Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа
Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.
1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6
1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17
ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.
2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25
Қорытынды.....................................................................................................................55
Қолданылған әдибеттер................................................................................................58
Сілтемелер......................................................................................................................61
Қосымша
Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”
Бұл жердегі ереже бойынша ер немесе әйел адам үшін некеде тұруына немесе тұрмауына қарамастан әрдайым олардың басы бос болады. Америка әлеуметтанушысы Б.Фабердің пікірінше, әрбір адам теориялық тұрғыдан алғанда жынысы басқа барлық өзге адамдардың үнемі потенциалды жұбайы болып саналады. Бұл жердегі маңызды жағдай некеде отырған адамның кейінде некегс отырып жұбай болу мүмкіндігін сақтауы. Ал, екінші рет некеге отыруға жол бермейтін мәдениеттерде дәстүрлі, қатаң моногамиялық жар таңдау мүмкіндігі сақталған кеңістікке некеде тұрған адамдарды қоспайды. Бұл кеңістікке адам салт немесе заң бекіткен некелік жасқа жеткенде ғана еиеді және одан некеге отырғаннан кейін ғана шығады. Қазіргі қоғамда, яғни еуропалық, батыстық типтегі қоғамда жесір қалған адамныц скішпі рет некеге отыруы қиындатылған қатаң моногамиядап екінші рет әдеттегі іс болып саналатын сериялық моногамияға оту тарихи тенденция болып отыр. АҚШ-та 80-жылдардың ортасында бүкіл ыексғс отырғандардың 46 пайызы екінші рет үйленуі соған дәлел.
Екінші қатынасты, яғни жеке жар таңдау сркіндіғі деңгейіне қатыстының бәрін айтар болсақ, онда әр түрлі қоғамдар арасында үлкен өзгешеліктердің барлығы байқалады. Кейбір мәдениеттерде, жас адамдар кімдердің қамқорлығында болуына орай ата-аналары немесе өзге туыстары ұйымдастырған некелерге отыру жаішай етек алғаи. Басқа мәдениетте сркін жар таңдау басым болғандықтан некеге отырушылардың өздері жар таңдаудың негізгі агенттері болып табылады. Алайда, қандай жағдайда болмасын некеғе тұру, болашақ жұбайды таңдау әркімнің өз еркінше жүргізілмейді. Некеге отыру және некелік қосақты таңдау мәдени, әлеуметтік, психологиялык алғышарттарға, тіптен кейде әлеуметтік-биологиялық сипаттарға да байланысты болады.
Бұлардың арасында ең кең тараған және ең қуаттысы -мәдениеттанулық алғышарттар. Эндогамиялық және экзогамиялық ережелер деп аталатын алғышарттар мәдениеттанулық алғышарттардың аса маңыздысы болып саналады. Этнология ғылымында бұл ұғымдар бір тайпадағы рулар арасында некеге отыратын жар таңдаудың қалай және қандай сипатта жүретінін анықтауда қолданылады. Оның функционалдық рөлі - болашақ қосағын таңдау мүмкіндігінің шектелуі, некеге отырып, бір-біріне жұбай болуға тыйым салынғандар санаттан шығарылып тасталынуы арқылы анықталады.
Некелік таңдаудағы әлеуметтанудың келесі маңызды алғы шарттарына гомогамия және іргелес қоныстанушылық (көршілік) жатады. Гомогамия термині, әлбетте, некеге отырар адамдардың кейбір әлеуметтік, психологиялык, физикалық, т.б. ортақ немесе ұқсас сипаттары бар тенденцияны белгілеу үшін қолданылады. Бүған кері сипаттағы тенденция гетерогамия ұғымы арқылы айқындалады. Гомогамияны некелік жар таңдаудың бірден-бір негізгі алғышарты ретінде қарастыратын әлеуметтану теориялары жас мөлшерді, этникалық шығу текті, әлеуметтік статусты, білімді, интеллект деңгейін, сыртқы пішінін және т.б. осы орайдағы маңызды сипаттамаларға жатқызыпи отыр. Бұлардың арасында жас мөлшерінің, этникалық шығу тегінің және білімнің алатын рөлі жоғары болады. Этникалық шығу тегі жонінде жоғарыда біршама әңгіме қозғалды. Болашақ жұбайлардың жас мөлшері бірдей болмауы ықтимал, керісінше, ер адам әйелден жас мөлшері жағынан сэл де болса егделеу келеді. Американдық зертттеушілер В.М:Кепхарта мен Д.Едличкидің пікірлерін негізге алсак, бұл мәдениетте әйелдер өздерінен жасы үлкен еркектерді ұнатса, ал ер адамдар керісінше, өзіне қарағанда біршама жас әйелді басқаларға қарағанда жақсы көреді екен. Ер адамдарды жас әйелдердің жастық шағындағы сүйкімділігі еліктірсе, егде жастағы ер адамдар әйелдерге ел алдындағы беделі мен дәрежесі арқылы үнайтын көрінеді. [1]
Білім де некелік жар таңдауда ерекше рол атқарады. Екі адамның білімдеріне қарай некеге отыруы олардың әлеуметтік тұрғыдан деңгейлес болуының тең жартысын қамтамасыз етеді. Некеге отырғанға дейінгі және некеге отырғаннан кейінгі қарым-қатынаста білімнің бірдей болуы немесе соған орайлас келуі адамдар арасында жиі байқалады. Білім деңгейі әлеуметтік статуспен тығыз байланысатындықтан, жұбайлар бірдей немесе соған деңгейлес әлеуметтік топтарға жатқан кезде білімділік гомогамия бір мезгілде статустық гомогамияны да білдіреді. Сонымен қатар, бұл жұбайлар өздерінің бойларындағы құнылықтары, бір-біріне деген сенімдері, өмірдің әр түрлі қырларына көзқарастары, дәлірек айтқанда, ата-аналарына, табыстарына, мамандыгына, т.б. келгенде бір-біріне үқсас болуы тұрғысындағы мүмкіндігі арта түседі. Жас, білім, әлеуметтік шығу тегі сипаттамаларын қарастыратын болсақ, онда неке таңдау процесінде ер адамдардыц білім деңгейлері өздерінен біршама төмен және төменгі әлеуметтік топқа жататын жас әйелдерді ұнататын тенденцияның орын алатындығы жэнс әйелдер үшін бүған қарама-қарсы тенденцияның басым болатындығы байқалады екен. Бұл тенденция некелік градиент деп аталады. Әлеуметтік құрылымы мейлінше жіктелген қоғамдарда егде тартқан, кемел білімді, кэсіби мамандығы бойынша қызмет ететін, өздерінің білімі мен статусын асыра бағалайтын әйелдердің өзіне тең болар қосағын табуына мүмкіндігінің төмендеуіне, осыдан барып, тұрмыс қүрмаған әйелдер санының ерлерге қарағанда артық болуына некелік градиенттің ықпал жасауы мүмкін.
Мұндайда жоғары білімді
әйелдердің басым когішілігі еріксізден түтін түтете
алмай, жалғыз басты болып қалады. Бүдан
некесіз бала туу пайда болады, яғни күйеуге
шығу мүмкіндігінен айырылган осындай
әйелдер саналы түрде жалғыз басты ана
болудың жолын таңдайды. Гомогамия
ережесі тұлғаның бұдан өзге де сипаттамаларына
орай әрекет етеді. Бұлардың арасынан
акылдылық, физикалық жағынан алғандағы сүйкімділігі,
биологиялық ритмдердің сәйкестігі, некелік
статус пен саяси көзқарастарды, діни сенімдерді,
т.б. біріктірген кұндылықтар бағдары
ерекше орын алады. Ал адамдардың бас қосуы
мсн түтін түтету жағдайын әңгіме етсек, онда
некеде бұрын тұрамаған адам дәл сондай
некеде түрмаған жанды, айырылысқандар-
Ата-аналар өз ұрпағын сүйіспеншілікке бөлеп, үнемі ұйытып отырса, олардың балалары да өзіне лайықты қосагын ұяда корген тәрбиесіне орай дұрыс таңдайды. Жастар өздеріне тәрбие берелік ата-аналарының мейірім, сүйіспеншіліктерін көріп өссе, содан үлгі боларлықтай тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін қабылдайды. Мұнда гемогамия бағыты үстемдікке ие болады. Өздерінің болашақ жарларын таңдаган кезде адамдар, әдетте, ата-аналарының кейпіне, тұрғысына, басқа да қасиеттеріне ұқсас жандарды іздейді. Мәселен, қыздар оз әкелеріне ұқсас жарларды таңдаса, жігіттер де аналарына ұқсас қалыңдық табуға бейім тұрады.Ата-аналар өздерінің үл-қыздарыынң пір тұтар үлгісіне айналады. З.Фрейдтің теориясын бастамаға алған бұл көзқарас бойынша жыныстық қатынасқа лайықты объектіні таңдауда алғашқы махаббат объектісіне, яғни ата-анасына қарай адам энергиясының ауытқуы болады. Басқаша айтқанда З.Фрейдтің тұжырымына сәйкес, ер адам оз анасына ұқсас әйелді таңдаса, қыздар өз әкелеріне ү.қсас адамдарды іздейді.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан алғаыда жар таңдаудыц мұндай сипаты төмендеғі тұжырым бойынша түсіндіріледі. Лдам ата-анасына ұқсас жынысты таңдауы арқылы өзіне етене таныс түланың бойындағы қасиеттер сипаттамасын және өзі үнатып, үстанатын оның құндылықтарын бағалау негізінде лайықты жар таңдайды. М.үндай таңдау өзіне сүйеніш болар, жағдайын түсінерлік серікті алдын-ала болжауы, қыбат қасиеттерін сезінуі болып табылады. Ал ортақ құнылықтар болашақ жұбайлардың бір-бірімен оцтайлы байланыс ортнатуына көмектеседі. Өйткені адамдарға өздерімен келісетін, сырын, жан сарайын іштей үғынатындар ұнайды. Неке таңдаудың келесі әлеуметтік-психологиялық теорияларыынң бірі Р.Ф.Уинчтың комплементарлық кажеттілік теориясы. Бұл теория бойынша жар таңдау кезінде адамдар кімнің психологиялық ерекшеліктерінің өзіне қарама-қарсы екендігін бағалайды және олардың озінікіне лайықты комплементарлык болуын қалайды. Мысалы, жасқаншақ, бойкүйез, біреуге тәуелді болуға бейім адам өмірлік серігінің күшті доминанта болуын ұнатады. Бұл - индивидтің өз қажеттілік деңгейін барынша қанағаттандыруға тырысуы. Лл осы барынша қанағаттандыру сол уақыттыа іске асады, егер де ер адам мен әйелдің дербес қажеттіліктері бір-біріне үйлесімді болса. Уинчтың бұл теориясын басқа зерттеушілер сынаса да, бірақ аталмыш теорияның негізіыде жар таңдаудың басқа да теориялары қалыптасты.
Сексуалдық мінез-қүлық және ұрпақ жаю ұғымы биологияда колданылады және оны синоним ретінде пайдаланады. Биологтар жыныстық қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған, соның нәтижесінде репродукция процесі жүзеге асатын жануарлардың физиологиялық және тәртіптік реакциясын анықтау үшін осы ұғымдар қолданылады.
Әлеуметтануда бұл ұғымдардың мазмұны өзгерген. Аталмыш ұғымдар синоним болудан қалды. Шындығында, сексуалдық және ұрпақ жаю тәртіптері әр түрлі құбылыстар, бұлар әлеуметтік тортіптің дербес типтері. Өйткені олардың мақсаттары мен қисындар да бөлек. Сонымен, сексуалдық тәртіп дегеніміз не? Қазіргі түсінік тұрғысынан сексуалдык тәртіп - бұл жыныстық қажеттіктерді қанағаттандыратын әрекетгер мен қатынастар жүйесі. Сексуалды тәртіп - бұл әлеуметтік, адами тәртіп, мұнда биологиялык тетіктерді қолдану негізінде адам алдына белгілі мақсаттак қояды, белгілі бір мүдделерді жүзеге асыруға тырысады.
Сексуалдық тәртіпке физиологиялық, психологиялық және социмәдени процестер кіреді. Көптеген әр түрлі мақсаттар сексуалдық қатынасқа түсу арқылы болатын адамның сексуалдық тәртібінің сипатты белгілері болып табылады. Сексуалдық тәртіп жыныстық қажеттіліктен басқа да көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыра алады. Алайда, сексуалдық тәртіптің осы көптеген мақсаттарынан бала туу мақсатын бөліп алу оның ауытқыған формаларына әкеп соқтыратынын естен шығармауымыз керек. Бұл аталған мақсаттарда қауіптің жасырынуы дегуманизация, сексуалдық міне-қүлықтың ауытқуы, гомосексуализм, топтық жыныстық қатынастыр, порнография, т.б. формаларда көріиеді. Қазіргі жағдайда оның ауқымы кеңейіп, сексуалдық тәртіптің аномиялық формасын үқсас форманы қабылдады. Олардың кейбіреулсрі квазинормалық мәртебеге ие болуы отбасында дағдарысты жағдайдың қалыптасқанын көрсетеді, әрі сол шаңырақтың келешекте күйреуінің алғышарты болып табылады.
Бүгінгі түсінікке сәйкес сексуалдық тәртіптің мақсаттары мыналар болып табылады: релаксациялық, жыныстық кіріптарлықтан қүтылу; бала туу, яғни жүкті болу және туу қажеттігін қанағатгандыру; сезімдік қүмарлықты мақсат ету (гедонизм); танымдық, жыныстық әуестікті қанағаттандыру. Бұл мақсат жыныстық қатынас өмірін жаңа бастағандар үшін, әсіресе, жасөспірімдер үшін ерекше мацызды. Коммуникация, психологиялық тұрғыдан түлғалық сезіміне қол жеткізіп, озгс адаммен толық біріғуі; өзін сезімдік тұрғыда тануы; әзініц сексуалдық әрекетінің дұрыстығына нақты және сенімді дәлелінің болуы. Бұл мақсат жасөспірімдер үшін де, өзгелер үшін де аса маңызды болып табылады. Сезімдік тұрғыда өзін танытуға деген қисын күші аса жоғары; сексуалдықтан тыс мақсаттар, яғни әзінің сексуалдық тәртібіне сырттай қатысы бар мақсаттар. Бүған қайсыбір материалдық игіліктер мен пайдалар, сондай-ақ адамның иеленуге үмтылатын кез-келген әлеуметтік құндылықтарын айтамыз. Сонымен қатар, бүған белгілі бір салт-жоралар немесе әдет-ғұрыптар жатады. Мысалы, некеге қатысты сексуалдық қатынас бір мезгідле ерлі-зайыптылардың озара қарым-қатынасының тұрақты және оның қастерлі болуын көздейді, сексуалдық тәртіптің көп түрлі мақсаттары мен қисындары оның күрделілігін және әмбебап сипатын, өзіне индивидуалдық пен әлеуметтік, биологиялық негіздерді және әлеуметтік мәселелерді қамтитынын көрсетеді. Бұларды индивидуалдық сексуалдық тәртіпке әлеуметтік жүйе, қоғам енгізіп отыр.
Социомәдени құбылыс ретіндегі ссксуалдық тәртіптің мазмұнын ашатын маңызды ұғымдар бар. Солардың бірі — сексуалдық мәдениет. Сексуалдық мәдениет адамның сексуалды тәртібін реггейді, әлеуметтендіру процесінде баянды болған тәртіпті үлгілерді, сонымен қатар құндылықтарды, тыйым салу дағдысын және үстанымдар жүйесін қалыптастырады, жеке адамның сексуалдық күйін, оның серігімен өзара қарым-қатынас таңдауын анықтайды. Жыныстық өмірді қоғамның, отбасының, некенің игілігі үшін әлеуметтік қолданыс шецберінде енгізеді. Десек те, қоғамның сексуалды мәденистіи индивидтің игсру деңгейі тіптен әр түрлі болуы мүмкін, бұл адамныц жеке басының сексуалдық мәдениетінің сипатымен байланысты.
Отбасының ұрпақ жаю қызметі ұрпақ жаю тәртібі арқылы жүзеге асады. Ұрпақ жаю тәртібі отбасында балалардың бслгілі бір туылу санын белгілейтін жанама әрекеттер мен қатынастар жүйесі болып табылады. Адамның кез келген тәртібі сияқты ұрпақ жаю тәртібі оның әрекет етуінің белгілі бір төменгі және жоғарғы шеңберімен, яғни адамның дүниеге бала келтіруінің табиғи циклына кіруімен шектелген. Бұл шектеулер, бір жағынан, бала туу әулетінің нақты тарихи жағдайын сипаттайды, әйелдің бүкіл өмірінде болатын жағдаяттар, айталық, демографиялық құрылымы, денсаулық жағдайы, балалардыц шетінеу деңгейі, т.б. балалардың туылу саныынң физиолоғиялық мүмкіндіғін білдіреді. Екінші жағынан, бұл шектеулерді әлеуметтік бақылау жүйесі қалыптастырады. Ол баланың туылуының нақты қандай әлеуметтік-биологиялық деңгейде жүзеге асатынын, әйелдің нақты неше бала туу мүмкіндігін анықтайды.
¥рпақ жаю тәртібі құрылымының негізгі әлементтері бар. Балалы болуға деген қажеттілік бұл биологиялық нәрсе емес, керісінше, ол әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік категория. Баласы жоқтық және қажет еткен бала саныынң болмауы индивидтің озіи түлга ретінде көрсетуіне нүқсан келтіреді, бұл - әлеуметтік сипатқа ие болған жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті.
Мұндай қиыншылықтар күнделікті өмірдс тұлғаның отбасындағы мәртебесін анықтау кезінде де алдан шығады.
Балаға қажеттіліктің мәнін түсінуде ұрпақ жаю нормалары ұғымы үлкен рөл атқарады. ¥рпақ нормалары - бү белгілі бір бала санының тууына қатысты қоғамдық болмыс детерминдірген және индивид жататын әлеуметтік топтар қабылданған тиісті тәртіп принциптері мен үлгілері.
Тұлға кез-келген социомәнеди нормаларды меңгергені сияқты, ұрпақ жаю нормаларын да тәртіп бағдарының құралы ретінде меңгереді және белгілі бір балалардың тууына катысы бар әр түрлі әрекеттер мен іс-қимылдардың үйлесімін қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың неігізін қүрайды. Меңгерілгеннен кейін, түлғаның ішкі әлеуметтік-психологиялық құрылымына айналатын ұрпақ жаю нормалары өздерінің мазмұнына сәйкес балаға деген қажеттіліктін мәнін анықтайды.
Балаға сандык және сапалык тұрғыдан қажеттілік болады. Бұлардың мазмұнын ұрпақ жаю қисындар ашады. Ұрпақ жаюға қатысты байламдар - әр түрлі әрекеттердің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ететін, белгілі бір бала санының дүниеге келуінің оң немесе теріс деп білетін түлғаның психологиялық күйі. ¥рпақ жаю белгілеулері скі класқа болінсді:
Осы белгілеулер нақты жағдайда балаға деген қажеттіліктің уақыты мен орнын жэғіе оның күшін байқатады, сондықтан да олар өзара бйланысты болады. Неғүрлым кезекті баланы тууға дайындық күші болған сайын, контрацепция мен әдейі түсік жасаудан арылып, ұрпақ жаюға талдау жасау соғұрлым үлкен болады.
Егерде репродуктивтік белгілеулер қажетті бала санына катысты болса, онда репродуктивті қисындар оныц сапалық жағын, мазмұнын ашады. Репродуктивті қисындар индивид белгілі бір бала саныпыц тууы арқылы озінің алдына қойған әр түрлі мақсаттарын жүзеге асыруға итермелейтін оның ерекше психологиялық күйін білдіреді. Репродуктивтік кисындар балалардың кез келген кезекпен дүниеге клуіне түлғалық мән беруімен сипатталады. Солай болғанымен де бала қайсыбір мақсаттарға жетудің құралы болып қалады.