Сақтандыру жіктелуінің негідері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 12:15, курсовая работа

Описание работы

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

Содержание

1.Кіріспе
Сақтандыру деген не және сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық, мәні, оның ic-әрекет сфералары

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру


1.3 Міндетті әлеуметтік сақтандыру

2. Сақтандыру жіктелуінің негідері
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің дамуы және оның жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

сактандру.docx

— 59.00 Кб (Скачать)

     Әлеуметтік  арналым қорларын қалыптастыруды екі  қағидаты бар:

     1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде;  жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс  істемейтіндерді қамтамасыз етеді,  ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан  айырылуына карай оларды еңбек  қызметіне кірген  жаңа ұрпақ  ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген  жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін  қолданылды;

     2) әлеуметтік қорларға, көбінесе  әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негiзiнде; бұл қағидаттың ic-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген  кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың ic-әpекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

     Бірінше қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

     1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік  монополия;

     2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына  түсетін міндетті зейнетақы жарналарының  топтастырылуы;

     3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта  бөлу.

     Мұндай  жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан  жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара  қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмip сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

     90-жылдардың  басы мен ортасындағы экономиканың  дағдарысы әлеуметтік сақтандыру  жүйесінің де дағдарысына қозғау  салды, бұл жарналарды төлеудің  базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан  да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға  оларды толық және уақтылы  аударып отыруға төлеушілердің  мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік  сақтандыруға төленетін жарналардың  жиналымдығының төмен деңгейінде  көрінетін еді; бұл зейнеткер  мен жәрдемақылар алатындар алдында  берешектігі үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының  инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің  күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін  қамтамасыз етпеді және қорлар  қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өңбойы индексациялап отыру кажеттігін тудырды.

     Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың ic-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

     1) зейнетақымен қамтамасыз етуді  мемлекеттік реттеу;

     2) зейнетақы қорын қалыптастыруға  қатысқан 30 жастан төмен емес  азаматтар үшін ең аз белгіленген  күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі  мемлекеттік кепілдіктері;

     3) зейнетақы жинақ ақшасын және  әлеуметтік қамсыздандырудың басқа  нысандарын межелеу;

     4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға  еңбек етуге қабілетті жастағы  барлық азаматтардың міндетті  қатысуы;

     5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың  қартайғанда өзін зейнетақымен  қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;

     6) инвестициялаудың тиімділігін және  зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету;

     7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы  қорланымдарға азаматтардың мұралану  құқығын белгілеу;

     8) қосымша epікті зейнетақымен қамсыздандыруға  азаматтарға құқық беру;

     9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға  инвестициялау, бұл оның дамуына  жәрдемдеседі.

     Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге белінеді:

еңбек ету қабілетін  жоғалтқан жағдай;

асыраушысынан айрылған жағдай;

жұмысынан айрылған жағдай;

     Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың  негізгі қағидаттары болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  • әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік бepyi;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  • заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  • әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  • әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

     Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының  аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

     Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар  үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік  қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:

2005 жылдың 1-ші  қаңтарынан бастап — әлеуметтік  аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;

2006 жылдың 1- ші  қаңтарынан бастап — әлеуметтік  аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;

2007 жылдың 1- ші  қаңтарынан бастап — әлеуметтік  аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.

     Қазақстан Республикасының салық заңнамасына  сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар  үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері  белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1- ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен  белгіленетін ең төменгі жалақының  тиісінше 1,5; 2 және 3 пайызы).

     Еңбек ету қабылетінен  айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе icтеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

     Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің  мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі  ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіге белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың еңбек ету кабілетінен айрылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

     Бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті — 0,6 болады. Еңбек ету қабілетінен  айрылу коэффициенті: жалпы еңбек  ету қабілетінен айрылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын  еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,7; жалпы еңбек  ету қабілетінен айрылу дәрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын  еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,5; жалпы еңбек  ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан алпыс пайызға дейін  болатын еңбек ету қабілетінен  айрылған адамдар үшін — 0,3.

     Қатысу  өтілінің коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанда — 0,1; алты айдан он екі айға дейін — 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін — 0,75; жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін — 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін — 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін — 0,95; алпыс және одан да көп айларға — 1,0 болады.

     Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа  жеткен кезде еңбек ету қабілетінен  айрылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемдер тоқтатылады.

     Қайтыс  болған (сот хабар-ошарсыз кетті  деп танылған немесе кайтыс болды деп жариялаған) асыраушының — өзi үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және алуға құқылы:

     1) он сегіз жасқа толмаған болса,  олар он сегіз жасқа толғанға  дейін мүгедек болып қалса,  осы жастан асқан балалары, аға-інілері,  апа-сіңлілері мен немерелері. Бұл  ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері  мен немерелерінің еңбек етуге  қабілеті ата-аналары болмаған  немесе олар ата-аналарынан алимент  алмаған жағдайда. Егер жоғарыда  аталған адамдар жалпы орта, бастауыш  кәсіби білім беретін оқу орындарының  орта кәсіби және жоғары кәсіби  білім беретін күндізгі нысанында  оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем  оқу орнын бітіргенге дейін  беріледі;

     2)  жасына және еңбек қабілеттігіне  қарамастан, ата-апасының бipeyi немесе  жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі  немесе апа-сіңлісі, егер ол  қайтыс болған асыраушысының  бip жарым жасқа толмаған балаларын,  аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе  немерелерін күтіп-бағумен айналысатын  болса.

     Өздері  үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының  қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған  әлеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сәйкес айрылып қалған әрбір  ата-ана  үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленеді.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп  танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

     Қайтыс  болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға  құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Сақтандыру жіктелуінің негіздері 

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  бойынша мыналар сақтандырудың  нысандары болып табылады:

      Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;

      Сақтандыру  объектісі бойынша – жеке және мүлікті;

      Сақтық  өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша-жинақтаушы және жинақтаушы емес;

      Міндетті  сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына  орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып  табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны  және оны жүргізу жағдайлары бойынша  қосымша талаптар сақтандырудың  осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

      Ерікті  сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

     Сақтық  қызметі - сақтық (қайта сақтандыру)  ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік  органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

      Сақтық  қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік  реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның  сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру"  саласы бойынша жүзеге асырылады.

      Өмірді  сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

      Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан  сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір  жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру(көлік  құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік  тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары  иелерінің және тасымалдаушының  азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары  иелерінің және тасымалдаушының  азаматтық құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

      Сақтандыру  түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың  бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.

      Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен  басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың  нәтижесінде бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық  негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.

Информация о работе Сақтандыру жіктелуінің негідері