Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

         Қазір Қазақстан жерінде жүзден  аса ұлттар тұрады. Дұрыс ұлт  саясатының нәтижесінде ұлттар  арасындағы тұрақты қарым-қатынастар  нығаюда. Мұндай достықтың нәтижесінде  интернационалды отбасын құру  қазіргі таңда дәстүрге айналып  отыр. Өйткені, осы күні жастар  арасында неке құру үшін олардың  ұлты, нәсілі, халқының қай дінде екендігі бұрынғыдай бөгет бола алмайды. Отбасын құрудағы ең басты, ең қажетті және шешуші жағдай – жастардың бірін-бірі қалтқысыз ұнатып, араларында шынайы махаббат сезімінің болуы.

         Аралас отбасының құрылуын барлық  халық түгелдей құптай береді  деуге де болмайды. Әсіресе, қарттар  жағы наразылығын білдірмей қалмайды. Әдетте аралас некеге наразылық  білдіретін қарттар, әр ұлттың  өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі  болатындығын, оларды өзге ұлттардың  түсіне бермейтіндігін көлденең  тартады. Шынында да, әр отбасы  басқа ұлттан болған келіннен  де, күйеу баладан да өз ғұрпын  сақтауды, оны мүмкіндігінше орындауды  қалайды. Сондықтан мұндай жағдайға  тез бейімделіп кеткендер тату  отбасын құрып, екі жақтың да  тілін тауып, өз ұлтынан кем  болмай бірігіп кетеді.

         Қазіргі қазақ отбасыларында  көптеген көне әдет-ғұрыптар осы  күнге дейін берік сақталып  келеді. Оның бірі – рулық экзогамиялық  дәстүрді сақтай отырып неке  құру. Неке құруда экзогамиялық  тәртіпті сақтаудың жаңа қоғам  идеологиясына ешбір қайшылығы  жоқ.

         Қазақ халқы жеті атаға толмай  қыз алыспайтын. Дәл осы жағдай  қазіргі күнде де сол күйінде  сақталып отыр. Айталық, Ұлы жүздің  ейбір руларының ішінде 10-13 атаға  толса да, қыз алыспау тәртібін  сақтайды. Мәселен, жалайыр тайпасының 12 атасы, албан тайпасының сары, қоңырат тайпасының божбан, жетімдер  атты рулары осы күнге дейін  өз ішінен қыз алыспайды. Жазатайым  бұл тәртіпті бұзып неке құрған  күнде де, ол неке тұрақты болмайды.

         Қазақ арасында осы күнге дейін  экзогамиялық тәртіптің берік  сақталуының негізгі себебі, біздіңше, қазақ ауылдарында бір-бірімен  қыз алысатын рулар ұрпақтарының  бірге тұруы; аудан орталығында  немесе бірнеше кішігірім ауылдарға  ортақ орта мектептердің, облыстық, республикалық үлкен қалалардағы  орта және жоғары оқу орындарында  Қазақстанның түкпірінен келген  жастардың бірге оқып, бірге еңбек  етуі, бір-бірінен шалғай орналасқан  рулардың арасындағы қыз алу,  қыз берудегі қиындықтарды азайтты.  Мұның өзі жеті атаға толысымен  қыз алысып, қыз берісу ғұрпын  кемітіп, оның орнына аталастар  арасындағы туыстық қатынасты  күшінде қалдырады. Енді жеті  атаға толған соң ақсақалдардың батасымен қыз алысуға рұқсат беру әдеті тыйылды. Оның қажеті де жоқ. Қазіргі кезде басқа тайпа ұрпақтарыны бір-бірімен қосылуы күннен күнге молаюда маңызды өзгерістер болды. Еліміздегі жаңа құбылыстың барысында әйел мен еркектің ерітілігі мен тең құқылылығына негізделген моногамиялық отбасы қалыптасты. Мұндай жаңа отбасының мақсаты – отбасы бірлігін сақтай отырып, балаларды тәрбиелеу және өз қоғамына адал еңбек етіп, азаматтық борышын ақтау болып отыр. Елімізде жаңа құрылыстың жеңуі неке құру мәселесіне де ең жоғарғы адамгершілік принциптеріне сай жаңалықтар енгізді. Неке құру үшін жастардың еріктілігі, өз тағдырын өзі шешіп, сүйіспеншілік сезімі негізінде жар таңдауға шын мәнісінде бостандық, ерлі-зайыптылардың тең құқылығы іске асырылады.

         Ислам діні мұсылмандардың басқа  діндегі халықтармен некелесуіне  тыйым салды. Немесе басқа діндегі  адам ислам дінін қабылдаған  күнде ғана онымен неке құруға  болады. Шариғат бойынша, басқа  діндегі адамды мұсылман етіп  үйлену үлкен сауап делінеді. ХІХ ғасырдың басында мұсылман  дінін қабылдап, қазаққа шыққан  орыс, украин қыздары қазақстанның  солтүстік шекарасында жиі кездесетін. Әсіресе, орыс казактарының қыздары  қазаққа үйір болған. Мұнымен  бірге орыс деревняларында жалда  жүрген жарлы жігіттер орыс  қыздарын алып, христиан дінін  қабылдау да кездесетін. Кейінгі  20-30 жыл ішінде отбасын құрған  қазақ жастарының арасында қыз  бен жігіт неке сақинасымен  алмасып, оны оң қолына салып  жүру дәстүрі күннен күнге  дамып келеді. Бұл дәстүр дүние  жүзіне өте кең тараған. Бұрын  мұндай әдетті білмеген ұлттар  мен халықтардың жастары қазір  оны кеңінен қолданатын болды.

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.

         Адамның жан дүниесінің ойдағыдай  қалыптасуы, оның нақтылы іс-әрекетпен  айналысып отыруына тіелей байланысты. Адам өмірге келгеннен бастап  қоғамда немесе белгілі бір  отбасында өмір сүреді. Ендеше  әрбір адам белгілі бір қоғам  немесе отбасы мүшесі болғандықтан, сол ортада дамиды, ой-өрісі кеңейеді, еңбек етуге үйренеді, ал отбасы  өз тарапынан тәрбиелеуге ықпалын  тигізеді. Адамның жан қуаттарының  жан-жақты дамып жетілуі мен  ойдағыдайөмір сүру үшін бірлесіп  тірлік етудің маңызы зор. Әркім  жалғыз жүріп мақсат-мұратына  жете алмайды. Басқалармен бірлесе  әрекеттесіп өмір сүру табиғи  қажеттілік. Адам түрлі топ, ұжымдар  арасында араласып жүріп өз  мүміндіктерін көрсете алады.  Адам қоғамнан, отбасыдан тыс  өмір сүре алмайды, өйткені,  оныңпсихикасы тек айналасындағылармен  қарым-қатынас жасау үрдісінде  ғана қалыптасады. Қоғамдық және  отбасылық тәрбиеге байланысты  ғана адам белгілі бір мазмұнға  ие болады. Қоғамнан, әлеуметтен, отбасыдан  тыс адам өмірінің болуы мүмкін  емес.

         Отбасы әлеуметтік институт ретінде  қоғамның қалыптасуымен бірге  пайда болды. Оның мүшелері  некемен, қаны бір туыстығымен  тұрмыстың ортақтығымен және  өзара адамдық жауапкершілік  байланыспен өмір сүреді. Отбасының  әлеуметтік топ ретінде бала  тәрбиелеуі ата-ананың құқығы  ғана емес, әрі міндеті.

         Отбасы некеге қарағанда күрделі  жүйе. Себебі, ол жұбайларды ғана  емес, олардың балаларын, басқа  да туыстарын жақындатып біріктіреді.

         Отбасының әлеуметтік институт  ретінде негізгі қызметтерінің  түрлері төмендегідей:

  • отбасының ұрпақ жалғастыруы;
  • отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық жағдайы;
  • отбасының тәрбиелік мәні;
  • отбасының демалыстық сәті;
  • отбасының сексуалдық-жыныстық қызметі.

         Отбасының осы негізгі қызметтерінің  іске асуы көптеген факторларға:  саяси-экономикалық, рухани жағдайына,  некеде тұрған азаматтардың білім  дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына,  олардың құндылық бағыттарына  байланысты.

         Отбасы және неке мәселелері  ежелден-ақ адамзаттың ұлы ойшылдарының  барлығын дерлік қызықтырған.  Платон, Аристотель, Әл-Фараби, Ибн-Сина  және т.б. кемеңгерлердің айтқан  отбасы, неке, махаббат хақындағы  құнды ой-пікірлері әлі күнге  өзіндік өзектілігін жойған жоқ.  Махмуд Қашқаридың, Жүсіп Баласағұнның, Қожа Ахмет Ясауидың әлемге  әйгілі еңбектерінде де отбасы  тақырыбы қағыс қалмаған. Үндінің  «Кама-сутрасы» мен Қытайдың «Махаббат  даосын» былай қойғанда мұсылман  әлеміне қарасты араб, парсы, түрік  халықтарының арасында ғасырлар  бойы кеңінен таралған отбасылық  жыныстық қатынас тәрбиесі туралы  «Ләззат ун-ниса» (Әйел ләззаты), педагогикалық-танымдық тұрғыдағы  «Кабуснама» сынды арнаулы әдебиеттер  болған.(6)

         Батыс әлемінің ғалымдары да  отбасы және неке қатынастары  өткен ғасырдың екінші жартысынан  бері ғана зерттеле бастаған  деп есептейді. 1861 жылы швейцар  ғалымы, тарихшы Иоганн Бахофеннің  «Ана құқы», француз социологы  Эмиль Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру»  атты еңбегінде, 1865 жылы ағылшын  заңгері және тарихшысы Джон  Фергюсон Мак-Ленанның «Алғашқы  қауымдық неке» атты кітаптары  жарық көрген. 1877 жылы «Ежелгі  қоғам» атты аса құнды шығарма  жазылды. Авторы – Льюис Г.Морган  деген ғалым. Ол американдық  үндістердің қоғамдық құрылысы  мен отбасылық өміріне талдау  жасады. Ғалымдар, Морганды «отбасы  туралы ғылымның негізін қалаушы»  деп бағалайды. Фридрих Энгельс  өзінің «Отбасының, жеке меншіктің  және мемлекеттің шығуы» деген  еңбегін осы Л.Г.Морганның зерттеулеріне  байланысты жазған болатын,(7)

         ХХ ғасырда Зигмунд Фрейдтің, Әрик Фроммның, Маргарет Мидтің, Питирим Сорокиннің және т.б.  ғалымдардың3 аты шулы еңбектері дүниеге келді.

         Әсіресе, Америка Құрама Штаттарында  отбасылардағы әлеуметтік мәселелердің  зерттелу деңгейі өте жоғары. Онда жыл сайын американдық  отбасылардың проблемаларына арналған 900-ге таяу ғылыми-зерттеу еңбектері  және кітаптар жарық көреді. Америка Құрама Штаттарының 95 университеттерінде «Отбасы және неке» атты арнаулы курс оқу бағдарламаларына енгізілген.(8)

         Американдық Минесот университетінің  ғалымдары бірнеше жылдан бері  әлемнің әр қиырындағы халықтар  арасында отбасы туралы зерттеу  жүргізіп, оларды талдау, жүйелеу  жұмыстарымен шұғылдануда.

         Бұрынғы Кеңестер Одағының құрамында  болған елдерде 1976 жылдан 1986 жылға  дейінгі аралықта неке және  отбасы проблемаларына қатысты  500-дей ғылыми мақалалар мен  монографиялар жарық көрген болса,  оның өзі Америка Құрама Штаттарында  1 жылда шыққан осындай еңбектерден  едәуір аз екен.(9)

           Дегенмен, Кеңестік Ресейдің А.Г.  Харчев, Г.М. Андреева, М.С. Мацковский,  С.И. Голод,  Я.Б. Рюриков,  А.И.  Антонов  сияқты айтулы ғалымдардың   іргелі    зерттеулері   Қазақстандық  отбасы   ғылымының  дамуына   да оң ықпал тигізгенін айта  кету керек.

         Қазақ халқының отбасы-неке қатынастарының  ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары  да өткен ғасырдың екінші жартысынан  бастау алады. Бұл жұмыс әуелде  Ресей патшалығының отарлау саясатына  орай А.В. Левшин, П.Е. Маковецкий, Л.Ф. Баллюзек және т.б. орыс  миссионерлері мен шенеуніктері  арқылы жүзеге асты. Зерттеулер  құқықтық, заң және этнографиялық  тұрғыда жүргізілді. Ә.А. Диваев7 Қазан төңкерісіне дейін-ақ Түркістан өңірінің қазақтары туралы 130-дай этнографиялық еңбектер жариялаған.(10)

         Қазақ ғалымдарынан Ш.Уалиханов  пен Ы.Алтынсаринның этнографиялық  еңбектерінде, М.Әуезов пен М.Дулатовтың  публицистік мақалаларында неке  және отбасы тақырыбы біршама  қамтылған.(11)

         Қазақстандағы отбасы-неке қатынастарының  этнографиялық мәселелерін зерттеуде  кеңес дәуіріндегі Х.Арғынбаевтың  «Қазақ халқындағы семья мен  неке (тарихи-этнографиялық шолу)»  атты 1973 жылы жарық көрген монографиялық  шығармасының маңызы зор.

         Сондай-ақ, қазақ халқының демографиялық  проблемаларын көрсете білуде  М.Тәтімовтың де қосқан үлесі  орасан.(12)

         Демограф-ғалымның  отбасыларға  байланысты берген мақалалары  мен сұхбаттары қазақ баспасөзінде  «кәрі қыздар», көп әйел алу  және бала санын көбейту жөніндегі  көкейкесті мәселелердің көтерілуіне  тікелей түрткі болды. Еліміздің  демографиялық проблемаларын зерттеуде  Ә.Ғалидың да еңбегі бар. И.Қарақұлов  отбасылық жыныстық қатынас тәрбиесін  алғаш рет қазақ тілінде жазған  ғалым.(13)

         Н.А. Аитов, М.М. Тажиннің социологиялық,  Н.Өсерұлының шариат заңдары,  Ғ.Есімнің махаббат жайлы, М.Арынның  ұлттық тәрбие туралы ізденістері  елеулі-ақ.

         Қазақстанның қазіргі отбасыларының  қызметі мен құрылымына әлеуметтік  талдау жасаған екі кандидаттық  диссертация орыс тілінде қорғалған.  Оның бірі, А.Нурумов – саясаттану  саласы бойынша 1994 жылы, екіншісі, З.М. Жаназарова – социология  саласы бойынша 1997 жылы жарық  көрді.(14)

         Отбасы адамның өз өмірінің  негізгі процестерін бастан кешіретін  кіші әлеуметтік топ. Ондағы  әрбір адамның өмірі отбасымен  тығыз байланыстылығы сонша, ол  бәрібір отбасы мүшесінің дамуына  шешуші әсер етеді. Отбасы қоғамдық  қатынастар мен процестердің  алуан түрлі формалары біртұтас  болып ұштасатын комплексті әлеуметтік  құбылыс болып табылады. Сондықтан  да, отбасыға объективтік тұрғыдан  ғылыми зерттеу оңай емес.

         Адам мен қоғам үшін отбасының  маңызды, атқаратын қызметі алуан  түрлі болғандықтан, оны зерттеуші  қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл  ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын  беруге тырысады. Социология ғылымы  бұны былай анықтайды: отбасы  дегеніміз тарихи өзгеріп отыратын  әлеуметтік топ. Оның жалпы  белгілері – бөтен адаммен  жыныстық байланыс орнату, туысқандық  қатынастар жүйесі, адамның әлеуметтік  және жеке-дара адамгершілік сапаларын  қалыптастырып дамыту, белгілі бір  экономикалық қызметті іске асыру.

         Қысқасы, отбасы еркек пен әйелдің  табиғи жыныстық және басқа  қажеттіліктерін (рухани, этикалық, эстетикалық және т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды  қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік  институт, әрі топ болып табылады.(15)

         Отбасының жоғарыда келтірілген  анықтамасы бойынша, ол отбасыдағы  қатынастар, оның құрылымы мен  формасы тарих өзгеріп отыратын  әлеуметтік институт болып табылады. Отбасы (ұсақ) кіші топ ретінде  мынандай негізгі функцияларды  іске асырады:

  • репродуктивтік, бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру;
  • экономикалық, өндіру және тұтыну;
  • қорғаныс, отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық  игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғау, қамқорлық жасау;
  • эмоциялық, ерлі зайыптылардың бірін-бірі сүюі;
  • әлеуметтендіру, балалардың қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа, оқытуға, тәрбиелеуге  және т.б. баулу.

Информация о работе Азаматтық құқық