральдық және басқа да салдарды туғызады.

Айыпталушы  және сезіктіні қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде, басқа бұлтартпау шараларына қарағанда, кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімі шыққанға дейін  кінәсіз болып есептелетін тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мықты шектейді.

Бұлтартпау  шарасы ретінде қамауға алу заң  бойынша екі жылдан асатын мерзімге қасақана қылмыс бойынша, ал абайсыздықта жасалған қылмыс үшін бас бостандығы айыру мерзімі үш жылдан артса  айыпталушыға қолданылады. Ерекше жағдайларда  екі жылдан аз мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы көзделген қылмыс бойынша  сезіктіге да қолданылуы мүмкін. Егер айыпталушының Казақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын жері болмаса, оның жеке басы анықтамаса, ол бүрын қолданған бұлтартпау шарасын  бұзса, кылмыстық құдалау органдарын немесе соттан жасырынса қамауға  алынады.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК –де қылмыстық  істі тергеу мен оны сотта қарау  сатысында бұлтартпау шарасын қолдану  институтында қамауға алу ерекше орын алады. Қамауға алу  бұлтартпау шараларының  қолдану институты  өзінің табиғаты жағынан кешенді  болып табылады, ол қылмыстық-процессуалдық  заңның даму процесінде сондай-ақ басқа  құқық салаларының дамуында пайда  болған. Бұлтартпау шарасы институтының кешенді көрінісі оның  жан-жақты  толық зерттелеуін талап етеді. Ол қазіргі өмірге сәйкестендіріп, тәжірибе жүзінде оның процессуалық тәртібіне, әр-елдің өмірлік тәжирибиелеріне  сүйене отырып зерттелеуі керек. Қазақстан  Республикасында  қамауға алу  - бұлтартпау шарасы ең ауыр шарасы болып  табылады, себебі  қамау  бұл тұлғаның Конституциямен кепілдік берілген құқықтарына, жеке өмірі мен  бостандығына шектеу жасап оны қоғамнан оқшаулайды. Сондықтан  да бұл шараны тергеу органдары өз бетімен қолдана бермеу үшін оған ең алдымен рұқсат алуы керек. Ал бұл рұқсатты ҚР аумағында заңдарды дұрыс орындалуына, қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар  және судьялар бере алады. Прокурордың қамауға алуға беретін санкциясы өте ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да прокурор бұл шаларалға санкция беріп қоймай, оның жүзеге асыруына айыпкердің, сезіктінің Конституциямен, Адам құқығының Жалпы Деклорациясымен, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісімен қандай да болмасын түрдегі ұсталған немесе қамауға алынған тұлғаларды қорғаудың қағидалар жинағымен және т.б. нормалармен кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарының, мүдделерінің сақталуына, заңмен берілген құқытарының орындалуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырылуы қажет.

Анықтаушы, тергеуші қамауға алу қажет деп  тапқанда, қамауға алуды қолдану  туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны күзетпен ұстау кажеттігі туралы себептер мен негіздер баяндалады. Осыны растайтын материалдар  қаулымен қоса прокурорға ұсынылады. Қаулы  материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттық ішінде кідіріссіз каралуға тиіс. Прокурор қамауга алуға  санкция бермес бұрын барлық материалдармен танысуға және айыпталушыдан жеке жауап  алуға міндетті. Жауап алу кезінде  тергеуші, корғаушы, кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдері қатыса алады және мәселе бойынша өзінің пікірін айта алады. Осыдан кейін прокурор қамауға алуга санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Прокурордың санкция беруден бас тартуы шағымдануға жатпайды. Прокурорға қайталап өтініш білдіру тек айыпталушыны камауға алудың қажеттілігін негіздейтін жаңа мән-жайлар пайда болған кезде мүмкін болады.

Егер сотталушыға  қатысты қамауға алуды колдану  мәселесі сотта туындаса, тараптарлың  өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот шешім қабылдап, ол туралы қаулы  шығарады.

Қылмыстык процесті жүргізуші органдар бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу колданылатындығы туралы айыпталушының туыстарына хабарлауға міндетті.  Тергеудің алгашкы  кезендегі  қүпиясын сақтау қажет  болган жағдайда, хабарлау прокурордың  санкциясымен, ұсталган кезден бастап он тәуліктен аспайтын мерзімге кешіктірілуі мүмкін.

Бұлтартпау  шарасы ретінде қамауға алу колданылған  айыпталушылар тергеу изоляторында үсталады.

Бірақ қамауға  алуды қолдану барысында, анықтау  және тергеу органдары, ҚР Конституциясының 16-бабын бұзбау мақсатында, айыпталушы тұлғаның кінәлігі туралы жеткілікті дәлелдемелерге ие болуға тиісті.

ҚР Конституциясының 16-бабы келесіні бекітеді:

  1. Әр бір тұлға жеке бостандыққа ие бола алады;
  2. Қамауға алу мен қамауда ұстау, тек қана заңда көзделген жағдайларда, прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімімен, қамауға алынған тұлғаға сотқа шағымдану құқығын беру арқылы жүзеге асырылады. Прокурордың санкциясыз тұлға 72 сағатқа дейін ғана ұсталады.

Қарастырылып  отырған шара басқа шараларға  ұқсас, бірақ сонымен қатар оның ерекшеліктері де бар. Ол ерекшеліктер келесіде:

Анықтау органы және тергеуші қамауға  алу шарасын тек қана прокурордың  санкциясымен немесе соттың шешімімен  қолдануға құқылы. Қамауға алу  бұлтартпау шарасы ретінде, заңда белгіленген  мерзіммен шектеледі (ст.153 УПК РК). 

Тұлғаны бостандығынан заңсыз және негізсіз қамауға алу арқылы айыру  заңдылықтын бұзылуы болып табылады.

Қамауға алу бұлтартпау шарасын, бас  бостандығынан айыру жазасынан  ажырату қажет.

Бас бостандығынан айыру – тұлғаны  жазалау және тәрбиелеу, тұлғаның құқықтары  мен бостандықтарын шектеу, мемлекет атынан оның қылмыстық іс әрекетіне, оны жасаған тұлғаға теріс  баға беру арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік  мәжбүрлеу шарасы. Тұлғаның бас бостандығын  айыру, қылмыстық жаза ретінде, тек  қана сотпен, мемлекет атынан, кінәлі деп  танылған тұлғаға қолданылады. Қамауға  алу, бұлтартпау шарасы ретінде, сотпен қатар, анықтау органымен және тергеушімен  қолданылады. Тұлғаға қамауға алу  бұлтартпау шарасын қолдану, істің  аяқталуымен байланысты емес және жазаның  мазмұнына әсер етпейді.

  ҚР ҚІЖК-ң 153-бабына сәйкес, сотқа дейінгі өндірісте қамауға алу мерзімі, ерекше жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспауға тиіс.

Қылмыстық істі екі ай ішінде аяқтауға мүмкіндік және бұлтартпау шарасын  өзгертуге негіз болмаса, бұл  мерзім аудандық, қалалық және оларға теңестірілген прокурорлармен –  үш айға дейін, облас прокуроры және оларға теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен –  алты айға дейін ұзартылады.

Алайда бұл мерзім де шекті емес. Ерекше жағдайларда, мерзім, Бас Прокурордың  орынбасарымен, Бас әскери прокурорымен тоғыз айға дейін ұзартылады. Тоғыз  айдан жоғары мерзімді ұзарту, тек  ерекше жағдайда, Бас прокурормен, он екі айға дейін, жүзеге асырылады. Әрі  қарай мерзімді ұзарту қарастырылмаған, айыпталушы тұлға дереу босатылуға тиіс.

ҚІЖК-нің153-бабының 8-бөлігінде көрсетілгендей, өкілетті прокурор қамауда ұстаудың мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарап, айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімін ұзартады немесе бұл өтінішті қанағаттандырусыз  қалдырады. Егер қамауда ұстаудың мерзімі  ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау  мерзімі аяқталғаннан кейін дереу  босатылуға жатады.

Қамауда ұстау орны әкімшілігінің  басшысы айыпталушыны қамауда ұстау  мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей ол туралы қылмыстық істі жүргізуші органға, сондай-ақ тиісті прокурорға хабарлауы  тиіс. Егер бұлтартпау шарасы ретінде  қамауда ұстаудың мерзімі аяқталғанға  дейін айыпталушыны босату туралы не қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім немесе ол шешім туралы хабар келіп түспесе, қамауда  ұстау әкімшілігінің басшысы  өзінің қаулысымен қамаудағы айыпталушыны босатуға міндетті. Бұл қаулының көшірмесі  жиырма төрт сағаттың ішінде қылмыстық  іс жүргізуші органға және прокурорға жолданады. Айыпталушыны, сезіктіні қамауда ұстаудың мерзімін есептеу тәртібі ҚІЖК 153-бабының 11-14 бөліктерінде көрсетілген. Қамауда ұстаудың мерзімі айыпталушы, сезікті қамауға алынған уақыттан прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Сезікті ретінде ұстау уақыты, адамға үйде қамап ұстау немесе оның соттың шешімі бойынша психиатриялық не өзге медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Заңда айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамауға алу мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды деп көрсетілген.

Айыпталушы, сезікті осы іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөлектелінген қылмыстық іс бойынша қайта қамауға алынған  жағдайда, жаңадан қамаудың мерзімі  ол адамның бұрын қамауда ұсталған уақыты ескеріле отырып есептеледі. Қылмыстық  істі сот қосымша тергеу жүргізуге  қайтарған кезде де айыпталушыны қамауда ұстаудың мерзімі осы  айтылған ережеге сәйкес есептеледі.

Соңғы жылдары, қамауға алу шарасына санкция  беру мүмкіндігін прокурорлардан алып сотқа беру мәселесі көтеріліп, сұрақ  соттардың пайдасына шешілген болатын. Ол туралы сұрақ заң шығарушы органда  қаралып, қылмыстық іс жүргізу заңына өзгертулер енгізу қажет деп нәтиже жасалған болған. Көп заңгерлердің пікірі бойынша, қамауға алуды санкциялау мүмкіндігін сотқа беру, қалыптасқан қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың жүйесін, соттың мәртебесін өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, барлығы, қандай реформа жүзеге асырсақ да, олардың барлығы қалыптасқан құқық қолдану тәжрибесіне және ұлттық ерекшеліктерге негіздену қажет деп айтқан.

Бас бостандығынан  айыру мекемесінің әкімшілігі қамаудағыларга өз айыбын мойындатқызуға құқығы жоқ, және басқа қатысушыларды айтқызуға  және айыбын мойындап өзі келуіне. Бұл  олардың ісі емес. Әсіресе бұл  жұмысқа басқа қатысушыларды  пайдалануға болмайды және олардың  бас бостандығынан айыру орнының  әкімшілігі мен карым-қатынасы күмән  тудырады. Бүл жағдайда айыбын мойындап келуі ерікті түрде жүрмейді және кей жағдайда ашылмаған қылмысты қамауда отырғандардын мойнына  алғызады.

Мұндай жағдайда тергеуші айыпкерді  қайта тәрбиелеуге құқы жок, немесе бұл міндеттілікті бостандыктан айыру мекемесіне жүктеуге. Бұл сотқа  да қатысты. Бірақ айыпкер тәрбиелеусіз қалады деп айтуға болмайды. Егер ол айыпты болса, онда сот процесі оның көзқарасына әсер ету керек. Бұлтартпау шарасынжүзеге асыру барысында, яғни бас бостандығынан айыруға байланысты емес шарасын қолданғанда айыпкер мен оған жақын туыстары немесе еңбек үжымдары арасында формальды емес қарым-қатынас туады. Айыпкер қылмыс жасағанын мойындап, өкінуі және кешірім сұрауы мүмкін, түзелемін деп уәде береді жәнс т.б., ал оған сенім артқан адамдар бүл айтқандарды кабылдап, сеніп және оған қатысты түрлі тәрбиелеу шараларын қолданады. Бірақ оларға айыпкерді құқыктык, тәрбиелеу міндеттілігі жүктелмеген. Құқықтық мағынада олардың міндеттілігі тек бұлтартпау шарасының жүзеге асуын қамтамасыз ету, ал айыпкерді қайта тәрбиелеуді заң көрсетпеген.

 

2.8.Өзге процессуальдық  мәжбүрлеу шаралары

Жоғары  аталған бұлтартпау шараларымен  қатар, іс жүргізу барысында озге де процессуальдық мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Бұлтарпау шаралары, қылмыстық іс жүргізу құқығында белгіленген мәжбүрлеудің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сондықтан, бұлтартпау шаралары, қылмыстық іс жүргізу құқығындағы мәжбүрлеу шараларының бір түрі деп айталамыз. Бұлтарпау және мәжбүрлеу шаралары бір бірінен олардың мақсатына сәйкес ажыратылады, соныме қатар, бұлтартпау шаралары мәжбүрлеу шараларына қарағанда қатаң шаралар болып есептеледі.

Мәжбүрлеу шараларының түрлері және оларды қолдану тәртібі ҚІЖК-нің 19-тарауында  белгіленген. Соның ішінде, 156-бапта  көрсетілгендей, қылмыстарды тергеудің және сот талқылауының заңмен белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ сот үкімінің талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізуші орган сезіктіге немесе айыпталушыға мына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы:

  • келу туралы міндеттеме;
  • еріксіз алып келу;
  • қызметінен уақытша шеттету;
  • мүлікке тыйым салу.

Информация о работе Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары