Экономика және қашықтықтан оқыту институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 14:23, лекция

Описание работы

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика.doc

— 708.00 Кб (Скачать)

   K=1/(1-MPC)=1/MPS;

   Шығындар  мультипликаторы тең: K=ΔY/ΔI;

   Мультипликатор  эффектісінің ерекшелігі – ол ұлттық табысты өсіріп қана қоймай, қысқартады да. Дж.Кейнс бұл тәуелділікті түсіндіру  үшін ұқыптылық парадоксі терминін енгізді, оның мәні адамдардың қор жинауға деген талпынысы кәсіпкерлердің инвестициялауға талпынысынан артық болып, нәтижесінде ұлттық табыстың өсімі қысқарады. Осылайша, экономикадағы байланыстар тізбесі былайша өтеді: автономиялық шығындар мультипликатор әсерінен ұлттық табыстың өсіміне, тиісінше қор жиналымының артуына алып келеді. Қалыптасқан қор жиналымдары қосымша инвестиция көздері болып табылады да, ол инвестициялар өскен табысқа тәуелді болғандықтан өндіруші немесе индуитивтік деп аталады.

   Бұл инвестициялар бастапқы, автономиялық инвестициялармен бірге экономикалық өсуді жеделдетеді, ол акселератор эффектісі деп аталады. Акселератор – бұл жаңа инвестицияның ұлттық табыстың өзгеруіне байланысты қанша есе өскендігін көрсететін коэффицинт.  
 

   Тақырып № 4 . Жұмыссыздық- макроэкономикалық тұрақсыздықтың формасы. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу.  

1.Жұмыссыздық  және оның қазіргі  замаңғы жағдайы.

2.Жұмыссыздық  себептері.

3.Жұмыссыздық  түрлері мен оның  көрсеткіштері. Оукен  заңы.

4.Жұмыспен  қамту саласындағы мемлекеттік саясат.  

   Экономика  ресурстардың  қаншалықты  жақсы  қолданылатынына  байланысты  сипатталады.  Негізгі  экономикалық  ресурс    жұмысбастылық  қолдайтын  жұмыс  күші  болады – экономикалық  саясаттың  маңызды    мақсаты.

   Жұмыссыздық  деңгейі – бұл  жұмыс істеуді  қалайтындардың  жалпы  санының  ішінде  жұмысы  жоқ  азаматтардың  статистикалық  көрсеткіші.  Статистика  агенттігі  ай  сайын  жұмыссыздық  деңгейі  мен  экономикалық  саясаттағы  еңбек  нарығының  жағдайын  бағалайды.

   Статистикалық  деректер  үй  шаруашылығына  зерттеу  жүргізу  негізінде  жиналады.  Анкета  сұрақтарына  байланысты,  әрбір  адам  3  түрлі  санаттың  біреуіне  жатады:

    • жұмыс  істейтін;
    • жұмыссыз; 
    • жұмыс  күшіне  кірмейтіндер.

      Жұмыс  істейтін  адам  деп – үй  шаруасымен  немесе  оқумен  шұғылданбайтын,  апта  бойы  жұмыс істейтін   адамдарды осы топқа кіргіземіз.  Егерде  азамат  жаңа  жұмысқа шығуды  күтіп жұмыс істемесе,  яғни  уақытша босатылса немесе  жұмыс іздеп жүрсе,  онда  ол- жұмыссыз  деп  саналады.  Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен,  студенттер  және  үй  шаруасындағы  әйелдер),  жұмыс күші  құрамына  кірмейді:  олар  жұмыс істемейді,  іздемейді және  жаңа  жұмысқа көшу  кезеңін күтпейді.

   Жұмыс  күші – жұмыссыздар  мен  жұмыс  істейтіндердің  жиынтығы, ал  жұмыссыздық  деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың  пайыз түрінде анықталуы.  Демек 

         Жұмыс  күші=   жұмыс  істейтіндер  саны  +   жұмыссыздар  саны 

Жұмыссыздық  деңгейі = U/L x100% немесе

жұмыссыздар  саны   /  жұмыс  күшінің  жалпы  саны х  100% 

     Жұмыссыздықтың себебін анықтауда екі бағыт қалыптасқан:

  1. Неокласскалық концепция. А. Пигудің «Жұмыссыздық теориясы»(1938 ж.) атты кітабында жазылған. Оның негізгі қағидалары мынандай:
  • өндірістегі жұмысшылар саны жалақы деңгейіне кері тәуекелділікте болады, яғни жалақы жоғары болған сайын жұмыспен қамтылу қысқарады;
  • жұмыспен қамтуды арттыру үшін жалақы деңгейін қысқарту қажет.

    2. Кейнсиандық концепция.  Кейнс жұмыспен қамту көлемі еңбекке сұраныс, еңбек бағасымен емес, тауарлар мен қызметтерге тиімді сұраныс шамасымен анықталады деп түсіндірді. Кейнс бойынша жұмыспен қамту- бұл ұлттық өндіріс (табыс) көлемінің функциясы, тұтыну мен қор жиналымының ұлттық табыстағы үлесі.

          Кейнсиандық концепцияда екі маңызды қорытынды жасалады:

  • тауар мен ақша рыноктарындағы, еңбек рыноктарындағы жалақының, бағаның икемділігі толық жұмыспен қамтудың шарты бола алмайды, себебі, баға төмендеген сайын капитал иелерінің болашақтағы пайдаға қатысты күтулері де төмендей бастайды;
  • қоғамдағы жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін мемлекет белсенді араласыу қажет, өйткені, рыноктық күштер толық жұмыспен қамтуда теңдікті ұстап тұруға қабілетсіз.

 Жұмыссыздық  түрлері:

   Толық  жұмысбастылық  ұғымына  анықтама  берудің  алдында біз  жұмыссыздықтың  3  түрімен  танысуымыз  керек:

  1. фрикциондық (уақытша)- халықтың көшіп-қонуынан, мамандық ауыстырудан, өмірдің белгілі бір кезеңдеріне байланысты туындайтын жұмыссыздық. 
  2. құрылымдық  жұмыссыздық - өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты, жұмысшы күшіне сұранысының қысқаруынан пайда болады, оны кейде технологиялық жұмыссыздық деп атайды. Бұл екі жұмыссыздық түрі табиғи жұмыссыздық деп те аталады.
  3. циклдік жұмыссыздық экономикалық коньюктураның ауытқуымен байланысты, яғни өндірісінің құлдырауы жағдайында болатын жұмыссыздық.
 

    Толық жұмысбастылық ұғымы.

        Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың  мүлдем жоқтығы емес. Экономистер  уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты  болмай қоймайды деп санайды,  осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

        Толық жұмысбастылық кезіндегі  жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем, өйткені уақытшы жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек.

       Циклдік жұмыссыздық деңгейі  Uц фактілік u және u*  жұмыссыздық деңгейінің айырмасы түрінде анықталады: uц=u-u*

        1960ж. американ экономисі  А.Оукен  циклдік жұмыссыздық шамасы мен  ЖІӨ алшақтығы арасындағы  тұрақты байланысты анықтады, ол байланыс формуласы:

               y – Оукен параметрі  

        Бұл формуланың мәнін Оукен  заңы анықтайды; егер циклдық  жұмыссыздық 1% артса, ЖҰӨ көлемінің  артта қалуы 2,5% жетеді (1:2,5). Осылайша, бұл заң негізінде жұмыссыздық  кезіндегі өндірістің потенциалдық көлемінің абсолюттік шығындарын  есептеуге (мүмкін) болады.

Жұмыспен  қамту саласындағы мемлекеттік  саясат жұмыссыздық түрін анықтаудан басталуы қажет, мемлекет кез-келген жұмыссыздықпен емес, циклдық  жұмыссыздықпен күресуі  керек. Жұмыссыздықты қысқартып, жұмыспен қамтуды арттыру үшін инфлияциялық қауіпсіз әдістер қолданылады:

    1. бизнеске салық ставкілерін төмендету;
    2. бос жұмыс орындары туралы ақпараттар жүйесін жетілдіру;
    3. еңбек биржасы қызметін құру және жақмсарту;
    4. кадрларды қайта дайындау жүйесін дамыту;
    5. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
 
 
 
 
 
 

1 аралық бақылау  сұрақтары 

Вопрос1

Мыналардың ішінен ағынды айнымалыны табыңыз:

Ответ1

жұмыссыздар саны

Ответ 2

мемлекеттік қарыз 

Ответ 3

жұмысшылар саны

Ответ 4

жұмысшылардың жұмысын жоғалту саны

Ответ 5

тұтыну заты

Вопрос2

Макроэкономика  пәнінің дұрыс анықтамасын беріңіз:

Ответ 1

Қоғамдағы шектеулі материалдық игіліктер мен қызметтерді  тұтыну және қалыптасу туралы ғылым.

Ответ 2

Жеке ұсынысты зерттейтін ғылым.

Ответ 3

Төлем балансы тепе-теңдігін, инфляция деңгейін төмендету, ресурстардың толық қамтылуы мен тұрақты экономикалық өрлеудің жағдайын қамтамасыз  етуін зерттейтін экономикалық ғылымның саласы.

Ответ 4

Кәсіпорын мен  фирмаларға байланысты экономикалық және шаруашылық қатынастарының экономика ғылымының саласы.

Ответ 5

Жеке мүдделерді зерттейтін ғылым

Вопрос 3

Ауыспалы ағындар:

Ответ 1

Экономикадағы капитал көлемі.

Ответ 2

Ұлттық байлық көлемі.

Ответ 3

Мемлекеттік қарыз.

Ответ 4 

Елдің ішіндегі бір жылдағы тұтыну шығыстарының көлемі.

Ответ 5

Жұмысшылардың жалпы саны

Вопрос 4

Жеке салықты  алып тастағандағы жеке табыс:

Ответ 1

Таза өнім.

Ответ 2 

Қолда бар табыс

Ответ 3

Импорт

Ответ 4

Бағалар индексі

Ответ 5

Таза экспорт

Вопрос 5

ЖҰӨ берілген элементтерінің қайсысына процент мөлшері деңгейіндегі өзгерістер үлкен әсер етеді?

Ответ 1

Экспорт

Ответ 2

Тұтыну шығындары

Ответ 3 

Инвестиция

Ответ 4

Мемлекеттік шығындар

Ответ 5

Импорт

Вопрос 6

Қысқа мерзімді кезеңдегі ұсыныстың жағымсыз талықсытпасы (шок) көрсетеді:

Ответ 1

Шығарылым көлемі мен баға өсімі

Ответ 2

Шығарылым көлеміне әсер етпейді

Ответ 3

Шығарылым көлемінің  өсуі және бағаның төмендеуі

Ответ 4

Шығарылым көлемі және бағаның төмендеуі

Ответ 5

Шығарылым көлемінің  төмендеуі және баға өсімі

Вопрос 7

Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары:

Ответ 1

Субвенция көлемінің  өсуі

Ответ 2

Ақша массасы

Ответ 3

Технологиядағы  өзгеріс 

Ответ 4

Фирманың салық  салудағы өзгерісі

Ответ 5

Ресурс бағасының  өзгерісі

Вопрос 8

Елдегі бағаның  жалпы деңгейінің жоғарылауын қалай  деп атайды?

Ответ 1

Стагнация

Ответ 2

Сеньораж

Ответ 3

Инфляция

Ответ 4

Стагфляция

Ответ 5

Құлдырау

Вопрос 9

Мемлекеттік қаржыға  не жатпайды?

Информация о работе Экономика және қашықтықтан оқыту институты