Үшінші
тараудың әртүрлі бағыттары болуы
мүмкін. Мәселен, зерттеу жұмысының
алдыңғы тарауларында көрсетілген
мәселелерді жақсарту жолдары көрсетілуі
мүмкін немесе қаржы институттарын
ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін
жазуға болады.
Қорытындыда
жұмыс мазмұнының негізгі мәселелері
көрсетіледі және зерттеудің нәтижелері
қорытындыланады.
Егер
зерттеу жұмысының мазмұны зерттеу
тақырыбын ашпаса немесе тақырыпқа
сәйкес келмесе, ол оқытушының шешімімен
қорғауға жіберілмейді және студентке
толықтыруға қайтарылады.
Қорытындыда
зерттеу нәтижесі бойынша түйінделген
қысқаша тұжырымдамалары берілген
жөн.
Реферат
мәтіні А4 формат, 14-шрифт бойынша
компьютер әрпімен терілген мәтіні
ретінді ұсынылғаны жөн. Жұмыстың жалпы
көлемі 15-20 беттен кем болмау керек. Парақ
беттеріндегі мәтіннің жазылу шегіне
қатысты мына өлшемдер сақталғаны тиіс:
сол жағы-3,0 см, оң жағы- 1,5 см, жоғарғы жағы-
20 см, төменгі жағы- 25 см.
Студенттер
контентте берілген реферат тақырыптары
тізімінің ішінен өздігінше бірін таңдауы
тиіс. Топ ішінде таңдап алынған тақырыптар
қайталанбауы тиіс. Рефератта қазақстан
Республикасы бойынша статистикалық мәліметтер
қамтылуы тиіс. Жұмысты жазу барысында
мерзімді баспасөзді кеңінен қолдану
ұсынылады. Реферат 10% пайыздық шама бойынша
бағаланады. Оның ішінде 7% пайызы жұмыстың
мазмұнына қатысты берілсе, қалған 3% пайызы
талапқа сай курстық жұмысты орындағаны
үшін беріледі.
Реферат
тақырыптары
- Қазақстан
Республикасының ұлттық есеп шоттары
- Жұмыссыздық
пен инфляцияның қысқа және ұзақ мерзімдік
кезеңдегі өзара байланысы
- Әлеуметтік-экономикалық
жоспарлаудың маңызы, мәні, формасы.
- Шетелдегі
экономикалық жоспарлаудың қалыптасуы
және ерекшеліктері.
- Макроэкономикалық
жоспарлау.
- Экономикалық
өсім және экономикалық құрылым.
- Бағаны мемлекеттік
реттеу және болжау.
- Бағаны мемлекеттік
реттеудің шетелдік тәжірибелері.
- Инфляция,
олардың түрлері және есептеу.
- Мемлекеттік
бюджет, оны жоспарлау.
-
Инфляция. Халықаралық тәжірибе
- ҚР- сындағы
инфляциялық процестерді реттеу қағидалары
- Қазақстанның
монетарлық саясаты
- Қазақстанның
валюталық саясаты
- ҚР- сының
ақша рыноктарындағы теңдік
- ҚР- ның ақша
саясатының құралдары
- ҚР- ның ақша
базасы мен агрегаттарын талдау
- Ақшаның
сандық теориясы
- Қор рыноғы
- Импортқа
тарифтер мен квоталарды салыстырмалы
талдау
- Макроэкономикалық
тұрақсыздық
- Қазақстанның
индустриалды даму ерекшеліктері
- Мемлекеттік
қарыз: оның пайда болу себептері
- Халықаралық
экономикалық интеграция
- Халықаралық
валюта жүйесі және валюта курсы
- Төлем балансы
және сауда балансы
- Қазақстанда
қор биржаларының қалыптасуы мен дамуы
- Ұлттық экономиканың
құрылымы
- Экономикалық
ауытқудың ішкі және сыртқы себептері
- Ақша ұсынымы.
Ақша мультипликаторы
- Жұмысшы
күшінің миграциясы
- Еңбек миграциясын
мемлекетік реттеу
- Индустриялы-
инновациялық стратегияның жүзеге
асыру барысы
- Халықаралық
валюта- қаржылық қатынастардың мәні
- Жалпы экономикалық
теңдестік: жиынтық сұраныс және жиынтық
ұсыныс
Курстық
жұмысқа қойылатын
негізгі талаптар
КІРІСПЕ
Курстық
жұмыс оқу жұмысының маңызды
формаларының бірі болып табылады және
студенттермен оқу жоспарына
сәйкес орындалады. Ол студенттердің
лекциялық курстардан, семинар және
практика сабақтарынан алған білімдерін
тереңдетуге шақырады және ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жетістіктерін ұштастыру
мен басылымдар дайындауға тәжірибе жинауға
мүмкіндік береді.
- Курстық
жұмысты аттестатциялау (бағалау)
тәртібі мен формалары
1.1.
Жұмыс мазмұнын талдаған соң,
сол сияқты студенттің баяндамасы
мен қойылған сұрақтарға берілген
жауабынан соң, комиссия мүшелері студентке
кредиттік жүйе бойынша баға қояды. (100
% - дан (70 % - мазмұнына, 30 % - қорғауына) әріптік
белгілеу бойынша.
1.2.
Алған баға факультеттің тестілеу
орталығынан берілген арнайы
ведомостқа және студенттің сынақ
кітапшасына қойылады.
1.3.
Курстық жұмыстың қорғалуға жіберілмеу
негіздеріне жұмыстың талаптарға
сәйкес келмеуі, мамандық бойынша
курстық жұмыс мазмұны мен
дайындығының сай болмауы немесе
себепсіз жағдайларға байланысты
жұмыстың ұсынылу уақытысынан кешіктірілуі
жатады.
1.4.
Курстық жұмысты себепсіз тапсырмаған
студент емтихан сессиясына жіберілмейді.
- Курстық
жұмысты дайындауы
және мазмұнының жалпы
талаптары
2.1.Курстық
жұмыс мазмұны студенттің жеткілікті
жоғарғы деңгейдегі теориялық
дайындығын білдіруі қажет, яғни автордың
жұмыс тақырыбы бойынша қажетті білімдерінің
болуы, берілген курсты игеруі т.т. Жұмыста
айқын (анық) жоспарының болуы, дұрыс құрылған
библиография, әдеби тілмен, ойға қонымды,
сауатты жазылған және дұрыс безендірілген
инструменталды аппараттарының болуы
қажет.
2.2.
Курстық жұмыс келесі құрылымнан
тұрады:
- Титулдық
бет (бірінші бет)
- Жұмыс жоспары
- Кіріспе
- Негізгі мазмұны
(негізгі сұрақтар баяндамасы)
- Қорытынды
- Қолданылған
әдебиеттер тізімі (библиография)
- Қосымша (суреттер,
сызбалар, кестелер).
2.3.
Курстық жұмыс № 1 қосымшамен
келісілген титулдық беттен және
хаттамадан (хаттама титулдық беттен
кейін орналасады) тұрады.
2.4.
Курстық жұмыс келесі талаптарды
сақтай отырып компьютерде теріледі:
- Жұмыс А4 стандартты
форматында келесі түрде басылады: сол
жағы – 30мм, жоғары – 15мм, төмен жағы –
20мм, оң жағы – 10мм (шрифт көлемі – 14 бөлім,
қатар аралығы интервалы – бір жарым,
беттің нөмірленуі – алмаспайтын (сквозная)).
Курстық жұмыс ұсынылатын көлемі 20 беттен
кем емес.
- Жұмыс қол
жазба түрінде де орындалады: текст стандартты
беттің бір бетіне 900 белгі түсетіндей
есеппен, яғни 1,5 бет қол жазбаның компьютерде
терілген 1 бетіне сәйкес келетіндей қатынаста
жазылады.
2.5.
Кіріспе 2-3 беттен тұрады, онда
зерттелетін мәселе сипатталады,
таңдалып алынған тақырыптың мәні мен
өзектілігі негізделеді, зерттеу мақсаты
мен міндеті қалыптасады.
2.6.
Негізгі бөлімде әр түрлі авторлар
ұсынған көзқарастар таңдалып, оны
шешуге сілтемелер жасалып, мәселелер
қалыптасады және автордың өз
позициясы ұсынылып, негізделеді. Берілген
бөлім жұмыс жоспарына сәйкес тарауларға,
ол бөлімдерге, бөлімдердің өзі бөлімдерге
бөлінеді.
2.7.
Қорытындыда жұмыс нәтижесі бейнеленеді,
автор алдына қойылған мәселелерді
шешу деңгейі және берілген
зерттеу шеңберіндегі әрі қарайғы
мүмкін бағыттары сипатталады.
2.8.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде
(библиографияда) тақырып бойынша
негізгі көздер, статистикалық басылымдар,
монографиялық зерттеулер көрсетіледі.
Толық библиографияның құрылуы
үшін ғылыми журналдарда, ғылыми
статьялар жинақтарындағы маңызды статьялар
ұсынылады. Жұмыстың библиографиялық
сипаты нақты және толық болу керек. Онда
авторлар фамилиясы мен инициалы немесе
редактор титулы, кітаптың толық атауы,
шыққан жерін, шыққан жылы және баспасын
толық көрсетіледі. Бибилиографияға статьяны
пайдаланғанда автордың фамилиясының
инициалын, статьяның толық атауын, журнал
атауын шыққан жылы мен нөмірін, статья
жарналанған бетін көрсету маңызды.
2.9.
Тақырыпты талдауда көлемді статистикалық
материалдарды ұсыну үшін курстық
жұмыста қосымша болуы мүмкін, яғни жұмыс
тексінде талданып көрстеілген материалдар
беріледі. Курстық жұмыста қосымша (кестелер,
графиктер, сызбалар) қорытындыдан кейін
орналасады, жұмыс тексінде нөмірленеді
(мысалы, қосымша 1, кесте 1 және т.б.). қосымша
жұмыстың мөлшерлемелік көлеміне кіргізілмейді.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталады.
2.10.
Жұмыста келтірілген кестелер, барлық
цытаталар, фактілік берілгендерде
түсірмелер (сноска) көрсетілуі қажет.
Кітаптар мен статьяларды түсірме
түрінде көрсеткенде библтографияны
құрудағы талаптарға сәйкес келуі керек.
Интернеттен алынған мәліметтерге сілтеулер
жасалады.
- Курстық
жұмыстың
3.1.
Курстық жұмыста студенттің ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жетістіктерін игеру
деңгейі бейнеленуі керек және оларды
тәжірибеде қолдана білу, таңдалған тақырып
бойынша әдебиеттерді (отандық және шетелдік)
білу, сол сияқты өз жұмысының нәтижелерін
текстке анық баяндай білуі қажет.
3.2.
Курстық жұмыс үшін теориялық,
әдістемелік және практикалық бөлігі
міндетті болып есептеледі.
Таңдалған
тақырып бойынша теориялық және
әдістемелік бөлім келесі зерттеу
бағдарламасынан тұрады:
- Зерттеу мақсатының
тұжырымдамасы;
- Мәселенің
зерттелу деңгейін талдау, тақырып бойынша
әдебиеттерге шолу;
- Зерттеу объектісінің
сипаты;
- Мәселенің
қойылуы;
- Үлгілер сипаты.
Практикалық
бөлім зерттеу нәтижелерін талдаумен
толықтырылады. Ол статистикалық және
басқа да ақпараттар бойынша студенттердің
жасаған есептеулері немесе бұрын
жүргізілген зерттеулер негізіндегі
зерттеу объектісі сипатталады.
№1 Қосымша
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ
АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:
«Экономикалық теория және мемлекеттік
басқару»
К
У Р С Т Ы
Қ Ж Ұ М
Ы С
Тақырыбы:
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамуы мен басқарудың тиімділігі
Орындаған:
____________________________________
Оқу тобы:______________________________________
Ғылыми
жетекші: _______________________________
Қорғауға
жіберілді: «_____»________________200__ж
Қорғалды:
«_____»________________200__ж
Қызылорда
2011 ж.
№ 2 Қосымша
Қолданылған
әдебиеттердің библиографиялық
сипаты
І.
Нормативтік актілер, құжаттар
- Қазақстан
Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік
басқару туралы » Заңы 2001 жыл 23 қаңтар.
- Алиев У.Ж.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру
жолдары Алматы: Ғылым, 1996 – 13 б.
- Мамыров Н.К.,
Кулекеев Ж.А., Тлеужанова М.А. Макроэкономика.
– А., «Экономика», 2000.
ІІІ.
Мерзімдік басылымдар
1.
Симкин Л. Қазақстан Республикасындағы
демографиялық жағдай // Альпари 1998 ж №5
30-40 б.
IV.
Статистикалық жинақтар
1.
ҚР-ғы еңбек рыногының жағдайы.
– Статистика // Егемен Қазақстан,
2008 ж №45 20 наурыз.
V.
Интернет көздерінен
№3
Қосымша
Курстық
жұмысты толтыру
үлгісі
Тақырыбы:
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамуы мен басқарудың тиімділігі
ЖҰМЫС
ЖОСПАРЫ
|
беті |
Кіріспе |
3-4 |
|
|
І. Аймақтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайлары
|
5-13 |
1.1. Аймақтық
саясат ерекшеліктері |
|
1.2. Қызылорда
облысының әлеуметтік-экономикалық
дамуына талдау |
|
1.3. Аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуында
жергілікті өзін-өзі басқарудың
рөлі |
|
|
|
ІІ. Аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен
басқарудың тиімділігін арттыру
жолдары |
14-21 |
2.1. Ауыл
аймақтарды дамытудың негізгі бағыттары |
|
2.2. Аймақтарды
басқарудың тиімділігін арттыру
жолдары |
|
|
|
Қорытынды |
22-23 |
|
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
24-25 |
|
|
Қосымшалар |
26-30 |