Экономика және қашықтықтан оқыту институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 14:23, лекция

Описание работы

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика.doc

— 708.00 Кб (Скачать)
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    «Макроэкономика » пәнінен курстық  жұмыс тақырыптары: 

    
  1. Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның ЖҰӨ динамикасын талдау
  2. ҚР айырбас бағамы мен есептік қойылымды реттеу
  3. Айырбас бағам, халықаралық капитал ағамы және сауда балансы
  4. ҚР мемлекеттік қарыздар мәселесі
  5. ҚР ақша-несие саясатының ерекшеліктері
  6. ҚР сыртқы сауда байланысының сипаттамалық белгілері
  7. ҚР фискальдық саясаты
  8. ҚР шағын бизнестің дамуы мен және оның экономикалық өсудегі рөлі
  9. Экономиканың нақты саласына инвестиция салу, жаңа технлогиялар мен реструктуризацияны меңгеру
  10. ҚР еңбекке сұраныс, артық жұмысбастылық, еңбек ақы бойынша төлем қабілетсіздік
  11. ҚР халық табысы мен шығындар динамикасы және құрылымы
  12. ҚР қаржы нарықтарын талдау
  13. ҚР төлем қабілетсіздік мәселелері
  14. Соңғы бес жылдағы ҚР негізгі макроэкономикалық агрегаттар динамикасын талдау (жинақ, тұтыну, инвестиция)
  15. ҚР салық салу жүйесін реформалау
  16. ҚР сыртқы сауда саясатының тауар, капитал және шикізат ағымдарына әсері
  17. ҚР сыртқы сауда ұйымына кіру: мәселелер мен перспективалар
  18. ҚР зейнетақы жүйесін реформалау
  19. ҚР индустриалды-инновациялық саясаты
  20. ҚР экономикалық өсуі: факторлар, кезеңдер және ерекшеліктері
  21. ҚР антимонополиялық реттеу және оның мемлекет экономикасының тұрақты дамуындағы рөлі
  22. ҚР экономикасыныңаймақаралық ерекшеліктері
  23. Монетарлық саясаттың экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі
  24. ҚР банктік жүйесінің дамуы
  25. ҚР депозиттерді сақтандыру және халоық жинақтарының динамикасы
  26. Рыноктық үдеріске мемлекеттің араласуының экономикалық нәтижелігі мен шегі.
  27. Рыноктық экономиканың дамуының циклдылығының ерекшеліктері, оның экономикалық теориядағы көрінісі.
  28. Ақша ұсынысының үлгілері. Ақша мультипликаторы.
  29. Ұлттық банктің дискрециялық ақша-несие саясаты.
  30. Банктік сектордың қаржылық жүйедегі орны мен оның макроэкономикалық қызметтері.
  31. Бағалы қағаздар рыногының макроэкономикалық рөлі мен қызметтері.
  32. Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу, оның нәтижелігін арттыру міндетері.
  33. Рыноктық экономикадағы салықтар, салық жүйесі. Салық салудың нәтижелілігі мәселелері.
  34. Қазақстанның салық салу жүйесінің ерекшеліктері: даму мен жетілдіру мәселелері.
  35. Мемлекеттік бюджет және оның құрылымы. Қазақстанның мемлекеттік бюджетін теңестіру мәселелері.
  36. Мемлекеттік бюджет профициті. Тұрақтандыру қоры макроэкономикалық реттеу құралы ретінде.
  37. Рыноктық экономиканы табыстарда бөлудің теңсіздігін теңсіздігін өлшеу мәселесі және мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігі (Қазақстан  және басқа елдер мысалының негізінде).
  38. Экономикалық өсу, оның түрлері, факторлары. Экономикалық өсудің институционалдық факторлары.
  39. Қазақстандағы экономикалық өсу: негізгі көрсеткіштері мен қарқыны.
  40. Халықаралық сауданың негізгі теориялары және Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары.
  41. Төлем балансы және оның макроэкономикалық маңызы. Төлем балансының тегерілімділік мәселесі.
  42. Номиналды және нақты валюта айырбас бағамы.
  43. Тұтыну теориялары мен үлгілері.
  44. Макроэкономикалық теңдік пен оның тұрақтылығы.
  45. Кейнсиандық макроэкономикалық үлгі.
 
 
 
 

      1 модуль тақырыптары 

Тақырып № 1. Макроэкономикаға кіріспе: пәні және бастапқы түсініктер.

  1. Макроэкономика түсінігі
  2. Макроэкономикалық талдаудың мақсаттары мен құралдары
 

        Тақырып № 2.Негізгі  макроэкономикалық  көрсеткіштер

  1. ЖҰӨ және ЖІӨ (түрлері мен есептеу әдістері)
  2. Дефлятор және баға индексі
  3. Ұлттық есеп шоттың басқа көрсеткіштері (ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ОТ)

       

       Тақырып №3. Макроэкономикалық  теңдік.

  1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс
  2. Тауар рыногындағы теңдік жағдайлары: IS қисығы
  3. Тұтыну, қор жинау, инвестиция функциялары
  4. Мультипликатор эффектісі
 

         Тақырып №4. Жұмыссыздық-  макроэкономикалық  тұрақсыздықтың формасы.  Жұмыспен қамтуды  мемлекеттік реттеу.  

  1. Жұмыссыздық және оның қазіргі замаңғы жағдайы.
  2. Жұмыссыздық себептері.
  3. Жұмыссыздық түрлері мен оның көрсеткіштері. Оукен заңы.
  4. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат.
 
 

1-ші  модуль бойынша  практикалық тапсырмалар  тізімі

(негізгі  және қосымша әдебиеттерді, лекциялық материалдарды қолдана отырып сұрақтарға жауаптарыңызды жазып жіберіңіздер) 

Практикалық чат сабақ №1

  1. Макроэкономика ғылымы қалай пайда болды?
  2. Макроэкономика  нені оқытады?
  3. Макроэкономиканың ғылым ретінде даму тарихына сипаттама беріңіз.
  4. Экономикалық үлгіде айнымалылар қалай өзгереді?
 

Практикалық чат сабақ №2

    1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
    2. ЖҰӨ дефляторы мен ТБИ. Фишер индексі
 

Практикалық чат сабақ №3

  1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа талдау жасаңыз.
  2. IS моделіне сипаттама беріңіз.
  3. Үй шаруашылығының табысы дегеніміз не?
  4. Инвестиция мен пайыздық ставканың арасындағы байланысқа сипаттама беріңіз.
  5. Мультипликатор және акселератор дегеніміз не?
 
 

Практикалық чат сабақ №4 

      1. Жұмыссыздық себептері.

      2. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері 

1 модуль тақырыптары

Тақырып № 1. Макроэкономикаға кіріспе: пәні және бастапқы түсініктер. 

    1.Макроэкономика  түсінігі

    2.Макроэкономикалық  талдаудың мақсаттары  мен құралдары 

   Макроэкономика  курсының мемлекет экономикасында орын алған өзекті экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Курсты оқып-үйрену экономикалық құбылыстарды талдап-болжауды үйретіп, іс-тәжірибелік маңызы зор ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Макроэкономика экономиканы біртұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. 

   Макроталдауда басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды.

   Макроэкономиканың мақсаты – экономикалық өсу (нақты ЖҰӨ-нің өсуі); жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейі; баға деңгейінің тұрақтылығы; сыртқыэкономикалық тепе-теңдік.

   Макроэкономиканың құралдары:

  • фискалдық саясат, оның ішінде үкіметтік шығындар мен салықтар;
  • ақша саясаты (ақша массасының өсуін тежеу немесе ақша массасының өсуін жеделдету);
  • табыстарды реттеу саясаты;
  • сыртқыэкономикалық саясат.

   XXII-XIXғғ. Давид Юм төлем балансына монетаристік  көзқарастың негізін қалады. Ол  ақша саясаты мен халықаралық  сауданың өзара байланысын талдай  келе, сандық ақша теориясын дамытты.  Бірақ, осыған қарамастан, макроэкономика XIX ғасырға дейін дербес пән  болып табылмады. Экономикалық құбылыстарды өңдеп-жүйелеу үшін ақпараттық деректер банкін құру қажет болды. Ол үкімет орындарының белсенді қолдауымен жедел дами бастады. Бұған ең алдымен бірінші дүниежүзілік соғыс, сондай-ақ экономикадағы іскерлік циклдері ұдайы қайталанып, бірнеше фазадан - өрлеу, құлдырау, дағдарыс, жандану – тұратындығының бұлтартпас дәлелі түрткі болды.

   Бұл мәселені британ экономисі Дж.М. Кейнс  өзінің 1936 жылы жазған «Жалпы жұмысбастылық, пайыз және ақша теориясыны» атты кітабында сәтті шешіп берді. 70 жылдарға дейін Кейнстің нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу туралы ілімі ең басты ілімдердің бірі болды. 70 жылдардағы стагфляцияға, бір жағынан, жоғары дәрежелі инфляциямен, екінші жағынан, жұмыссыздық деңгейінің өсуімен сипатталған нарықтық экономиканың тұрақсыз дамуы себеп болды. Осындай жағдайда Дж. Кейнс ілімінің теориялық қағидалары макроэкономикалық мәселенің шешімін таппады. Бұл жағдайға байланысты, американ экономистерінің бірі Милтон Фридман А.Шварцпен бірлесіп жазған «АҚШ-тағы монетаризм тарихы» кітабында «монетаризмге» арналған жаңа идеяларын насихаттады. 70 жылдардың соңы – 80 жылдардың орта шенінде Р.Лукас пен Р. Барро тұтынушылардың келешек экономикалық құбылыстарды «ұтымды әдіспен» күтуіне негізделген «Ұтымды (рационал) күтім» концепциясын дамытты. Келесі ғылыми тұжырым Дж. Бьюкеннің қоғамдық таңдау теориясына арналды. Бұл теорияның өкілдері мемлекетке біртұтас органикалық жүйе ретінде қарауды теріске шығарды, бірақ олар оны нарық үрдісінің кемшіліктерін өздігінен реттеуші механизм ретінде де қарастырмады. Бұған қоса, белсенді мемлекеттік реттеуді қолдайтын «неокейнсшілдер» сияқты ағымдар да бар. Қорыта айтқанда, макроэкономика – ілгері дамып келе жатқан ғылым. Ол көптеген пікір-таластарды қамтиды, және олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені, кез-келген елдің экономикасының өзіндік ерекшеліктері бар, талдау барысында оларға жіті көңіл аудару қажет.

   Экономикалық  үлгі экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажетті алғышарттардан тұрады. Үлгіні экономикалық шарттардың өзгеруі және сатып алынатын игіліктердің құны мен көлеміне өзгерістер енгізетінін анықтау, жорамалдау үшін пайдаланамыз. Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез-келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ, жалпылама осындай үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады. Экономикалық айнымалылар – бұл әртүрлі мәндерге ие бола алатын өзгеретін өлшемдерді немесе ақша сомаларын айтамыз.

   Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, олар үлгі құрылмай тұрып объективті қызмет ететін айнымалылар. Эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады.

       

     Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал, түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді айнымалылар деп аталады. Негізгі мақсат-эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады. Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық мәселелерді шешудегі жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.   
 

Тақырып № 2. Негізгі  макроэкономикалық  көрсеткіштер 

  1. ЖҰӨ және ЖІӨ (түрлері  мен есептеу әдістері).
  2. Дефлятор және баға индексі.
  3. Ұлттық есеп шоттың басқа көрсеткіштері (ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ОТ)
 

          1. Кез келген ғылым сияқты макроэкономика  да теориялардың өзара байланысы  мен бақылауларға бағытталған.  Сол себепті, макроэкономикалық  теорияны зерттеу мақсаты бұл  экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан.

          Макроэкономикалық теориядағы ортылық  орында шаруашылық қызметінің  экономикалық нәтижелерін жинақталған  күйде бейнелейтін статистикалық  көрсеткіштер алады. Әрбір пән, оның ішінде макроэкономика, экономикалық жалпы ахуалын ғылыми зерттеуге қажетті арнайы анықтамалардың кең көлемін қарастырады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер:

  • Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);
  • Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ);
  • Таза ұлттық өнім (ТҰӨ);
  • Ұлттық табыс (ҰТ);
  • Жеке және орналастырылған табыс;
  • Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) және т.б.
 

     Макроэкономикалық талдауда келесі  көрсеткіштер кеңінен пайдаланылады:  жинақтық өнім және ұлттық табыс. Жинақтық өнімнің екі түрі бар: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Екеуі де- көрсетілген уақыт ішінде қоғам қанша өнім және қызмет өндіргенін анықтайды.

Информация о работе Экономика және қашықтықтан оқыту институты