Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)
  • мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
  • жұмысты орындаулын және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

Мұғалімнің басқаруымен  оқушылардың дербестігінің, өзара  байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік  жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін  анықтап, оның иәтижесін бағалап  орындайтын жұмыстар жатады. Сонымен  қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Қазіргі кезде Қазақстан  мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын кетерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық, ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Оқушылардың өзіндік  жұмысы-мұғалімнің қажетті нұсқаулар  бойынша оқушының  оқу жұмысының  жеке дара және ұжымдық түрі.

Өз бетінше жұмыстың негізгі  ерекшелігі - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.

Химия сабағында оқушылардың  белсенділігін арттыру өздігінен  жұмыс істей білуге үйретуге негізделеді. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын химия сабағында сан  алуан етіп түрлендіріп отыру керек.

химия сабағында оқушылардың  өздігінен істейтін жұмыс түрлері  сан алуан.

Мұғалім өздігінен орындайтын жұмыста күн ілгер алдында  қойған мақсатын белгілегенде қандай нәтижеге жететінін бағдарлауға  міндетті. Мұндай жағдайда жаңадан  және бұрынырақ өтілген материалдар ескеріледі.

Тапсырма бірнеше нұсқаулы болып, қиындығы оқушының күш-қабілетіне лайықталады. Ал үздік жақсы оқитын оқушылар үшін, қосымша тапсырмалар  дайындалады. Өздігінен орындайтын жұмыс түрлері:

Анықтамаларды аяқта, реакция  типін анықта, реакция  теңдеуін аяқта, құрылымдық формуласын жаз, электрондық формуласын жаз т.б

Өздігінен жұмыс жүргізгенде  мұғалім үлгермейтін  оқушыларды үнемі есінде сақтауы керек [5].

 

 

 

1. 2 Өзіндік  жұмысты ұйымдастырудың алғышарттары

 

     Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың негізгі алғы шарты болып табылады.

Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқитын балалардың жас ерекшеліктерінің және оның мектепке дейінгі жүйемен сабақтас тығының ескерілуіне баса назар аударылады.

Бүгінгі күнгі білім мазмұнын жаңғырту кезеңіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтитын өзара сабақтастықта жүзеге асырылатын тың бағыт.

Оқушының өзіндік білімін  кеңейтуге деген алғашқы қадамы өз іс-әрекетіне басшылық жасай білуінен байқалады. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың ойын әрекетінен айқын аңғарылады. Ендеше баланың өзі атқарып отырған әрекеті жөнінде ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл-ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады. Оған мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап оқушы ретінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады. Ол мектепке дейінгі қаланған дағдылар негізінде, сондай-ақ бастауыш білім беру сатысымен тікелей сабақтастықта жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі даярлық  жүйесімен сабақтастың                                                                                                                  баланың    оқу әрекетіне еркін енуінің бірден-бір кепілі. Баланы мектепке даярлау мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әрекетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Бұл жағдай баланың мектеп оқушысы болып қалыптасуына, ойын әрекетінің оқу әрекетіне ұласуына негіз болады.

Мектепке келгеннен  кейін оқушының ойын түріндегі өзіндік  іс-әрекетін дамыта отырып, оқу ерекетіне  ұштастыру оқытушы тарапынан  жоғары біліктілікті талап етеді. Мұғалім  оқушының өз бетімен жұмыс істей  білу қабілетін ашудың педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінен хабардар болуы тиіс. Мұнда мектептің басқару жүйесі мен ұйымдастыру тәжірибесі, сондай-ақ материалдық-техникалық әлеуеті де зор рөл атқарады.

Өз бетімен ойнай  алатын бала өз бетінше ойлай да алады. Демек, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш сатыда-ақ қолға алуға толық негіз бар.

Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздері білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде қарастырылады.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ шексіз мүмкіндік туған  заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі  оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі                                                                                                                  оқушыны шынайы  әлем  жағдайындағы  өмірге дайындау,  өзіндік іс-әрекетін  қалыптастыру.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде  оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы  ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығуын төмендетеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту  үрдісін тың идеяларға негізделген  жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық, деңгейдегі басты мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекеті өзіндік зерттеу әрекетіне көшеді.

Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол кез келген саладағы қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын тұлғаға тән құбылыс.

«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа  білім алу үрдісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады»  делінген. танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық (өнімсіз) және өзгертушілік (шығармашылық, зерттеушілік) сипатта болуы мүмкін.

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім  алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.

Зерттеуші-оқушы    өзінің    табиғатынан    зерттеуге    бейім    келеді.    Білуге құмарлық,     бақылау    жасауға    талпыныс,     өзінше    эксперимент    жүргізу баланың   балалығымен   бірге   жүретін   үрдіс.   Зерттеу,   іздеу   белсенділігі баланың  жаратылысына  тән     табиғи     құбылыс.

Бұл жөнінде Абайдың 17-қара сөзінде: «бала туғаннан екі түрлі  қажеттілікпен туады. Бірі көрсем, білсем деген рухани қажеттілік, екіншісі - ішсем, жесем деген материалдық қажеттілік. Сонымен қатар бала ес кіре бастағаннан «Ит неге үреді?», «Есек неге ақырады?» деген сұрақтарды жиі қояды. Бірақ ата-аналарының тарапынан бұл сұрақтарына кейде толық жауап ала алмай жатады» делінген. Ендеше баланың жасынан қоршаған ортасындағылар жөнінде білуге құштарлығы оларды зерттеп білуге деген талабынан туғандығын айғақтайды.                                                            

Оқушының өзіндік жұмысын  жүйелі, бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі. Нәтижесінде оқушының өзіндік іс-әрекеті терең ізденіске бастайды.

Оқу-тәрбие үрдісінде  қолдана бастаған зерттеушілік әдістің  қажеттігі оқушының білім алу  үрдісінде қоршаған ортасына қызығуымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білімнің көзін ашады [6].

Қазіргі сабақ оқушылардың  өзіндік жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Ол - оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар берілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, шығармашық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.

Химия сабағында оқушылардың өзіндік  жұмыстары сан алуан түрде  жүргізіледі: практикалық сабақтар, тәжірибелерді орындау, есептерді  шешу, реакциялардың теңдеуінен есептер  шығару, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар  орындау, оқулықпен тексеру жұмыстары, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмысы т.б.

Өзіндік орындалатын  жұмыстар мынадай белгілермен сипатталады:

  • тәжірибе  орындаған  кезде  нұсқаулар  және  ережелермен  танысу;
  • сарамандық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
  • практикалық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
  • өтілген материалды бір жүйеге келтіру және талдап қорыту;
  • бағдарлама тақырыптарына сәйкес жеке мәселелермен өз бетінше танысу;
  • теориялық  және  сынақ-тәжірибелік  есептер  шығару  жолдарын іздестіру;
  • нақты материалдарды өтуге байланысты оқулықтағы тапсырманы орындау;
  • сызбанұсқаларды,  суреттерді,  кестелерді және басқа көрнекі бейнелеулерді пайдалану;
  • оқулықтары мәліметтерді пайдалану.

Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, оны арнаулы сабақ түрінде өткізуге болады. Қалай болғанда да жоғары деңгейдегі өз бетінше жұмыс істеу ізденушілік сипатта жүзеге асады. Оқушы тапсырманы алғаннан кейін, оқу мақсатын анықтап, ойланып, өз бетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мұндай есепті шешудің жаңа жолын табу шығармашық қабілеттің артуына әкеледі.

Ғылым мен өндірістің, техниканың дамуына химияның қажеттілігі, химиялық білім мен біліктің қолданылу  аясының кеңеюі, болашақ химия  мұғалімдеріне деген талапты  жоғарлататыны сөзсіз. Бұл дегеніміз болашақ химик-мұғалім қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай маман дәрежесінде болуды талап етеді.

Химияны мектепте оқытудың мақсаты:

  • химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;
  • химия зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;
  • химиядан алған білімді басқа пәндерден алған біліммен байланыстырып, табиғат туралы ғылыми материалистік көзқарас қалыптастыру;
  • заттармен, құралдармен, жұмыс істей білудің біліктері мен мен дағдыларын игерту;
  • білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте қолдана білуге үйрету;
  • оқушыларды білім мен білік алу инициативасына, дербестікке және табандылыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың химияға құштарлырын және қабілетін дамыту, кәсіптік бағдар беру.

Химия пәнінің мақсаттары әр сыныптың химия курсында, олардың  жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша  өткізілетін сабақтарда нақтыланады.

Қазіргі кездегі жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен  оның көзі осыған дейінгі жинақталған  интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін-өзі  жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған  қажеттілігі болып табылады. Бұл қасиеттердің қалыптасуы үшін оқушы үнемі өздігінен жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен оқушы өзі қызығуын таныта алуы қажет. Бұл бағыттағы жұмыста жақсы нәтижеге жету үшін өз бетімен орындалатын жұмысты жетілдіру мен жаңарту қажет. Өздігінен орындалатын жұмыс түрлері болашақ маман қалыптастыруға бағытталады.                                                                                   Оқушы өз бетінше қажетті ақпаратты тауып, оны талдап, қажетті материалды ұтымды пайдалана алатын болуы қажет. Оқушының өз бетінше орындайтын жұмысы оның бойындағы мына қабілеттерді жетілдіруге бағытталады:

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру