Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 14:23, лекция
Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді
Сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайтын, тек ішкі мүмкіндіктеріне сенетін жабық экономикада жиынтық сұраныс былайша бейнеленеді: AD=C+I+G; Ашық экономикада жиынтық сұраныс тек тұтыну, инвестицияны және мемлекетті ғана қоспай, сол сияқты таза экспортты қосады: AD=C+I+G+Nx.
AD
қисығы кері тәуелділікке
Түрлі факторлардың өзгеруі жиынтық сұраныс қисығының солға немесе оңға ауысуына әсер етеді. Мысалы, AD қисығы оңға ақша ұсынысын бақылайтын елдегі орталық банк ақша массасының көлемін арттырған жағдайда ауысар еді. Одан әрі қарай ақша ұсынысының өсуі фирмалар тарапынан инвестициялық сұранысты ынталандырады, ол өз кезегінде өндіріс көлемін арттырады. Егер қандай да бір ел экономикасында дағдарыс болса, AD қисығы солға төмен қарай ауысады.
Жиынтық
ұсыныс – (AS қисығы) рыноктағы
қандай да бір баға деңгейіндегі өндірістің
жалпы көлемі. Яғни, жиынтық ұсыныс – экономикалық
жүйеде қалыптасқан баға деңгейінде барлық
өндірушілердің нақты өндірген өнімінің
шамасы.
Р
А)
В) тік н/се классикалық
О Y1 Y2 Y
Көлбеу немесе кейнсиандық бөлікте барлық өндіріс факторлары толық пайдаланылмайды. Өнім өндіру үшін фирмалар өндірістің негізгі факторын еңбек (L) және капитал (К) қолданылады. Қысқа мерзімді кезеңде еңбек өзгермелі шамада, ал капитал тұрақты шама бола отырып, берілген қуаттылық шегінен шыға алмайды. Олар шығарылған өнім көлемін қосымша еңбек ресурстарын пайдалана отырып арттыра алады. Сондықтан да қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы капиталдың өзгермейтіндігін бейнелейтін горизонтальді сызық болады.
Өсуші немесе аралық бөлік өндіріске бос факторларды тартумен сипатталады. Ол шығындарды арттырып, өнім құнының өсуіне әсер етеді.
Тік немесе классикалық бөлікте толық жұмыспен қамту жағдайында өндіріс көлемі максимальді деңгейге жетіп, экономикада барлық өндірістік факторлар қолданылады. Осылайша, AS қисығы баға деңгейінің өзгеруіне қарай өнім бірлігіне жұмсалатын өндіріс шығындарының динамикасын бейнелейді. AS және AD қисығының қиылысуы экономикадағы теңестірілген шығарылым көлемі мен баға деңгейін анықтайды.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтары кейнсиандық бөлікте қиылысты делік:
Р AD0 AD1 AS Жиынтық сұраныстың AD0-ден AD1-ге
Р0
О Y0 Y1 Y ға өсімін туғызбайды.
Жиынтық сұраныстың өсуі өспелі бөлікте
басқаша өтеді.
Р
AD0
гейі де өседі.
Р1
Р0
О
Y0
Y1 Y
Классикалық
бөлікте барлық өндіріс факторлары
тартылады. Жиынтық сұраныс өскенде
өндіріс көлемі мен жұмыспен қамтылғандар
саны байқалмайды. Мұнда өндіріс өзінің
потенциалдық Y* деңгейіне жетеді, алайда
баға күрт өседі.
Р
AD0 AD1
AS
Р1
Р0
О
Жиынтық
сұраныс тек қана артып қана қоймай,
төмендейді де. Мұндай жағдайда храповик
эффектісі іске қосылады.
Р AD1 AD0 AS
Е2 Е0
Р0
Р1
О
Y2 Y1
Y* Y
Алғашқы жиынтық сұраныс AD0-де Е0 теңдік нүктесінде Y* өндіріс көлемі мен Р0 баға деңгейі қалыптасады. Жиынтық сұраныстың AD1 деңгейіне дейін қысқаруында теңдік Е 1 нүктесіне, өндіріс көлемі Y1, баға деңгейі Р1-ге ауысуы керек еді, алайда нақты экономикада баға деңгейі өзгермегендіктен олай болмайды. Теңдік Е2 нүктесінде қалыптасады, баға бұрыннүктесінде қалыптасады, баға бұрынғы деңгейде қалады, ал өндіріс көлемі Y2 деңгейіне дейін қысқарады.
2. Жиынтық сұраныс тең болады: AD=C(Y)+I(i).
Жиынтық ұсыныс шығарылған өндіріс көлеміне тең немесе жиынтық ұлттық табысқа тең. Оны халық тұтынуға және қор жиналымына пайдаланады:
AD=C(Y)+S(Y);
Тауар рыноктарындағы теңдік AD=AS келесі теңдік сақталғанда жүзеге асады:
AD=AS C(Y)+I(i)=C(Y)+S(Y) I(i)=S(Y).
Қор жиналымы мен инвестиция арасындағы теңдік I және S қисықтарының қиылысу нүктесінде қалыптасады. IS моделі инвестиция мен қор жиналымы моделі деп аталады. Бұл модель инвестициялар қор жиналымына тең болатын жағдайды анықтауға мүмкіндік береді. Егер I(i)=S(Y) болса, модель пайыздық ставкі мен табыс деңгейінің арасындағы байланысты анықтайды. Бұл модельді Хикс қисығы деп, ағылшын экономисі Дж. Хикстің атымен атайды.
%
О
3. Үй шаруашылығының табысы екіге бөлінеді:
тұтыну - С және қор жиналымы – S;
Y=C+S; Y- ұлттық
(орналастырылған) табыс.
Тұтыну мен қор жиналымы табыс мөлшеріне тәуелді. Сондықтан да, тұтыну мөлшерінің табыс шамасына қатынасы халықтың тұтынуға орташа бейімділігін анықтайды (АРС):
АРС=C/Y
Жасалған қор жиналымының табыс шамасына қатынасы қор жиналымына орташа бейімділікті анықтайды (АРS):
АРS=S/Y
Тұтынудың өзгеруі мен оны туғызған табыстың өзгеруінің арақатынасы тұтынуға шекті бейімділік деп аталады: MPC=ΔC/ΔY, яғни табыс өсімі / тұтыну өсімі.
Қор жиналымы өзгерісінің табыстың өзгерісіне қатынасы қор жиналымына шекті бейімділікті анықтайды: MPS=ΔS/ΔY;
ΔC+ΔS=ΔY, онда (ΔC/ΔY)+(ΔS/ΔY)=1 немесе MPC+ MPS=1.
Тұтыну – С мен табыс - Y арасындағы қатынас былайша бейнеленуі мүмкін: С=Ca+C(Y) немесе С=Ca+MPC, мұндағы Ca- бұл үй шаруашылығының табыстары нөлге тең болған жағдайдағы тұтыну деңгейі, ол автономиялық тұтыну деп аталады.
Егер қор жиналымы сұранысты қысқартса, инвестициялар арттырады.
Инвестиция және пайыздық ставка. Мысалы: фирма 1 жыл қызмет ететін құны 10 000долл. машиналар мен жабдықтар сатып алғысы келді. Есептеулер фирмаға өнім өндірісін ұлғайтуға және 11 000долл. көлемінде түсім алатындығын көрсетеді. Яғни, болжанатын (күтілетін) пайда нормасы 10%-ға тең (1000/10000). Мұны фирма банктік пайыз ставкасымен салыстыруы қажет.
%
I=I(i)
O I жеттен немесе сыртқы заемдардан қаржы-
Индуитивтік
инвестициялардың ерекшелігі, олар ұлттық
табыс өсіміне функционалды тәуелді
болады. Iu=f(ΔY). Егер ұлттық табыс
және жиынтық сұраныс өзгермесе, индуитивтік
инвестициялар жасалмайды. Бұл екі көрсеткіштің
арасындағы тәуелділік инвестициялауға
шекті бейімділік деп аталады: MPI=ΔI/ΔY;
ΔI – инвестициялық өсім; ΔY – табыс өсімі.
I
I - таза
O
4. Мультипликатор – көбейткіш деген мағынаны береді. Кейнсиандық мультипликатор инвестиция өсімінің шығарылым мен табыс өсіміне қалай әсер ететіндігін көрсетеді. Бұл әсер әдетте бейнеленеді:
ΔY=K*ΔI,
ΔY-табыс
өсімі, ΔI- инвестиция өсімі, K- мультипликатор.
Мультипликатордың жалпы формуласы:
Информация о работе Экономика және қашықтықтан оқыту институты