Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 08:18, курсовая работа
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым болып есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институтта қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағнасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Кіріспе .................................................................................................3
I Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектілері ретінде ұғымы
1.1 Заңды тұлғалар туралы негізгі түсінік .........................................................5
1.2 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері ...............................................................7
II Тарау Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу .........................9
Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.......................................................................................................12
Заңды тұлғаның атауы ..................................................................................14
Қорытынды .........................................................................................................26
Қолданған әдебиеттер тізімі .............................................................................28
Заңды
тұлға құрудың заңда
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтарғаны үшін сотқа шағым берілуі мүмкін.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1)жарғылық
капиталының мөлшері
2)атауы өзгергенде;
3)шаруашылық серіктестіктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (жүз және одан да көп қатысушысы бар шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) қайта тіркелуге тиіс.
Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады.
Құрылтай
құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы
тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар
етеді.
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтық құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына, әрі жүзеге асыратын әрекеттігінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлері мен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді Азаматтық кодекске сәйкес мойнына алуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін.
Заң
актілерінде көзделген
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеме) құқық қабілеттілігі Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгіленеді.
Заң құжаттарына сәйкес заңды түлғалар белгілі бір кызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал
коммерциялық ұйымдар болса, керісінше
арнайы құқық қабілеттілігіне
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсетілетіндіктен, ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтарына келетін болсақ, заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) міндеттемелік және заттық құқықтары болуы мүмкін.
Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам мен кооперативтер жатады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізуші құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жатады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады.
Азаматтық кодекстің 37-бабыңда айталғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (Азаматтық кодекстің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілесі жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.
Заңды тұлғаның органдары, бұл заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды.
Заңды
тұлға органдарының түрлері, тағайындалу
немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі
заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Азамттық кодекстің 38-бабының 1-тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып табылады (Азаматтық кодекстің 125-бабы).
Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматтарды қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетін аттарды, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол берілмейді.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар. Бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.
Мемлекеттік
органдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың
фирмалық атауларында, қызмет көрсету
таңбаларында, тауар таңбаларында, Қазақстан
Республикасының заң актілерінде, Президенті
мен Үкіметі актілерінде белгіленген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
ресми атауларына сілтемелерді пайдалануға
тыйым салынады.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.
Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі.
Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста, заңды тұлға өзінің нақты мекен-жайының бірыңғай мемлекеттік тізімге енгізілген мекен-жайға сәйкес келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.
Заңды
тұлғаның тұрған жері іс жүзіңде (міндеттемені
орындауда азаматтық істерді сотқа беру
және тағы басқаларды анықтауда да) өте
маңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында
заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін
органы тұрған жер оның тұрған жері болып
табылатынын және заңды тұлғаның тұрған
жері оның құрылтай құжаттарында почталық
толық мекен-жайы жазылып көрсетілгендігі
қарастырылады.
Заңды
тұлғаның филиалдары
мен өкілдіктері.
Азаматтық
кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның
тұрған жерінен
тыс орналасқан және оның міндеттерінің
бәрін немесе бір
бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін
жүзеге асырушы оқшау
бөлімшесі филиал болып табылады.
Ал
заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан
және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін
жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер
мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын
оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға
болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды
тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен
ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше
нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары
мен өкілдіктерінің басшыларын заңды
тұлға уәкілдік болатын орган тағайындайды
және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары
(филиал мен өкілдіктің өзі
емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет
етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының
өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік
ережесімен емес, оған берілген сенімхат
ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер
басшыларының мәмілелері заңды тұлға
атынан жасалады және ондай мәмілелерден
туындаған міндеттемелік жауапкершілікті
мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды
тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының
4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер
заң құжаттарында белгіленген тәртіппен
тіркеледі және оларды құрған заңды тұлғаның
жарғысында көрсетілуге тиіс.
Қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады.
Діни бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары діни бірлестіктердің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады не тағайындалады.
Филиалдар
мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде
айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ,
егер филиал заңды тұлғаның міндетінің
барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің
де міндетін жүзеге асыратын болса, онда
өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін
қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер
мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай
алады.
Информация о работе Заңды тұлғаларды құру тәртібінің ерекшеліктері