Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)
align:justify">БӨҚАҚ тексеру технологиялық регламентке сәйкес бақылау метеорологиялық құралдармен жүргізіледі.

320. Технологиялық параметрлерді реттеу және өзгерту технологиялық регламентке сәйкес баяу іске асырылады.

Параметрлерді өзгерту шарттары және ауытқулар шектері МДҚ пайдалану, іске қосу және тоқтату жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес белгіленеді.

321. Дұрыс жұмыс істемейтін қорғаныс қалқаншалары, бітегіш, ажыратқыш және реттеуіш құрылғылар кезінде, БӨҚАҚ, автоматика және телеметрия құралдары, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғану жүйесі болмаған және олардың дұрыс істемеуі кезінде қондырғылар, аппараттар мен ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

322. Қызмет көрсету персоналы технологиялық сызбада көрсетілген қондырғылар, аппараттар, БӨҚАҚ, қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне тұрақты бақылау жасайды.

323. Аппараттарда, қондырғыларда, трубақұбырлар мен арматураларда дұрыс жұмыс істемеушілік пен герметикалық емес анықталған жағдайда мұнай мен мұнай өнімдерінің от алуының, ағуының алдын алу үшін газ шығатын орынға жедел су жіберіп, жұмыс жетекшісіне хабарланады, қорғаныс құралдарын қолдана отырып, АЖЖ көзделген бірінші кезектегі әрекеттер орындалады. Жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша объектіні тоқтату жүргізіледі және авариялық құтқару және өрт қызметі қатыстырылады.

324. Газданудың қауіпті аумағының шекарасы газометрикалық бақылау құралдарымен анықталады және қауіпсіздік белгілерімен және «Кіруге болмайды», «Газ қауіпті» ескерту белгілерімен белгіленеді.

АЖЖ бойынша әрекеттерге қатыстырылмайтын персонал қауіпті аумақтан шығарылады, қорғаныс және ұшқын сөндірушілер құралдары болған жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жұмыскерлер мен көліктердің режимді өтуі белгіленеді.

325. Соққылармен, тартпамен, қысымда болатын аппараттармен трубақұбырларда болттар мен шпилькаларды бекітумен байланысты, жұмыстарды жүргізуге, жұмыс істеуші сорғыштарда егер дайындаушының техникалық құжаттарында қарастырылмаған жағдайда герметизаторларды бекітуді жүргізуге жол берілмейді.

326. Қондырғылар, аппараттар, ыдыстар, резервуарлар, сыйымдылықтар қақпақтары қауіпсіз ашу, фиксациялау және механизациялау құралдарын қолдана отырып, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес пайдаланылады.

327. Қондырғылар, аппараттар, трубақұбырлар, резервуарлар, сыйымдылықтардың оқшаулау және қорғаныс жабулары жобаға, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Зақымдану анықталған кезде жұмыс жетекшісімен оны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

328. Сорғыш станцияларды пайдалану жұмыстың жобалық рұқсат етілген параметрлері мен аппараттар, резервуарлар және ыдыстардағы өнімнің шектік деңгейінен ауытқу кезінде іске қосылатын жарық және дыбыс сигнал беруші болған жағдайда жүргізіледі.

Герметикалықтың және тығыздауыш элементтердің дұрыс жұмыс істемейтін жүйесі кезінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

329. Резервті сорғыштарды іске қосу алдында оларды технологиялық  өнімді сатылы енгізу арқылы алдын ала қыздыру жүргізіледі. Сорғыштарды алдын ала қыздырмай іске қосуға жол берілмейді.

330. Сорғыш құрылғыларды аппараттар, резервуарлар және ыдыстардағы өнім деңгейінің сәйкес келмеуі кезінде іске қосуға және пайдалануға жол берілмейді.

331. Технологиялық өнімді, газды, буды, суды, электр энергиясын, ауаны беруді тоқтату, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, басқа объектілерде қауіпті жағдай пайда болғанда персонал АЖЖ көзделген әрекеттер мен шараларды орындайды.

Қауіпті жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша АЖЖ бойынша хабарлау және объектілерді авариялық тоқтату жүргізіледі. Жұмыстарды қалпына келтіру МДҚ техникалық жағдайын тексергеннен және қауіпсіздікті бұзуды жойғаннан кейін жүргізіледі.

333. Технологиялық ортаны аппараттар мен ыдыстардан дренаждау автоматты режимде герметикалық жүйеде жүргізіледі.

Қолмен басқарудың бітегіш құрылғысын дренаждау кезінде жұмыстар ТО ЖҚҚ және жұмыс орнындағы газдануды тексергеннен кейін бақылаушының қатысуымен жүргізіледі. Дренаждау жүргізу қызметкерлері және бақылаушылар газ қауіпті құрылғының бүйір жағынан орналастырылады. Су, мұнай, мұнай өнімдері құбырларын дренаждау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

334. МДҚ трубақұбырлары технологиялық ортадағы резервуарға немесе авариялық ыдысқа тиімді және қауіпсіз шығару үшін вибрацияның әсер етуін ескере отырып бекітіледі.

Мұнай өнімдерін қауіпті жағдайда шығару технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

335. Сынамалар алу аппараттағы максималды қысымға есептелген сынама алуларды қолданыла отырып жүргізіледі.

Бұрандалы дұрыс жұмыс істемейтін сынама алушыларды қолдануға жол берілмейді.

Сынама алу кезінде персонал ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, газ анализаторларды қолданады.

336. Аппараттар, ыдыстар, қыздыру құрылғыларындағы технологиялық орта деңгейін визуальды бақылауға арналған құралдар сыртқы әсер етулер мен бұзулардан қорғайтын термо төзімді шыныдан дайындалады.

337 Жылу алмасуларды іске қосу технологиялық ортаның температурасын біртіндеп арттыра отырып жүргізіледі.

338. Мұнай өнімдерін мұздатқыштар конденсаторларынан шығатын суда ұстауға жол берілмейді, ал ол анықталған жағдайда аппарат ажыратылады.

339. МДҚ жұмысын ұзақ уақытқа немесе консервациялауға тоқтату кезінде аппараттар мен трубақұбырларды тот басудан, суық уақытта мұздан еріту кезінде және оларда жарылыс өрт қауіпті қоспалардың пайда болуынан қорғау жөніндегі акт жасала отырып шаралар қабылданады.

340. Сепараторлар, аппараттар, ыдыстар, резервуарлар, трубақұбырлар және қондырғыларды үрлеу кезінде мұнай өнімдерінің газ және булары газ жинақтау желісіне және факельді жүйеге шығарылады. Сұйық фаза ыдыстарға, резервуарға және дренажды жүйеге шығарылады. Көрсетілген жұмыстар газдану, ШЖК және ЗШЖК тұрақты бақылау кезінде орындалады.

 

 

2-бөлімше. Блокты құрылғылардың трубалы пештері мен отты қыздырғыштарын пайдалану

 

341. Трубалы пештер мен отты қыздырғыштар типтері мен сипаттары қауіпсіз пайдалану шарттары осы Талаптың 8-қосымшасында және технологиялық регламентте келтірілген ВНТП 3-85 технологиялық нормалар бойынша жобада, дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетіледі.

342. Өнім ағынының пешке енуі және шығуы алдында бітегіш арматура орнатылады. Бітегіш арматурадан кейін кері қалқанша орнатылады.

Көп ағынды трубалы пештерде бітегіш арматура және кері қалқанша әрбір ағында орнатылады.

343. Өнімдерді пешке апаратын трубақұбырларда 342-тармақта көрсетілген арматурадан кейін дистанциялық басқару бар қосымша бітегіш орнатылады. Көп ағынды трубалы пештер үшін дистанционды басқаруы бар бітегіш арматура жалпы ағында, пешке ену алдында (ағынды ажыратқанға дейін) орнатылады.

Өнімнің пештен шығуы алдында дистанциялық басқаруы бар бітегіш арматураны және қорғаныс қалқаншаны орнату, пешті басқа пештермен қосуды технологиялық сызбаға сәйкес жобалық ұйым анықтайды.

344. Көп ағынды пештерді қолдану кезінде өнімдерді ағындар бойынша біркелкі таратуға арналған құрылғылар мен отын шығындарының жеке реттеуіштерін орнату, қауіпсіз орындардан ағындарды тарату ысырмаларын басқару қарастырылады.

345. Қыздыру құрылғыларын (жылан түтік) үрлеуге арналған азот немесе су буын жеткізу қарастырылады. Азот немесе бу жеткізу трубақұбырларында оларды жылан түтікке қосу алдында кері қалқанша мен екі бітегіш құрылғы орнатылады, ал олардың арасында бітегіш арматура мен конденсатты төгудің герметикалығын бақылауға арналған атмосфераға үрлеу бұрандасын орнату қарастырылады.

Бу немесе азот ағынының екінші ысырмасы дистанциялық басқарумен орнатылады. Кері қалқанша екінші ысырмадан кейін және бу немесе азоттың жылан түтікшеге кесіп орнату орнына тікелей орнатылады. Көп ағынды пештер үшін трубақұбырларды әрбір ағында айдау үшін азот немесе су буын жеткізу қарастырылады.

346. Отын газын жеткізетін трубақұбырларда:

1) конденсаттың отын камерасына түсуін болдырмау үшін сепаратор мен қыздырғыш;

2) манометр, өлшеу диафрагма, жылдам әсер ететін кескіш қалқанша және газ қысымын өлшеуіш;

3) ажыратқыш құрылғыдан кейін, тікелей форсункалар алдында манометр және жарықтағыш пен факельге шығаратын отын газы жүйесін үрлеу желісі орнатылады.

347. Үрлеу жарқылдақтары жобада көрсетілген қауіпсіз орынға шығарылады. Жарқылдақ биіктігі жабу үстінен 2 м кем емес. Жарқылдақ от ұстағышпен бірге орнатылады. Жарқылдақтарда бітегіш арматура орнатылмайды.

348. Автоматика жүйесімен:

1) отын қысымы белгіленген шектен төмендеген кезде;

2) пештегі өнімнің жалпы шығынының белгіленген шектен төмендеген кезде;

3) пештен шығатын түтін газдары температурасының рұқсат етілген шектен артық болғанда;

4) оттықтағы жалынның сөнуі кезінде блокировкалау (отынды өшіру) қарастырылады.

Трубалық пештер форсункаларға сұйық немесе газ тәріздес отындардың берілуі тоқтаған кезде немесе белгіленген рұқсат етілген технологиялық параметрлерден ауытқу кезінде іске қосылатын сигнал берушілермен қамтамасыз етіледі.

349. Пештер мен қыздырғыштар газ қауіпсіздігі мен қауіпсіз жұмыс істеудің газ бүркеулерімен қамтамасыз етіледі.

Пештің жану, мұнайдың қызу камералары, түтіндіктер өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Өрт сөндіру трубақұбырларының бұрандалары пештен 10 м кем емес қашықтықта қауіпсіз орындарда орналастырылады.

350. Пайдалану процессінде қыздыру құрылғыларының, трубақұбырлар, арматуралардың, пеш конструкциясы және технологиялық параметрлермен блокировкалау элементтерінің техникалық жағдайының бақылауымен қамтамасыз етіледі.

352. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде қыздыру камераларын ашық ұстауға жол берілмейді.

353. Арматураларды, қорғаны және кері қалқаншаларды герметизаторларды, қысу болттарын реттеу трубалардағы қысым атмосфералыққа дейін төмендегеннен және қыздырғыштың өнімнен босағаннан, олардың температурасының технологиялық регламентте көрсетілген температураға дейін төмендегеннен кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

354. Пайдалану кезінде пеш камераларында жанудың регламентті режимі форсункалардың біркелкі жүктелуі мен жалынның бірдей ұзындықтары кезінде қамтамасыз етіледі.

Форсункалардың жануын бақылау кезінде персонал ЖҚҚ, қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланады және қарау құрылғысының бүйір жағынан тұрады.

Пештерді жағу алдында оттықтан от (факел) тартылуын тескеруге жол берілмейді.

Жану камерасын алдын ала азот немесе бумен айдамай пеш форсункаларын жағуға жол берілмейді. Үрлеу технологиялық регламент және дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

Форсункаларды жағу дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес азот, бу, ауаның және желдеткіштің болуы тексерілгеннен кейін жүргізіледі. Жаққаннан кейін қызметкер және бақылаушы бүйір жағында болады және трубақұбырлардағы бұрандаларды біртіндеп ашу жүргізіледі.

Жағу үшін технологиялық регламентте қарастырылмаған оңай от алатын сұйықтар мен тәсілдерді қолдануға жол берілмейді.

Форсункаларға газбен бірге конденсаттардың түсуі кезінде пешке газдың берілу бұрандалары жабылып конденсат төгіледі.

355. Форсункаларды іске қосу және жаққанға дейін, жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейін технологиялық регламентке сәйкес пештегі тартулар тексеріледі.

356. Форсункаларды жағу алдында:

1) люктерді ашу және оттық камераларын тексеру;

2) барлық форсункалардағы жұмыс және бақылау бұрандаларының герметикалығы, БӨҚАҚ жағдайы, реттеуші құрылғылар мен блокировкаларды тексеру;

3) оттық желісінен конденсаттарды төгу;

4) сызба және регламент бойынша трубақұбырларды үрлеу;

5) камераларды азот және бумен үрлеу жүргізіледі.

Жағу процедурасы мен форсункалар жанулары бұзылу кезінде отын желісі бітегіш бұрандамен ажыратылады, газ желісі үрленеді және бұзушылық себептері анықталады, жойылғаннан кейін камераны азот және бумен үрлеу жүргізіледі және қайта жағу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Бұзушылықтар себептері журналға жазылады және бақылау тұлғасына хабарланады.

357. Қыздыру жүйесінің герметикалық еместігі кезінде технологиялық регламентке сәйкес пешті пайдалану тоқтатылады.

358. Жұмыс істемейтін форсункаларға газ беру трубақұбырларында журналға тіркей отырып бітегіштер орнатылады.

359. Газ отынындағы трубалы пештерді пайдалануға тиісті біліктілігі және газ қондырғысын қауіпсіз пайдалану жөніндегі рұқсаты бар персоналдар жіберіледі.

 

 

3-бөлімше. Жалынсыз панельді оттықтары бар пештерді пайдалану

 

360. Панельді оттықтарды жандыру алдында технологиялық регламентке сәйкес коллекторлардағы газдар қысымы тексеріледі.

361. Панельді оттықтарды жандыру үшін дистанциялық іске қосу құрылғылары қолданылады.

362. Қолмен жандыру кезінде жандырылған факель енгізіледі, оны бірінші оттық алдына қойып, газ беру бұрандасы ашылады және оттықтың жұмыс істеуіне көз жеткізеді. Оттықтарды әрі қарай жандыру технологиялық регламентке сәйкес оларды орналасу ретіне қарай жүргізіледі.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу