Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Қазақ жұртшылығы да негізінен осы жас мөлшерін дұрыс көреді, бұған дейін қызын ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы отбасының зерттелуі.........................................................................17



ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы неке келісім-шартының әлеуметтік қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік талдау “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.docx

— 141.36 Кб (Скачать)

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/033

                                                                                                                                                              

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/033

                                                                                                                                                              

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/033

                                                                                                                                                              

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/033

                                                                                                                                                              

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/033

                                                                                                                                                              

 

 

Мазмұны:  

 

Кіріспе..............................................................................................................................3

І тарау. Әлеуметтану  ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық  қатынастардың тарихи типтері..................................................6

1.2. Ғылымдағы  отбасының зерттелуі.........................................................................17

 

ІІ тарау. Неке-жұбайлық қатынастардың негізгі  принцип қағидалары.

2.1. Отбасындағы  неке келісім-шартының әлеуметтік  қыры....................................25

Қорытынды.....................................................................................................................55

Қолданылған әдибеттер................................................................................................58

Сілтемелер......................................................................................................................61

Қосымша

Әлеуметтік  талдау   “Қоғамдағы неке құруға деген көз қарасты анықтау”

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе.

         Отбасы  және неке туралы заңға байланысты  қазіргі жастар арасындағы неке  құру үшін қажетті жағдай –  екі жыныстың да кәмелетке  келуі, яғни 18 жасқа толуы болып  есептеледі. Қазақ жұртшылығы да  негізінен осы жас мөлшерін  дұрыс көреді, бұған дейін қызын  ұзатуға, ұлын үйлендіруге асықпайды.  Өйткені, әрбір ата-ана балаларының  оқу бітіріп, өз бетінше өмір  сүруге дайын болған кезінде  ғана жеке отбасы болуын қалайды.  Олай болса, қазіргі күнде орта  мектепті 17-18 жасқа толмай, ал жоғарғы  оқу орнын негізінен 22-23 жасқа  толмай бітіре алмайтындықтан, оның  үстіне өзіне өмірлік жар таңдау  жастардың өз еркінде болғандықтан, неке құру жолы бұрынғымен  салыстырғанда әжептәуір жоғарылады. Бізде жиналған деректерге қарағанда,  қазіргі ауыл жастарының арасындағы  алғашқы неке құру негізінен  18-бен 25-тің арасы болып отыр. Кейбір жағдайларға байланысты  бұл шамадан әрлі-берлі ауытқуы  да мүмкін. Қыз балалар негізінен  20 жасқа дейін тұрмыс құруды  ұнатса, ер балалар армия қатарында  қызмет ету борышын өтеп қайтқаннан  кейін үй болуды қалайды. Мұның  өзі қазіргі өмір талабына  байланысты қалыптасқан заңдылық.

         Қазіргі неке құратын жастар  негізінен бірге оқу, бірге  жұмыс істеу, ауылдас болу арқылы  ұзақ уақыт бірін-бірі біліп,  өзара сынасып, ұнатысу, ұғынысудың  нәтижесінде болашақ тағдырларын  бір отбасы құру арқылы ұштастыруға  келіседі. Жастар арасындағы мұндай  ұзаққа созылған достықты әдетте  екі жастың да ата-аналары білетін  болады. Сондықтан қыз да, жігіт  те әке-шешесімен, жақын туыстарымен  ақылдасып, олардың келісімін  алады, өздері де уәделеседі. Әрине,  шешуші дауыс әрқашан жастардың  өзінде болады. Сондықтан қай  жағының туыстары болсын келісімін  береді. Әдетте, қыздың ата-анасы  баласын той жасап, қолынан  бергісі келсе, жігіт жағының  ресми түрде құда түсуінің  қажеттілігін білдіреді. Мұндай  жағдайда жігіттің ата-анасы туған-туыстары  алдын-ала дайындалып, 3-4 кісіні құдалық  сөйлесуге аттандырады.

         Олар қыз әкесіне келіп, жастардың  өзара келіскендігін айтып, осы  некеге олардың ризашылық беруін  өтінеді. Мұндайда қыз әкесі  ризалығын айтып, баласына той  жасап қолынан ұзататындығын  білдіреді.

         Содан соң жастар жағынан келген  құдалар рахметін айтып, «үкі  тағарға» әкелген ақшасын қыздың  әке-шешесіне, аға-жеңгесіне әкелген  сыйлықтарын ұсынып, ұзату тойын  өткізуге қажет болған көмектің  қандайына болсын дайын екендігін  айтады. Мұның сыртында «өлі-тірі»,  «той малы», «Қоржын апару»  әдеттеріне байланысты апаратын  малдары мен бұйымдары өз алдына (1). Бұған қосымша келін түсіру  тойын ұйымдастыру да жігіт  жағының мойнында болатындығын  еске алсақ, мұның бәрі туған-туысқандардың  көмегінің болмайтындығы да шындық.

         Құдалық келісімі аяқталғаннан  кейінгі міндетті түрде орындайтын  ғұрып – «қоржын апару». Құдалар  ауылдары бір-бірінен алыс болса,  қоржынмен «өлі-тіріні» ұзату  тойына барғанда апарады. Ал  ауыл арасы жақын немесе ауылдас  болған жағдайда ұзату тойының  алдында апарылады.

         Қазіргі кезде, Қазақстанның қай  өңірінде болса да, қыз ұзату,  келін түсіру тойын өткізу  тәртібінде айтарлықтай өзгешеліктер  жоқ деуге болады. Мұндай тойға  ауыл адамдары жас және қызмет  ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен  бөлек шақырады. Сондықтан кейбір  тойлар 2-3 күнге созылады.

         Қазақстанның қай өңірінде болмасын  неке қиюдың тағы бір жолы  – қызды өз еркімен алып  қашу арқылы үйлену. Бірақ қазіргі  күндегі қыз алып қашудың себебі  де, мазмұны да бұрынғыдан өзгеше. Қыздың күйеуге қашып кетуі  немесе оны алып қашудың негізгі  себебі – екі жақтан да жұмсалатын  толып жатқан шығынды, қыруар  еңбекті азайту мақсатына байланысты.

         Жоғары оқу орнында оқып жүрген  жастардың үйлену тәртібі тіпті  басқа, олар бірнеше жыл бір  институтта немесе бір қаладағы  институттарда оқып жүріп танысады  да, қалада жүріп неке құрады.

         Қазақстанның кең байтақ жерін  мекендеген қазақ халқының төңкеріске  дейінгі некелесу және үйлену  тойын өткізу дәстүрі жайында  мол деректер бар. Қазақстанның  әр өңіріне жолы түскен саяхатшылар,  белгілі ғалымдар, қызмет бабымен  келген жергілікті қызметкерлер  түрлі ру-ұлыстар арасынан сан  алуан құнды деректер жинап,  баспа жүзін көрсетсе, кейбірі  архив қоймаларынан орын алған.  Кезінде ешбір зерттеушінің көзіне  түсіп, құлағына шалынбай, ұмытылғаны  да болған. Дегенмен ел арасында қазірге дейін сақталып келе жатқан дәстүрлер жайында осы деректерге, кәрі құлақ қариялардың айтқандарына, ауыз әдебиетінің мұраларына сүйеніп, белгілі бір тұжырымдар жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. Әлеуметтану  ғылымындағы отбасы және неке туралы тұжырымдамалар.

1.1. Неке-отбасылық  қатынастардың тарихи типтері.

         Халық түсінігі бойынша неғұрлым  жастарды ерте үйлендірсе, олар  әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ  болып, ұрпақтары көп, мықты  болады деген сенім болған.

         Осыған орай, жастай некелестіру  – қазақ арасында ертеден келе  жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды  15-16 жасында балиғатқа толды деп  үйлендіре берген. Бұл дәстүр  халық арасында ашық көрініс  тапқан.

         Неке құрудың негізгі жолы  – құда түсіп, қалыңмал төлеп  үйлену, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы тапшы шаруаларға, әсіресе,  кедейлерге 27.17 бас мал төлеп келін  түсіру оңайға түспейтін. Тақыр  кедей балалары әуелі өздері  бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңға  беретін мал жиятын немесе  оңтүстікте қалыңдық үшін қыз  әкесіне қызмет ету әдеті де  болған. Әке-шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған  қыздар мен жесір қалған кедей  әйелінің қыздарына құда түсіп,  азын-аулақ малын беріп, күйеу  әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен  өз қолына алып бағатын да  әдет болған. Мұны қазақ «қолбала»  етіп алу дейді.

         Қолбала болып жүрген қыз бала  болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша  ерлі-зайыптылық  ғұрыпты құрғызбайтын.

         Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге  беру, әрине, кедей-жарлылардың ісі.  Өйткені, көп баланы асырап  бағу оларға оңайға түспейтін,  оның үстіне құдасы ауқаттырақ  болса, қалыңмалын төлесімен,  қызды жас болса да өз қолына  алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанат  ету жағын қарастыратын. Қалыңмалын  алып қойған жарлының қызын  бермеске амалы болмайтын. Бұдан  тек әлді шаруалар, байлар ғана  аулақ болған. Олар қыздарын 17-18-ге  келмей ұзатқан. Осы уақытта  бай қыздары әбден бой жетіп,  оң-солын айырып, болашақ өмірге  дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын  айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап  ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес  болатын. Әсіресе, еркек-шора болып  өскен кенже қызды әлпештеп, кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да ерік беретін. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра беретін.

         Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің  жас шамаластығына көбінесе қарамайтын. Өйткені, барлыққа мастанған егде  тартқан байлар жоқшылықтың зардабынан  қысылған жарлылардың жас қызын  төсек жаңғырту ниетімен әйел  үстіне немесе әйелі өлгеннен  соң малға жығып алатын.

         Мұндай жағдайда 13-15 жасар қыздарды 50-60 жасар шалдар айттырып алатын  әділетсіздіктер жиі кездесіп  тұратын. Осындай қыршын қыздар  тағдырының тіпті әкесінен үлкен,  озбыр қарттарға душар болуының  негізгі себебі қыз әкесінің  сирағы шыққан кедейлігі, өгейлігі  не жетім қыздың жалғыздығы  екендігін көптеген архив деректері  де дәлелдейді.,/2/

         Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың  жас ерекшелігі ейде ерісінше  болады. Мұндай жағдай көбіне  әмеңгерлік әдетпен үйлендіру  тәртібіне байланысты болатын.  Жасы келген уақытта жеңге  алғандықтан, олардың жас арасындағы  ерекшелік онша көзге түспейді. Ал ағасы өліп жесір қалған  жеңгені ержеткен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін қиғандығы  жас ерекшелігі кейде тіпті  алшақ жатады. Мәселен, 17-40 жасар  әйелдерді 13-15 жасар балаларға  қосу туралы деретерді тағы  да архив қазынасынан және  ел арасынан өзіміз жинаған  деректерден кездестіреміз. Кейде  үй шаруасына қарайтын кісісі  жоқ байлар жас баласына бойжеткен  кедей қызын айттырып алып  беретін. Мұндайда 16-17-ге келген  қыздың күйеуі 12-13 жастағы бала  болатын.

         Құда түсіп қыз алысудағы бүкіл  қазақ қауымына ортақ тәртіптің  бірі – туыстық жақындығы жеті  атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай  тәртіпті этнография ғылымында  экзогамия дейді. Қазақ халқындағы  экзогамиялық тәртіптің мән-жайы  туралы көптеген авторлардың  еңбегінен деректер келтіруге  болады. Мәселен, А.Левишин экзогамиялық  тәртіптің қазақ арасында қатал  сақталғандығы сондай, кей уақытта  туыстық жақындығы тым әріге  кететіндер арасында ғана некелесуге  болатындығын айта келіп, тіпті  бір рудың адамдары бір-біріне  қосылмайтындығына мысал ретінде  жағалбайлы руына жататын жігіттің  қалыңдықты өз ішінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті рудың басқа руларынан іздейтіндігін келтірген (3).

         Қазақстанның жері үлкен. Оның  әр түкпірінде мекендейтін қазақ  жұртшылығына сырттан тиетін  экономикалық әсер мен ислам  дінінің ықпалы әр түлі болғаны  даусыз.

         Қазақстанның солтүстік-батысын  мекендейтін қазақ жұртшылығының  арасында ХІХ ғасырдың екінші  жартысында 8 атаға толмағанша қыз  алыспаған. М.Е.Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында  бұрын 7 атаға дейін қыз алыспайтын  болса, өткен ғасырдың 80-жылдарында  үш атаға толысымен қыз алысқан.  Біздің ел арасынан жинаған   деректерге қарағанда, М.Е.Маковецкийдің  үш ата арасындағы қыз алысу  тәртібі жалпы қазақтар арасындағы  қалыптасақан әдет емес, тек төрелер  мен қожалар арасындағы қатынас  екендігін дәлелдейді.

Информация о работе Азаматтық құқық