Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

Репродуктивті тапсырмаларды  орындау оқушының жадында білімнің ұзақ сақталуына, өтілген материалды жан-жақты ойластырып бекітуіне мүмкіндік береді.

Тапсырмалардың төмендегідей оқу әрекеті тәсілдерін қолдануға  мүмкіндік беретіндей етіп таңдап құрастырылғаны жөн болады, олар: дайын үлгі бойынша  тапсырманы орындау; ұсынылған мәтін  бойынша сұрақтарға жауап беру; дайын  нұсқау бойынша экспериментті орындау; оқулық, мәтіні бойынша кесте құрастыру; кестені оқу; зат қасиетін, құбылыстарды және прибордың құрылысын сипаттау; оқулықтағы белгілі бір тақырыпты, кино-фильм, видеофильм, диафильмнің мәтінін, мұғалімнің баяндағанын қайталап айтып беру; ұсынылған сурет бойынша прибор құрастыру; химиялық сөздік құрастыру; прибордың, зат құрылысының бөлшектерін бейнелеп салу; модельдер жасау және тағы басқа түрлі тапсырмалар. Тапсырмалардың мәтінін мұғалім өзі құрастыруына немесе сәйкес құралдардан дайын күйде алуына болады.

Репродуктивті сипатты  тапсырмалардан мысалдар келтірейік.

 

 

2. 1 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма

 

Берілген кесте бойынша  химиялық қосылыстар мен химиялық элементтерді бөліп жазыңыздар (заттың атын жазбай бірінші сызық жолға цифрмен белгілеңіздер)

                                                                                                                   4 - Кесте                                                          

Химиялық  элемент...

1.   Темір

2.   Сүт

3.  Мырыш

4.  Ауа

5.   Оттегі

6.   Су

7.   Көмірқышқыл газы

8.   Натрий сульфаты

9.  Топырақ,

10.  Алтын

11.   Теңіз суы

Химиялық қосылыс  ...

Қоспа ...


 

 

 

 

2. 2 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы

мәліметті корытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар

 

1. Анықтамадағы нүктелердің  орнына тиісті  сөздерді қойып   жазыңыздар:

«Қышқылдар - бір немесе бірнеше ... атомдары және ... қалдығы бар күрделі заттар. Негіздер - ... әрбір атомы ... атомымен байланысқан күрделі заттар».

2 Су әрі бастапқы зат,  әрі реакция өнімі болатын әр түрлі типке жататын төрт химиялық реакция тендеулерін жазыңыздар.

 

 

2. 3 «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбы

 бойынша  тапсырма

 

FeCl3 -    темір   (III)   хлориді,   HC1- тұз қышқылы,   КОН     -   калий гидроксиді;  НВr    - бромсутек қышқылы;  Na2S04    -  натрий сульфаты  -электролиттер себебі:

а) оларда иондық байланыс бар;

а)  оларда коваленттік полюсті байланыс бар;

б)  оларда иондық және коваленттік байланыс бар;

в)  олар суда еріп, ерітінділері электр тогын  өткізеді.

 Дұрыс жауаптың астын сызыңыздар.

Осы типтес тапсырмалар  қандай заттар электролит болатынын  танытып қана қоймай, «Химиялық байланыс», «Зат құрылысы» тақырыптары бойынша  білімдерін тексеруге мүмкіндік  береді.

1.Тұз    қышқылының    (HC1)    мына    заттарға    қатынасын   зерттеп қорытындылаңыздар: Na2CO3, NaOH, AgNO3. Осы заттармен HC1 әрекеттесуі қандай жағдайда жүретінін анықтаңыздар.

2. Калий   гидроксидінің   (КОН)   мына   заттарға   қатынасын   зерттеп, қорытындылаңыздар.    CuCl2,    H2SO4,    NH4C1.    Осы    заттармен    калий гидроксидінің әрекеттесуі қандай жағдайда жүретінін анықтаңыздар.

3. Осы   реакцияларды   тиісті   молекулалық,   қысқаша   және   толық иондық теңдеудерін құрастырып жазыңыздар.

4.  Қандай жағдайда ион алмасу реакциялары аяғына дейін жүретіні жайлы қорытынды жасаңыздар.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде осындай тапсырмаларды мақсатқа сәйкес жүйелі түрде пайдаланып отыру олардың пән бойынша білімдерінің сапасын, танымдық әрекет белсенділігін арттырып, нәтижесінде оқытудың тиімділігіне оң әсерін тигізетіндігі даусыз.

 

 

2. 4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы»

тақырыбы бойынша  тапсырма

 

Осы тақырыпты оқулық мәтініндегі нұсқау бойынша эвристикалық әрекет тәсілін қалыптастыруға дайындауға болады.

Нұсқау:

1.  Параграф мәтінін  зейін қойып оқып шығыңыздар.

2.  Әрбір азат жолдағы  басты ойды табыңыздар.

3.Параграфты қайталап  оқығанда мына жоспарды басшылыққа  алыңыздар:

1.   Қышқылдардың  диссоииациясы:  а)  бір негізді  қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу; ә) көп негізді қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу.

2.  Сілтілер диссоциациясы  және диссоциациялану теңдеулері.

3.  Тұздар диссоциациясы және диссоциациялану теңдеулері.

4.  HN03,  Ba(OH)2, Na2CO3 заттарының диссоциациялану теңдеулерін жазыңыздар.

 

 

    1. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану»тақырыбы бойынша тапсырмалар

 

    1. Параграф мәтінін зейін қойып оқып шығыңыздар.
    2. 2-кестені толтырыңыздар.

                                                                                                                  5 - Кесте

Ауаның тұрақты құрам бөліктері

Мүмкін болатын кездейсоқ  қоспалар (аталуы  және  зат формуласы)

 

Зат формуласы

Көлемдік үлесі

 

 

 

 

 

 
   

3. Ауаны қоспа ретінде  сипаттайтын белгілерді атап көрсетіңіздер.

Сондай-ақ жеке бір затты  жан-жақты сипаттауға үйрету жеке ізденіс (эвристикалық) сипатты тапсырмаларды өз бетінше орындаудың алдыңғы басқышы болады.

Тапсырма.

NaCl натрий хлориді  берілген. Жоспар бойынша осы  заттың физикалық қасиеттерін  сипаттап беріңіздер:

а)агрегаттық күйі;                   ә) түсі;

  б)иісі;                                        в) суда еруі;

г)балқуы;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 д) электр тогын өткізуі.

Осы типтес көптеген тапсырмаларды  орындағаннан кейін заттарды, құбылыстарды, фактілерді салыстырып қорытындылауға арналған жеке ізденіс сипатты тапсырмаларды ұсынуға болады.

Тапсырма.

Ac тұзы мен қант берілген. Олардың физикалық қасиеттерін мына жоспар бойынша салыстырыңыздар:

а)агрегаттық күйі;                    ә) түсі;

б)иісі;                                        в)суда еруі;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  г) электр тогын өткізуі;           д) балқуы.

Аталған физикалық қасиеттері бойынша ас тұзы мен қанттың 1) ұқсастықтарын; 2) айырмашылықтарын атап көрсетіп, оның себептерін түсіндіріңіздер.

Оқушылар қорытындылап тұжырымдауға қалыптасқаннан кейін  шығармашылық сипатты тапсырмалар  ұсынуға болады[16].

 

Оқушылардың пәнге қызығуын арттырып, сол арқылы білім сапасын жақсарту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технология элементтерін пайдаланудың маңызы зор екені сөзсіз. Оқушы білімін тексеруді де түрлендіріп отырған дұрыс. Мен өз тәжірибиемде Жауынбай Қараевтың "Деңгейлеп, саралап оқыту" технологиясын да жиі пайдаланып жүрмін. Осы технологияны басшылыққа ала отырып әзірлеген деңгейлік тапсырмаларды  ұсынуды жөн көрдім.

"Бейметалдар. Олардың  табиғи қосылыстары. Бейметалдардың  маңызы" тарауы бойынша.

I нұсқа.

1-деңгей.

1.  I топтағы бейметалды  ата.

2.  Фосфордың химиялық  таңбасы, реттік нөмірі, атомдық  массасы қандай?

3.  "Азот" сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

2-деңгей.

1.  Күкірттің аллотропиялық  түр өзгерістерін ата және  сипаттама бер.

2.  Фосфор қосылыстарының  маңызы кандай?

3.  Көмір қышқылының  тұздары қалай аталады? (Мысал  келтір)

3-деңгей.

1.  Күкірт тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қызметін атқаратын реакция теңдеулерін жаз.

2.  Азот қандай тотығу  дәрежелерін көрсетеді? Қосылыстарына  мысал келтір.

3.  Фосфор (V) оксидінің  химиялық қасиеттерін сипатта.

 

II нұсқа.

1-деңгей.

1.  IV топта қандай  бейметалдар орналасқан?

2.  Күкірттің реттік  нөмірі, атомдық массасы қандай?

3.  "Фосфор" сөзі  грек тілінен аударғанда қандай  мағына береді?

2-деңгей.

1.  Бейметалдық қасиет  период және топ бойынша қалай  өзгереді?

2.  Күкірт оксидтеріне  сипаттама бер.

3.  Аммиактың физикалық қасиеттері қандай?

3-деңгей.

1. Фосфордың химиялық  қасиеттері  қандай? (Реакция теңдеулерін  жазыңыз)

2. Сіріңке жаққанда 9,3 г фосфор қанша бертолле тұзымен  әрекеттеседі?

3.  Мына айналуларды  жүзеге асыр. Si ® SiO2 ® K2SiO3 ® H2SiO3, ® SiO2

 

III нұсқа.

1-деңгей.

1.  VII топтағы бейметалдарды  ата.

2.  Көміртектің химиялық  таңбасы,  реттік нөмірі және  атомдық массасы қандай?

3.  Көміртектің аллотропиялық  түр өзгерістері қандай?

2-деңгей.

1. Көміртек оксидтеріне сипаттама бер.

2. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін ата, сипаттама бер.

3. Иіс газы мен көмірқышқыл газының ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

3-деңгей.

1. Металдың белсенділігіне байланысты нитраттардың ыдырауын түсіндір.

2. 12 г. азот қышқылын бейтараптауға неше грамм калий гидроксиді жұмсалады?

    1. 3. Цемент алу үшін қандай реакциялар жүзеге асырылады?[17].

Реакцияның иондық тендеуін құрастыруға баулу, реакция теңдеуі  бойынша әрекеттесуші заттардың  берілген артық мөлшерін реакция  өнімінің массасын есептеу тәсілін үйрету, зертханалық жұмыстарды орындау дағдысын жетілдіру мақсатында сабақ өткіздім.

Тотығу-тотықсыздану реакциясы, реакция типтері, бейорганикалық қосылыстардың  негізгі кластары, зат мөлшері, зат  көлемі заттың салыстырмалы молекулалық  массасын, мольдік массасын, есептеу білімін қалыптастыруды көздедім.

Оқушыларды ион алмасу реакциялары жөнінде алған білімін  пайдалануға бейімдеу мақсатында және реакцияның толық қысқартылған иондық теңдеуін құрастыру, білігін жетілдіру  мақсатында өзіндік тапсырмалар  беру тиімді. Өзіндік жұмысты орындауды үй тапсырмасын сұраумен ұштастыруға болады.

Оқушыларды реакция  нәтижесінде түзілетін өнімді дұрыс  болжап, ерігіштік кестесін пайдалана  білуге дағдыландыруды көздедім.

Қышқылдардың, негіздердің  және тұздардың суда ерігіштігі кестесі.

1. Na2CO3; HC1         2. AgNO3; NaCl      3. ВаС l2; H2SO4 реактивтер

пайдаландым.

Зертханалық нұсқау текшелер, тапсырмалы текшелер, иондарды анықтағыш  — кесте, т.б. көрнекіліктер қолдандым.

«Ион» дегеніміз не? «Иондық  алмасу реакциясы дегеніміз не?», т.б. сұрақтар қойылды.

Зертханалық нұсқау текшемен танысыңыздар: Қауіпсіздік шараларын  еске алып, кестеге көңіл аудару керектігі ескертілді.

Зертханалық жұмысты  жасауға кіріседі                       

   6 - Кесте                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру