Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

 

          1-Тірек-сызба


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ оқушылардың баяндамасы да өзіндік жұмысқа жатады. Мысалы полимерлі қосылыстарды оқыған кезде, "Полимерлердің адам ағзасына әсері", "Полимерлер — қоршаған ортаның тұрақты ластаушылары" деген тақырыпта баяндама берілсе, оқушы өз бетімен ізденіп, химиялық білімімен қатар экологиялық сауаттылығын да ашады.

Ластаушы көздер ретінде  ғимараттардың ішіндегі полимерлі  материалдардан, тамақ пісіруге қолданылатын табиғи газдардан бөлінетін қосылыстар жетерлік. Мысалы, тұрмыста қолданып жүрген тефлон табасы, ас әзірлегенге өте ыңғайлы, тез және күймейді, бірақ оны ұзақ пайдалануға және шамалы сырылып қалса қолдануға болмайды, себебі тефлон - политстрафторэтилен (F2-C=C-F2) полимерлі қосылыс, сырылғанның салдарынан ас әзірлегенде сұйықтықтармен әрекеттесіп, фторлы сутек, көмірсутектер, метанол т.б. бөледі. Сондай-ақ әр түрлі сусындар сататын пластмасса ыдыстарды тосап салып қолданып жатады, бұл дұрыс емес. Ондай ыдыстарда тосап та ұзақ шыдамайды, ол ыдыстар (ПХВ, CН2 =CH-CI) - поливинилхлорид, ұзақ пайдалануда хлорлы сутек, хлор радикалдарын т.б. кез-келген полимерлі қосылыстан жасалған бұйымдардың бір кішкене жері сырылса болды, тірі ағзаға кері әсерін тигізетін улы заттар бөліне бастайды. Күнделікті бөлме гүлдерінің тіршілік етуі де, олардың сауытына байланысты болады. Пластмасса ыдыстарға қарағанда қыш (глина) ыдыстардың ауа, ылғал өткізу мүмкіндіктері жоғары, тотығуға төзімді келеді. Ең көп улануға әкеп соқтыратын заттар фенол-формалъдегидті смолаларды қолдану арқылы алынған өнімдер. Ресей ғалымдары осы жиһаз бен құрылыс материалдарын жаңадан ауыстырған бөлмелерде зиянды заттардың жоғарлағанын байқаған. Жаңадан жөндеуден өткен пәтерлер мен жаңа жиһаздары бар бөлменің ауасында ғалымдардың айтуы бойынша, 90-нан аса химиялық заттар болады екен. Осы заттар адам ағзасына әр түрлі әсер етіп астмалық бронхит, сырыл, әрдайым терлеу, респираторлық және аллергиялық аурулар тудырады. Жаңа жөндеуден өткен және көп мөлшерде полимері бар пәтер ауасында формальдегид — 0,004—0,1 мг/м3, фенол - 0,002—0,04 мг/м3 болатындығы анықталған. Фенол мен формальдегид қауіптігі жағынан 2 топқа жатады.

Айталық, бір отбасы демалыс  күні үйін жуып, көрпе-төсектерін,кілемдерін, есік-терезелерін сүртіп жөне бау-бақшасындағы түрлі зиянкестерді жойды делік. Ол мұны тұрмыстық химиялық препараттарды пайдаланып, жүзеге асырады. Бұл химияның пайдасы. Сондай-ақ осы жұмыс кезінде қаншама кір жуған су төгіліп, пластмасса ыдыс, түрлі құты мен сауыттар, синтетикалық полиэтилен дорбалар босап, қыруар органикалық қоқыс пайда болады емес пе? Сөзсіз бұл тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың зиянды жағы, өйткені босап қалған қоқыс әуелі ауланы ыбырсытады. Ал мұндай препараттарды қаншама отбасы пайдаланады. Демек, қалған қоқыс та көбейе түседі. Енді нақ осы мәселенің тағы бір статистикалық тұрғыдан, яғни баспасөз беттерінде жарияланып жүрген есептеулерге назар аударайықшы. Қазір орташа есеппен әрбір жанұяда шамамен 8 килограмдай химиялық препарат қолданылады екен. Бұл, әрине, көп, өйткені әрбір үйге 8 кг келсе, бір ауылда, ауданда, қалада қаншама жанұя бар. Қала жағдайында қоқыстар қала шетінде жиналып,өртеледі, ауылда қоқыстар арнайы жиналмағандықтан, өздері ауласында өртейді, шет жерлерге, суға тастайды. Осындай органикалық қоқыстарды жаққанда, қоршаған ортаға қаншама зиянды заттар бөлінеді. Атап айтсақ, күнделікті қолданып жүрген полиэтилен дорбаларын жаққанда токсинді диоксан, көмірсутектер, бензопирен түзіледі. Түзілген заттар суға, топыраққа түседі де, өсімдіктерге, жан-жануарларға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Осыншама коқыстан арылудың, яғни ауланы, суды, орманды ластамаудың басты екі түрлі жолы бар. Әрбір азамат өзі қолданған химиялық препараттың ыдысын, сауыттарын арнайы қоқыс салғышқа салса. Екінші жолы өндірістегі химиктер мен технологтарға байланысты. Әрбір химиялық препаратты қалай және неге салып шығару жағын дұрыс ойластыру керек. Босаған қорап, сауыт, дорбаларды қайта пайдалану, оны жаңадан әзірлегеннен 3-6 есе арзан түседі. Ал темір мен түсті металдарды қайта балқыту өте тиімді екені баршаға мәлім, ал мұның өзі әрі тазалық, әрі үнем, табиғатты сақтаудың бірден-бір шарасы емес пе?

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап жетілдіру, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына оның атқаратын рөлін арттыру, өзіндік жұмысты басқару мен бағыттаудың тиімді жолдарын іздестіру — педагогикалық дидактиканың қай кезде де басты мәселелерінің бірі [12].

Негізгі алға қойған міндеттерге  сәйкес химия курсын оқытқанда оның жетекші идеяларына жете назар аударған жөн. Бұлар - заттар қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі, заттарды қолданудың олардың қасиеттеріне байланыстылығы, химиялық реакцияларды олардың жүру заңдылықтарына сүйене басқару мүмкіндіктері, органикалық және бейорганикалық заттардың материалдық бірлігі, танымның құбылыстан біртіндеп тереңдеу мәнге қарай қозғалуы, елімізде халық, шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі туралы идеялар. Жетекші идеяларға назар аудару арқылы негізгі ұғымдарды меңгертуге және оқушыларға политехникалық бағдар беруге болады. Сондықтан химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдайы толықтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу керек.

Қазіргі кезде химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру керек. Сабақ, оқу танымжорықтары (экскурсиялары), факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар - химияны оқытудың негізгі формалары.

Оқытудың барлық формалары өзара  байланысты. Ол ең алдымен жалпы  педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік  мақсаттардың ортақтығы негізінде  іске асырылады.

 

           Химияны оқытудың ұйымдастыру формаларының жүйесі:

                                                                                           2 -Тірек –сызба


 

                                                 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

                                                              

 

 

 

 

 

                        

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Бұл сабақтардың барлығы мақсаты, мазмұны, өткізу әдістері жағынан өзара тікелей байланысты.

Оқушыларға химиядан жүйені білім беруде сабақ басты  орын алады. Сабақ - өте күрделі, көп жақсы және көп қызмет атқаратын педагогикалық құбылыс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Сабаққа қойылатын талаптардан мақсаттар туындайды. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:

  • оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау;
  • жаңа білімді қабылдау;
  • жаңа материалды жалпылап, қорытындылау;
  • білімді жетілдіріп, жаттығулар орындау;
  • білім мен біліктерді қолдану;
  • білім мен біліктерді меңгеру нәтижесін тексеріп, оқушылардың жетістіктерін талдау.

Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға  болады.

Олар:

1. Жаңа материалды  оқып-үйрену.

2. Білімі мен біліктерді  жетілдіру.

3.Білім мен біліктерді  тексеру және есепке алу сабақтары.

Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жеке кезеңдерінің алдына оқу-тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.

Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады: 1.Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату.

2. Материалды мұғалімнің  өзінің баяндауы.

3. Материалды әңгімелеп  түсіндіру.

Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық, әдістемелік, дидактикалық мақсат іске асады.

Көбінде бірінші әдісті таңдап алған дұрыс. Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады [13].

                                                                                

    2 - Кесте

Өздік жұмыстың түрлері

 

Өздік жумысты жіктеу

Өздік жұмыстар

1.

Дидактикалық мақсаты

Негізгі ұғымдарды қайталау, жаңа материалды қабылдау. Жаңа материалды ұғындыру. Білімдерін жүйелеу. Жаттығу арқылы білімін бекіту. Жаңа ұғымдарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру. Тексеру, бақылау.

2.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің  сипаты

Берілген үлгілер бойынша  көшіру. Жартылай іздену сипатында. Зерттеу.

3.

Оқушылардың өздік жұмысын  ұйымдастыру формалары

Фронтальды. Топпен. Жеке - саралап.

4.

Білімнің қайнар көзі

Оқулық және анықтамалармен жұмыс істеу. Оқыған тақырып бойынша  жоспар жасау, баяндама жазу. Үлестірмелі  материалмен жұмыс істеу. Химиялық тәжі-рибелер жасау. Химиялық диктант жазу.Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару. Графиктік жұмыс.


 

Алға қойған негізгі  міндеттеріне сәйкес, химиядан Д.И. Менделеев  курсын оқытқанда оның жетекші идеяларына жете назар аударған жөн. Бұлар - заттар қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі. Заттарды қолданудың олардың қасиеттеріне байланыстылығы, химиялық реакцияларды олардың жүру заңдылықтарына сүйене басқару мүмкіндіктері, органикалық және бейорганикалық заттардың материалдық бірлігі, танымның құбылыстан біртіндеп тереңдеу мәнге қарай қозғалуы, елімізде халық шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі, қоршаған ортаны қорғаудағы қажеттілігі туралы идеялар. Жетекші идеяларға назар аудару арқылы негізгі үғымдарды меңгертуге және оқушыларды политехникалық бағдармен қаруландыруға болады. Сондықтан химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдайы толықтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу керек. Қазіргі кезде химияны оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру керек. Сабақ, оқу таным жорықтары, факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар - химияны оқытудың негізгі формалары. Оқытудың барлық түрлері өзара байланысты. Ол ең алдымен жалпы педагогикалық, дидактикалық әдістемелік мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.

Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады: 1. Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындатып, өз бетінше білім алуына жағдай жасау. 2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы. 3. Материалды әңгімелеп түсіндіру. Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық, әдістемелік, дидактикалық мақсат іске асады.  рыдағы аталмыш тақырыбым жүзеге асуы үшін мен көбінесе бірінші әдісті таңдап аламын. Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. Оқушыларды үлкен жауапкершілікке үйретеді.  Күнделікті сабақ өткізу тәжірибеде оқушылардың өз бетінше білім алу жолында сан түрлі әдістерді қолдану барысында көзімнің жеткені немесе іс-әрекетінен психологиялық тұрғыдан мынадай батыл байлам жасауға болады. Егер оқушы мұғалімнің оқы дегенін оқып, жаз дегенін жазып, сыз дегенін сызған болса, бір сөзбен мұғалімнің ғана айтқанымен жүретін болса, онда оқушымыз мұғалімнің ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын жанды объектіге айналады екен. Бұны тарихтағы тоталитарлық режиммен салыстыруға болады. Демек, сынып атмосферасында жеке басқа бағынушылық, авторитарлық жүйе жылтың етеді. Неғұрлым оқушыларға бостандық беріп, өз бетінше білім алуына ұлан-асыр жағдай жасап, өздік жұмыстардың неше қилы формаларын оқушы назарына жарқыратып тұрып ұсынатын болсақ, осы қарышты қадамдардан кейін оқушы жұмыс мүмкін емес. Оқушы қауымға санасының саңылауын дәл басатын мағыналы да маңызды, құнды да көлемді білім беріп, сол берген біліміңізге орай бағдар сілтеп, жол көрсетсеңіз болғаны. Сіздің ой-санаңыз оқушылардың қабылдау шеберлігінде, оқушының ерік-жігері сіздің сілтеген бағдарыңыз бойынша өз бетінше білім алып сыныпта сіздің алдыңызда, құрдастарының алдында сол алған білімін жарқыратып көрсетуде. Демек, сіз де, оқушы да білім қайнарында еркін жүзудесіздер. Яғни, сыныпта даңғыл демократия орнаған. Оқушылардың өз бетінше білім алу барысында мен байқаған негізгі артықшылық осы. Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс істей білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты. Өздігінен орындайтын жұмыстардың ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Оның  маңызы кейінгі еңбек жолында өздігінен білімін толықтыру кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға Сонымен қатар, оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз ойлау дағдыларын қапыптастыруда да оқулықпен жұмыстың маңызы бар. Мен жаңа сабақты бекіткенде үнемі оқулықпен жұмыс істеймін, яғни параграфтың соңында берілген есептер мен жаттығуларды орындату керек. Оқушылардың химиядан алған білімі іргетасын қатайтып, танымдық көзқарасын дамыту үшін, сабақты химиялық тарихпен байланыстыра отырып, өткенге бір сәт көз жіберу артық болмас. 8-сыныпта өтілген "Су - еріткіш" тақырыбындағы негізгі ұғымдар "ерітінділер" туралы кандидаттық диссертация қорғап, исі қазақтан шыққан тұңғыш химия ғылымдарының кандидаты, ғалым-ұстаз Бектұров Әбікен Бектұрұлы. Осы орайда сол кісі туралы құнды мәліметтер бере келе оқушыларға өздік шығармашылық жұмыс ретінде Әбікен Бектұрұлы жайында хабарлама жазу ұсынылады. Бүгін мектеп партасында отырған ұрпақ - біздің ертеңіміз. Олардың өз Отанын сүйетін, академик Қ.Сәтбаев айтқандай "оның әрбір қара тасын құрметтейтін, Отанының бетке ұстар батырлары мен данышпан билерін, ғұлама ойшылдары мен көрнекті ғалымдарын, қайраткерлерін танып, оларды мақтан тұта білетіндей азамат тәрбиелеп шығару - баршамыздың парызымыз, міндетіміз". Ал бұл орайда осындай тұлғалар жайлы мағлұмат жинау үшін, өз бетінше білім алудың орны ерекше[14].

 

 

2 Өзіндік жұмысқа  арналған тапсырмалар

 

Оқушылардың сабақ үстінде  өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.

Өздігінен орындайтын жұмыстардың  ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Оның маңызы кейінгі еңбек жолында  өздігінен білімін толықтыру кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау дағдыларын қалыптастыруда да оқулықпен жұмыстың үлкен маңызы бар.

Жаңа сабақты бекіткенде үнемі  оқулықпен жұмыс істеген жөн, яғни параграфтың соңында берілген есептер мен жаттығуларды орындату керек. Мысалы, валенттілік ұғымын бекіту үшін оқулықтағы жаттығуды орындау өте тиімді. Мұнда, «оттегінің II валентті екенін біліп, басқа элементтердің валенттілігін анықта» делінген, яғни

HgO,  В2О3 ,    ZnO,     MnO2,  NiO,  AL2O3, СІ2О7,  NO2.

Сондай-ақ, 8-сыныпта «Қышқылдардың  жаппы қасиеттері» тақырыбын  өткенде 80-беттегі 7-жаттығуды оқушылар өздігінен орындайды. Мұнда төменде  келтірілген сызбанұсқалар бойынша химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру берілген.

1. Na+HCl =

2. Mg + HCl =

3. Al + HCI =

4. Mg + H3PO4 =

5.Ca + H3PO4 =

6. Zn+ H2SO4=

7. ZnO + HNO3 =

8.  CaO + HCI =

9.  Fe2O3 + HCI =

10.  Fe2O3 + H2SO4 =

11. Al2O3+  H2SO4  =

12. MgO + H3PO4 =

          

Оқулықпен жұмыстың екінші түрі - оқушыларды бір параграфта берілген негізгі ұғымды бөліп, ажырата білуге үйреткен жөн. Мысалы, 9-сыныпта «Тұздар гидролизі» тақырыбын өткенде оқушыларға мынадай жоспар жасаттым, осы жоспар бойынша олар жауап даярлады.

1.Бейтарап қасиет көрсететін тұз ерітінділері.

2. Сілтілік қасиет көрсететін тұз ерітіңділері.

3.Қышқылдық қасиет көрсететін тұз ерітінділері.

Соңынан мына кестені толтырды.

                                                                                                             3 - Кесте

Реакция ортасы

Тұздың формуласы

Толық иондық теңдеуі

Қысқаша

иондық

тендеуі

1. Бейтарап

 

KC1

К+ + С1- + НОН ↔ К+ +ОН- + Н+ + С1-

HOH↔Н++ОН-

AI2S3

 

 

 

 

2. Сілтілік

 

К2С03

++СО32-+НОН↔К++ОН- +НС03-

СО32-+НОН↔ОН-+ НСО3-

NaJ

 

 

 

 

3. Қышқылдық.

 

A12(S04)3

2АI3++3SO42-+2HOH↔2AlOH2-+2H++3SO42-

2АI3+2HOH↔2AlOH2--+2H+

FeC13

 

 

 

 

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру