Экономика және қашықтықтан оқыту институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 14:23, лекция

Описание работы

Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді

Работа содержит 1 файл

Макроэкономика.doc

— 708.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Қорқыт  Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университеті 
 
 
 

      
 
 

Экономика және қашықтықтан  оқыту институты 
 

КОНТЕНТ 
 

Пән –    Макроэкономика

Мамандығы – 5В050800 - «Есеп және аудит»

Курс- 1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қызылорда - 2011 ж.

МАКРОЭКОНОМИКА

Көлемі  3 кредит (135 сағат) Авторлары:

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент М. Тілеужанова

аға оқытушы  Г.М.Имранова экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.М.Мухамедиев аға оқытушы Б.Р. Сырлыбаева

Пікір жазғандар:

экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Чан экономика ғылымдарының докторы, профессор М.С. Тулегенова

АЛҒЫ  СЉЗ

       Пәнді оқыту мақсаты. Экономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен модельдер түрінде жүйелеп-қорытуға ұмтылады. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ажыратады. Макроэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтық ұзақ мерзімді өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін (ауытқуларын) зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадағы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мынадай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с. Қазақстан Республикасы егемендік алып, нарықтық қатынастарға бет бұрғалы бірнеше жыл өтті. Егер бұрын елімізге экономикалық дағдарыс, инфляция, жұмыссыздық тән болып, қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуді талап етсе, бүгінде экономикалық өсу мен ұлттық экономиканың тұрлаулы дамуы басты мұратқа айналып отыр. Осының бәрі болашақ маманның макроэкономикалық талдау қағидаларын меңгеруін талап етеді.

       Пәнді зерттеп-білу міндеттері. Аталмыш пәнді зерттеп білудің негізгі міндеті - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика модельдері сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану методологиясына айрықша назар аудара отырып, студенттерге қазіргі заманғы макроэкономикалық талдаудың басты қағидаларын үйрету.

    Өнеркәсібі  дамыған елдердің тағлымы қайсыбір саясатты жүргізудің барлық - алыс-жақын - салдарларын ескеру маңызын ашып берді, сондықтан да макроэкономиканың келесі міндеті- өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан талдау мен ғылыми болжау жасау.

       Енді  бір міндет – шәкірттердің алған білімдерін микро- және, әсіресе, макродеңгейде табысты қолданып, тәжірибеде ұштастыруы. Сонымен, олар экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстар мен осы курста берілетін экономикалық-математикалық модельдерге сүйене отырып, нақты жайттарды талдау үдістерін игеруі тиіс.

       Курстың алдында оқытылатын пәндер. Экономикалық ілімдер тарихы; экономикалық теория; жалпы статистика теориясы; микроэкономика; экономикадағы математика, экономикадағы модельдеу, информатика негіздері іспеттес экономикалық-математикалық пәндер блогы;

       Сабақтас пәндер және олардың аталмыш пәнмен өзара байланысы. Ақша, несие, банктер; қаржы-қаражат; эконометрика; халықаралық экономика; мемлекеттік реттеу. Осы пәндер аясында зерттелетін құбылыстар танып-білу үшін макроэкономика шеңберінде берілетін іргелі білім қажет.

              ПӘН МАЗМҰНЫ

       Кіріспе

       Макроэкономика  курсының мемлекет экономикасында орын алған өзекті экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Курсты оқып-үйрену экономикалық құбылыстарды талдап-болжауды үйретіп, іс-тәжірибелік (практикалық) маңызы зор ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

       Макроэкономиканың ғылым ретінде даму тарихы. ХХШ-ХІХ ғғ. Давид Юм төлем балансына монетаристік көзқарастың негізін қалады. Ол ақша саясаты мен халықаралық сауданың өзара байланысын талдай келе, сандық ақша теориясын дамытты.

       Бірақ, осыған қарамастан, макроэкономика ХІХ  ғасырға дейін дербес пән ретінде  танылмады. Экономикалдық құбылыстарды жүйелеу үшін ақпараттық деректер банкін құру қажет болды. Ол үкімет орындарының  белсенді қолдауымен жедел дами бастады. Бұған ең алдымен бірінші дүниежүзілік соғыс, сондай-ақ экономикадағы іскерлік циклдері ұдайы қайталанып, бірнеше фазадан - өрлеу, құлдырау, дағдарыс және жандану - тұратындығының бұлтартпас дәлелі түрткі болды.

       Ұлы дағдарыстың бұл сабағы өткен ғасырдың 30-жылдары қолданылған экономикалық үдістер мен нарықтық механизмдердің дәйексіздігін көрсетті. 30-жылдардағы бүкіл дүниежүзілік дағдарыспен күресудің мүлдем жаңа айла-тәсілдерін іздестіру мәселесі туындады. Жалпы бұл мәселені британ экономисі Джон Мейнарды Кейнс өзініћ 1936 жылы жазған «Жалпы жұмысбастылық, пайыз және ақша теориясы" атты кітабында сәтті шешіп берді.

       Екі онжыддықтан астам уақыт бойы (70-жылдарға дейін) Кейнстің нарықтық экономиканы  мемлекеттік реттеу туралы ілімі ең басты ілімдердің бірі болды. Ұлттық экономикалардың циклді дамуына сәйкес, өрлеу кезеңінен өткен өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалары стагфляцияға душар болды. 70-жылдардағы стагфляцияға, бір жағынан, жоғары дәрежелі инфляциямен, ал екінші жағынан, жұмыссыздық деңгейінің өсумен сипатталған нарықтық экономиканың тұрақсыз дамуы себеп болды.

       Осындай жағдайда Д.Кейнс ілімінің теориялық  қағидалары макроэкономикалық мәселенің  шешімін таппады. Тығырықтан шығар  жолды жедел іздестіру қажеттілігін пайдаланып, ең озық американ экономистерінің бірі Милтон Фридман (1976 жылғы Нобель сыйлығының иегері) Анна Шварцпен бірлесіп жазған «АҚШ-тағы монетаризм тарихың кітабында «монетаризмге» арналған жаңа идеялардын насихаттады.

       Бірақ бұл тұжырымдар да 70-жылдардың соңы-80-жылдардың орта шенінде неоклассикалық макроэкономиканың ізбасарлары Чикаго Университетінің түлегі Роберт Лукас (1995 жылғы Нобель сыйлығының иегері) пен атақты Гарвард Университетінен шыққан Роберт Барроны, сондай-ақ т.б. көрнекті ғалымдарын тоқтата алмады. Мәселен, Р. Лукас пен Р. Барро тұтынушылардың келешек экономикалық құбылыстарды «ұтымды әдіспен» күтуіне негізделген «Ұтымды(рационал) күтім» концепциясын дамытты.

       Келесі  ғылыми тұжырым Дж. Бьюкеннің (1986 жылғы Нобель сыйлығының иегері) қоғамдық таңдау теориясыны арналады. Бұл теориының өкілдері мемлекетке бір тұтас органикалық жүйе ретінде қарауды теріске шығарды, бірақ олар оны нарық үрдісінің кемшіліктерін өздігінен реттеуші механизм ретінде де қарастырмады. Оған қоса, экономика секторларындағы тұрлаулылықты ынталандыру мақсатында белсенді мемлекеттік реттеуді қолдайтын «неокейнсшілдер» сияқты ағымдар да бар.

       Сонымен, жоғарыда баяндалған қысқаша тарихи шолу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады: макроэкономика - ілгері дамып келе жатқан ғылым. Ол көптеген пікір-таластарды қамтиды, және олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені кез-келген елдің экономикасының өзіндік ерекшеліктері бар, талдау барысында оларға жіті назар аударып, ескеру қажет.

       Макроэкономикада  толық әрі шынайы талдау жасау үшін экономикалық құбылыстар мен жайттарды, сондай-ақ олардың жалпы экономикаға тигізетін әсері мен ықпал ету деңгейін толық қамтитын экономикалық-математикалық үдістер қолданылады. 

              НЕГІЗГІ БӨЛІМ

       Макроэкономика  пәні. Ұлттық есеп жүйесі

       Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері. Негізгі ұғымдар. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар. Экономикадағы лектер (ағындар) мен қорлар. Статистикалық ақпарат.

       Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістер бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім. Номинал және нақты айнымалылар. Дефляторлар және баға индекстері. ұлттық есеп жұйесінің басқа көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыс.

       Кірістер  мен шығыстардың ауыспалы айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторлары. Тұтыну, қор жинақтар мен инвестициялар. Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік борыш. Сауда операциялары, капитал лектері. Төлем балансы.

       Жиынтық ұсыныс. АБ-AS үлгісі

       Өндіріс факторлары. Өндіріс функциясы. Нақты  жалақы және капиталдың нақты бағасы. Ұлттық табысты өндіріс факторларына бөліп тарату.

       Еңбек нарығы. Еңбекке сұраныс. Жиынтық  ұсынысқа классикалық көзқарас. Икемді жалақы. Жиынтық ұсыныс қисығын салу. Жиынтық ұсынысқа кейнстік көзқарас. Икемсіз жалақы. Тұйық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзімдер үшін жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе- теңдігі.

       Игіліктер нарығы

       Тұтыну  функциясы. Тұтынуға шекті бейімділік. Пайыз бағамы және инвестиция функциясы. Мемлекеттік шығындар.

       Жабық экономикадағы макроэкономикалық  тепе-теңдік. Өндірістің тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. IS қисығы. Бюджет-салық саясатының ықпалы.

       Ақша  нарығы

       Ақшаның атқаратын қызметтері. Ақша агрегаттары. Сандық ақша теориясыны теңдеуі. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және номинал пайыз мөлшерлемелері. Фишер теңдеуі.

       Кейнстің  өтімділікті таңдау теориясы. Нақты ақша қорлары. Ақшаға сұраныс функциясы. Баумоль-Тобин њлгісі.

       Ақша  базасы жђне ақша массасы. Ақша ұсынысы.Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы. Банк жүйесінің ақша массасын арттыруы. Орталық банк операциялары. Ақша саясатының құралдары. Ақша мультипликаторы. Артық резервтер мөлшері (нормасы). Ақша массасы мен пайыз мөлшерлемесін бақылау.

       IS-LM үлгісі

       Тауар жђне ақша нарықтарындағы тепе-теңдік. IS-LM моделі. Жиынтық сұраныс қисығын қорытып шығару. IS-LM үлгісі және Кейнс мультипликаторы. AD-AS және IS-LM үлгілеріні өзара байланысы. Инвестицияларды ығыстыру әсері. Кейнстік байланыстыру механизмі. Экономикалық тербелістер (ауытқулар).К^М үлгісіндегі салық-бюджет және ақша-несие саясаттары. Макроэкономикалық саясаттың тұйық экономикадағы жиынтық сұранысқа ықпалы.

       Инфляция  және жұмыссыздық

       Экономикалық циклдар, макроэкономикалық динамика. Инфляция және ұсыныс шоктары. Бағалар динамикасы. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы. Инфляция және ұсыныс шоктары. Инфляцияның өсуіне әсер ететін факторлар және себептер. Сұраныс инфляциясы, шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция.

       Адаптивті және рационалды (ұтымды) күтімдер. Өзгертілген  Филлипс қисығы. Қысқа және ұзақ мерзімді кезең. Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер және инфляцияға қарсы саясат.

       Экономикалық  өсу

       Қазіргі заманғы экономикалық өсудің алғышарттары мен өзіндік белгілері. Экономикалық өсудің қайнар көздері. Факторлық өсу  үлгісі. Факторлардың жалпы өнімділігі.

       Солоудың  ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Масштаб қайтымы. Үлгінің графиктік талдауы. Жинағы мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері белгілі жағдайда капиталмен қаруланудың деңгейі. Қорланудың "алтын ережесі". Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық прогрестің ықпалы.

       Бай және кедей елдер. Капитал ағымдары. Адам капиталына инвестициялар. Эндогенді өсу.

       Ашық  экономика

       Сауда, халықаралық капитал ағындары. Валютаның номиналды айырбас бағамы (курсы). Төлем балансы. Ағымдағы шот, капитал қозғалысы шоты, ресми резервтер. Шағын ашық экономика. Нақты айырбас бағамы. Сатып алу қабілеттілігі паритеті. Бірыңғай баға заңы.

Информация о работе Экономика және қашықтықтан оқыту институты