Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

         Қазақстанның жалғыз басты аналары  өзіне опасыздық істеген бөтен  елде тұрғандай сезінеді. Кеңес  өкіметінің 70 жыл бойы көптеген  жеңілдіктер берілді, ол өте  қажет болды. Ал, қазір жалғыз  басты әйелдер ауырлықты, қиындықты  көтерген кезеңде соңғы жеңілдіктерді  алып тастады. Бүгінгі күндері  Қазақстандағы некесіз бала туған  әйелдер шешілмейтін жағдайға  душар болды. Бір жағынан, жұмыссыздықтың  тез өсуі, екінші жағынан, нарықтың  экономикасына өту жалғыз басты  әйелдердің бүгінгі күннің ащы  шындығына дайын еместігін көрсетті. Жалғыз басты әйелдер жұмысқа  қабылдану және жұмыстан шығу  кезінде дискриминациямен қақтығысады.  Мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар  таралған және қайта ұйымдастырылған  кезде жалғыз басты әйелдерге  бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны  төлеместен және одан әрі жұмыс  орнымен қамтамасыз етпестен  жұмыстан шығарады. Қайта ұйымдастыру  нәтижесінде жұмыстан  шығарылған  жалғыз басты әйелдер 38,4 пайызды  құрайды.

         Жұмыссыздықтың өсуі жалғыз басты  аналар үшін маңызды мәселе  тудырады. Бүгінгі күндері жалғыз  басты жұмыссыз аналар 52,1 пайызды  құрайды. 30 және одан жоғары жастағы  жалғыз басты жұмыссыз аналардың  пайызы 40,7. Кейде жалғыз басты  жұмыссыз аналарға, олардың 79,2 пайызы  жоғары білімді болса да, жалақысы  ең төмен жұмыс (негізінен,  тазалаушының, үй жұмысшысының, бала  бағушының) орнын ұсынады.

         Бүгінгі күннің жұмыс берушісі  жалғыз басты  аналарды әдейі  неғұрлым аз қабылдауға тырысады. Бұл Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңына сәйкес қажетті  жеңілдікті беруден сақтанумен  байланысты. Нәтижесінде   жұмыстан   айрылған   жалғызбасты   аналар жұмыссыз қалады. Жеке және тіпті, мемлекеттік жұмыс берушілер де жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруда жасын және кейде жынысын да көрсете отырып береді. Қазіргі заманның жұмыссыз адамы ресми түрде — ол 50 жастан  асқан жоғары білімді әйел. Жұмыссыздың әрбір екіншісі — әлсіз жыныстың өкілі. Жұмыссыздың әрбір үшіншісі — 28 жасқа дейінгілер болып табылады.2 Отбасы бірлігі тәртібінің бұзылуы немесе ажырауы жар-әкенің отбасынан әдейі кетуі салдарынан отбасының бұзылуынан көрінеді. Отбасын тастап кету дегеніміз, мұндайлар қазір өте көп, адамның әртүрлі сылтауды пайдалана отырып, ұзақ уақыт отбасынан тыс болуы. Сонымен қатар, соңғы кезде Республикада Қазақстаннан тыс жерден келген, дамыған діни конфессиялардың отбасына ықпал етуі күрт жоғарылап кетті. Барлық ауыртпалақты көтеретін отбасы мен балалар тастанды атанды.

Қоғамдағы ауыр ауыспалы ауыртпалық ана мен баланың арасындағы қатынасқа жатады. Жалғыз басты аналардың әлеуметтік қорғалмағандығы олардың балаларының нашақор, жезөкшелік, ішімпаздық пен қылмыскер жолына түсуіне мәжбүр етеді. Сонымен, қоғамның қолдауынан айырылған балалы жаңа осы қоғам үшін қауіп-қатер төндіретін топтарды құратын сияқты.

Отбасына көмекші керек, ол мемлекет дәрежесінде отбасы саясатын жүргізуге, отбасын нығайту және әлеуметтік қолдау ісіне өзінің барлық мүмкіндіктерімен кірісуге қабілетті болу керек.(32)

Бүгінгі күндері Қазақстанда ұлттық ақпараттық технологияны және ресурстарды құрудың шарттары бар екендігін сенімді түрде айтуға болады және олар тепе-тең және жоғарғы кәсіптік қөзқарас кезіндегі қысқа мерзім ішінде құрылуы тиіс. Мәселен, қазіргі қоғамда әйел мен еркек арасында өте күшті әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдік сақталуда.

  Отбасындағы ажырасу мәселелері

Социологтардың алдында тұрған қазіргі аса күрделі мәселелер  — отбасының ыдырауы, ажырасу, қарттар, жетім балалар және т.б. Статистикаға сүйенсек, некелескендердің күн сайын 4-ке жуығы ажырасады ал сәбилердің 10 процентін некелеспеген әйелдер  дүниеге әкеледі екен. Балалар  үйіндегі бұлдіршіңдердің саны, соғыс  аяқталған кездегі балалардың санымен бірдей.

Осының барлығының астарыңда күрделі  әлеуметтік процестер жатыр. Дәстүрлі қоғамда жұбайлар өз міндеттерін жақсы біліп, оны орындауға да ниет білдіріп отыратын. Басқаша айтқанда, белгілі бір ережелер мен нормалардан бас тарту моральдық нормалармен, тіптен құқылық жүйе тарапынан жаншылып отырды. Бүгін некенің өзі әркімнің өзі таңдап алатын іс болды. Оның үстіне некелесудің ең басты себебі, экономикалық немесе рулық мақсат емес, эмоционалдық, сексуалдық ынтазарлық болып отыр. Демек, некенің өз өлшемдері де өзгерді. Қалыпты неке немесе қалыпты отбасының казіргі мағынасы бұрынғысынан да күрделене түсті. Дәстүрлі қоғамда отбасы дүниеге сәби әкелуге үлесін косса және экономикалық дәулетке ие болса, үлкендерге құрметпен қараса ғана қалыпты отбасы есептелетін. Іс жүзінде бұл тек ішкі, эмоциялы көрсеткіш кана еді. Көптеген жұбайлардың жұбы осы өлшемдерге сай келеді. Ал қазіргі отбасынан адамдар жеке басының эмо-циялық терең қанағаттануын қалайды. Бұл қазіргі отбасыны өте нәзік етіп қояды. Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарға бай неке жұптары айнып кетуге бейім тұрады. Мұның некеге тұрудан бас тартуға апарып тірейтіні айтпаса да түсінікті. Некеге деген қатынасты езгертуді тек қана моральдық факторлар анықтап қойған жоқ. Қоғам деңгейінде әлеуметтік экономикалық алғы шарттарды, отбасылық қатынастарды қүқылы реттеуде айтулы өзгерістер болып отырды. Мысалы, көптеген елдерде ажырасуға діни тұрғыдан тиым салынған. Мүлікті бөлісуде әйелдің мәртебесі айтарлықтай өзгерді. Кедей отбасыларға мемлекет тарапынан керсетілетін  көмек мөлшері  өсті.  Қысқаша айтқаңда қазіргі қоғамда ажырасу үшін экономика», мәдени құқықтық алғы шарттар кеңейтілді.

Мұндай өзгерістердің әлеуметтік мәні неде? Кейбір социологтар 
ажырасудың тәртібін жеңілдете отырып, қоғам жалпы ажырасу деңгейінің 
өсуіне жағдай тудырып отырғандығын атап айтады. Ал, бізге мәселе басқаша 
болып көрінеді. Л.Толстойдың: "Әр отбасы өз бетінше бақытсыз",— 
дегеніндей, ондай отбасыларды санап шығу мүмкін емес, Ажырасу мәселесі 
бақытсыз отбасылардың проблемаларьн шешуге қолайлы

болғанымен бақытсыздықтың салдары болып табылмайды. Сондықтан көптеген мамандар проблеманы шешудің себебі мен шарттарын шатастыруға болмайды деп көрсетеді.3

Социологиялық тұрғыда қазіргі отбасылардың өте  нәзік екендігін білдіретін алгы шарттарды түсінуге болады. Алайда, отбасы тек қана еркек пен әйелдің одағы емес, ол балаларды тәрбиелеуге де тікелей жауапты. Бірнеше жалпы ережелерге тоқталайық. Кез келген қоғамда сәбиді дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеуге деген қажеттілік туады. Қазіргі қоғамда нуклеарлық отбасының жұбайлары оған жауапты. Отбасының тұрақтылығы әйелдің толыққанды әлеуметтік тіршілік етуі, оның күйеуімен әлеуметтік-экономикалық мәдени тұрғыда тең қарым-қатынаста болуымен анықталады. Қазіргі отбасының нәзіктігі терең және сезімтал, эмоциялық жағынан қанағаттандыратын жеке талаптармен өлшенеді, Бұл балаларды тәрбиелеуге қарама-қайшы әсер етеді. Бір жағынан отбасылық өмірдің бағдары жекеленген сипатқа ие болып, эмоциялык үйлесімге ұмтылу балалардың әлеуметтену процесіне кері әсерін тигізеді. Ал басқа қырынан алсақ қазіргі жұбайлар барлық уақытта да бірге жүреді деп тіпті де айта алмаймыз. Отбасының ыдырауы балалар үшін өте күшті әлеуметтік-психологиялық соққы. Балалардың өзі, қазіргі жағдайда құлдырауға жақын тұрған отбасын сақтап қалудың ең басты дәнекері болып отыр. Балалар, ажырасуды тежейтін факторлардың бірі ретінде, дәстүрлі қоғамда да осындай қызмет атқарған. Кейбір социологтардың пікірінше, осы қарама-қайшылықты ахуал болашақта да сақталады. Бірақ та, қазіргі қоғам отбасын сақтап қалудағы қажетті бұрынғыдай кепілдіктерді жасап шығара алған жоқ.

Дәстүрлі отбасында әйел отырған соң өзінің көп уақытын еркекке қарағанда, бала тәрбиесіне жарататындығы белгіленген болатын. Бірақ әйелде мұндай табиғи қызметі белгілі тарихи процестердің нәтижесі екендігіне көзіміз жетті.

Алайда, мәселе ауыртпалықтың  көпшілігі еркектің мойнында екеңдігі қақыңда. Қазіргі отбасы жөнінде социологтар мен демографтар оңда балалардың әлеуметтік институт ретінде негізгі тұтқалық мәнге ие болған бағыт-бағдарды ұстанатындығы туралы айтады.

Ата-аналар мен балалардың отбасындагы  қарым-қатынасына тағы бір әсер еткен  нәрсе — казіргі балалардың орындай  алатын қызметі де мәселені күрделендіріп жіберді. Балаларға интеллектуалдық эмоционалдық психологиялық ауыртпалықтар қарыштай өсіп, ол формальді білім алу жүйесіне арналған талаптарды күшейтті. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары қызметінен, урбанизациядан туындаған аса ірі тапсырмалардан да көрініс тапты. Әлеуметтік жүйеде "табиғи" емес, толық анықталған әлеуметтік себептерге байланысты отбасылық өмірдің өзегі болып табылатын баланың оңдағы орнына жаңа көзқарас орнықты. Мұның өзі үйреншікті сана деңгейінде қазіргі қоғамдағы жастар "инфантилизмі" ретінде қабылданатын ата-аналардың балалар алдындағы міндетінің ауырлауынан және өсуінен де көрінді. Оқу жүйесі талаптарына орай қаржы қажет ететін ұзақ мерзімдік, әсіресе, үлкен кәсіптік білім алуға байланысты ата-аналарға деген таза материалдық талап күрт өсті. Балалардың қазіргі қоғам талаптарына, оның өте күрделі және қайшылығы мол "ойын ережесіне" бейімделу процесінің қиындығына қарай ата-аналарға деген психологиялық талап күшейді. Балаларды қорғаудың тек экономикалық, психологиялық фукциясы ғана емес, қазіргі баспана, транспорт, қалалық аймақтағы иңдустрияландырылган жерлер ерекшелігінен туындайтын, урбанизацияланған ортадағы балаларды физикалық жағынан қорғау жайы да түбірімен өзгерді.

Әрине, ата-аналарға деген талаптың бұлай күрт өсуі бүгінгі әйел мен  еркек, әке мен шеше міндеті жөніндегі  ескі түсінікке апарып соқты. Баланың, әсіресе, сәби кезінде, анасымен қарым қатынасының айтарлықтай психологиялық ерекшеліктері бар. Оны әлеуметтік құралдар күшімен "жеңу" мүмкін емес. Дегенмен күтпеген жағдай: бір жағынан, бүгінгі отбасының өзегін құрайтын фактор — бала ролі, отбасындағы, жалпы қоғамдағы әйел дербестігі мен тәуелсіздігі нығаяды, екінші жағынан, әйел жаңа, тіпті анағұрлым өркениетті, бірақ қиын жағдайға тап келеді. Оған күрделілігі жағынан дәстүрлі отбасылардағы үйреншікті болып қалған талаптардан да асып түсетін, балаларды қоғам мүлкіне айналдыру ауыртпашылығы қосылды. Бұл қайшылық, әсіресе, дәстүрлі мәдени ережелер қақтығысынан, мысалы, әйел мен еркектің орны жайлы ұғымның еш адамзат, ешбір нақтылы, жеке қоғамда кездеспеген жаңа жағдайға тап келуіне байланысты туындайды.

Демек, қазіргі отбасындағы дағдарыс жөніндегі әңгіме жалпыға мәлім  басылымдардагы сенсациялық хабарлар нәтижесі ғана емес. Бұл дағдарыс себептерінің тамыры теренде жатқанын, оның экстрасенстік "ем-домға" да, мистикалық шараларға да көне қоймайтынын түсіну керек. Біздің әлеуметтік өміріміздегі ешбір тарихи кезеңде болып көрмеген батыл өзгерістерге орай ескі "қазыналарымыздың" азапты ауысуының іргелі процесі тағы бар.

Социолог үшін отбасындағы қайшылық мәселесі ерекше ықылас тудырады. Ондағы зорлық-зомбылық мәселесі, негізінен, күйеуінің, яғни, әкенің әйел мен балаға қарым-қатынасы мәселесі. Бұл тек  бірінің қара күш жағынан басымдылығына байланысты емес. Негізінде отбасындагы зорлық-зомбылық және оның біржақты бағытталуы экономикалық саяси және мәдени қатынастарда әлі де қалмай келе жатқан әйел теңсіздігі мен әлеуметтік қаналуына байланысты. Социология үшін отбасы қайшылыы мәселесі бар екендігін айтып қою жеткіліксіз. Халықтың әр түрлі әлеуметтік, ұлттық, территориялық, кәсіптік топтарыңдагы бұл қайшылық механизмін анықтау өте қажет. Бұл әсіресе, әлеуметтік құрылымы аса күрделі, аймақтық, этникалық, діни бірлігі әр-алуан біздің еліміз үшін ерекше маңызды.(33)

Қазірде отбасы салтын өзгертетін, оған мүмкіндік туғызып, қайшылықтарын  шешетін әдістер өте көп. Соның  бірін дәстүрлі әдіс деп атауга болады. Ол бұрынғы отбасылық қатынастарды реттеу әдістері арқылы дәстүрлі ережелер мен қасиеттерге сүйенеді. Қазір отбасылық қатынастағы барлық дәстүрлер керітартпа деп есептеу әдетке айналып кетті. Бұл, сөз жоқ, бекер әңгіме, өйткені ешқашан, ешбір елде дәстүрлі нәрсе керітартпа болып көрген емес. Философша айтсақ, олардың модусы келмейді. Дегенмен, дәстүршілдер көзқарасы бойынша отбасы топтың барлық мүшелерінің әлеуметтік жағдайында алға басушылық бары есепке алына бермейтіні рас. Отбасылық қатынастарды реттеудің дәстүрлі тәжірибесін қолдану жайында сөз қозғағанда ағайындас топтың немесе шаруашылықпен айналысатын көп ұрпақты отаудан қазіргі қалалық жас отауға өтудің механикалық ережелеріне тоқталмай, оның тиімді, жаңа түрлерін ойластыру керек.

Тұрақты махаббаттың негізін Абай: «Махаббатсыз —дүние бос, хайуанға оны  қосыңдар. Махаббат - өмір көркі...» —  деген. Ол: өзінен өзі пайда болмайды, оның мындаған қыры мен сыры, өз мұңы, өз бақыты мен хош иісі болады, олай болса, некеге дейінгі қатынастың сан-алуан жағдайларының негізгісі - сүйіспешілік, махаббат. Онсыз некеге тұратындардың бақытсыздыққа кездескен мысалын әр халықтың, әр ұлт адамдарының өмірінен көптеп келтіруге болады. Тұрмыс құрмағандар - адамдық міндетін орындаудан қашқандар. Адам баласы адамгершілік қасиетін, борышы мен міндетін тек үйлену арқылы орындай алады. О.Бальзак: «Ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің мінез-қүлқын, әдеттерін біліп алмаса, некенің бақытты болуы мүмкін емес,»-деген болатын.

Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін  арттыратынын жоғарыда айттық. Соған  байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті  арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.

2. Отбасы әлеуметтік институт  есебінде адам қоғамнының калыптасуымен  бірге пайда болды. Отбасының  дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір  туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының  негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі  ірге тасы, бұл іргетас үйленумен  құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар, қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы  өндірістік қатынастарға, оның ішінде менщіктік қатынастарға тікелей  тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардын  алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногомиялық (бір некелік) отбасымен  ауысады.

Нормативті актілер  мен зандарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақта принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттік қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты т.б.

Информация о работе Азаматтық құқық