Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)
lign:justify">Бітегіш арматураның орналасуы ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету, жөндеу және өлшеуді ескере отырып жүргізіледі.

Консервациядағы және жөндеудегі трубақұбырларда бітегіш арматураларды ашық қалдыруға жол берілмейді.

Трубақұбырлардағы бітегіш арматура жүйелі тексеріледі және майланады. Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін бітегіш арматураның ашу және жабу тәсілдерін қолдануға жол берілмейді.

Гидравликалық соққының алдын алу үшін трубақұбырлардағы бітегіш арматуралар баяу ашылады және жабылады.

Бітегіш арматура өнімнің трубақұбырлардағы жекелеген учаскелеріне жедел және сенімді бару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бітегіш арматуралардағы және трубақұбырлардағы ақаулар жойылады.

Технологиялық ортаны тазартқаннан кейін, бумен, инертті газбен айдағаннан кейін, ысырмалар орната отырып, қолданыстағы трубақұбырларды ажыратқаннан кейін және журналда тіркей отырып, трубақұбырлардағы тығыздағыштар мен бітегіш арматураларды алмастыруға жол беріледі.

281. Мерзімді жинастыруды талап ететін арматуралар мен салмағы 50 кг артық трубақұбырлар элементтерін орналастыру орындарында арматураларды монтаждау және демонтаждауға арналған тасымалданатын немесе механизациялаудың стационарлық құралдары қарастырылады.

282. Ұңғымалармен тікелей байланысты тастау трубақұбырлары мұнай газ құбырларын авариялық герметизациялау кезінде ұңғымадан қабатты флюидтің ағынын автоматты жабатын бітегіш құрылғылармен жабдықталады.

283. Трубақұбырларда оқшауланған ішкі кеңістіктер, рециркуляция және турбуленттілік аумақтары алынып тасталады.

284. Дистанционды басқаруы бар бітегіш құрылғылар КТ жобаға сәйкес ұңғымаларда қарастырылады.

285. КТ бітегіш арматурасында, соның ішінде редукторы немесе штоктың жасырын қысым болатын бітегіш құрылғысында олардың айналу бағытын «Ашық», «Жабық» көрсететін көрсеткіштер орналастырылады. Бітегіш арматуралар және қорғаныс қалқаншалар технологиялық сызбаға сәйкес белгіленеді және нөмірленеді.

286. Құдықтарда орналасқан КТ бітегіш арматуралар (ысырмалар, крандар) құдыққа түспей ашып-жабу үшін дистанционды басқарумен немесе ұзартылған штоктармен қамтамасыз етіледі.

287. Реконструкция және жөндеуден кейін пайдалануға беру алдында жобалық құжаттарға сәйкес жолақтарды тазарту және мықтылығы мен герметикалығына сынау жүргізіледі.

КТ сынау және тазарту кезіндегі қауіпті аумақтар шекаралары осы Ереженің 6-қосымшасында көрсетіледі. Қауіпті аумақтар ескерту және қауіпсіздіктің тыйым салу белгілерімен белгіленеді.

Сынаулар участоктың немесе барлық КТ дайындығы тексерілгеннен кейін сыналатын объектілердің орындау құжаттары ұсынылғаннан кейін және жұмысты ұйымдастыру жоспарында қарастырылған қауіпсіздік шаралар орындалғаннан кейін жүргізіледі.

Сынау жүргізу кезінде технологиялық ортаны КТ қауіпсіз алу және пайдаға асыру қарастырылады.

288. КТ мықтылығы мен герметикалығына тексеріледі. Сынау түрі мен әдістері (гидравликалық, пневматикалық), ұзақтығы мен нәтижелерін бағалау жобалық құжаттарда көрсетіледі. Сынау қысымының шамасы және ұстау уақыты технологиялық регламентте анықталады.

289. Жобада және технологиялық регламентте нұсқаулықтар болмаған жағдайда герметикалыққа сынау уақыты қарау ұзақтығы мен КТ тексерумен анықталады.

290. Герметикалық болмағанда, енгізу және шығару қосылыстарында жіберулер болғанда, температуралардың, ажыратулар мен көрінетін қалдық деформациялардың қасиеттерінің өзгеруін ескере отырып, манометр бойынша қысымның төмендеуі кезінде мықтылық пен герметикалыққа сынау қанағаттанарлық болып табылады. Сынау нәтижелері актімен рәсімделеді.

291. Ауаның теріс температура кезінде жұмыс жүргізу кезінде технологиялық ортаның қатуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылданады.

292. Құрамында ылғал болатын мұнай және мұнай өнімдеріне арналған трубақұбырлар жылу оқшаулаумен қорғалады, ал төмен температурада пайдалану кезінде жылу серіктерімен жылытады.

Оқшаулау ақаулары анықталған кезде оны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.

293. Дефектілер анықталған жағдайда оларды жою қысым атмосфералыққа дейін төмендетілгенде жүргізіледі.

294. Сынау кезінде қолданылған манометрлер орнатылар алдында шкалаға сәйкес келуіне, пломбалар мен рұқсат етілетін қысым белгілердің болуына тексеріледі.

295. КТ инертті газбен немесе бумен айдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Құрамында күкірт сутегі, меркаптандар және зиянды заттар болатын газбен айдауға жол берілмейді.

Айдағаннан кейін КТ сыналған учаскесінде бітегіш арматуралар жабылады және журналда тіркей отырып, сынау актісін жасау арқылы бітегіштер орналастырылады.

296. Айдау немесе сынау кезінде КТ жағдайын бақылау үшін жұмыс жетекшісімен екі жақты байланыспен қамтамасыз етілген қызметкерлер тағайындалады; олар келесі функцияларды орындайды:

1) КТ бекітілген учаскесін тұрақты қадағалау;

2) жер асты және жер үсті КТ сынау кезінде қауіпті аумақта және қозғалуға жабық жолдарда адамдардың болуына, жануарлар мен көлік құралдарының қозғалуына жол берілмейді;

3) бақылау тұлғасына айдау және сынау жүргізуге кедергі туғызып отырған немесе КТ жақын орналасқан адамдар, жануарлар, ғимараттар мен имарттарға, көлік құралдарына қауіп келтіретін барлық жағдайлар туралы жедел хабарлау және оларды қауіпті аумақтан шығару жөніндегі шаралар қабылдау.

297. КТ күзету алаңы аумағында жұмыс аяқталғаннан кейін жойылатын жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жөндеу немесе реконструкциялауға тереңдетулерден басқа қажетті жобада қарастырылмаған кәріздік құдықтар, қазандықтар, траншеялар орналастыруға жол берілмейді.

298. Трубақұбырлар ұйым бекіткен кестеге сәйкес мерзімді қаралуға және техникалық куәландырылуға жатады.

299. Трубақұбырлар пайдалану кезінде трубақұбырлар және олардың элементтерінің (дәнекерлеу тігістері, фланцті қосылыстар арматуралар) жағдайына, тот басудан қорғалауы мен оқшаулануына, дренажды құрылғысына, компенсаторлар, КТ паспортына нәтижелер жазыла отырып, іреу конструкцияларына тұрақты бақылау жасалады.

300. Мерзімді қарау кезінде:

1) ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес трубақұбырлардың техникалық жағдайы сыртқы қараумен, ал тотбасуы мен эрозиялық тозуы жоғары орындарда жүктелген қималар бұзбайтын бақылаумен;

2) алдындағы зерттеу бойынша ескертулерді жою және трубақұбырларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі шаралардың орындалуы;

3) трубақұбырларға қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жөніндегі техникалық құжаттарды жүргізу тексеріледі.

301. КТ профилактикалық қарау технологиялық регламентте көрсетілген талаптар сақталған кезде жүргізіледі.

302. Вибрация әсер ететін трубақұбырлары тіреулері мен эстакадалары  астындағы фундаменттерді пайдалану кезінде вибрация амплитудасы мен жиілігін бақылау құралдарын қолдана отырып мұқият қаралады. Технологиялық трубақұбырлар вибрациясының максималды рұқсат етілетін амплитудасы 40 Гц артық болмағандағы вибрация жиілігінде 0,2 мм.

Бұл жағдайда анықталған дефектілер жойылуға жатады.

Нақты жағдайлар мен трубақұбырлар жағдайына байланысты қарау мерзімі технологиялық регламентте белгіленеді, бірақта 3 айда бір реттен жиі емес.

303. Сырттай қарау кезінде трубақұбырлар вибрациясы және:

1) оқшаулауы мен жабулары;

2) дәнекерлеу тігістері;

3) фланцті және муфтілі қосылыстар, құралдарды орнатудың бекітулері мен құрылғылары;

4) тіреулер;

5) компенсирлеуші құрылғылар;

6) дренажды құрылғылар;

7) арматуралар мен оның тығыздағыштары;

8) қалдық деформацияларды өлшеуге арналған реперлер;

9) дәнекерлеу тігістері, фитингілері, қайырулар мен бұрылыстар жағдайы қарастырылады.

304. Герметикалық еместігі анықталған жағдайда трубақұбырлардағы қысым атмосфералыққа дейін ыстық трубақұбырлар температурасы 60°С дейін төмендетіледі, технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып дефектілер жойылады.

Дефектілер анықталған кезде және оны электр газбен дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу арқылы жою кезінде трубақұбырлар участоктары ажыратылады, наряд-рұқсат беруге сәйкес жөндеу жүргізуге дайындалады.

305. Профилактикалық қарау кезінде күзету алаңдары аумақтарындағы құдықтар мен басқа да тереңдетулерге түсуге жол берілмейді. Газдану немесе ақаулар анықталған жағдайда персонал әрекеті АЖЖ бойынша және объектілер жетекшісінің нұсқауы бойынша ТО ЖҚҚ қолдана отырып орындалады.

306. КТ техникалық жағдайларын және ревизия жүргізу мерзімі осындай КТ пайдалану тәжірибесін, сыртқы қарау, ревизиялар арасындағы қауіпсіздікті және КТ авариясыз пайдалануды қамтамасыз етудің алдындағы ревизияның нәтижелерін ескере отырып, тот басу эрозиялық процесстер жылдамдығына байланысты ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша орнатылады.

КТ бірінші ревизия пайдалану басталғаннан кейін бір жылдан кейін жүргізіледі.

307. Трубақұбырларды мықтылығы мен герметикалығына мерзімді сынау әдетте КТ ревизиялау кезінде жүргізіледі.

Сынау мерзімділігі тасымалданатын орта, қасиеттері, оны тасымалдау шарттары және тот басу процестерінің жылдамдығы ескеріле отырып жүргізіледі.

КТ ревизиялау нәтижелері актіде және техникалық паспортта көрсетіледі.

308. КТ оқшаулау жабуының мерзімді бақылауы ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жер бетін ашпай оқшаулау зақымдануын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалау әдістерімен жүргізіледі.

Ыстық заттар сіңірілген оқшаулау учаскелері анықталған кезде АЖЖ сәйкес өрт қауіпсіздігі шаралары қабылданады.

309. КТ қабырғалар, жабулар және фундаменттер арқылы салу орындарында футлярлар мен тығыздағыштар орнатылады. Дәнекерлеу тігістерінің фланцті және бұрандалы қосылыстардың трубалар салу орындарында болуына жол берілмейді.

310. Отын және сығылған газ беруге арналған газ құбырлары өнеркәсіп қауіпсіздігі мен жобалық құжаттар талаптарына сәйкес пайдаланылады.

311. Жұмыс істемейтін және техникалық сызбадан шығарылған трубақұбырлар сызбада көрсетіле отырып тазартылады, үрленеді және тығындар орнатыла отырып бітегіш арматуралармен жабылады және журналда тіркеледі.

312. Тоннельдерде салынған трубақұбырлар, олардығы ілінулері мен тіреулерінің жағдайына қосымша бақылау жасалады. Трубақұбырлар, олардың ілінулері мен тіреулерінде анықталған ақаулар жойылады.

313. Трубақұбырларды пайдалану жобада қарастырылған параметрлерде іске асырылады. Жобалық құжаттар болғанда технологиялық регламентке өзгерістер енгізіледі.

314. Трубақұбырлардағы (хомут) газ шығатын орындарды герметизациялауға арналған құрылғылар жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғанға дейін техникалық ортаның ағуының алдын алу үшін орнатылады.

Трубақұбырларды хомуттар және жобада және технологиялық регламентте көзделмеген басқа да стандартты емес элементтер болғанда пайдалануға жол берілмейді.

 

 

6-бөлім. Мұнайды дайындау құрылғылары

 

 

1-бөлімше. Мұнайды дайындаудың технологиялық кешені

 

315. Мұнайды дайындау құрылғыларының (әрі қарай – МДҚ) құрамы, пайдаланудың техникалық және технологиялық жағдайлары жобада анықталады.

316. МДҚ кешенін және оның құрамына енгізілетін ғимараттар мен имараттар, қондырғылар, трубақұбырлар, арматуралар, металлконструкциялар, жерге қосу құрылғылары, БӨҚАҚ, блокировкалау, желдеткіш, кәріз, байланыс, өрт сөндіру, жеке қорғаны құралдарының, ТП АБЖ, телеметрия, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғану жүйесінің болуының техникалық жағдайы мен өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын тексеру іске қосу және пайдалану процессі кезінде ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда өндірістік аумақтың, күзет және санитарлық - қорғаныс аумағының, кіре-беріс жолдардың жағдайы тексеріледі. Тексеріс нәтижелері актімен рәсімделеді.

317. МДҚ, қосымша құрылғылар мен ғимараттарды пайдалану жобаға және технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады. Регламент әзірлеу жөніндегі ұсынымдар осы Талаптың 7-қосымшасында көрсетілген.

МДҚ құрамы, қондырғылар белгілеулері мен нөмірлері операторлық ғимараттағы технологиялық сызбада, блок-сызбада нақты жағдайымен және енгізілген өзгерістерге сәйкес көрсетіледі.

318. Құрылғыларды пайдалану процесінде жобада және технологиялық регламентте қарастырылған технологиялық цикл (қысым, температура, өнімділік) параметрлері бақылаумен қамтамасыз етіледі.

319. Операторлық ғимараттағы бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштерінің сәйкес келуі мерзімді тексеріледі және қондырғыларда, аппараттарда, сорғыштарда резервуарларда, сепарторларда, трубақұбырларда тікелей орнатылған құралдар көрсеткіштерімен салыстырылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу