Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

Қауіпті және авариялық жағдайда газдану кезінде ШЖК, ЗШЖК артқанда авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымдары тартылады.

Қауіпті және авариялық жағдайлар:

1) санитарлық талаптармен белгіленген рұқсат етілген нормалардан артық ҚЖӨФ пайда болуы;

2) аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің бұзылуы;

3) жобада, технологиялық регламентте және дайындаушының техникалық құжаттарында белгіленген техникалық параметрлердің ауытқуы;

4) бітегіш арматураның, кері қалқаншаның трубақұбырлардың бұзылуы;

5) қондырғылар, гидроциклонды сепарторлар, фланцті қосылыстар элементтерінде жарықтардың жіберулердің немесе дәнекерлеу тігістерінің терлеуінің болуы;

6) БӨҚА бұзылуы;

7) қорғаныс қалқаншасының бұзылуы;

8) шығын өлшеуіштерінің бұзылуы;

9) қондырғылар мен ғимараттардың жерге қосылуларының бұзылуы;

10) электр қондырғылардың (шамшырақтардың шешілген шыны қақпақтары, трубалық электр сымдарының бұзылуы);

11) гидроциклонды сепаратордың, қорғаныс қалқаншасы мен манометрлердің, қысыммен жұмыс істейтін қызметкерлердің ыдыстарының кезекті куәландыруы мерзімінің аяқталуы.

Технологиялық қондырғылардың бұзушылықтары, қауіпті немесе авариялық жағдайлар анықталғанда АЖЖ көрсетілген әрекеттер жасалады.

Өлшеу құрылғыларын тоқтату технологиялық регламентке және АЖЖ сәйкес ұйымның объектісі жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

 

 

11-бөлімше. Сепарациялық құрылғылар

 

242. Сепарациялық құрылғыларды жобалау, орналастыру және пайдалану кезінде кен орындарының және ұңғыма өнімдерінің сипаттары, жергілікті жерлер релефтері, желдің басымды бағыты және климаттық жағдайлары МГК объектілерінің инфрақұрылымы, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары ескеріледі.

Ұңғыма өнімдерін сепарациялау үшін блокты автоматтандырылған құрылғылар қолданылады.

243. Сепарациялық құрылғылар құрамында мұнай, газ және газ конденсаттарын өндіру және дайындаудың қабылданған технологиясына қарай қабатты флюид ағынын тарату блогы, сепараторлар блоктары, газды алдын ала іріктеу (депульсатор) блогы, шығарылатын тамшы ұстағыш, газ жинаушы жүйе, газды авариялық жағудың факельді жүйесі, ұңғыма өнімдерін жинауға арналған ыдыстар қарастыралады.

244. Қысыммен жұмыс істейтін сепарациялық құрылғыларды орнату, іске қосу және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Сепарациялық құрылғылар техникалық паспортпен және қашықтығы, қорғаныс қалқаншаларының, бітегіш және реттеуші арматуралардың орналасу орны, БӨҚА, дренажды жүйелер көрсетілген сызбамен қамтамасыз етіледі.

245. Сепарациялау процессін бақылау және басқару жүйесі герметикалық және жарылыстан қорғалатын болып жасалады және вибрация, гидраттар пайда болу парафиндер, тұздар және басқа да заттардың пайда болуы жағдайында қолдануға есептелген немесе қабатты флюидпен тікелей байланысуды болдырмайтын жағдайда орналастырылады.

Күкірт сутегі және агрессивті заттары бар технологиялық орталар үшін тот басуға төзімді сепараторлар қолданылады.

246. Пайдалану алдында, ішкі кеңістікті герметизациялаумен байланысты реконструкциялаудан және жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін гидроциклонды сепараторларды техникалық куәландыру жүргізіледі.

247. Сепараторлар ішкі кеңістіктегі қысымды бақылауға арналған БӨҚА, деңгейді реттеуші және көрсеткіштерімен, бу немесе инертті газбен айдауға арналған, сұйықтарды төгуге арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

248. Қорғаныс құрылғылары дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес кесте бойынша тексеріледі. Ақаулар анықталған жағдайда АЖЖ көзделген шаралар орындалады. Қорғаныс құрылғылары алдында бітегіш арматураны орнатуға, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің ақаулары кезінде сепараторларды пайдалануға жол берілмейді.

 

 

12-бөлімше. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары

 

249. МГК барлау объектілерінде ұңғыма өнімдерін алдын ала бөлу үшін:

1) ұңғыма өнімдерін (мұнай эмульсиясы) тұндыру аппараттарына түсу алдында бөлуге дайындауды;

2) газды алдын ала алу арқылы газды сұйықтан бөлуді;

3) мұнайды алдын ала сусыздандыруды қамтамасыз ететін суды бөлуге арналған құрылғылар мен қондырғылар жобаланады және пайдаланылады.

250. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғыларының қондырғыларын орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.

251. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғыларының қондырғылары, аппаратуралары мен трубақұбырлары тот басуға қарсы жабулармен және жылумен оқшаулаумен жобаға сәйкес қамтамасыз етіледі.

252. Қабат суларын алдын ала төгу құрылғылары МГК тікелей қауіпсіз пайдалану, қондырғыларды, аппараттарды қысымның артуынан қорғау үшін дайындаушының техникалық құжаттарына және жобаға сәйкес қорғаныс қалқаншаларының жүйесін орналастыру қарастыралады.

253. Мұнай эмульсиясын жіктелуге дайындау үшін мұнай газ жинаудың (мұнайды сепарациялаудың бірінші сатысы алдында) ұштық учаскелерінде реагент-деэмульгаторлар беру, ал тиісті негіздемелер болу кезінде – мұнайды дайындау блоктарынан қайтарылатын суды беру қарастыралады.

254. Мұнай мен суды бірге дайындау үшін аппараттарда мұнайды алдын ала сусыздандыру жүргізіледі. Өнім деңгейжиектеріне айдалатын су мөлшері мен құрамы жобада қарастырылады, талданады және журналда тіркеледі.

 

 

13-бөлімше. Сығатын сорғыш станциялар

 

255. Сығатын сорғыш станцияларды қауіпсіз пайдалану үшін кен орындарын барлау сызбасында:

1) технологиялық модульдағы негізгі технологиялық процестерді жүргізуге арналған аппаратуралар мен қондырғыларды жинақтау;

2) алдын ала газ ала отырып, мұнайды сепарациялау;

3) мұнай, газ, конденсат және суды ұңғымалар және учаскелер бойынша тіркеу;

4) өнімділік қабаттарына қосымша өңдеусіз суды айдауды қамтамасыз ететін ұңғымалар өнімдерін герметикалық аппараттарда алдын ала сусыздандыру қарастырылады.

256. Сығу сорғыш станцияларының құрамы мен қондырғылар сипаттары қабатты флюид сипаттарын ескере отырып анықталады.

257. Сорғыш құрылғылары, технологиялық ыдыстар, трубақұбырлар мен резервуарлар қабатты флюид құрамын, сепарация қысымын және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып пайдаланылады.

258. Буферлі ыдыстың орналасу биіктігі тіке геодезиялық белгілер мен гидравликалық қысымды ескере отырып анықталады.

259. Сығатын сорғыш станция блокта, жарылыс өрт қауіпсіздікпен орындауда пайдаланудың автоматтандырылған режимінде қарастыралады.

261. Газды авариялық жағу үшін газ бөлу факельді құрылғыда іске асырылады.

 

 

5-бөлім. Кәсіби роликті трубақұбырлар

 

262. Кен орындарын орналастыру және барлау жобасына сәйкес объектілер құрамында кәсіби трубақұбырлар (әрі қарай – КТ) қарастырылады:

1) ұңғымалардан өлшеу құрылғысына дейін өнімдерді жинауды қамтамасыз ететін сағалық алаңнан басталған тастау трубалар;

2) автоматтандырылған топтық өлшеу құралдарынан мұнайды сепарациялайтын бірінші пунктке дейінгі мұнай газ жинау трубалары, сығатын сорғыш станциялар немесе орталық жинау пункті;

3) мұнайды жинау пунктінен шығатын мұнай құбырлары және орталық жинау пунктіне дейінгі сығатын станция;

4) орталық жинау пунктінен мұнайды магистралды тасымалдау ғимаратына дейінгі мұнай құбырлар;

5) мұнайды сепарациялау құрылғыларынан газды дайындау құрылғысына, газ компрессорлық станцияға, орталық жинау пунктіне, газды қайта өңдеу кешеніне дейінгі газ құбырлар;

6) газды газ лифт және қысымды ұңғымаларға тасымалдауға арналған газ құбырлар;

7) қабатқа су айдауға арналған трубақұбырлар;

8) ингибиторларға арналған трубақұбырлар;

9) орталық жинау пунктінен газды магистральды тасымалдау ғимаратына дейінгі газ құбырлары.

263. Газ және мұнай өнімдері бар трубақұбырлардың су құбырлары мен пневматикалық трубақұбырлармен тікелей қосылатын трубақұбырлары болмайды.

264. Трубақұбырлар өзара бақылау бұрандалары бар ысырмалармен және ашық қалыпта болатын олардың арасындағы манометрмен ғана қосылады. Ысырмалар герметикалығы манометрде қысымның болмауына қарай ауысымда бір реттен жиі емес тексеріледі.

265. Трубақұбырлар өзін-өзі компенсирлейтін профиль бойынша  салынады немесе компенсаторлар технологиялық процесс жағдайына және қызу температурасына байланысты орнатылады.

266. Жер үсті трубақұбырлар жобаға сәйкес жанбайтын материалдардан жасалған тіреулерде салынады.

Тіреу конструкциялары ретінде қолданыстағы трубақұбырлар, қондырғылар, ғимараттар мен имараттар элементтерін қолдануға жол берілмейді.

Тіреулер мен компенсаторлар конструкциялары трубақұбырлардың техникалық құжаттарда белгіленген шектегі температуралық жағдай өзгергенде жылжытылуын қамтамасыз етеді.

Трубақұбырлар бекітіледі және вибрациядан және сыртқы механикалық әсер етуден қорғалады.

Жер үстінде салынған ілінулер мен трубақұбырлар тіреулерінің жағдайындағы ақаулар мен бұзушылықтар жойылады.

267. Қыздырылған жоғары тұтқырлы өнімді әрбір айдаудан кейін суып қалу қауіптілігі болған жағдайда трубақұбырлар, оның ішінде авариялық трубақұбырлар қатпайтын аз тұтқырлықтағы өнімдермен айдалады.

268. Кәсіби трубақұбырлар бойында трасса бойынша автомобиль көлігінің өрт техникасының, жүк көтеру және жер қазу механизмдері мен қондырғыларының техникалық қызмет көрсету үшін кедергісіз және қауіпсіз қозғалу мүмкіндігі қарастырылады.

269. КТ салу кезінде тасымалданатын ұңғыма өнімдерінің классификацияларына, топтары мен санаттарына, физико-химиялық қасиеттеріне және жұмыс параметрлеріне (қысым, температура) сәйкес қауіпсіз қашықтықтар сақталу қарастыралады.

Топтар мен санаттар тұрақты жұмыс параметрлері бар КТ әрбір учаскесі үшін жобада көрсетіледі.

Трассаларды елді мекендер арқылы салуға жол берілмейді.

Жұмыс қысымы жүктеме коэффициентін ескере отырып, қысым көзінің максималды қысымы бойынша анықталады, жұмыс температурасы тасымалданатын заттардың максималды температурасы бойынша қабылданады.

КТ учаскесін қысым көзінің белгісінен төмен орналастыру кезінде айдалатын өнімнің гидростатикалық қысымы ескеріледі.

270. Транзитті технологиялық трубақұбырларды ғимараттар, имараттар, құрылғылар үстінен және астынан тікелей орналастыруға жол берілмейді. Бұл талаптар резервуарлар үстінен өтетін газды тепе-теңдікке келтіретін жүйенің трубақұбырларына таралмайды.

271. Трубаларды қосу дәнекерлеуді қолдану арқылы жүргізіледі. Фланцті және бұрандалы қосулар бітегіш арматураларды, қысымды реттеушілерді, қорғаныс қалқаншаларын, БӨҚАҚ және трубақұбырлар компоненттерін жобада және дайындаушының техникалық құжаттарында көзделген қосу орындарында орнатылады.

272. КТ автомобиль және темір жолдармен қиылысулары жобалық құжаттарға сәйкес жалтырауықтар орнату арқылы футлярларда орындалады.

273. КТ өзін-өзі компенсирлеу профилі бойынша немесе температуралық компенсаторлар орнату арқылы салынады.

274. КТ желелік бөлігінің, бұрылыстар мен ажыратулар профилі жобаға сәйкес инженерлік және геодезиялық зерттеулер нәтижелерімен орындалады.

275. Су бөлуі мүмкін трубақұбырлар профильдерінің төмендетілген учаскелері болмайды. Су бөлінуі мүмкін орындарда оны дренаждау қарастыралады.

276. Топырақтарды, қалдықтарды немесе КТ қалқып шығуының бақыланбайтын қауіптілігі болатын трассалар маршруттарында жобада немесе құрылыс кезінде қорғаныс шаралары қарастыралады.

277. КТ ішкі кеңістігін тазарту және тексеру үшін тазарту және диагностикалық құрылғыларды іске қосу, ВСН 011-88 магистральды және кәсіби трубақұбырлар құрылысы жолақтарды тазарту және сынау және жобалық құжаттарға сәйкес, олардың жылжуын бақылау, химиялық реагенттермен өңдеу және үрлеу жөніндегі шаралар қарастырылады.

278. КТ трассасы бойынша тану белгілері 1 км кем емес қашықтықта, бұрылыс бұрыштарында және коммуникациялармен қиылыстарда тану белгілері орнатылады.

Трасса қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының қарсы жүруі үшін және көрсеткіші бар тұрақ алаңдары үшін белгілі орындар бөлінеді.

279. КТ бітегіш арматурасын орнату жобаға сәйкес жүргізіледі.

Әрбір КТ басы мен орнында пайдаланудан жедел шығаруға арналған бітегіш құрылғылар орнатылады.

Бітегіш құрылғылар жобада көрсетілген өтетін орындарда және қауіпті учаскелерде, интервалдар арқылы желілік бөліктерде орнатылады.

280. Қызу температурасы 200° артық, от алу температурасы 45°С кем және зиянды заттары болатын газдар мен жеңіл от алатын сұйықтарға арналған өнімдерге трубақұбырлар температурасы мен қысымына байланыссыз орнатылатын бітегіштер мен арматуралар болаттан жасалады және технологиялық орта сипатына сәйкес келеді.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу