Экономика және қашықтықтан оқыту институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 14:23, лекция

Описание работы

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика.doc

— 708.00 Кб (Скачать)

         Бұған қоса қосымша “Экономист”,  “Вопросы экономики”, “Российский  экономический журнал”, “Мировая  экономика и международные отношения”, “Вестник МГУ. Серия 6” және  Қазақстандық  журналдар “Аль-Пари”,  “Транзитная экономика” және т.б. мерзімдік баспалардан шығатын журналдар ұсынылады. 
 
 
 

    Бағалау жөніндегі ақпарат:

    «Экономикалық теория» пәні бойынша  бағалау 

Пән бойынша студенттердің  білімін бағалау  шкаласы 

1. Чат сабақ                                                               
  • Чат сабақтарға белсенді қатысу
  • Бақылау сұрақтарына жауап беру, практикалық тапсырмаларды толық орындау
  • on-line и off-line режимдерде  оқытушымен форум,  кеңес түріне белсенді қатысу                                                                     
30%

      6% 

14% 

10%

  1. СӨЖ (Реферат)                                                                               
3. Аралық бақылау 
10%

20%

Қорытынды тест (емтихан) 40%
   Барлығы: 100%
 
 

    Бағалау жөніндегі ақпарат:

    Қорытынды баға баллы:

  • Тапсырманы орындау  – 30%

    Сабақ саны – 9 теориялық сабақ, әрбір сабақ  тапсырмасын – практикалық сұрақтарға жауап дайындау (%) бойынша бағаланады.

    Практикалық тапсырманы орындау 14%-ға бағаланады. Чат-сабақтарға толық және белсенді қатысқан студент 6% алады. Кесте бойынша семестрде сіз 6 чат-сабаққа қатысуыңыз керек. Әр сабақ 1 %-ға бағаланады.

    on-line и off-line режимдерде  оқытушымен  кеңесу - 10% бағаланады. Әр тақырыпқа қатысты білімдеріңізді бақылауғы арналған сұрақтар келтірілген. Контент материалымен, негізгі және қосымша әдебиеттерде қамтылған курс тақырыптарымен танысып болған соң, сұрақтарға жауап беріп, жауаптарыңызды жіберіңіздер – 7 %-дан әр модульге дейін.

    Контентте келтірілген материалдар бойынша, реферат тақырыбын таңдауда, жоспарын құруда сұрақтарыңыз болса оқытушымен on-line и off-line режимдерінде міндетті түрде кеңесіңіз. Сіздің таңдаған тақырыбыңыз басқа студентпен таңдалған болса, сізге ескертіледі. Реферат тақырыбы қайталанбауы тиіс. Әр чат сабаққа тек қатысып қана қоймай, оқытушымен байланыста болуыңызға және кеңес сұрап, сұрақтарыңызға қатысты жауап алуға болады. Және оқытушымен кеңесу пайызына ие боласыз - 10%.

    1-2 модульдердің (аралық бақылау) сұрақтарына  жауап беру 20% бағаланады. Әр модуль сұрақтарына толық және дұрыс жауап берген жағдайда 10%-дан аласыз. Дұрыс жауаптарыңыз аз болған жағдайда  көрсеткіш кемиді. Аралық бақылауды бағалау кестесі контентте келтірілген. 

  • СӨЖ (Студенттің өзіндік жұмысы)  тапсырмасын орындау – 10%

     Әрбір студентке өзіндік жұмысты орындау  үшін  реферат  тақырыбы беріледі. Жұмыс дұрыс жазылған жағдайда 10 % бағаланады. Берілген тақырыптар тізімінен бүкіл семестрге 1 тақырыпты алу қажет. Оны дұрыс орындаған  жағдайда толық 10 балл қойылады. Мазмұны тақырыпқа сәйкес жазылған реферат жоғары бағаланады. Керісінше жағдайда бағаңыз кемітіледі.

 

    Аралық  бақылау  (20 сұрақ) 

    Тест  баллы     Әріптік жүйе бойынша бағалау     Пайыздық  мазмұны, %
    20     А     10
    19     А-     9
    18     В+     8
    17-16     В     7
    15-14     В-     6
    13     С+     5
    12     С     4
    11     С-     3
    10     Д+     2
    9     Д     1
    8-0     Ғ     0
 

    Емтихан бағалары (50 сұрақ) 

    Тест      Әріптік жүйе негізінде бағалау     Пайыздық  мөлшерлеме
    50-48     А     40%
    47-45     А-     38%
    44-41     В+     36%
    40-38     В     34%
    37-35     В-     32%
    34-31     С+     30%
    30     С+     28%
    29     С     26%
    28     С     24%
    27     С-     22%
    26     С-     20%
    25-23     D+     18%
    22     D+     16%
    21     D+     14%
    20     D+     12%
    19     D     10%
    18     D     8%
    17     D     6%
    16     D     4%
    15     D     2%
    14-0     F     0%
 

    Қорытынды бағалау 

    Әріптік жүйе бойынша бағалау     Балл     Пайыздық  мазмұны, %     Дәстүрлі  бағалау
    А     4,0     95-100     Өте жақсы
    А-     3,67     90-94
    В+     3,33     85-89     Жақсы
    В     3,0     80-84
    В-     2,67     75-79
    С+     2,33     70-74     Қанағаттанарлық
    С     2,0     65-69
    С-     1,67     60-64
    Д+     1,33     55-59
    Д     1,0     50-54
    Ғ     0     0-49     Қанағаттанарлықсыз
 

СӨЖ – Реферат жұмысына қойылатын негізгі  талаптар 

      Реферат жұмысын дайындау және оны қорғау негізінен мына тізбектелген кезеңдерден  құралады:

      1) тақырыпты таңдау және оны өз ғылыми жетекшісімен off-line, on- line режимдерінде оқытушымен нақтылау;

      2) әдебиеттерді сараптау және зерделеу;

      3) реферат жоспарын құру және оны оқытушымен келістіру;

      4) рефератты орындау;

      5) рефератты даярлауға қатысты жалпы талаптарды зерттеу және орындау;

      6) реферат жұмысын бағалауға оқытушыға  жіберу.

      Рефератты жазу үшін мына негізгі деректемелерді қолданған жөн: заң және атқарушы өкімет органдарының нормативтік-құқықтық актілері; статистикалық жинақтары  мен мәліметтері; кәсіпорындар мен  ұйымдардың құжаттары мен мәліметтері; мерзімді басылымдар деректері; оқу құралдары; ғылыми еңбектер мен монографиялар; интернеттен алынған ақпараттар. Ең алдымен пәнге қатысты әдебиеттермен танысу керек. Жұмысты қарқынды жүргізу үшін тақырыптық каталогтарды, сонымен қатар таңдалынған тақырыпқа қатысты дайын сарапталынған мәліметтерді қолданған жөн болады.

      Реферат жоспары жұмыстың құрылымын, мазмұнын, оның негізгі құрамдас бөлімдерінің логикалық байланысын бейнелейді. Жұмыс  жоспары кіріспеден, негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрылуы тиіс. Құрастырылған жұмыс жоспары осы жұмыстың «МАЗМҰНЫ» атты бөлігінде орнын табады. Кіріспеде шешімі қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға берілуіне, негіздемесіне және осы тақырыптың даярлануына қатысты бастапқы мәліметтеріне көңіл аударылғаны жөн. Сонымен қатар, кіріспеде тақырыптың өзектілігін аша отырып, реферат тақырыбының мақсаты мен міндеттерін айқындап алған жөн. 

      Рефераттың  негізгі бөлімі орындалған жұмыстың мәнін, әдістерін және негізгі нәтижелерін сипаттайтын мәліметтерден құралған жөн.

      Жұмыстың  негізгі бөлігі мынаны қамтиды:

   Зерттеу жұмысы, әдеттегідей, кіріспеден, бірнеше  тараулар мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттелетін мәселенің  маңыздылығын, зерттеу жұмысының мақсаты мен негізгі мазмұнын, әдебиет көздерін ашып көрсету керек.

   Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта  болады. Мұнда қарстырылатын категорияның мәні  мен мазмұны ашылу керек.

   Категорияға сипаттама бергенде нақты сандық материалды пайдалану қажет. Мысалы, мемлекеттік бюджетті сипаттағанда республиканың мемлекеттік бюджетінің ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі маңызына көңіл аудару керек. Мемлекет дамуының түрлі кезеңдеріндегі бұл категорияның маңызын ашатын тарихи сипаттағы мағлұматтарды келтіруге болады.

   Екінші  тарауда көбінесе нақты экономикалық механизмді пайдалануды ұйымдастыру  мәселелері қарастырылады. Мысалы, «Бюджет  тапшылығын басқару» тақырыбында бюджет тапшылығын қаржыландырудың тәртібі, принциптері, республикалық бюджеттің орындалуының нақты мәліметтері келтіріліп көрсетіледі.

Информация о работе Экономика және қашықтықтан оқыту институты