Отбасы мүшелерінің арасындағы
барлық қатынастардың, атап айтқанда,
рухани адамгершілік, билік, бедел
(авторитет) және т.б. қатынастардың
жынтығы отбасы құрылымы деп
аталады.
Отбасы құрылымы және оның
іштей ұйымдастырылуы көптеген
факторларға байланысты. Отбасы
құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың
типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты
болады. Тарихта ерлі-зайыптылардың
моногамдық (біркелкілік) және полигамдық
(көпнекелік) түрлері болған.
Ерлі-зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан
қарағанда, некелік эндогендік (яғни,
белгілі бір топпен, әсіресе, кастаның
ішінен болуы). Бұл алғашқы қауымдық
қоғамға тән. Қазіргі уақытта
тек өз ұлтында немесе діни
қауымда болатын некелік және
экзогамдық (бұл, керісінше, неелік
белгілі бір топ немесе кастаның
ішіне сұрыптап алуға тыйым
салу, мұнда некелік әрбір топтан
серіктестік негізінде құралады)
сияқты категориялар да болады.
Отбасындағы билік құрылымы демокртиялық
немесе авторитарлық деп екіге
бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық
билік әйелдің еркекке қатаң
бағынуы, осыдан барып, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар
қатаң тәртіп арқылы сипатталады.
Отбасындағы демократиялық билік
ерлі-зайыпты адамдарды қабілеттеріне
қарай басшылық рөлдерді бөлуге
негізделген. Мұнда әрбір отбасы
мүшелері шешім қабылдауға қатысады,
балаларды сендіру, нандыру, көз
жеткізу негізінен тәрбиелейді,
мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
Отбасындағы билікті зерттеу
ондағы адамдардың арасындағы
функцияларды белгілеуге, ал, әрбір
отбасы мүшесінің осы рольдері
қалай орындап жатқанына, сонымен
бірге, ерлі-зайыпты адамдардың
арасындағы түсінбеушілікті анықтауға
әсер етеді.
Отбасы рольдік (атқаратын қызмет)
құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің
белгілі бір қоғамдағы ереже
– нұсқауларға, әдет – ғұрыптарға,
т.б. негізделген өзара іс-әрекет,
қатынастардың жиынтығын айтады.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр бойынша
отбасында әйел адам үй шаруашылығын
жүргізу, бала табу және баланы
тәрбиелеу қызметін атқарса, ер
дам үй шаруашылық иесі, отбасының
тұрақты тіршілігін экономикалық
тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе
де, еркек пен әйелдің функциялары
өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі
күнде көптеген әйел адамдар
жұмыс істейді және жалпы отбасылық
шешімді қабылдауға қатынасады.
Мұның өзі отбасының атқаратын
қызметінің барлық жағынан әсерін
тигізді, әсіресе, демографиялық
(туу) тәрбиесіне зор ықпалын
тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге
келуін азайтты, некелік айырылысу
көбейіп кетті.(25)
Отбасы идеологиясы деп,
әрбір отбасындағы қалыптасқан
белгілі бір қарым -
қатынастар мен құндылықтар
жүйесінің жиынтығын
айтамыз.
Неке - бұл қоғам
тарапынан ретке келтірілген
әлеуметтік қатынастар, мұнда
жеке – дара құштарлық сезім
тұрақтылыққа, өзара бейімділікке
және неке шарттары ерлі-зайыптылардың
нақты әрекеттеріне айналады.
Бейімділік жаңа сәби туғаннан
кейін тұрақтылыққа айналады, ол
жан – жақты дамыған және
толық ұйымдасқан түрге ауысады.
Дау – жанжал негізінде бейімділік
тұрақты зорлық, күштеу жағдайына
да араласу мүмкін. Ақыр аяғында
ол отбасының ыдырауына, некенің
бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету,
отбасының ыдырауына жол бермеу
– бұл маңызды әлеуметті мәселе
болып табылады. Отбасының береке-бірлігі
әр уақытта ішкі және сыртқы
күштер ықпалымен қалыптасады.
Ішкі күштерге2 жататындар:
балаларға қамқорлық жасау, отбасында
еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын
іске асырудың құралы ретінде пайдалану,
отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы
және т.б.
Сыртқы күштерге: қоғамдық пікірдің
қысымы, экономикалық жағдайлардың
қысымы, қоғамдық ортаның баланы
қамқорлыққа алуға талап-тілегі,
Отбасының өзінің әлеуметтік
қызметінің орындалу деңгейі
және т.б.
Сондықтан некедегі жетістік
деп, тұлғалар серіктестігінің,
яғни ерлі-зайыптылардың бейімдікке
ептілігі, шеберлігі, іскерлігі,
ішкі және сыртқы қысымдарды
жоюдағы жеңіске жетуі және
оның жемісі т.б. айтамыз.
Алуан түрлі адамдар бірлігінде
қоғамда некенің мәнін түсінуге
байланысты әр түрлі негіздер
бар:
1. Жеке бақытқа жетуде некедегі
адамдардың бір-біріне толық бейімделуі,
ерлі-зайыптылардың алдына қойған,
тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып,
ерлі-зайыптылардың алдына қойған
мақсатты іске асыруға ұмтылыс
басты орын алады;
2. Некелік міндеттерді орындау,
яғни балалардың болуы, оларды
өз елін сүйетін азаматы етіп
тәрбиелеу, экономикалық табысқа
жету, мүлік жинау. (26)
Неке өлшемі (критериі): беріктік, төзімділік,
субъективтік сезімге қанағаттану;
ерлі-зайыптылардың рухани дамуы,
бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына
тоңуы, балаларды қағылез, елгезек,
қабілетті, алғыр , белсенді етіп
тәрбиелеп, қалыптастыру және
т.б.
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
көптеген отбасы толық бақытты
бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ
сылдырламай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың
арасындағы түсінбеушіліктер біржола
жоғалып та кетпейді немесе
бейбіт түрде толық шешіліп
те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы
дау-жанжалдардың күшеюі – бұл
тұрақтылығымен қатерлі сипат
алған, толық шешілмейтін дау-жанжал.
Ал, тұрақты шиеленістің арты
– ұрыс-керіс жинақтала келе
отбасында агрессиялық көңіл-күй
қалыптастырып, ақыры, отбасын
ыдыратуға әкеп соғады.
Дау-жанжалдар, олардың күшеюі
ата-аналар арасында ғана емес,
олардың балаларымен қарым-қатынастарында
да болып отырады. Бұлардың
көпшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет
жетістіктерін пайдалану кезінде
жиі кездеседі. Оның себебі, жас
ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің
даму кезеңінің жаңа сатысында
өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар
мәдениет пен өркениеттің бұрынғы
жетістіктері кезеңінде тәрбие
алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет
және өркениеттің құндылықтары
мен жетістіктері аса қызықтырмайды.
Сондықтан, ата-аналар жастардың
жаңа мәдениет пен өркениеттің
жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына
кедергі жасамай, бұл мәселеде
ата-аналар белгілі бір елісімге
келуі керек. Отбасындағы шиеленіс
асқынған жағдайда отбасының
дағдарысына ұласады.
Отбасы – неке немесе қандық
туыстыққа негізделген шағын
топ, мүшелері қоғамдық тұрмыста,
өзара моральдық жауапкершілікте,
өзара көмекте бір-бірімен байланысты:
күйеуі мен әйелінің арасындағы,
ата-анасы мен балаларының арасындағы
қарым-қатынас.(27)
Отбасының әрекет ету жүйесі
өте қиын және оның міндеттерін
орындауда көрінетін өзінің мазмұндық
көрінісін табады.
Әлеуметтік зерттеуде отбасының
орташа мөлшері мен құрамын
(отбасы ұрпақ жалғастығының саны,
жұбайлар жұбының толықтығы мен
саны, кәмелетке келмеген балалардың
жасы), әлеуметтік-таптық, ұлттық белгілері
бойынша бөлуді ескерудің маңызы
зор. Отбасының әлеуметтік осалдығына:
жалғызбасты аналардың отбасы, балаларымен
мерзімдік қызметтегі әскери
қызметкерлер отбасы, ата-анасының
бірі алмент төлеуден бойын
аулақ салған отбасы, баласы мүгедек
отбасы, анасы мүгедек отбасы, қамқорлыққа
бала алушылардың отбасы, кішкентай
балалы отбасы, босқындар мен
көшуге мәжбүр болғандардың отбасы,
жұмыссыздардың отбасы, девианттық
отбасы, нашақорлардың отбасы және
т.б. кіреді.
Отбасыға көмектесу мен қолдау
көрсетуді әртүрлі формасы бар,
оның ішінде балалары бар отбасы:
а) балалардың
туылуы, күтімі және тәрбиесіне байланысты
ақшалай төлем;
б) еңбек
пен салық, несие, дәрігерлік және тағы
басқа да жеңілдіктер;
в) отбасы мен
балаларға тегін беру (балалардың
тамағы, дәрі-дәрмек, киім мен аяқ-киім,
екіқабат әйелдерге тамақ және тағы
басқа);
г) әлеуметтік
қызмет көрсету (нақты психолгиялық,
заңдық, педагогикалық еңес беру, әлеуметтік
қызметтер көрсету).
Отбасының әлеуметтік жұмыстарының
маңызды салаларының бірі әрі
негізгі объектісі болып табылады.
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік
түсініктер танымының қарапайым
ғана түрі ретінде көрінеді. Осы
термин күнделікті қарым-қатынаста
қолданылып, әр адамның осы отбасылық
өмір туралы жеке тәжірибесі
бар. Біз осы сөзді барлық
партиялардың саяси қызметкерлерінің
аузынан естіп үйреніп қалғанбыз,
олар өздерін отбасы мен отбасы
қажеттілігінің жақтастарымыз деп
есептейді.
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен
жүргізетін жұмысындағы ролін
атап өтудің маңызы зор. Бұл
әлеуметтік тұрпаттамасын құруға
бағдарланған социологиялық зерттеулержүргізу.
Бұл жерде отбасының өмір сүру
кезеңдерінің түрлі сатысында
тұратын және әр түріне жатқызылатын
нақты қажеттіліктері мен мүдделерінің
пайда болу туралы сөз болғандықтан,
бұл қарапайым тапсырма емес.
Мұның күрделілігі отбасында кездесетін
мәселені олардың түрліше түсінуінде.
Әлеуметтік қызметтердің қорғалмаған
отбасымен жүргізілетін жұмыстарының
қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу
жүргізу талап етіледі.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар
үнемі өзгеріп отыратындықтан, отбасында
болып жатқан өзгерістерді қадағалап
отыруға мүмкіндік беретін отбасылық
мониторинг орнату қажет. Осындай
ақпарат, ең алдымен, отбасымен
әлеуметтік жұмыс жүргізетін
қызметтерге қажет. «Отбасы» терминіне
практикада анықтама беру оңай
нәрсе емес.
Соңғы жылдары социологтар мен
көптеген ғалымдар айналысқан
басты негізгі пікірталастардың
бірі отбасы және отбасы өмірінің
басқа да әдет-ғұрпынан ажыратуға
бола ма, деген тақырыпта болды.
Мысалы, студенттер тобын алатын
болсақ, олар бірге тұрып, немесе
бөлек тамақ әзірлеп, кафеге
барып, емтихан немесе қатты
көмек қажет болған кезде бір-біріне
көмек көрсете алады, бірақ,
жалпы алғанда, біз оларды отбасы
деп есептемейміз.(28)
Отбасына біз қатынас немесе
интимдік, жыныстық қатынастар
арқылы бір-біріне жақын адамдардан
тұратын туысқандар тобын
жатқызамыз. Отбасы негізінде,
некеден жасалады және қоғамдық
қатынастар мен өмірдің басқа
да, әдет-ғұрыптарына қарағанда,
тұрақты болады. Дегенмен, бірге
тұрып, шаруашылықтарын бірге
жүргізіп, заңды түрде тіркелмеген
отбаслар да кездеседі. Соңғы
уақытта осындай отбасылардың
саны көбейіп кеткендігі байқалады.
Некенің тұрақты немесе тұрақсыз
болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі
қоғамда болып жатқан әр түрлі
өзгерістерге байланысты, отбасы
тәртібі мен ұйымы да соған
қарай икемделеді. Отбасының жеке
қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына
экономикалық жағдай, заң, дін,
білім, салт-дәстүр әсер етеді.
Сондықтан отбасының ортадағы
қоғамның экономикалық және әлеуметтік
аспектілерін игеретін экономикалық
және әлеуметтік тұрғыда қарастырамыз.
Социологиялық тұрғыда, қазіргі
отбасылардың өте нәзік екендігін
білдіретін алғы шарттарын түсінуге
болады. Алайда, отбасы тек қана
еркек пен әйелдің одағы емес,
ол балаларды тәрбиелеуге де
тікелей жауапты. Бірнеше жалпы
ережелерге тоқталайық. Кез-келген қоғамда
сәбиді дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеуге
деген қажеттілік туады. Қазіргі қоғамда
нуклеарлық отбасының жұбайлары оған
жауапты. Отбасының тұрақтылығы әйелдің
толыққанды әлеуметтік тіршілік етуі,
оның күйеуімен әлеуметтік- экономикалық,
мәдени тұрғыда тең қарым-қатынаста болуымен
анықталады. Қазіргі отбасының нәзіктігі
терең және сезімтал, эмоциялық жағынан
қанағаттандыратын жеке талаптармен өлшенеді.
Бұл балаларды тәрбиелеуге қарама-қайшы
әсер етеді. Бір жағынан, отбасылық өмірдің
бағдары жекеленген сипатқа ие болып,
эмоциялық үйлесімге ұмтылу балалардың
әлеуметтену процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ал, басқа қырынан алсақ, қазіргі жұбайлар
барлық уақытта да бірге жүреді деп тіптен
де айта алмаймыз.(29)
Н.Смелзер, адам өміріне сипаттама
бере отырып, «біздің көпшілігіміз
өз өмірімізді ұйымда – перзентханада
бастаймыз», деп атап өткен.
«Онда дәрігерлер, медбикелер, санитарлар
және т.б. жұмыс істейді, олардың
барлығы да біздің денсаулығымызға
қамқорлық жасайды. Перзентханадан
ейін біз басқа ұйымға, сәблер
үйі, бала бақша, бастауыш және
орта мектепке барамыз, олардың
әрқайсысының белгілі бір құрылымы
мен жұмыс тәртібі бар.
Мектеп бітіргеннен кейін де
бізге ұйымға баруға тура келеді.
Ер жеткеннен кейін біз солардың
біріне жұмысқа кіреміз. Сондай-ақ
қаржы басқармасы, армия, полиция,
сот, банк, дүкен және т.б. жұмыс
жасаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін
біздің әлеуметтік қамсыздандыру
және денсаулық қорғау жүйесі
ұйымдармен кездесуімізге тура
келеді, біздің аурухана немесе
қарттар үйінде болмай қалуымыз
мүмкін емес».