Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:18, курсовая работа
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институтта қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Кіріспе .................................................................................................3
I Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектілері ретінде ұғымы
1.1 Заңды тұлғалар туралы негізгі түсінік .........................................................5
1.2 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері ...............................................................7
II Тарау Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу .........................9
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.......................................................................................................12
Заңды тұлғаның атауы ..................................................................................14
Қорытынды .........................................................................................................26
Қолданған әдебиеттер тізімі .............................................................................28
Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешім) бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаны құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындатын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бетуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекетік тіркеу үшін негіз болады.
Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.
Заңды
тұлғаны оған екінші бір заңды
тұлғаны біріктіру жолымен
Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар (Азаматтық кодекстің 45-бабы):
Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатыста келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай құжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен қабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. (Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз тартуды сот тәртібімен ған реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағанда айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетейік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруді сот органының шешімімен белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады».
Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.
Азаматтық кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлықты да қарастырады.
Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды
тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға
біріктірген кезде
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
Заңды тұлғаның бір түрін екінші түрден заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын талаптар Азаматтық кодекстің 47-бабында қаралған. Оның 1-тармағандағы ереженің маңызы зор, яғни қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде – өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда – бөлу балансына сәйкес ауысады.
Өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша, соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.
Өткізу актісі мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітеді және құрылтай құжаттарымен бірге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін олар құрылтай құжаттарымен бірге тапсырылады.
Құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады.
Егер заң құжаттарында иемесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мүлік (құқықтар мен міндеттер) құқықты мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады.
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан құрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мирасқорына өтеді. Азаматтық кодекстің 47-бабында заңды тұлғаларды қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі негіз қаралады: олар, атап айтқанда:
Осы айтылғандардан басқа, тіркеуден бас тарту Азаматтық кодекстің 42-бабының 5-тармағы бойынша жүзеге асуы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 48-бабында заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:
1. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
2. Бөлінген және бөліп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талал етуге құқылы.
3.
Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды
тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға
мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған
заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа
заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға,
қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері
бойынша оның несие берушілерінің алдында
ортақ жауапты болады.
Тарату – заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде тарату туралы болып отыр.
Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Соттың шешімі бойынша заңды тұлға:
Осы баптың екінші тармағындағы аталған негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актілерінде осындай талап қоюға құқық берілген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайда – несие берушілер де сотқа беруі мүмкін.
Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешімімен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттер оның мүлкін меншіктенушіге, меншік иесі уәкілдік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуі мүмкін.
Егер заңды тұлға жөнінде, жоғарыда көрсетілген, яғни белгіленген тәртіп бойынша оны тарату туралы шешім қабылданып, оның мүлкінің құны несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгіленген тәртіппен таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлері мемлекет уәкілдік берген тиісті органның шешімімен заң актілерінде көзделген негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша жүзеге аса алады.
Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган, бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және Азаматтық кодекске сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкін және істерін басқару жөнінде өкілеттік соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етеді.
Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзім туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем бола алмайды.
Информация о работе Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері