Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

Көрнекті психологтар  Л.В.Занков. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов  зерттеулерінің нәтижесінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев оқыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті.Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемаларымен ғалымдар А.Х.Аренова, Н.Н.Светловская. А.Я.Савченко айналысты.

Оқушылардың өздік жұмысы проблемасын талдау бұл зерттеліп отырылған мәселенің толығымен тұтас педагогикалық, үрдісте жүзеге асырылатынын көрсетіп берді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өздік іс-әрекеттің ең басты қажеттілігі - оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылык, еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.

Оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз: іс-әрекет - бұл жалпыға ортақ; танымдық іс-әрекет - оқу іс-әрекеті - жалпы; оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекеті - жеке.

lc-әрекеттің, негізінде  танымдық іс-әрекет дамиды. Танымдық іс-әрекет өзіндік оқу іс-әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.

Ғылыми-педагогикалық  зерттеулерде «өздік жұмыс» ұғымына  бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісіне енгізілген оқушылардың өздік жұмысы - мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады (Б.П.Есипов);
  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімінің бақылауынсыз орындауы (P.M. Микельсон);
  • өздік оқу іс-әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық, үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі (А.Х.Аренова) т.б.

Компьютер оқушылардың  өздік жұмысын тез және қарқынды түрде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен, Microsoft Word мәтін редакторында оқушыларға әртүрлі жазбаша тапсырмаларды өз бегінше орындатуға болады. Оқушылар компьютерде жетекші сөз бен мәтінді бөліп алу мүмкіндігін пайдалана отырып, мәтіннен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды пайдалану арқылы қысқа жинақталған дәрісті жазып шыға алады. Мұндағы мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың қатесіз, сауатты жазуын қадағалау болып табылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың жазба жұмыстарын орындауға қызығушылықтарын арттырады, себебі олар қаламның көмегімен дәптерде жазуға аса ынта танытпайды және өте баяу жазады. Бірақ , бұл жазба жұмыстарын толық компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді меңзейді.

Ақпараттық технологиялар  балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады.

Сонымен бірге оқушыларға шығармашылық, ойын түрлерін құруға тапсырма беруге болады. Оған біршама уақыт  беру қажет, себебі оқушы алдына қойылған жұмысты шешу үшін жан-жақты ізденеді, отбасымен ақылдасады, әртүрлі әдебиеттерді қарастырады, сыныптастарымен, мұғаліммен ақылдасады.

        Мектепте ақпараттық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері жан-жақты. Химия пәнін оқытуды ақпараттық технологияларға негіздеуге болады. Мұнда электрондық, байланыс ерекше мәнге ие.

Электрондық байланыс жүйелерінде  оқыту мынадай сұрақтардың шешімін  табуды көздейді:

1. «Нені оқыту керек?»  компьютерлік жүйеге енгізілетін  тақырыптарды саралау қажет.

2. Оны қандай ретпен, тәртіппен оқыту керек, тақырып арасындағы байланыс, сабақтастық, қатаң ескерілуі қажет.

3. «Қалай оқыту керек?»  тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап  алған жөн.

Осы үш сұрақтың шешімін  табу ақпараттық технологиялар незінде  оқыту әдістемесінің негізін  құрайды.

Сонымен бірге мектепте компьютерді оқушылардың іс - әрекетін жедел бақылауды ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Оның мынадай артықшылықтары бар:

  • әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді;
  • тексерілушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар;
  • компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді;
  • уақытты үнемдейді;
  • қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді;
  • ақпараттың аздығымен ерекшеленеді;
  • сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді;
  • мұғалімнің жетекшілігі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге ауысады [10].

Қазіргі  кездегі  қоғам  талабына  жауап  беретін  жеке тұлғаны  қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді, өмірлік  ұстаным тәрбиелеу қажеттігіне  байланысты дидактиканың басты мәселесі оқыту үрдісінде мұғалім мен  оқушының өзара әрекеттесуі болып табылады.

     Егер оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, қорытынды жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, оның дербестігін қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Өзіндік жұмысты және дербестік әрекетті дидактикалық категория  ретінде талдау П.Пидкасистыйдың еңбектерінде орын алған: а) оқуды мұғаліммен бірлесіп орындаған әрекет шартты түрде деп аталатын әрекет-тер; ә) оқушының дербес әрекет элементтері болып табылатын әрекеттер.

      Б.Есипов өзіндік жұмыс жалпы сыныптык, жан-жақты жұмыс жағ-дайында оқушылар тобымен және жеке тапсырмалар орындау ретінде жүзеге асырылады деп көрсетсе, Т.Шамова ұйымдастыру формасы ретінде өзіндік жұмысты сипаттайтын нышандарға мынаны жатқызады:

  • өзіндік жцмыс мақсатының болуы;
  • нақты тапсырманың болуы:
  • тапсырма алган әр оқушы жұмысты міндетті орындауы.

Өзіндік жұмыста дербестік  әрекет мұғалімнің көмегінсіз орындалады. Дербестік әрекет ұжымдық және жан-жақты  жұмыс барысында орын алуы мүмкін. Оқушылар өзіндік жұмысты орындауға  ұжыммен орындалатын дербестік әрекет барысьінда дайындалады. Психолог Л.Выготский оқутылардың ақыл-ой әрекетін екіге: 1) өзекті даму деңгейі мен 2) таяу даму аймағына бөледі. Өзекті даму деңгейі баланың дамуында қалыптасып болған психикалық үрдістерді көрсетеді, ол жат көмегінсіз орындауға қабілетті жұмыста байқалады. Л.Выготскийдің айтуы бойынша, ересектердің көмегімен ұжымдық әрекетте бала әжептөуір көбірек және саналы түсінікпен істеуге қабілетті. Дербестік әрекет пен өзіндік жұмыстың өзара байланысы оқушыньң таным белсендігі мен дербестігінің алға басуының негізгі шарты. Баланың жасырын, тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны оқытып, жан-жақты дамыту керек. Педагогика ғылъмы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сондықтан да баланың қабілетін өрістете дамытуға тек мектеп қана максатты түрде ықпал ете алады. Оқушы білімін тексеруде олардың өз пікірін жеткізе білу мен есте сақтау қабілетінің біркелкі болмайтынын ескеру керек. Тіпті бір оқушыға бір сұрақты әртүрлі әдістермен беріп, білімін тексергенде, түрліше баға алуы мүмкін. Ол белгілі бір мәселенің мазмұнын дұрыс ашып, салыстырмалы түрде жинақтай білсе де, өз білімін жазбаша түрде айқын түсіндіре алмауы мүмкін.

Қабілеті төмен оқушыларға алғашқы екі топтағы оқушылардың  жауаптарына қойылатындай талап қойылмайды. Олардың табыстары елеулі болмаса да, мақтауды қажет етеді. Білім деңгейі орта, алғыр оқушыларға ой-өрісін арттыру мақсатында күрделі тапсырмалар мен тест сұрақтары беріледі.

Оқушылармен жеке дара жұмыс  жүргізуде көп сатылы оқыту мен деңгейлеп тапсырмалар беру орынды.

Сабақта оқушыларды оқыта  отырып үйрету, яғни белгілі бір  тақырыпшаны оқытып, өз ойын айтқызу  немесе мәтінді түгелдей оқыту. Осы  арқылы дербестік әрекет пен өзіндік  жұмыс арқылы оқушының таным белсенділігі мен дербестігінің алға басуына жағдай жасалады [11].

Оқу үрдісінде компьютерді  кеңінен пайдалануы оқытудың тың  әдістерінің қолданылуы, оқушының өзіндік  жұмысына ерекше мән берілуі, дәстүрлі сабақтарда пайдаланып келген сөздік, сөздік-көрнекілік, сөздік-көрнекілік-сарамандық тәсілдердің оқытудың жаңа технологияларымен алмастырылуы, білім сапасын бақылау және бағалау әдістеріне де түбегейлі өзгерістер енгізілуі және т.б. жатады. Өзіндік жұмыстар бүгінгі таңда   оқушы өзінің дербестігін көрсетіп, сабақта алған білігі мен дағдысын іске асыра алатын жеке оқыту үлгісі рөлін атқарады. Сабақтан тыс өзіндік жұмыстар арқылы оқушы өтілген материалды игере отырып, ғылыми білімді өз бетінше іздену, оны шығармашылықпен меңгеру қабілетін дамытуға үйренеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстары оқу жұмысының негізгі бөлігі болып табылады және оның мақсаты - алынған білімдері мен дағдыларын бекіту, тереңдету, іздену арқылы жаңа білім алу, сондай-ақ тапсырманы орындау, сынақтар мен емтихандарға дайындалу. Сабақтың бұл түрі - оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуді, жергілікті өндіріс материалдарын  химия пәнімен байланыстыруды мақсат етеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жеке  - іздену және зерттеушілік әдістері қолданылады. Зерттеушілік әдіске өз бетімен талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды шығару, стандартты емес экологиялық мазмұнды есептерді шығару, экспериментті жүргізе алу, баяндама, тезис жаза алу, арнайы әдебиеттерді оқу негізінде кейстер құрастыру, бақылау негізінде өз шешімдерін қолдана алу біліктері мен дағдылары жатады. Мысалы, жергілікті жердің және оңтүстік Қазақстаннан әкелінген сәбіздің құрамындағы (ДДТ) дихлордифинилтрихлорметилметанның мөлшерін анықтау.

Оқушылардың өзіндік  жұмыстарының тағы бір түрі  - экологиялық  мазмұнды есептер шығаруы. Оның мақсаты  теориялық материалды бекіте отырып, практикалық есептеулер арқылы дағды мен қызығушылықты дамыту. Осы мақсатты іске асыру барысында мынандай экологиялық мазмұнды есептер беруге болады:

1. 1 л бензинге 2 г тетраэтилқорғасын  қосады. Бензиннің орташа шығымы  тәулігіне 10 л, көліктің саны — 460800 болса, атмосфераның қорғасынмен ластануының экологиялық зардабы қандай?

2. Тетраэтилқорғасын - ішкі жану двигателі үшін маңызды — антидетонатор.  Егер бензиндегі антидетонатордың молярлы концентрациясы 2 х 10 -3 моль/л-гe, ал бензиннің тығыздығы 680 г/л-ге тең болса, онда атмосфераға түскен қорғасын оксидінің массасы қанша болады?

3. Қазақстан мұнай қорынан дүниежүзінде үшінші орында екені белгілі. Есептеулер бойынша 1 т мұнай өндіру кезінде жуық шамамен 50  м3 жолшыбай газ бөлініп,  өртеледі екен.  Осыдан  еліміз қандай экологиялық, экономикалық зардап шегеді? Егер осы табиғи газ құрамында 90% метан болса, 50 м3 мұнай газынан қанша көлем сутегін алуға болар еді?

4. Талшық қалдығынан жиналған 41 кДж энергия адам ағзасында 1 г май түзуге жұмсалады. Егер глюкозаның жану жылуы 21815 кДж/ моль болса,  1 кг артық салмақ қосу үшін қанттың қандай мөлшері керек?

5. Формалин    формальдегидтен   тұрады    және    ол    қоймаларды дезинфекциялауға, сондай-ақ былғары илеуге қолданылады. Осындай 3 кг ерітінді дайындау үшін қанша моль формальдегид жұмсалады, оның-тірі ағзаға әсері қандай? т.б.

Оқушылардың өзіндік оқу және ғылыми жұмыстарға дағдысын қалыптастыру олардың  қызығушылық, ұмтылушылық сияқты сезімдік әсерлері арқылы іске асса нәтижесі де жоғарырақ болмак. Органикалық химия пәнін оқыту арқылы экологиялық білім берудің, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың өзіндік ерекше маңызы бар. Сондықтан оларды оқытуда органикалық қосылыстардың экологиялық аспектілерін оқыту ерекше орын алады. Сол себепті алдымен Мемлекеттік стандартқа негізделген жоспарыда қандай экологиялық мәселелерді оқытудың жоспарын құрып аламыз. Содан соң әр тақырыпты оқытудың алгоритмін құрастырамыз, яғни осы оқылатын  органикалық химия курсының теориялық негіздері мен экологиялық жағдайлары, қандай пәнаралық байланыс болашақта қажет болатынын анықтап аламыз. Содан соң қандай бөлшегін жаңа білім мен білікті қалыптастыруда, зертханалық жұмыста, оқушының өзіндік жұмысында оқыту керектігін анықтап аламыз. Мысалы, ақуыз тақырыбы оқылғаннан кейін, пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін, төмендегідей пәнаралық байланысты жүзеге асырудың белсенді-үлестірме материалы арқылы білімін дамытып, оқушының өзіндік жұмысында тексереді.

«Ақуыз» тақырыбы бойынша пәнаралық  байланысты жүзеге асырудың белсенді-үлестірме материалы:

Оқыту мақсаты: тығыз пәнаралық байланыста "ақуыз" тақырыбы бойынша химиялық, биологиялық және экологиялық түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік мақсаты: ақуыз жоқ жерде тіршілік жоқ, сондықтан оқушыларды табиғатты, қоршаған ортадағы қарым-қатынасты қорғауға тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: ақуыз — тіршілік тірегі негізінде оқушылардың танымдық, интернационалдық қызығушылығын дамыту.

Оқушылардың өзіндік жұмысы -  бұл  жас маманды даярлаудағы ең маңызды, шешуші бөлік. Сондықтан мұғалім оқушының өзіндік жұмысын үнемі қадағалап отыру керек. Берілген тақырыпты меңгергендігін тексеру үшін өзіндік жұмыс бойынша бірінші бақылау өткізу кезінде оқушыға теориялық және тәжірибелік бөлімі бойынша экологиялық мазмұнды тапсырма беріледі, екінші бақылау өткізу кезінде алған теориялық білімдерін тексеру үшін экологиялық мазмұнды тест тапсырмалары, үшінші бақылау өткізу кезінде ол логикалық есептер шығару, яғни, есеп жауаптары оқушының химия пәні бойынша ойлау қабілеттерін жетілдіруі тиіс.

Оқулықтарды, журналдарды, газеттерді пайдалана отырып, әр түрлі  материалдарды іріктеп, әр түрлі  бағыттағы тапсырмалар дайындауға болады. Мысалы: "Фенолдар" тақырыбында "фенолформальдегидті смола – оның пайдасы, қолданылуы, экологиялық аспектілері және фенолформальдегидті смола өндірісі, оның қоршаған ортаға әсері» деген сұрақтармен тапсырма берілсе, оқушылар өз беттерімен ізденіп, көптеген мағлұматтар береді. Семинар сабақтарында өткізілетін пікір талас әдісі. Бұл әдісте ғалымдардың құнды пікірлері, мәліметтері, болжамдары ортаға салынып талқыланады. Оқушылар туған өлкелеріндегі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсерін анықтап, пікір алмасады. Ол үшін алдын ала талқылау сұрақтары кестедегідей беріледі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                    

 

1 - Кесте

                        Өндіріс орындарының қоршаған  ортаға әсері.

 

Бастапқы мәлімдемелер

 

Талқылау сұрақтары

Табиғатты қорғаудың  төрт бағыты бар дейді ғалымдар:

Осы бағыттың қайсысы  тиімді?

Heгe?

1. Жасанды жолмен ортаны  жақсарту;

 

 

2. Ортаға зиянды заттарды  аз шығару;

 

 

3. Ортаны табиғи жолмен  жақсарту;

 

 

4. Табиғаттың тазалығын қадағалау;

 

 

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру