Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)
  • сыныпта алған білімді бекітуге және толықтыру мақсатында белсенді  ізденуге;
  • жаңа білімді белсенді меңгеруге;
  • алға қойған мәселені шығармашылықпен шешуге;
  • оқушының жеке тұлғалық қабілетінің айқын көрінуіне;
  • әр түрлі тапсырмалар бойынша практикалық дағдының қалыптасуына.

Сондықтан теориялық  тақырып мазмұнын ашатын жаттығу  түрлерін таңдап, іріктеудің болашақ  маман біліктілігін арттыруда маңызы зор.

Әдістемелік еңбектерге сүйене отырып, тапсырмалар жүйесіне қойылатын жалпы талаптарын былайша анықтауға болады:

  • тапсырмалардың нақты мақсатқа құрылуы;
  • тапсырмалардың әр типте жүргізілуі;
  • бірізділігі мен бір-бірімен сабақтастығының сақталуы;
  • оқушылардың білімі, жеке ерекшеліктерінің ескерілуі;
  • үздіксіз қолданылуы;

Осындай әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдап орындауда оқушының жеке дара ерекшелігі ескерілуімен қатар, оның ерік-жігерін, ізденімпаздығын, ақыл-ойын дамытып, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Әр типті өзіндік тапсырмаларда орындалатын жаттығу-тапсырмалардың, оқу әрекеттерінің әр түрлілігі оқушының танымдық, белсенділігін арттырумен бірге, оқыту мазмұнына қызығушылықты тудырады. Дәстүрлі емес коллоквиумдар, бақылау жұмыстары, практикалық, жұмыстардың өзгеше түрлерін енгізу қажет. Соның ішінде атап айтсақ:   ғылыми конференцияға қатыстырылып отыруын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген орынды. Конференцияларда өз пікірін ашық айтуға, қосымша баяндамалар жасауға дағдыландырамыз. Сонымен қатар мектепішік шеңберінде және республикалық кеңістікте өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру қажет. Бұл жағдайда жетекші мұғалім оқушының конференция тақырыбына сәйкес баяндама дайындап, шығармашыл қабілетін жетілдіруге көмектеседі. Мәселен әр түрлі мақсаттағы реферат жазу жұмыстары онда берілген тақырып бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі бір мәселені шешу т.б. Мұндагы негізгі мақсатымыз оқушыны қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету. Теориялық мәселелерді дұрыс жеткізіп, оған талдау жасап, жазбаша түрде теориялық материалды практикада пайдалану мүмкіндігін көрсете білуге баулу. "Реферат" сөзі латын тілінен (referre) "хабарлаймын" деген мағына береді. Реферат жазу қысқа түрде белгілі бір тақырып бойынша сын тұрғысынан ақпарат жеткізу болып табылады.Оқушылар реферат жазудың алдында мына жағдайды ескеруі керек: тақырыптың негізгі идеясын; мақсатын анықтауы қажет. Кіріспе бөлімінде мақсаты мен міндеті ашылып, реферат жазу кезінде негіз болған ақпарат көздері көрсетіледі. Соңында мәселеге байланысты оқушының жеке көзқарасы және қорытынды тұжырым мен берілетін нұсқалар көрсетіледі.

Сол сияқты, жетекші мұғалім  оқушының конференция тақырыбына сәйкес баяндама дайындап, шығармашылық қабілетін  жетілдіруге көмектеседі.

Баяндама рефератқа жақын, бұл кезде хабарламаның негізі болып табылатын «орталық идея мен сүйенетін деректер» айтылуы керек. Ол қысқа жазылып, тақырып жалпы қарастырылады. Баяндама жасаушыда деректер, үзінділер қағаз бетіне түсіріліп, қалғаны ауызша жеткізілген деректердің қажетті жерде пайдалануы тыңдаушы сенімділігін арттырады. Осылайша баяндама тезисі 5-7 пунктен, 1-2 беттен тұрады.

Эссе - кез-келген мәселені оқушының жеке өз бетімен шығармашы тұрғыда талдауы. Негізгі мақсаты оқушының көзқарасын көрсете дәлелдей алуы. Осылайша студенттерді біртіндеп реферат, баяндама, эссе және мақала жазуға, одан ғылыми жұмысқа баулуға мүмкіндік туғызу өмір талабы [7].

А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап, беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Оқушылардың өзіндік  жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
  • жұмысты орындаудың уақытын белгілеуі;
  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы-олардың жұмысты өз еркімен және қалдарымен істеуі, оған әсер ететін мотивmep және т.б.

Оқушылардың өзіндік  жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін  анықтап, оның нәтижесін бaғaлап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіңдік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймыз. Оқу- тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың, үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлер екенін ескере отырып, соңғы шығармашылық деңгеймен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға "кішкентай" жаңалық ашқанмен бірдей. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты-оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Выготский: "Әр баланың  өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру  керек" - деген екен.

Негізгі мақсатым баланың  жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей  отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой-өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.

Өзгеріске, жаңалыққа  толы бүгінгі заман: мұғалімге сегіз  қырлы бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Шәкірттерге әсер ету  жолдары түрліше. Тәжірибелі мұғалім ізденісті әр баланың жан-дуниесіне үңілуден бастайды. Әрбір шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтін қолға түсіру-сезімталдық-көрегендік-сергектік-білімпаздық-ізденімпаздык,-шығармашылдық қабілетін байқап, оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс-тәсілдерді солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»-деп айтқан екен.

Олай болса, қызықты  сабақтар -мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік  ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. Ұстаз көкейіндеп шәкірттерді  өзіне баулып алу үшін «He істей  аламын», «He істеу керек»- деген сұрақ-сауалнама әрекетке, әрекет нәтижелер жобасына, ал нәтижелер жобасы - практикаға енгізуге жетелейді. Ал практиканың ақиқат өлшемі - білім сапасы болмақ [8].

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында білім  беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шындауға бағытталған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».

Педагогика ғылымының  бір ерекшелігі -  баланың  тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту  технологияларын шығаруға ұмтылысы. Қазіргі кезде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауаптылық пен іскерлікті қажет ететін еңбек. Соның ішінде профессор Ж.А. Қараевтың «деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясына» тоқталайық.

Оқушыларға деңгейлік  тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс істеудің тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке қол жеткізуге болады.

Бірінші деңгей -  бұл деңгейде барлық оқушының орындауына мүмкіндігі бар тапсырма беріледі. Бұл деңгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Жеңіл ережелерді жаттап алады.

Екінші деңгей - мұнда күрделірек:

1. Оқушы   өз   бетімен   керегінше   қызмет   етеді.   Өтіп   кеткен материалдарды    реттеуге    және    жүйелеуге    берілген    тапсырмалар орындалады.  Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар,   яғни бұрынғы тапсырмаларға үқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

2. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжүмбақтар.

Үшінші эвристикалық деңгей оқушының тапсырма, пікір, ұсыныс енгізе білуі керек.

  • Танымдык-іздену   (эвристикалық)   түріндегі   тапсырмаларды орындау барысында  оқушылар жаңа  тақырып бойынша меңгерген алғашқы   қарапайым   білімдерін   жетілдіріп,   тереңдетумен   қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалык ашуы тиіс.
  • Өздігінен   мысалдар   мен   есептер   құрастырып       және   оны өздігімен шығаруы тиіс.

Төртінші деңгей -  шығармашылық деңгей.

1. Бұл   деңгейдегі   тапсырманы   шығармашылықпен   айналысатын оқушылар ғана орындайды.  Бұл деңгейдегі тапсырма ізденімпаз, қабілеті   жоғары,   талапты   балаларға   арналады.   Олардың   жинаған өмірлік    тәжірибесі    мен    қалыптастырған    ұғым,    түсініктерінің қиялы    мен    белсенді    ой    еңбегінің    нәтижесінде    жаңаша,    бұған дейін    болмаған,    белгілі    бір    дәрежеде    олардың    жеке    басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген.

2. Олимпиадалық есептер.

Барлық деңгейдегі тапсырмалар  қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Оқушылардың әрқайсысы  бірінші деңгейлік тапсырманы орындауға  міндетті. Деңгейлік тапсырмаларды  дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады. Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары беріледі. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да еңбекқор оқушы орындай алады.

Сонымен қатар, оқушылар білімін бекіте түсу мақсатында сабақта  Шаталовтың тірек жүйесін пайдалану  өте тиімді.

Органикалық химия пәнінің  күрделілігі және сағат санының  аздығы оқытудың тиімді әдістерін үнемі  іздеуге ұмтылдырады.

Сабақты түсіндіруде Шаталовтың тірек-сызбанұсқасын пайдалану тиімді болса, жаңа материалды бекіту барысында Венн диаграммасын пайдалана отырып, өткен сабақ пен жаңа сабақтың арасындағы байланысты көрсетуге болады. Көмірсутектердің құрылысын айтқанда шар стерженьді моделі, бүктеме материалдар көрсетіледі.

Үй тапсырмасын сурауда  Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту  әдістемесіне сүйеніп, деңгейлік тест тапсырмаларын қолдануға болады. Егер балалар бағаларына қанағаттанбаған  жағдайда қосымша таратпа тапсырманы орындайды.

Деңгейлік оқытудьң ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында. Білімдерін бағалау кезінде әрбір тапсырмалардың ұпай сандарын балалар өздері жинақтап, есептеп шығарады.

Мұндай әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға ынтасын, дара касиетін, әлеуметтік психологиялық танымын көрсетеді [9].

Бүгінгі жалпы білім  беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру  үшін баланың, табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын. әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XX ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.

Р.Г.Лемберг. Е.Я Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков,А.Байтұрсынов , Выготский ,В.А . Сухомлинский және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.

Соңғы онжылдықта өзіндік  жұмыстарды ұйымдастьрудың теориялық-әдіснамалық  проблемалары көптеген ғалымдардың  еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:

  • оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
  • оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);
  • дербестік - өзіндік ұстаным, рухани-практикалық, білім ретінде (Л.П.Буева, С.Т.Зырянов);
  • дербестік - жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру