Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
Ыдыстар сулардың кәріздерге ағуына арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
Су ағызуға арналған штуцер қатпайтын қалқаншамен жабдықталады.
Күн сәулесімен қызудан қорғау үшін ыдыстар ашық түске боялады.
Ыдыстағы өнімнің 45°С артық кезде қызуы мүмкін климаттық жағдайда ыдыстың қатты қызуының (жылу оқшаулау, көлеңкелі тыстар, сумен суландыру) алдын алатын шаралар қабылданады.
8-бөлім. Мұнай сорғыш станциялар
447. МГК барлау объектілері құрамына енгізілген мұнай сорғыш станцияларды қауіпсіз пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
448. Мұнай сорғыш станциялар:
1) ұңғымалар өнімдерін сығу сорғыш станцияларына дейін қайта айдауға;
2) МДҚ технологиялық қайта айдау;
3) резервуар ішіндегі қайта айдаулар;
4) МДҚ тауарлық мұнайды қайта айдауға арналған.
449. Мұнай сорғыш станциялар блокты автоматтандырылған орындауда жобаланады. Сорғыштар саны мен өнімділігі техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін резервті ескере отырып, түсетін өнімнің максималды мөлшері бойынша есептеледі.
450. Жанатын өнімдерді қайта айдайтын сорғыштар үшін кіріс және қысымды желілерде әдетте, дистанционды басқарылатын, бітегіш немесе кесу құрылғыларын дистанционды ажырату және орнату қарастырылады.
451. Сорғыштарды тығыздау осы технологиялық ортаға арналған өндірістік процесс кезінде герметикалықты қамтамасыз етеді.
Сорғыштарда герметикалықты қамтамасыз ететін резервті майлы сорғышты қоса алғандағы автоматты қондырғылар қарастырылады.
452. Тез балқитын және жанатын өнімдерді соратын сорғыштар ғимараттары сорғыштармен бір негізде болатын электр қозғалтқыштарына тәуелсіз жерге тұйықталады.
453. Барлық сорғыштар жоғары деңгей сигналын операторлық ғимаратқа (диспетчерлік пункт) шығаратын пайдаға асырудың жабық жүйесіне дренаждалатын өнімді шығару үшін түптермен және дренажды құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
454. Сорғыштарды тазарту және үрлеу кезінде сұйықтар трубақұбырлар бойынша ғимараттан тыс жерге герметикалық ыдысқа, ал көмір сутек булар мен газдар газ жинағыш жүйеге шығарылады. Трубақұбырлар орналасуы қауіпсіз қызмет көрсетуді ескере отырып жүргізіледі.
455. Трубақұбырларда өнімдердің мақсаты мен қозғалу бағыты, сорғыштарда белгілер мен нөмірлер технологиялық сызбаға сәйкес, сорғыштар мен электр қозғалтқыштарында айналу бағыты қысылу режимінде көрсетіледі.
456. Сорғыштарға арналған арматуралар сорғыш паспортына және трубақұбырлар сипатына сәйкес шартты қысым бойынша таңдап алынады. Ортадан тепкіш сорғыштың тастау трубасында кері қалқанша орнатылады.
457. Айналу бөліктерінде қоршау болмаған жағдайда сорғыштарды іске қосу және пайдалануға жол берілмейді.
458. Сорғыштарды пайдалану кезінде оның техникалық жағдайын сипаттайтын қысу қысымы және басқа параметрлерді бақылау қамтамасыз етіледі. Дұрыс жұмыс істемейтін және БӨҚАҚ уақытында тексерістен өткізілмеген сорғыштарды пайдалануға жол берілмейді.
459. Қозғалатын бөліктерді майлау, сальниктердегі, бүйір тығыздағыштарындағы және трубақұбырлар қосылыстарындағы жіберулерді сорғыш жұмыс істеп тұрғанда жоюға жол берілмейді.
Жұмыс істеп тұрған сорғыштардың қозғалатын бөліктерін майлауға жұмыстың тиісті қауіпсіз жағдайы болғанда жол беріледі. Сорғыштар подшипниктері жиі майланады. Подшипниктердің қалыптан жоғары қатты қызуына жол берілмейді. Подшипниктер температурасы бақыланады.
Сорғыштар мен арматураларды майлау үшін қатпайтын майлар қолданылады.
Подшипниктер мен герметизаторлардың корпустарын суыту үшін қатпайтын сұйықтар (антифриз) қолданылады. Суыту сұйықтары ретінде 300С дейінгі температурадағы суды пайдалану кезінде ағынды бақылау үшін ашық түтікшелер немесе кәріздермен жалғанған қарау құрылғылары қолданылады.
460. Сорғыштарды пайдалану кезінде қондырғының герметикалығы тұрақты бақыланады. Сорғыш герметизаторлары мен трубақұбырлар қосылыстарындағы жіберулер технологиялық регламентке сәйкес жойылады.
461. Сорғыштың қауіпсіз жұмыс режимін бұзатын ақаулар анықталған жағдайда дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық регламентке сәйкес оны тоқтату және жөндеу жүргізіледі. Сорғыштарды оның жұмыс істеу кезінде жөндеуге жол берілмейді.
462. Резервті сорғыш іске қосуға тұрақты дайындықта болады. Жұмыс істеп тұрған сорғыштан резервті сорғышқа көшу алдында тиісті ысырмалардың дұрыстығы мен сорғышты іске қосу дайындығы тексеріледі.
463. Сорғыштарды сорғыш және қысымды коллекторлардан ажырату үшін ысырмалар қолданылады.
Сорғыштарды тоқтату кезінде сұйық беретін трубақұбырлар сорғыш герметизаторларын суыту үшін жабылады.
464. Сорғыш ғимараттарындағы едендер мен лотоктар жуу құралдары қолданыла отырып сумен жуылады.
Жанатын және зиянды заттар болатын ағынды сулар өндірістік кәріздерге ағызу алдында тазартылады.
465. Персонал өтетін орындарды жабуға және жобада қарастырылмаған қондырғыларды орналастыруға жол берілмейді.
466. Коммуникациялар өтетін орындарда сорғыш ғимараттарда бөлу қабырғасы арқылы герметикалық тығыздағышы бар футлярлар орнатылады.
467. Ғимарат сыртында орналасқан қондырғылар мен өндірістік алаңдарды жылыту жылу серіктестері, қыздыру элементтері және климаттық жағдайларға байланысты жобада анықталатын жабуларды қарастырады.
468. Қататын мұнай өнімдерін қайта айдау кезінде келесі шарттар орындалады:
1) айдаудың технологиялық процесстері жұмысының үздіксіздігі;
2) сорғыштар мен трубақұбырлардың жылу оқшаулаулары мен жылытулары;
3) технологиялық сұйықтың циркуляциясыз учаскелерінің болмауы;
4) сорғыштар және трубақұбырлардың үрлеу және дренажды жүйесінің болуы.
469. Ашық алаңдарда орналасқан сорғыштарды жоспарлы тексерту жөндеу жылдың жылы мезгілінде немесе жылытылатын уақытша жабулар құрылғыларымен жүргізіледі.
470. Сорғыштарды пайдалану кезінде мұнай өнімдерінің және судың сорғыштарға түсу қауіптілігіне жол берілмейді.
471. Қызмет көрсету персоналының ашық сорғыш алаңдарында ұзақ болуын болдырмау үшін операторлықтағы сорғыштар жұмыстарына дистанционды бақылау жасау қарастырылады.
472. Ашық сорғыш алаңдарында қызмет көрсететін персоналды жылыту үшін сорғыштар жұмысын бақылауға ыңғайлы және байланыспен қамтамасыз етілген жылытылатын ғимараттар салынады.
9-бөлім. Газды дайындау құрылғылары
1-бөлімше. Табиғи газды өндіру
473. Газ және газоконденсатты ұңғымалар жобаға сәйкес белгіленген қорғаныс құрылғыларымен, блокировкалармен, автоматты қалқанша кескіштермен қамтамасыз етіледі.
474. Газды өндіру және айдау кен орындарын барлау жобасына сәйкес жүргізіледі.
2-бөлімше. Қауіпсіз пайдалану талаптары
475. Газдарды дайындау құрылғыларын қауіпсіз пайдалану үшін технологиялық регламент, АЖЖ әзірленеді.
476. Газдарды дайындау құрылғыларын іске қосу алдында қондырғылардың, трубақұбырлар, арматуралар, металлконструкциялар, жерге қосу құрылғылары, БӨҚАҚ, блокировкалар, желдеткіш, кәріздер, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ, өрт сөндіру құралдарының дұрыс жұмыс істеуі тексеріледі, технологиялық жүйелер инертті газбен үрленеді. Үрлеу соңында шығатын газ талданады. Газды шығару газ жинау жүйесіне жүргізіледі.
477. Газдардың дайындау құрылғыларын пайдалануға қабылдау комиссиямен жүргізіледі.
Құрылғыларды технологиялық процесстерді бақылау, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі кезінде іске қосуға жол берілмейді.
478. Газдарды дайындау құрылғылары автоматты басқару және технологиялық процессті реттеу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Пневматикалық жүйелерді қоректендіру үшін БӨҚАҚ жұмысына пайдалану үшін сапасы және параметрлері бойынша сәйкес келетін құрғатылған және тазартылған ауа қолданылады.
479. Газдарды дайындау құрылғылары құрамында газды құрғату, жылыту және ингибирлеу жүйелері қарастырылады. Газ құбырындағы, арматуралардағы, қондырғылардағы, құралдардағы гидратты тығындар, еріткіштер, су, ыстық су енгізу, жүйедегі қысымды төмендету арқылы жойылады.
Қондырғыларды жылыту үшін ашық оттарды пайдалануға жол берілмейді.
480. Әрбір бу құбырында аппаратқа ену алдында кері қалқанша және аппараттағы жұмыс қысымына есептелген ажыратқыш құрылғы орнатылады.
481. Жұмыс істеп тұрған аппаратта жіберулер анықталған жағдайда қорғаныс қалқаншаларын реттеу, бекіту және тығындауға жол берілмейді.
482. Газ, конденсат және басқа технологиялық орталар сынамаларын алу қондырғылардағы максималды қысымға және өнім сипатына сәйкес келетін сынама алушылармен жүргізіледі. Дұрыс жұмыс істемейтін және дайындаушының техникалық құжаттары бойынша алты айда бір реттен жиі емес жүргізілетін тексеру мерзімі аяқталған инелі бұрандалары бар сынама алушыларды қолдануға жол берілмейді.
483. БӨҚАҚ щиттерінде орналасқан құралдар анықталатын және шектік рұқсат етілетін параметрлер көрсетіле отырып, технологиялық сызбаға сәйкес белгіленеді.
Сигнал беруші шамдар мен құралдар сигнал сипатын көрсететін жазулармен қамтамасыз етіледі.
484. Ескерту және авариялық сигнал беру тұрақты іске қосылған қалыпта болады.
485. Технологиялық персоналға технологиялық регламентте көрсетілген тәртіппен жекелеген құралдар мен автоматтандыру құралдарын авариялық ажыратуға рұқсат етіледі. Ажырату кезінде объектілердің жарылыс өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар орындалады.
486. БӨҚАҚ, блокировкалау және сигнал беруші құрылғыларды ревизиялау жоспарлы-ескерту жөндеулерінің кестелері және ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
487. Қондырғыларды, аварияға қарсы және өртке қарсы автоматты қорғаныс қондырғыларын басқару, трубақұбырларды, байланыс және хабарландыру жүйесін реттеу, жөндеу және сынау жөніндегі жұмыстар ұшқын шығаруды болдырмайды.
Газдарды дайындау құрылғыларын пайдалану кезінде осындай жұмыстарды жүргізу үшін жарылыс өрт қауіпсіздігі аумақтарында наряд-рұқсат беру рәсімделеді.
10-бөлім. Газокомпрессорлық станциялар
488. Компрессорлық құрылғылардың ғимараттары мен алаңдарында жобада қарастырылмаған компрессорлармен технологиялық және конструктивті байланыссыз аппаратуралар мен қондырғыларды орналастыруға жол берілмейді.
489. Компрессорларды жарылыс қауіпті және қондырғылар тот басуы пайда болатын және адам ағзасына зиян әсер ететін химиялық қауіпті өндірістер орналасқан аралас ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.
490. Компрессорлық құрылғы ғимаратында компрессорларды, көмекші қондырғылар мен электр қондырғыларды жөндеуге арналған алаңдар қарастырылады. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін компрессорлық құрылғылар жүк көтергіш құрылғыларымен және механизация құралдарымен жабдықталады.
491. Компрессорлық құрылғы ғимараттары желдеткішпен жабдықталады.
492. Газ компрессорлық станциияларды қауіпсіз пайдалану үшін басқарудың келесі негізгі құралдары қолданылады.
1) ТП АБЖ;
2) тасымалданатын өнімдердің технологиялық параметрлерін бақылау құралдары;
3) компрессорлық қондырғыны диагностикалау жөніндегі құралдар жүйесі;
4) компрессорлық ғимараттағы ауа ортасын бақылау жүйесі;
5) желдеткіш, жылыту, кәріз жүйесі;
6) аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс, технологиялық параметрлердің бұзылуы туралы ескерту сигнал беру жүйесі;
7) технологиялық параметрлердің шектік жіберілетін мәні, ауа ортасы газдануының қоспалар жарылысының жіберілетін шегінен артық болғанда, желдеткіш дұрыс жұмыс істемеген кезде, компрессорлық ғимаратта авариялық сигнал беру және іске қосылған кезде компрессордың тоқтатылуын блокировкалау;
8) компрессорлық және операторлық ғимараттағы басқару пуьты;
9) радио байланыс және телефон байланысы;
10) өрт сөндіруге арналған құрылғылар мен құралдар.
493. Газ компрессорлық станцияны пайдалануға қабылдау комиссиямен жүргізіледі.
494. Резервті компрессорлық қондырғы тұрақты дайындықта болады және негізгі қондырғы дұрыс жұмыс істемегенде немесе жөндеуде болғанда іске қосылады.
495. Компрессорлар дайындаушының техникалық құжаттарына және жоба талаптарына сәйкес орын алмастыратын өнімдер қасиеттерін ескере отырып, дұрыс жұмыс істейтін арматуралардан, БӨҚАҚ, қорғаныс және блокировка жүйелерімен жинақталады.
Дайындаушының техникалық құжаттары және технологиялық регламентке сәйкес кесте бойынша қорғаны қалқаншаларының жағдайы тексеріледі.
496. Компрессорларды пайдалану дайындаушының техникалық құжаттары мен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Әрбір компрессорлық құрылғы техникалық құжатпен қамтамасыз етіледі:
1) компрессорлық құрылғы және жинақтаушы бұйымдардың паспорты (формуляр) мен сертификаты;
2) ысырмаларды, бұрандаларды, ылғал май бөлушілерді, аралық және ұштық мұздатқыштарды, ауа жинағыштарды, бақылау-өлшеу құралдарын, электр кабельдер, автоматика сызбаларын көрінетін орындарға демонстрациялаумен орналастыру орындарын көрсете отырып, газ компрессорлық станциялар, трубақұбырлар (сығылған ауа, газ, су май) сызбалары;
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу