Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

         Көптеген негізгі халықтардың  өмірінен жиналған этнографиялық  деректер негізінде экзогамиялық  тәртіпті бұзудың нәтижесінде  болатын қан араласуы тұқымның  әлсіреп азғындауына, кемтарлардың  көбеюіне, кейде тіпті тұқым бермейтін  бедеулікке душар ететіндігі  дәлелденген мәселе.

         Неке мәселесі жөнінде, шариғат  қағидасы бойынша, қандастық жақындығы  болмаса да, баласының енесіне  әкесі үйленуге болмайды. Өгей  шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің  артынан еріп келген қызға,  яғни тумаған қарындасына үйленуге  қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі  қыздар,  бірге туған  ағалы-інілі  адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығын  бірнеше авторлар келтірген. Ал, ел арасынан жинаған деректерге  қарағанда соңғы айтылған тыйымға  халық арасында тым қатаң қарамаған  сияқты. Өйткені, апалы-сіңлілі, абысынды-ажынды  болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің  арасындағы туыстық байланысты  үзбей, қайта біріктіре түсуге  көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің  алғандығына мысалды қазақ ауыз  әдебиетінен елтіруге болады. Айталық,  «Ер Төстік» ертегісіндегі Ерназар  байдың 9 ұлына екінші бір байдың 9 қызын айттырып алып берген.

         Туған балдызына әйелінің тірі  езінде үйленуге болмағанымен, әйелі  өлсе – үйленуге болады. Ал  туған қайынбикесіне ешуақытта  үйленуге болмайды. Күйеуі өліп, жесір қалған  әйел қайын атасына  не туған қайнысының балаларына  тұрмысқа шығуға болмайды. Ал  қайын атасының інісіне, қайнағаларына,  олардың балаларына шығуға қақы  бар.

         Қыз бала шешесінің бірге туған  аға, інісіне тұрмысқа шықпайды, бірақ олардың балаларына шығуға  болады. Сол сияқты жиен балалар  нағашы апаларын алуға қақы  жоқ, бірақ олардың және нағашы  ағаларының қыздарына үйленуге  болады. Мұны қазақ халқы бөлелер  арасындағы және жиендер мен  нағашы жұрт арасындағы нее  десе, этнография ғылымында күзендік (кузенный) неке дейді. Бұл некенің   екі түрі болады.

         1. Кросскүзендік неке (шешесінің)  аға-інілерінің қыздарына үйлену, яғни нағашы мен жиен арасындағы  неке. Мұның осы көрсетілген екі  түрі де қазақта болды. Бірақ  қазақ дәстүрінде жиен алғаннан  гөрі, нағашы алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да қазақ арасында  «жиен алған молықбас, нағашы  алған тарықбас» дейді. Жиендерінің  нағашы ағасының қыздарына үйлену  құқы өте көне замандағы жиендердің  тек   қана  шешелері  шыққан  топтан,  рудан  әйел   алатын   тәртіппен байланысты нәрсе.

         2. Ортокүзендік неке (әкесінің) аға-інілерінің  қыздарына үйлену, яғни немерелер  арасындағы неке не шешесінің  апа-сіңлілерінің қыздарына үйлену, яғни бөлелер арасындағы неке. Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер  арасындағы некелесу құқы қазақ  тәртібіне жат, ал еінші түрі, яғни бөлелер арасындағы неке  кездесіп тұрады. Ата-енеге екі  жағынан да қайырымдылық мол  болғандықтан, бөлелер некесі қазақ  ұғымында өте берік болады.

         «Төрт аяқтыда – бота, екі аяқтыда  бөле тату» деген мақал да  осыдан қалыптасса керек (4).

         Сөйтіп ағайынды ұл мен қыздың  балалары, яғни нағашы мен жиендер  бір-бірімен қыз алысатын. Екі  елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің  балалары (бөлелер) бір-бірімен қосыла  беретін, өйткені шеше тарапынан  болған туыстық қатынас қазақ  ғұрпында экзогамиялық тәртіпті  бұзғандық деп есептелмейді.

         Ислам дінінің қағидалары бойынша,  туған ана, бірге туған апа,  қарындас әкесінің апа, қарындастарына  және емшектес туыстарынан басқа  туыстарының бәрінің де алыс-жақындығына  қарамай неке құруға болады. Бірақ  неке құру мәселесіндегі шариғат  қағидалары жалпы халыққа көп  ықпалын тигізе қойған жоқ.  Оған жоғарыда келтірілген көптеген  көне әдеттердің бізді заманымызға  дейін сақталынып келуі толық  дәлел болғандай.        

         ХХ ғасырдың басында бүкіл  қазақ халқына тән болған некелесудің  ең негізгі түрі – қалыңдықты  қалыңмал төлеп сатып алуға  негізделген құдалық арқылы неке  құру болды. Мұнымен бірге алғашқы  қауымдық қоғамда үстемдік еткен  топтық некенің қалдығы ретінде  қазақ арасында әмеңгерлік (левират)  және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары  бойынша неке құру әдеті де  өте жақсы сақталып келді. Әр  түрлі жағдайларға байланысты  ел арасында қыз-келіншектерді  алып қашып некелесу әдеті  де болды. Бірақ бұл әдет  ХХ ғасырдың басында құдалық  арқылы неке құру ғұрыпымен  тығыз байланысты болды. Олай  дейтініміз, кей уақытта құдалық  арқылы некелесу тәртібі алып  қашумен аяқталса, енді бірде  алып қашу арқылы некелесу  міндетті түрде құдалық ғұрыпымен  қалың төлеу арқылы бітетін.

         Қазақ арасында, сирек болса да  ХХ ғасырдың басында кездесіп  тұратын некелесу түрінің бірі  – туған-туысы жоқ, қалың төлеуге  шамасы келмейтін жалғыз басты  жарлы жігіттер қыз әкесіне  қалың орнына күшін сатып, белгілі  мөлшерде қызмет істеу немесе  қыз әкесінің ер балалары болмаған  жағдайда – қасына күшік күйеу  болып  кіру арқылы неке  құру болды. ХІХ ғасырдың бірінші  жартысына дейін әр түрлі жауапкершілік  уақиғаларға байланысты тұтқын  болып қолға түскен қыз-келіншектерді  жауынгерлер өзара бөлісіп немесе  сауға ретінде сұрап алып некелесу  түрі де болған.

         Патриархалды құлдықтың жойылмай  тұрған кезінде қарауындағы күңге  үйлену әдеті де кездескен.  Көбінесе алғашқы уақытта күңге  ресми түрде үйленбей, тек көілдес  болып жүретін. Мұны қазақта  күңге «аяқ салу» деп атаған. Аяқ салудың нәтижесінде күң  балалы болса, ауқатты адамдар  оны бөлек үй етіп, тоқалы ретінде  аңдастыратын. Осындай күңнен туылып, өз алдына терезесі тең ел  болған ата ұрпақтары, тіпті  үлкен рулар да аз емес.

         Енді жоғарыда айтылған неке  құруға жеке-жеке тоқталайық. Қалыңдықты  қалыңмал төлеп сатып алуға  байланысты құдалық арқылы некелесудің  өзі оны жан-жақты қарап, сан  алуан сипаттарын еске ала  отырып, оның мәнін толық талдауды  қажет етеді. Құдалық деген  сөздің өзі некелесудің бұл  түрінің тек ата, әке не басқа  туыстар еркіне байланысты, тіпті  күйеу өз тізгінін өзі алған  адам болған күннің өзінде, оның  атынан сөйлейтін кісі тарапынан  жүргізілетіндігін көрсетеді.

         Әр әке өзінің шама-шарқына  қарай, мүмкіндігінше өзіне теңдес  адамды таңдайды.

         «Бай – бастас, батыр – білектес, би - құлақтас» деген халық даналығы   тегін айтылмаған. Алайда, құда болудың  бірнеше жолы, тәртібі болады. Кейде  тағдырлары ұштасып достасқан  екі адамның әйелдері екіқабат  болса, олар босанбай тұрып  кімде ұл, кімде қыз боларын  білмей-ақ ниет қосып құда болатын.  Мұны «бел құда» дейді. Әдетте  бел құдалар қалың алыспайтын. Қазақ арасында ең тараған  аңыз «Қозы Көрпеш – Баян  сұлу» жырындағы Қарабай мен  Сарыбайдың тумаған балаларын  атастырып, серттесуі осы бел  құдалықтың анық айғағы болып  табылады.

         Мұндай құдалықтың шарты екеуінің  әйелі босанған уақытта бірі  ұл, бірі қыз болып туса, екеуін  қалыңсыз үйлендіру, ал екеуі  бір жыныстан болса, екеуін  дос етіп, әкелерінің достығын  әрі жалғастыра беру болатын. 

         Қазақ арасында ежелден келе  жатқан құдалық түрінің бірі  – бесікте жатқан екі нәрестені  атастырып қою. Мұндай құдалықты  «бесік құда» дейді. Балалары  шыр етіп жерге түсісімен қыз  айттырып, құда түсу – негізінен  ерекше бір мақсатты көздеген  әкелердің ісі. Бесік құда тек  қазақ халқына ғана тән нәрсе  емес. Оның Орта Азия халықтарының  көбінде болатындығын Н.А.Клисяков  атап көрсеткен.

         Некелесудің көне түрінің бірі  – қызды алып қашып үйлену. Төңкеріске дейін қазақтар арасында  қыз алып қашудың ең көп  кездесетін түрі - өзінің айттырылған  заңды қалыңдығын алып қашу. Күйеу  жағын мұндай іске мәжбүр ететін  әр түрлі себептер болады: қыз  әкесі құдасына не күйеу баласына  көңілі толмайды немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы болып, оны өз мүддесіне сай пайдаланғысы келеді.

         Мұндай жағдайларда әр түрлі  сылтаулармен алғашқы құдасына  қыз ұзату мерзімін соза береді. Тіпті қалыңмалдың түгелдей төленгеніне,  немесе оның негізгі бөлігінің  берілгендігіне де қарамай, қызын  «әлі жас» деген сылтаумен  дәйекті жауап бермей, кешеуілдете  береді. Бата бұзуға дейін баратын  қыз әкесінің мұндай жат ойын  сезген жігіт жағы да бірнеше  рет кісі салып, алдынан өткеннен  кейін қалыңдықты алып қашу  шарасын қарастырады. Мұндайда  қыз әкесі де қамсыз болмайды. Сондықтан қалыңдықты алып қашудың  ең тиімді жағын ойластырады.

         Егер қыз әкесі алғашқы құдасының  кедейлігін менсінбей, қызын байлығына,  мансабына қызығып, жасы үлкен  шалға немесе «аузы қисық болса  да, бай баласы сөйлесін» дегендей, әкесі бай кемтарға, ейде тіпті  тоқалдыққа бергісі келгенде, оң-солын  танып қалған қыз бұған көнгісі  келмейді, шамасынша қарсылығын  білдіреді. Мұндай жағдайда алғашқы  атастырған қайын жұртының алып  қашуына жеңілдеу болады.

         Егер алғашқы айттырған жеріне  қалыңдықтың да барғысы келмейтіндігіне  көзі жеткен күйеу жағы қалыңмалы  төленіп не жартылай беріліп  қойса, мүмкіндігі болса зорлықпен  болмаса қапысын тауып ұрлап  әкетуге дейін барады. Мұндайда  күйеу жағы тегеурінді ел болса  – батыл келеді. Қызды еріксіз  әкеткен жағдайда күйеудің өз  ауылына тікелей апармай, басқа  жерге бой тасалай тұрып, уақиғаның  барысына қарай іс істейді.  Қыз әкесі қандай мықты болғанмен,  әдет-ғұрып алдында өзінің шеттігін  сезіп, аса батыл қимылға бармайды  да, оған қосымша қалыңдықтың  қалыңмалын төлеп, енді керек  болған жағдайда тартып әкету  осал ел мен дәрменсіз күйеудің  қолынан келмейді. Мұндай істі  өзіне сенген, тәуекелге бел байлаған  намысқой ауыл адамдары ғана  істейді. Олар әрдайым болған  іске бекем болуға түйіндейді.

         Құда түсуі салты бойынша құйрық-бауыр  жесіп, ақ бата жасалып, қалыңмал  түгелдей немесе жартылай төленіп  қойған жағдайда өз қалыңдығын  алып қашудың қандайы болсын  кешірілмес күнә емес.

         Енді қыз алып қашудың басқа  түріне тоқталайық. Біреудің айттырып  қойған, керек десеңіз қалыңмалы  төленген қалыңдығын алып қашу  да қазақ арасында кездесіп  тұратын.

         Мұндай уақиғалар қандай жағдайларға  байланысты болатындығына келсек. Біріншіден, бойжеткен сұлу қыздар  әрқашан ел ішіндегі еті тірі  өнерлі жастардың назарын аударатындығы  заңды. Ал қазақ дәстүрлерінде  балаларын жастайынан атастырып  қоятындығын еске алсақ, көркімен  де өнерімен де талай жанды  тамсандыратын сұлу қыздардың  бой жетіп қалған кезде басы  бостары некен-саяқ кездесетіндігіне  күмәндануға болмайды. Мұндайда  ер жеткен қыздар өз бойына  тең санаған болашақ күйеуіне  бар үмітін артып, сонымен бақыт  табуды армандайтын. Ал енді  көрікті бойжеткеннің де барар  жері де, болашақ күйеуі де  ойлаған жерден шықпаса ше? Тек  қалыңмалын жыға беріп, сұлуды  құшпақ болып жүрген жасы келген  сасық бай не өнерсіз ез, яки  кемтар болса не істемек? Міне, осындай жағдайда ақ батаны  аттап, сүйгенімен қашып ететін. Намысқа шамданған жесір иесі  қыз алып қашқан жігіт ауылын  шауып, жесірін тартып әкетумен  бірге, мал-мүлкін, тіпті сол ауылдың  басқа қыздарын қоса әкету  сияқты зорлық жасалатын да, ел  арасында бітпейтін барымта, шабыс  басталатын. Нәтижесінде, бүкіл қауым  жазықсыз жапа шегіп, күйзелушілікке  ұшырайтын.

         Ал енді ешкім айттырылмаған  басы бос бойжеткен қызды алып  қашу өз алдына назар аударарлық  мәселе. Басы бос қызды алып  қашу да әр түрлі жағдайларға  байланысты болатын. Мұндай жағдай, көбінесе, бірін-бірі сүйген жастар  арасында кездесетін.

         Қазіргі кезде, Қазақстанның қай өңірінде болса да, қыз ұзату, елін түсіру тойын өткізу тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер жоқ деуге болады. Мұндай тойға ауыл адамдары жас және қызмет ерешеліктеріне қарай бір-бірінен бөлек шақырылады. Сондықтан кейбір тойлар 2-3 күнге созылады. Қанша кісі неше дүркін жиналатындығын алдын-ала жоспарлап, оларды қабылдайтын үй, күтетін алғашқы ауыл үлкендері шақырылады. Кемпірлер тойға шашусыз келмейді. Тамақтан кейін той бастар айтып жолын ашады. Әйелдерге жыртысқа деп 40-50 метр штапель, сәтен, сиса сияқты маталар беріледі, оны әйелдер өзара бөліседі. Мұны қыз ұзату тойына күйеу жағы, келін түсіру тойына қыз жағы әкеледі. Бұл әдет әсіресе, Маңғыстау түбегіндегі адайлар арасында кең тараған. Сол күні кешке қарай ауыл активі, интеллигенттері мен жастары әдейі дайындалған шақыру билеттері бойынша келеді. Бұлар әр бөлмеде жас мөлшеріне қарай отырады да, ортаға дастархан жайылады. Кейінгі кезде қала тәртібі бойынша тағамның бәрін столға жасау көбейіп келеді. Жастар мен ауыл қызметкерлеріне арақ-шарап, салқын тағамдар, қуырдақ, шай және ет беріледі. Қалыңдық пен күйеу жастармен бірге отырады. Әр дастарқанды асабалар басқарып, әрімге сөз беріп, жақсы-жақсы тілектер, жылы лебіздер айтылады. Қыз ұзату тойында жастар баян, аккордеонға қосылып жаңа мазмұнды жар-жар айтса, келін түсіру тойында беташар айтады. Мұндай дәстүрлі жырларды сазына келтіріп көңілді жастардың әсерлі орындауы тойға жиналған қауымға үлкен әсер етумен бірге, жастардың эстетикалық талғамын ұштауға, оларды халық дәстүрлерінің негізінде адамгершілік қасиеттеріне сай тәрбиелеуге айтарлықтай себін тигізетін ұнамды әдет екендігі даусыз. Қазіргі айтылып жүрген жар-жар, беташарлардың мазмұны жас жұбайларға еңбекте табыс, зор бақыт, ұзақ өмір тілеумен бірге, жастарды әдептілікке, өнегеліліккешақырады (5).

         Қазақстанның қай өңірінде болмасын, неке қиюдың тағы бір жолы  – қызды өз еркімен алып  қашу арқылы үйленуі. Бірақ  қазіргі күндегі қыз алып қашудың  себебі де мазмұны да бұрынғыдан  өзгеше. Қыздың күйеуге қашып  кетуі немесе оны алып қашудың  негізгі себебі – екі жақтан  да жұмсалатын тоып жатқан  шығынды, қыруар еңбекті азайту  мақсатына байланысты. Айталық, қызды  қолынан той жасап бергенде, оның  тойы, киті, жасауына қанша қаржы,  қанша адамның еңбегі, уақыты  керек болады. Күйеу жағынан шығын  тіпті көп. Сондықтан, мұндай  көп шығынды жағдайды көтермейтін  отбасылар осы күні біле тұра  қызын қашыртып жіберу тәсіліне  көшкен.

Информация о работе Азаматтық құқық