Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:18, курсовая работа
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институтта қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Кіріспе .................................................................................................3
I Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектілері ретінде ұғымы
1.1 Заңды тұлғалар туралы негізгі түсінік .........................................................5
1.2 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері ...............................................................7
II Тарау Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу .........................9
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.......................................................................................................12
Заңды тұлғаның атауы ..................................................................................14
Қорытынды .........................................................................................................26
Қолданған әдебиеттер тізімі .............................................................................28
Тарату комиссиясы несие берушілерді анықтау және қарыздарын алу үшін шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушілерге заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарланды.
Несие берушілер талаптарын қоюға арналған мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, несие берушілер қойған талаптар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер болады.
Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату жөнінде шешім қабылдаған орган бекітеді
Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларға оларға меншік құқығы туындаған немесе мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Тарату комиссиясы аталған мүлікті Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес кредиторлармен – ипотекалық облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
Егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекемелерден басқа) ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.
Таратылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне ақша төлеуді тарату комиссиясы Азаматтық кодекстің 51-бабында белгіленген кезек тәртібімен аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап, соған сәйкес жүргізеді. Акционерлік қоғамдардың мүлкін бөлу ерекшеліктері олар туралы заңдармен белгіленеді.
Несие
берушілермен есеп айырысу біткеннен
кейін тарату комиссиясы тарату балансын
жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкін
меншіктенуші немесе заңды тұлғаны
несие берушілердің талаптары
Несие
берушілердің талаптарын қанағаттандыру
үшін таратылатын қазыналық
Заңды
тұлғалардың мемлекеттік
Несие берушілердің тапаптарын қанағаттандыру. Заңды тұлға таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:
Әр кезектің талаптары оның алдындағы кезек талаптары толық қанағаттандырылып болғаннан кейін қанағаттандырылады.
Таратылған заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, егер заңда өзгеше белгіленбесе, ол несие берушілер арасында тиісті кезекпен қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлінеді.
Тарату
комиссиясы несие берушінің талаптарын
қанағаттандырудан бас тартқан не оларды
қараудан жалтарған жағдайда, несие беруші
заңды тұлғаның тарату балансы бекітілгенге
дейін тарату комиссиясына талап қойып
сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімі
бойынша несие берушінің талаптары таратылған
заңды тұлғаның қалған мүлкі
есебінен қанағаттандырылуы мүмкін.
Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі.
Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.
Банкроттық. Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы Азаматтық кодекстің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкес, банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады.
Борышкердің – жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, банкроттық қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқорға банкроттық рәсімді қолдануда банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін1.
Банкроттық ерікті түрде немесе мәжбүр ету тәртібімен танылуы мүмкін.
Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушінің, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтініш беру негізінде.
Төлем қабілеті жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңға қайшы келмейтін кез келген шаралар қолданылуы мүмкін. Аталған шаралар оңалту рәсімі шеңберінде іске асырылады, оны жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімі банкроттық туралы заңдармен белгіленеді.
Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды.
«Банкроттық туралы» заңының 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:
Конкурстық істі қозғау салдары. Конкурстық іс қозғалған кезден бастап:
Осы кезден бастап мүліктік сипаттағы барлық талаптар борышқорға тек конкурстық істі жүргізу шеңберінде ғана қойылады.
Дәрменсіз борышқорды борышқордан босату – бұл, мүлікті сатқаннан кейін және сатудан түскен ақшаны несие берушілердің арасында бөлгеннен кейін дәрменсіз борышқор қалған міндеттемелер мен орындауға ұсынылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезінде есепке алынған өзге де талаптарды орындаудан босатылады.
Дәрменсіз борышқор, егер өзінің мүлкінің бір бөлігін тарату іс басталғанға дейінгі екі жыл ішінде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа адамға беріп жіберсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есеп-қисап ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.
Банкрот кәсіпорын мемлекеттік тіркеу
регистрінен шығарылған кезден бастап
оның қызметі тоқтатылды деп есептеледі.
Оңалту рәсімдері. Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.
Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінің иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады. Оңалту рәсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса, онда несие берушілердің келісімі қажет. Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалғанда оңалтуды басқарушысы жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы тағайындалады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек.
Дәрменсіз
борышқорды борыштардан босату және банкрот
болған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы
Азаматтық кодкестің 56-57-баптарында қарастырылған.
Қорытынды
Қорытындылай келе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік мәртебесіне тоқталып кетейік. Алғашқыда кәсіпкер деген ұғымды анықтап алайық.
Информация о работе Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері