Н.Смелзер біздің өміріміздің
бір жағын байқай алған. Туғаннан
о дүниеге дейінгі барлық өмір
жолдарында адамдар ұйымда болып,
оларды отбасы қарсы алатынын
ұмытпағанымыз жөн.
Адамның бейресми өмірі ата-анасының
отбасында, өзінің отбасында және
балаларының, немерелерінің, туысқандары
мен достарының отбасында өтеді.
Адамның ресми өмірі - өзгермелі
ұйымдарда және адамның өмір
бойы барып тұратын дүкен, театр,
мешіт және т.б. өтеді. Уақыттың
мерзімі де ауысып отыруы (таңертең
жұмысқа, кешке үй) адам өмірін толықтырады.
Осы үлестің бұзылуы қалыпты өмірден алшақтап
(еңбекқор) немесе тоғышарлық, жалқаулыққа
әкеледі.
Адамның дұрыс өмір сүруге
ұмтылуы ауыр тұрмыс жағдайын
азайтуға әкелуі тиіс, бірақ, бұның
өзі жеке және қоғамдық мәселе
болып табылады. Біздің еліміздегі
отбасымен жасалатын әлеуметтік
жұмыс ғылым ретінде бүгінге
дейін қалыптасу үстінде.
Ғылым пәннің сипатты белгілері
ұйым, оқу кафедралары мен жарияланымдар
болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың
ғылыми-зерттеу институттары ашылып,
кәсіби мамандар даярланатын
тиісті бөлім, кафедралар ашылған.
Қазақстанда үкіметтік емес және
халықаралық ұйымдардың қолдауымен
әйелдер мен балаларға арналған
дағдарыс орталықтары жұмыс істейді,
отбасымен жүргізілерін жұмыстар
бойынша әр түрлі әлеуметтік
бағдарламалар қолданылып, материалдық,
шұғыл әлеуметтік көмек және
әлеуметтік-психологиялық қызметке
өте мұқтаж отбасыларына көмек
көрсететін түрлі қызметтер мен
агенттіктер ойдағыдай дамып
отыр.
Аса кәсіби қызметкерлер талап
етілуде, олар: философия, социология,
политология, психология мамандықтары
бойынша аспирантура және докторантура
арқылы дайындалады.
Тұрақты махаббаттың негізін
Абай: «Махаббатсыз – дүние
бос, хайуанға оны қосыңдар. Махаббат
- өмір көркі...» - деген. Ол:
өзінен өзі пайда болмайды, оның
мыңдаған қыры мен сыры, өз
мұңы, өз бақыты мен хош иісі
болады, олай болса, некеге дейін
қатынастың сан алуан жағдайларының
негізгісі – сүйіспеншілік, махаббат.
Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа
кездескен мысалын әр халықтың,
әр ұлт адамдарының өмірінен
көптеп келтіруге болады. Тұрмыс
құрмағандар - адамдық міндетін
орындаудан қашқандар. Адам баласы
адамгершілік қасиетін, борышы мен
міндетін тек үйлену арқылы
орындай алады. О.Бальзак: «Ерлі-зайыптылар
бастары қосылғанша, бір-бірінің
мінез-құлқын, деттерін біліп алмаса,
некенің бақытты болуы мүмкін
емес» - деген болатын. (30)
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстардың да басқа да ғылымдар
сияқты теориялық және эмпирикалық
білімдері бірдей, оның ерекшеліктері
білімдері мен ептіліктерінде. Осы
әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік
жұмыс ғылымының принципі
болып табылады. Ғылым ажырамас
құрамдас бөліктерден: заңдылық,
принцип және әдістерден тұрады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыс қызметтің әмбебап түрі
болып табылады, ол басқа ғылымдар
топтамасымен байланысты, олардың
бірнеше негізгі принциптерін
бөліп алуға болады: жалпы философиялық
принциптер: детерминизм, бейнелеу,
даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы
принциптері: тарихи, әлеуметтік
келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың
ерекше белгілері: плюрализм (әр
түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін
әлеуметтік жұмыстар принциптерін
түсіну.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстар ғылымының келесі принциптері,
оларды топтастыруға байланысты:
мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық
және жеке мүдделерінің үйлесімі;
өзін-өзі және отбасы мүшелерін
қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің
күн көрісі үшін өзінің
күнелтуі және толық жарамды
азамат тәрбиелеу.
Психологиялық-педагогикалық принциптер
– эмпатия (жан ашуы);
сенімді психологиялық пана,
қазіргі уақытта қиын жағдайларға
адамға күнелтуге көмектесу
және т.б.
Әдістемелік принциптер: мирасқорлық,
бірізділік, үздіксіздік, құзырлық;
ұйымдастырушылық – жинақтылық,
делдалдылық (психология, құқық,
медцина және т.б. ғылымдар
арасында).
Нормативтік актілер мен заңдарда
әлеуметтік жұмыс тәжірибесі
мен талдап қорытындылаудың нақты
принциптері, атап айтқанда, өзінің
отбасы мүшелеріне экономикалық,
әлеуметтік және дене қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамдар мен
азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы
жас балалар, қартайған және
науқас адамдарға мемлекеттік
қамқорлық кепілдігі, балалар
мен жастарды әлеуметтендіру
шарты; отбасында, жұмыста құпиялықты,
махаббатқа деген сезімін, өмірге
деген құштарлығын сақтау және
т.б. Отбасымен әлеуметті жұмыс
жүргізу кезіндегі операциялар
мен тәсілдер жиынтығын, қандай
да бір мақсатқа жету жолдарын,
нақты мәселені шешу деп түсінеміз. Отбасымен
әлеуметті жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген
әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені,
өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне
байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан
да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу
кезіндегі қолданылатын әдістерді сипаттай
отырып, оларды экономикалық, құқықтық,
медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік әкімшілік,, педагогикалық
және т.б. түрлерге бөлеміз.(31)
Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін
өз жұмыс тәсілдері мен міндеттерін
игерген, отбасы саласы мен
отбасымен жүргізілетін жұмыс
технологиясының өзіндік ерекшеліктері
бар маман ретінде әлеуметтік
қызметкердің мамандығымен де
анықталады.
Отбасы адамның әлеуметтік жұмыс
істеу жүйесін білдіреді. Ол
қоғамның негізгі институттарының
бірі. Әлеуметтік жұмыстардың маңызды
саласы мен негізгі объектілерінің
бірі болып табылады.
Қазіргі отбасы өрістеудің күрделі
кезеңін – дәстүрлі үлгіден
жаңаға ауысу үдерісін бастан
кешіріп отыр. Отбасы құрылымы,
отбасы қызметі, билік жүйесі,
отбасылық роль, жұбайлардың
функционалды тәуелділігі, отбасындағы
бала жағдайы өзгереді, ал
бұл өз кезегінде әлемдегі
отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.
Бала туу төмендеп, ажырасулар
саны өсіп, жалғыз басты адамдар
саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы
отбасынан бас тартуға әкеліп,
бұл өз кезегінде, қоғамның
ұдайы өндіріс қызметіне ықпал
етеді. Қоғамның дәулетті адамдар
тобын, дәулетсіз адамдар тобына
қарағанда, қажеттілігі аз толғандырады.
Қазақстанда дипломды мамандар
жоқ, бірақ әлеуметтік қамсыздандырудың
әр түрлі қызметтері, сақтандыру,
денсаулық сақтау, балалар ұйымдары,
әкімшілік жанында, қоғамдық бастамаларда
отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізумен
кәсіби түрде айналысатын мамандар
жеткіліксіз.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыстың субъектісі туралы айта
отырып, бір жағдайды есте ұстауымыз
керек. Осындай қызметкерлердің
арасында осы жұмысты тек ұйымдастырумен
ғана айналысатындар (оларды
ұйымдастырушылар деп немесе басқарушы
деп атауға болады) және оларға тікелей
көмек көрсететіндер бар. Оларды шартты
түрде практиктер немесе практикалық
әлеуметтік қызметкерлер деп атайды.
Отбасы – ол алғашқы және
негізгі қоғамдық орта, онымен
азамат байланысады және ол
моральдық баға жүйесін, тәртіп
нормасын қалыптастырады, сонымен
қатар, қоршаған орта және өмір
жолында кездесетін құбылыстың
маңызы туралы білімді жеткізеді.
Қазіргі заманның отбасы, оның
ерекшеліктері тұтасымен қазіргі
кезеңнің ерекшеліктерімен алдын-ала
келісілген, ол неғұрлым жаңа
мәселелермен ездесті, адамның
өміріне қажетті көптеген қызметтерді
орындау мүмкіндігінің біраз
дәрежесінен айырылды, көптеген
жағдайларда басқа әлеуметтік
институттармен ұзаққа созылған
ала ауыздық күйіне енді және
дағдарыс табалдырыған аттады.
Отбасы әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерге бейімделіп, маңызды
өзгерістерге төтеп береді. Олардың
дәйексіздігі, сонымен қатар, Қазақстан
халқының ауқымды мәдени әр
түрлілігі өмір сүріп отырған
отбасы моделінің әр алуандығын
алдын-ала анықтайды және оларды
көпшілігінің ауыспалы сипаты
бар.
Осының бәрі отбасы саясаты
мен қоғамның өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз ететін әлеуметтік
институттар қызметін ұйымдастыру
және үйлестіру тәсілі ретінде
отбасы саясатын реформалаудың
қажеттігін туғызады.
Отбасы саясаты – ол өзара
қарым-қатынастағы көптеген институттардың
бірі ретінде отбасының арнайы
мүддесін және отбасы ролін
басқа да әлеуметтік рольдермен
қатар, орындайтын алып жүруші
ретінде адамның арнайы мүддесін
қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың
бір бөлігі ғана.
Бізді отбасы өміріміздің көптеген
экономикалық қиындықтары – ол
дағдарыс салдары, экономиканың
әлсіздігі, оның тиімділігінің
төмендігі, үлестіру қарым-қатынасының
жетілмеуі және т.б. Осы кемшіліктерді
жеңу үшін отбасы саясаты ғана
емес, отбасына маңызды түрде
әлеуметтік қолдау жасау және
отбасы өзінің ішкі ресурстары
есебінен төтеп бере алмайтын,
отбасы өмірінде пайда болған
мәселелерді шешу кезіндегі әр
түрлі үрей тудырған жағдайларды
жеңуде көмек көрсету керек. Отбасының
көптеген мәселелері отбасының құрылымдық
өзгерісімен, өзара ішкі қарым-қатынасы
сипатымен және т.б. қатысты өткерген ішкі
өзгерістермен байланысты.
Отбасы қоғамның алғашқы бастаушысы
ретінде қоғамда болып жатқан
қарама-қайшылықтардың ыңғайлы
бейнесін береді.
Бірақ, отбасы төтенше көнгіш
және кез-келген жүйе жағдайларына
бейімделгіш болып келеді. Қазақстан
отбасының дағдарысының өрсеткіштері
бала туудың күрт төмендеуі,
некесіз бала туудың белсенді
өсуі, ана мен бала өлімі санының,
әсіресе, экологиялық аймақтарда
жоғарылауы, ажырасудың жоғарғы
дәрежесі, отбасы тұрақсыздығының
көбеюі, туысқандық қатынастың босаңдауы
болып саналады. Оның индикаторлары
аз балалықты немесе баласыздықты
тарату, ажырасу дәрежесінің жоғарылығы
болып табылады. Мысалы, 1991-1997 жылдары
туылған балаларды саны жылына
358,2-ден 232,4 мыңға дейін қысқарады.
Осы кезеңде туу коэффициентін
халықтың 1000 адамына шаққанда 21,5-тен
14,7-ге дейін төмендеген. Қазақстанда
бала туудың осылай күрт төмендеуі
екінші дүниежүзілік соғыс дәуірінен
бері байқалмаған болатын. Бала
туудың төмендеуі елдің бүкіл
аймағында өтуде. Некесіз туылған
бала мөлшері 13,4 пайыздан (1991 жыл)
17,6 пайызға (1997 жыл) дейін жоғарылады.
Бүгінгі кезде Қазақстанда тіркелмеген
неке көбеюде. Мұндай некелер
әр кезде болған, бірақ соңғы
онжылдықта жиі кездеседі және
батыстың көптеген елдерінде
тіркелген некемен негізделген
ресми отбасының статистикалық
маңызы бар баламасына айналды.
2000 жылдың мәліметтері бойынша,
Қазақстанда өздерін некеде тұрмыссыз
деп санайтын еркектердің 6 пайызы
және әйелдердің 6,5 пайызы некеге
тіркелместен, бірге тұрып жатыр.
Қазақстанда барлық ересек халқының
арасындағы тіркелмеген некенің
таралуы шамамен, 1993 жылғы АҚШ-ғыдай
немесе 80-ші жылдардағы Ұлыбритания,
Франция, Нидерландыдағыдай, сол
кездегі Швеция (20 пайыз), Норвегия
мен Финляндиядан (11 пайыздан) анағұрлым
төмен, бірақ Италия (1 пайыз), ГФР
(5 пайыз), Австрия (4 пайыз) және
Венгриядан (3 пайыз) жоғары болған1.
Некесіз бала туу немесе засыз
бала туу отбасылық тәртіп
бұзу түрінің бірі ретінде
бағаланады. Біріншіден, себебі, әке-күйеу
қоғамда белгіленгеніндей ана
мен балаға қатысы жөніндегі
өзінің негізгі қызметін орындай
алмайды. Екіншіден, себебі, баланың
заңсыз туылуына қосымша себеп
болып есептелетін әлеуметтік
бақылауға қатысты әке, немесе
шеше ретінде отбасы мүшелерінің
ролі атқарылмайды.
Бүгінгі күндері бала туудың
төмендеуі Қазақстандағы бір
балалы отбасын неғұрлым кең
таралған моделге айналдырды. Мұның
себептері экономикалық (материалдық)
ғана емес, адамзаттық бірнеше
балаға деген мұқтажы балаға
деген махаббатының элиминирлік
себептері (басылып қалуы немесе
сөнуі) болады. Мұның салдары
туысқандық қатынастың азаюынан,
жыныс арасындағы байланыстың
үзілуінен болады.
Қазақстандағы ажырасудың жоғарғы
дәрежесі қоғам өмірінде, сондай-ақ
жеке адамның өміріндегідей
отбасы бағалығы мен маңызының
төмендеуі туралы және отбасы
қанағаттандыратын адам мұқтажын
неғұрлым аз қанағаттандыратындығы
туралы куәландыратындығын айту
керек. Бүгінгі күндері ажырасу
себептері ерлі-зайыптылардың өзара
қарым-қатынасының шиеленісуінен
қазіргі заманның стиліне және
шапшаңдығына сәйкес келмейтін
қазақстандық отбасының неке-отбасылық
қатынасындағы көне дәстүр және
әдет-ғұрыптардың бұлінгенін білдіреді.
Ажырасулар көп болған сайын,
бала туу да аз. Көптеген әйелдер
мен еркектердің ажырасқаннан
кейін біраз уақыт немесе өмір
бойы жалғыз басты болып қалуы
ғажап емес. Негізінде ажырасу
қоғамның, сондай-ақ отбасының өзінің
және оның мүшелерінің көзқарастарындай
отбасы дағдарысының пайда болу
түрі болып саналады. Демек, сөз
қазақстандық отбасы жеке тұлғалардың
арасындағы қатынастарды құру
және оны қолдауға бағытталған
шаралар жиынтығы туралы болу
керек. Осындай мәселелерді шешу
кезінде отбасының шиеленісу
қатынастарынан және ажырасудан
бүкіл отбасының мүшелері, бірінші
кезекте балалар зиян шегетінін
қашан да ұмытпаған жөн.